КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Қарағанды облысы ББД Қарағанды облысы ББД оқу-әдістемелік оқу-әдістемелік
директордың орынбасары орталығының директоры
__________Б. Абдикерова __________Г. Қожахметова
« »________2015 ж « »_________2015 ж
«Кәсіби ұстаз» бастауыш сынып мұғалімдерінің
облыстың сайысының ережесі
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «Кәсіби ұстаз» бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық байқауын (одан әрі - Байқау) өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
1.2. Байқауды өткізу тәртібі Ережемен анықталады.
1.3. Байқау бастауыш мектепте сабақ беретін педагогикалық қызметкерлердің шығармашылығын анықтауға, олардың озат тәжірибелерін зерттеп таратуға, оқу үдерісінде заманауи білім беру технологияларын пайдалануда педагогтардың инновациялық қызметін қолдауға бағытталған.
ІІ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
2.1. Байқаудың мақсаты:
Талантты педагогтерді анықтау, қолдау және көтермелеу және олардың педагогикалық озат тәжірибелерін тарату арқылы педагогикалық еңбектің ынталы имиджін қалыптастыру.
ІІІ. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
3.1. Байқаудың негізгі міндеттері:
Педагогтердің кәсіби және жеке өзін өзі жүзеге асыруына септігін тигізетін жағдай туғызу;
Кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға, бастауыш сынып мұғалімдерінің шеберліктерін шыңдауға ықпал ету;
Оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибесіне заманауи жаңашыл білім беру технологияларын енгізу және тарату;
Талантты педагогтерді анықтау, олардың тәжірибелерін білім беру ұйымдарының практикасына енгізу.
IV. ӨТКІЗІЛЕТІН МЕРЗІМІ
4.1. Байқау 20.11.2015 ж. мен 20.03.2016 ж. аралығында өтеді.
4.2. Байқауды өткізетін және ұйымдастыратын Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы (одан әрі ОӘО).
V. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ
5.1. Байқауға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.
5.2. Байқауға ұйымдастырушылық-құқықтық формаларына байланысты емес барлық блім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады.
5.3. Байқауға қатысатын үміткерлерді ұсыну білім беру ұйымдарымен, әдістемелік бірлестіктермен, сонымен қатар өзін өзі ұсыну арқылы да жүзеге асырылады.
5.4. Байқау қатысушыларын ұсыну кезінде келесі критерийлер ескеріледі:
- үміткердің кәсіби қызметінің тұжырымдамасын ұсына білу, өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылай алу;
- кәсіби қызметіндегі озат, дәстүрлі және жаңашыл тәжірибені, әдістемелік шеберлікті тиімді үйлестіре білуі;
- шығармашылыққа қабілеттілігі, импровизация, жеке шығармашылық ізденісі;
- коммуникативті мәдениеттілік деңгейі;
- ұйымдастырушылық қабілетінің қалыптасқандық деңгейі;
- оқыту сапасы мен нәтижелілігі.
5.4. Байқау материалдары ОӘО 25.12.2015 ж. дейінгі мерзімге дейін қабылданады.
VІ. БАЙҚАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУ ФОРМАСЫ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
6.1 Байқау екі кезеңмен өткізіледі:
I кезең – сұрыптау (желтоқсан-ақпан);
II кезең – педагогикалық тәжірибені презентациялау (наурыз).
6.2. Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі материалдарды ұсыну қажет (1 желтоқсанға дейін):
Мектептің әдістемелік кеңес отырысы шешімінен көшірме;
Қатысушының ақпараттық картасы (Қосымша №1);
Жұмыс тәжірибесін сипаттау (педагогикалық жетістіктері).
Мазмұнында 2-3 бетте бір интервалымен мәтіні тәжірибенің жаңашылдығы мен нәтижелілігін қамтуы қажет. Мәтінге қосымша 15 мин. шақталған сабақ үзігі берілген бейнежазба қоса берілуі мүмкін (сабақ, іс-шаралар).
Қатысушының жеке педагогикалық тәжірибесі:
- авторлық бағдарламалары;
- құралдар;
- әдістемелік әзірлемелер;
- дидактикалық материалдар;
- оқушылардың үздік шығармашылық жұмыстары.
6. 3. I кезең – сырттау, сұрыптау кезеңі. Сұрыптау кезеңінде байқау комиссиясының мүшелері байқауға қатысуға үміткерлердің ұсынған материалдарын сараптауды жүзеге асырады. Ұсынылған материалдар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
өзектілігі (жаңартылған білім мазмұны аясында заманауи білім беру ортасында тұлғаны дамытудың келелі мәселелерін шешу);
практикалық маңыздылығы ( аудан/қала, мектепте тәжірибені пайдалану);
дәйектілігі (тәжірибенің құндылығын дәлелдей білу; қисындылығы);
дәстүрден тыс әдіс-тәселдер (мұғалім педагогикалық технологияға қандай тың жаңалық енгізе білді);
тәжірибені сынақтау (бақылаушы, сараптаушы, тәжірибені бағалаушы, жұмыс сапасы туралы куәлік етуші кім?);
ұсынылған технологияны тираждауға қолжетімділік деңгейі (әдістемені, жобаны)(тәжірибе сипатталған ба, қандай түрде, тәжірибе қалай таратылады);
ресімдеу мәдениеті (мазмұнының анықтылығы, тіл ұшқырлығы, педагогикалық эрудицияны көрсете білу, педагогикалық жұмыстың және жаңашыл тәжірибенің авторларына сілтеме жасау).
Барлық жеті критерий байқау комиссиясымен 3 ұпайлық шәкіл бойынша бағаланады:
3 – ескерту жоқ – ең көп ұпай;
2 – ескертулер бар – орташа ұпай;
1 – критерийлер бойынша талаптар орындалмаған – ең аз ұпай.
10 ұпайдан төмен алған қатысушылар 2 кезеңге өткізілмейді.
6.4. II кезең – қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін презентациялау – 5-7 мин. Презентация еркін түрде өтеді.
Бағалау критерийлері:
1. тәжірибенің ең жетекші идеясын айшықтап, жеткізу білу;
2. авторлық тұжырымдаманы жүзеге асыру жолдарын аша білу;
4. оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру саласындағы жаңалықты, педагогикалық құралды таңдауды дәлелдей білу
5. ұсынылған технологияны, оқытудың дәстүрлі әдістемесімен салыстыра отырып, нәтижелік көрсеткіштерді негіздей білу;
6. көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі;
7. презентацияны ұсынудағы ерекшелігі, регламентті сақтау.
Педагогикалық жетістіктерді презентациялау кезеңінде қатысушы қызметін бағалау 3 ұпайлық жүйемен жүзеге асырады:
3 – ең көп ұпай;
2 – орташа ұпай;
1 – ең аз ұпай.
VІІ. Байқаудың қазылары
7.1. Қазылар алқасының құрамы:
1. Қожахметова Гульсум Шабдановна – Қарағанды облысы ББД ОӘО директоры, төраға;
2. Қонтаев Сабит Сеитович– Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, профессор, т.ғ.к.;
3. Абдикерова Бакиткул Химальдиновна – Қарағанды облысы ББД ОӘО директорының орынбасары, төрағаның орынбасары;
4. Асакаева Дана Саламатовна - Қарағанды облысы ББД ОӘО директорының орынбасары;
5. Копбаева Гульмира Сабитовна– Қарағанды облысы ББД ОӘО директорының орынбасары
6. Сатжанова Гульдана Болатовна– ҚО ББД ОӘО ЖОББ бөлімінің меңгерушісі;
7. Елешева Салтанат Мейрамовна– ҚО ББДО тәрбие бөлімінің меңгерушісі.
7.2. Байқау қазыларының қызметі:
Байқауға ұсынылған материалдарды бағалау, Байқаудың мақсат-міндеттеріне сәйкестігін ескеру, бағалау критерийлеріне сәйкестігін анықтау;
Жеңімпазды анықтау;
Жеңімпаздарды марапаттауға қатысу.
7.3. Қазылар алқасының ресми жұмыс нәтижесі хаттамамен толтырылады.
VІІІ. БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, МАРАПАТТАУ
8.1. 2 кезең нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинап, финалға өткен 3 қатысушы ішінен жеңімпаз және 2 лауреат анықталады (2 және 3 орындар). Егер финалға өткендер тең ұпай жинаса, онда 1 кезең нәтижесі ескеріледі.
Материалдар ОӘО №416 кабинетіне тапсырылады (Қарағанды қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 8/2, Мұғалім профилакториясының ғимараты).
Сұрақтар бойынша ОӘО Мукашева Г. Г. хабарласыңыз.
Г. Мукашева
тел. 44-56-30
gulsym_umc @mail.ru
Қосымша 1
«Кәсіби ұстаз» облыстық байқауы қатысушысының ақпараттық картасы
______________________________________________
(тегі)
______________________________________________
(аты, әкесінің аты)
1. Жалпы мәліметтер
|
Білім беру ұйымы
|
|
Аудан/қала
|
|
Туған жылы (күні, айы, жылы)
|
|
Туған жері
|
|
Жеке сайт, блогының мекен-жайы, қатысушымен және оның материалдарымен танысу мақсатында
|
|
Ғаламтордағы мектеп сайтының адресі
|
|
2. Жұмыс
|
Жұмыс орны (білім беру мекемесінің атауы)
|
|
Қызметі
|
|
Еңбек және педагогикалық өтілі (сауалнама толтыру кезіндегі толық өтілі)
|
|
Біліктілік санаты
|
|
Құрметті атақтары мен марапаттаулары (атауы, алған мерзімі)
|
|
3. Білімі
|
Білімі, бітірген оқу мекемесі, жылы
|
|
Мамандығы, лауазымы
|
|
Соңғы үш жыл ішіндегі қосымша кәсіби білімі
|
|
Негізгі басылымдары (құралдар, кітаптар)
|
|
4. Қоғамдық қызметі
|
Қоғамдық ұйымдарға қатысуы (атауы, қызмет бағыты, орны)
|
|
5. Байланыс
|
Жұмыс телефоны
|
|
Үй телефоны
|
|
Ұялы телефон
|
|
Электрондық мекен-жайыс
|
|
6. Кәсіби құндылықтары
|
Қатысушының педагогикалық ұстанымы
|
|
Неліктен мектепте қызмет еткен ұнайды?
|
|
Қатысушының бойындағы кәсіби және жеке қасиеттері
|
|
«Кәсіби ұстаз» жеңімпазының негізгі миссиясы қандай болуы керек деп ойлайсыз?
|
|
8. Қосымша
|
Қатысушы туралы қосымша қызықты мәліметтер
|
|
Ақпараттық картада толтырылған мәліметтердің дұрыстылығын растаймын: ___________________ (________________________________)
(қолы) (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты)
«____» __________ 2015 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |