|
Баланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе
|
Дата | 16.05.2018 | өлшемі | 44,8 Kb. | | #14149 |
|
Баланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе
№
|
Ел
|
Баланы тәрбиелеуге ата-аналарды тарту шаралары
|
1
|
Финляндия
|
Еуропада әйелдерді жұмыспен қамту деңгейі бойынша Финляндия жетекші орында, бұл демократиялық қоғамының жетістігі болып саналады. Осындай отбасыларда финдық балалар мен жасөспірімдер бақылаусыз болады. Тәрбие жүйесі баланы ата-анадан ерте алыстатуды болжайды (жеке бөлме, бала бағушы мен үй қызметкерлеріне жүктелетін тәрбие). Осыған байланысты Үкіметпен төмендегі шаралар қабылданды:
Елде бала туғаннан кейін аналарға 105 күндік, ал әкелерге 6 мен 8 күн аралығында демалыстар және отбасылық шешімге байланысты ата-аналардың біреуіне 158 күндік «ата-аналар демалысы» берілетін икемді жүйе іске асырылады. Демалыс уақытында еңбекақының жартысын құрайтын мемлекеттік жәрдемақы алады.
Одан басқа, елдің баланы күту заңы бойынша баланы үш жасқа дейін үйде тәрбиелеуге мүмкіндік беретін демалысқа құқық бар. Ата-ананың біреуі 10 жасқа дейінгі баланың ауруына байланысты төрткүндік демалыс алуға құқылы. Финляндияда белсенді жұмыс жасайтын отбасы федерациясы құрылды.
|
3
|
Япония
|
Отбасы - жеке тұлғаның өзін-өзі тануының, әлеуметтену мен адамгершіліктің қалыптасуының басты көзі болып табылады. Ата-аналардың 64 % жуығы баланы тәрбиелеуде басты роль оларға жүктелгенін санаса, қалғаны тәрбиемен отбасы толығымен айналысу қажеттігін айтты. Японияда сәбидің ең алғашқы ұстазы - ана. Баланы жастайынан балабақшаға беруге тиым салатын заң жүзеге асырылады. Ата-аналар баланы үйде 3 жасқа дейін тәрбиелеу мүмкін еместігіне негіз берген жағдайда баланы бір жасынан бастап қабылдайтын ясли - балабақшасы бар. Бала мектеп табалдырығын аттағанда әліппе, жазу мен арифметика білімдерінің бастамаларына үйренбейді, себебі ол бастамаларды отбасында үйренеді. Одан басқа, Жапонияда балалардың тәрбиесіне қатысатын әкелерді мадақтау бойынша шаралар жүйесі бар:
- бала күтіміне байланысты барлық мәліметтермен алмаса алатын ер адамдарға арналған ақпараттық қолдау жүйесі құрылған;
- компаниялар қысқа мерзімді үзілістерге, жұмыс барсында әкелер тарапынан алынатын бос уақытқа төлемдер төлейді, қысқартылған жұмыс күні де енгізілген.
Ер адамдар үшін баланы тәрбиелеу бойынша журналдар санының өсуі, сондай-ақ, бұл салада ер адамдардың ақпараттармен, өздерінің мәселелерімен бөлісетін және тіпті тамақты бірге әзірлейтін әлеуметтік жүйелердің құрылуы қолдау болып табылады.
|
4
|
Китай
|
Осы замандағы қытай отбасында бала - «кішкентай император». Қытайлықтар баланы қатты жақсы көргендіктен, баланың отбасында тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөледі. Қытайда жергілікті комитеттерде отбасы құруды жоспарлау, балалардың туылуы, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Елдің 70% астам қалаларында ата-аналар үшін 30 мыңнан мектеп, отбасы тәрбиесі бойынша жұмыс істейтін әртүрлі педагогикалық мекемелер құрылған. Отбасы — бұл жанұя мүшелеріне дұрыс дүниетаным мен құндылықтар жүйесін меңгеруге көмектесетін Барлық қытайлық әйелдер федерациясының дәстүрлі жұмыс сферасы болып табылады.
|
5
|
Ресей
|
Отбасы ақыл-ой дамуының, адамгершілік пен эстетикалық қалыптасуының, балаланың эмоционалдық мәдениеті мен денсаулығының негізгі көзі болып табылады. Ата-аналарды баланы тәрбиелеу процесіне тарту мақсатымен ата-аналар комитеттері, ата-аналардың қатысуымен мектептік кеңестер жұмыс істейді. Ресей Федерациясында 2008 жыл «Отбасы жылы» деп жарияланды. Демографиялық мәселелер талқыланған Заң шығарушылар кеңесінің отырысында ресейлік телехабарда балаларға арналған арнасын жасау шешімін қабылдады, аналықты мадақтайтын мемлекеттік наргадалар мен ата-аналардың ролін ерекше көрсететін арнайы мемлекеттік наргадаларды енгізуді қолдады, Ресей Федерациясында отбасы институтын бекіту мен бала тәрбиесінде ата-аналардың ролін жоғарлату мақсатымен Отбасы және демография тәуелсіз институт жұмыс жасауда. Ресей Федерациясында 15 мамырда отбасы бастауларын бекіту мақсатымен Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Жыл сайын отбасының маңызды оң жағын, әкелік пен аналықтың қуанышын көрсететін, ата-аналарға қамқор болуды насихаттайтын барлық әлемдік және россиялық кинематографтарды бірігу мақсатымен «Сенімді жүрек» атты отбасылық және бала фильмдері кинофестивалі өткізіледі.
|
6
|
Ұлы Британия
|
Елде Ұлы Британиялық мектеп директорларының ұлттық қайымдастығы жұмыс істейді , оның негізгі міндеттері ата-аналарды бала тәрбиелеу процесіне тарту және үкіметке балаларды тәрбиелеуге мектеппен бірге қатысатын ата-аналарға арналған сыйақы жүйесін қолдау ұсыныстарын енгізу.
|
7
|
Норвегия
|
Бала тәрбиесіне қатысуға ер адамдарды ынталандыру мақсатымен арнайы әкелік квота, яғни әкелерге ғана берілетін — баланы күтуіне байланысты 6 апталық демалыс енгізілген. Норвегияда берілген құқықпен әкелердің 10-нан 9-ы пайдалануда, ал әкелік квотаны пайдалынатын әкелердің 18 % айтарлықтай ұзақ демалыс алады.
|
8
|
Германия
|
Германия балалардың туылуы ең төмен Европалық елдерінің бірі. Немістер отбасын 30 жасқа дейін құрайды, бірақ балаларды тууды асықпайды. Баланы туу мәселесі мен оның тәрбиесіне ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қарайды. Германияда барлық балалар үш жасқа дейін үйде болады. Ата-аналардың есептеуінше одан үлкендірек балалар өздерінің құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажет, сондықтан аптаның бір күнінде ата-аналар оларды «ойын тобына» апарады. Неміс аналар үшін баланың мектепке дайындығы тек құрдастармен қалыпты қарым-қатынас жасаумен анықталады. Мектепке дейінгі оқыту кеңінен таралмаған. Аналар үшін баланы «ойын тобына» бірнеше сағатқа әкелу - баладан демалу жолы емес. Балалар топтарда уақытты аналарының қатысуымен өткізеді. Германияда балабақша — таңертеннен ашылатын және күндізгі сағат екіде жұмысын аяқтайтын кішкентайларға арналған клуб ретінде болады. Балабақшада балалар түскі ас ішпейді. Осындай маңызды рәсім тек үйде болу қажет саналады әйтпесе бала жанұядан алыстағанын сезінеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|