Балаларға мейірімді қалалар Балалар өмірінің сапасын бағалау мәселелері мазмұНЫ



жүктеу 1,78 Mb.
бет5/8
Дата20.05.2018
өлшемі1,78 Mb.
#14907
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8



1

2

Демалыс және мәдениет


Балаларға арналған спорт секцияларына қажеттілікті қанағаттандыру

Балаларға арналған шығармашылық үйірмелерге қажеттілікті қанағаттандыру

Балаларға арналған секциялар мен үйірмелер жұмысының сапасы.

Кинотеатрда (кинозалда) балаларға арналған репертуар

Қаладағы аула клубтарының жұмысы

Қалада балаларға арналған демалыстың сапасы

Қалада балаларға арналған демалыс орындары (лагерлер, пансионаттар)

Білім беру

Отбасыларының балабақшаларға қажеттіліктерін қанағаттандыру

Балабақшалардағы бала құқықтарын сақтау

Баланы дамытуға бағытталған қызметтердің толық болуы

Қаладағы жалпы білім беретін мектептердің саны

Қалада мектептердің қауіпсіз орналасуы

Мектептердегі білім берудің сапасы

Мектептегі ортаның балаға қауіпсіздігі

Ерекше мұқтаждықдары бар балалардың интеграциясы

Ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін мейірімді ортаның болуы

Мүгедек балалардың қала өміріне қатысуы

Қалада баланың психологтан, әлеуметтік педагогтан, логопедтен, дефектологтан арнайы қызметтерді алу мүмкіндігі

Материалдық игіліктер (балаларға арналған тауарлар мен қызметтердің саналуандығы )

Қаланың дүкендерінде, базарларында азық-түліктің саналуан түрінің болуы

Барлық топтар үшін азық-түліктің саналуан түрінің қолжетімдігі

Қаланың дүкендері мен базарларындағы азық-түліктің сапасы

Балаларға арналған тұтыну тауарларының саналуандығы (киім, ойыншықтар, мектеп тауарлары, кітаптар және т.б.)

Өлшеу шкаласын таңдау мәселесін шешуде қазіргі кезде неғұрлым кең тараған шкалалар түрі қарастырылды және сараланды. Нәтижесінде өмір сапасы компоненттерін өлшеу үшін әлеуметтік игіліктердің жеткіліктілігі шкаласы жасалды.

Ұсынылып отырған әдістің ерекшелігі - қосдеңгейлік өлшем мүмкіндігі. Мазмұндық талдау деңгейінде шкала номиналды ретінде қарастырылады және өмір сапасына қатысты бағалардың құрылымын талдауға мүмкіндік береді: қандай да бір мәселенің таралу деңгейін ( «бар/жоқ» принципіне сәйкес), сондай-ақ осы мәселенің шиеленісу дәрежесін бағалау (пікірдің интенсивтілігі/ көзқарас).

Талдаудың екінші деңгейі интегралды сандық көрсеткішті – өмір сапасының индексін қолдану мүмкіндігімен анықталады. Сапаның жиынтық (интегралды) индексін және басқа математикалық-статистикалық операцияларды есептеп шығару үшін әрбір индикатор бойынша номиналды шкала кодтық позицияның әрқайсысына тиісті баллдар көрсетіліп реттік (шартты метрикалық) шкалаға айналады.


Мысал келтірейік:

Мысал 1.


Бала үшін тұрғын ауданның қауіпсіздігі

3 балл - қауіпті

2 балл - дұрысы қауіпті

1 балл - дұрысы қауіпті емес

0 балл - қауіпті емес
Мысал 2.

Сіз тұратын қалада балаларға дәрігерлік көмек көрсету сапасы қаншалықты қанағаттанарлық деңгейде?

3 балл - жоғары

2 балл - орташа

1 балл- төмен

0 балл - өте төмен

Мысал 3.


Балаларға арналған демалыс орындарын бағалаңыз (лагерлер, пансионаттар және т.б.):

1 балл – жеткілікті 0 балл – жеткілікті емес

1 балл – қолжетімді 0 баллов – қолжетімді емес

1 балл –демалысқа 0 балл - демалысқа

қажеттілік қанағаттандырады қажеттілік қанағаттандырмайды
Талдаудың екінші деңгейінде шкаланың өзгеруі сандық интегралды көрсеткішті - БАЛАЛАР ӨМІРІ САПАСЫНЫҢ ИНДЕКСІН құрастыруға және тесттерді өңдеудің жалпы ережелерін анықтайтын математикалық-статистикалық амалдарды жүргізуге мүмкіндік береді.

Алдын ала жүргізілген жұмыстар нәтижесінде апробациядан өткізіп, тексеру үшін балалар өмірінің сапасын бағалау құралы яғни респондент жауап беруі тиіс пункттері бар сұрау парағы дайындалды (қараңыз: Қосымша 2).

Мәліметтерді алғашқы өңдеуді және математикалық операцияларды жүргізуді жеңілдету мақсатында сандық мәндер сұрау парағына бірден енгізілді. Сұр түспен ортақ мәні шығарылмайтын позициялар белгіленген және оларға берілген жауаптар ақпаратты пысықтау немесе тексеру үшін керек.

Ұсынылып отырған әдістеме қаладағы балалар өмірінің сапасын көрсетілген өмір салалары бойынша жеке және қорытынды индекстерін жасауға, сонымен қатар өмір сапасының жиынтық индексін көрсетуге мүмкіндік береді. Жеке индекстер респонденттерден (егер әңгіме сұқбат немесе фокус топтар туралы болса, ақпарат берушілер) алынған жауаптардың ортақ арифметикалық мәні ретінде стандартты схемаға негізделеді. Қорытынды индекстер (мысалы, дәрігерлік қызметтің немесе экологиялық қауіпсіздік сапасы индексі) берілген көрсеткіштердің орташа мәндері бойынша тап осылай есептеліп шығарылады. Сонымен бала өмірінің әр саласы үшін өмір сапасының интегралды (жиынтық) индексі қорытынды индекстер көрсеткіштерін қосу нәтижесінде алынады.

Өмір сапасының индекстері мәндерінің нормативті шекаралары мына мәндерге сәйкес анықталады:


Төменгі деңгей

1,5 баллдан төмен

Орта деңгей

1,5 баллдан 2,5 дейін

Жоғары деңгей

2,5 баллдан 3 дейін

Балалар өмірі сапасын бағалаудың осы құралын жеке және топтық сұқбат (зерттеуші мен ақпарат беруші тікелей байланыста болатын сапалық әдістер) өткізген кезде де қолдануға болады. Бұл жағдайда сауалнаманың «қатаң» қаңқасы «Комментарийлер» деген бағанмен толықтырылуы тиіс және сол бағанға зерттеуші зерттеуге қатысушылардың қандай да бір позицияға қатысты пікірлерін жазып отырады.

Топпен жұмыс қала туралы мәліметтің тағы да бір маңызды қырын ашуға мүмкіндік береді. Әңгіме тек ересектерге қатысты ғана емес, сондай-ақ балаларды да өз өмірлері сапасын зерттеу процесіне тартуда қолдануға болатын жобалық әдістемені енгізу туралы болып отыр (әрине жас ерекшеліктерін ескере отырып).

Бірінші кезеңде топқа алдын ала айқындалған позициялар бойынша қаланы сипаттау тапсырмасы беріледі (Қосымша 3):



  1. Тұрғынның көзқарасымен қарағанда қала қандай, тұрғындар өз қаласын жақсы көре ме, қала тұрғындарының, көршілердің арасындағы қарым-қатынастар қандай?

  2. Соңғы үш жылда – бір жылда қала өмірінде ірі өзгерістер болды ма, қандай өзгерістер, олар балалар өміріне қатысты ма?

  3. Қала орталығы қандай, қаланың шеткі аудандарынан қатты айырмашылығы бар ма, болса айырмашылығы неде, халық тығыз орналасқан ба немесе әкімшілік аудан ба?

  4. Тұрғын кварталдар қалай орналасқан, олардың арасы қашық (алыс) емес пе? Олар балаларға қайырымды ма?

  5. Қандай аудандар мәртебелі, қайсысы мәртебелі емес? Осы аудандарда балалар қалай тұрып жатыр, мәртебелі және мәртебелі емес аудандардағы балалар өмірінің арасында айырмашылық бар ма?

  6. Жеке сектор қайда орналасқан, ол қандай және т.б.?

  7. Қала сәулетінің ерекшелігі неде, көне үйлер көп пе, жаңа үйлер салынып жатыр ма? Жаңа үйлер, кварталдар салғанда балаларды ұмытпай ма?

  8. Жалпы қала қандай: бай-кедей, қарапайым-күрделі, көңілді–қайғылы, бала көп пе?

  9. Балаларға арналған қала немесе ересектерге арналған қала.

Сонымен қатар кез келген қосымша мәлімет жинақтау да қолдау табады және оны баяндауға, сипаттауға ешқандай шек қойылмайды. Зерттеуді жүргізудің осы кезеңінде ақпарат берушілерге (топтық сұқбатқа қатысушыларға) қала сызбасының суретін салып, қалаға тән символдарды белгілеуді тапсыруға болады. Мысалы, Бәйтерек – Астана символы, бірақ сонымен қатар Бәйтерек (Сол жағалау) орналасқан ауданда тұрған мәртебелі, ол табысқа жеткендікті көрсету немесе Алматы-1 вокзалы ауданы – абаттандырылғанына қарамастан мәртебелі емес. Әрі қарай қаладағы неғұрлым балаларға мейірімді аудандарды (қауіпсіз, қолайлы, жасыл желекті немесе тек балабақшалар, мектептер және т.б.) түсті бояумен (маркер немесе әртүсті стикермен) белгілеп және шағын комментарий беру керек.

Жас шамасы 10-дағы балалармен жұмыс неғұрлым жемісті болатынын балалармен жұмыс тәжірибесі көрсетіп отыр. Олар сәбилік кезеңді артқа тастаған, көп білгілері келеді және шынайы, көңілдері кіршіксіз таза, сурет сала алады, бояуларды айыра алады. «Менің қалам» (квартал немесе аула салумен шектелуге де болады) деген тақырыпта сурет салу жөніндегі тапсырманы орындауға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Екінші топты яғни он екі, он үш жастағыларды бірінші топқа қосқанда қала туралы білім және оны көрсету әдісі балалардың санасында өсе түскенін байқауға болады.

Тапсырма өз қаласының жоспарын ойша салу яғни есте сақтаған қалпында суреттеу сияқты күрделі болуы мүмкін. Маңыздылығына қарай қаланы неғұрлым дәл зоналауды (ауданға бөлу) осы суреттерден байқауға болады: қалада пайдалануына байланысты маңызды, негізгі орындар (мекемелерімен қоса ресми орталық ғана емес) бар.

Қала жоспарындағы құрылым балалардың суреттерінде қарапайым сипатта болады: көшелердің қиылыстары түзеледі, қысқалары ұзартылады, бірақ олардың өне бойы саналуан көңіл күйді білдіретін, сезімге толы маршрутқа айналады және керісінше мәнсіз «бос» көшелердің қысқаратыны да түсінікті. Осы суреттерден балалардың көптеген экологиялық мәселелерді түсінетінін байқауға болады: аулалардағы шалшық пен күл-қоқыс төгілген жерлер, қоршаулар мен бітпейтін құрылыс, ауладағы қаптаған көлік.

Осы әдістемелерді пайдалану арқылы алынған мәліметтерді өңдеу аса қиын емес. Вербалды ақпарат пен суреттер салыстырылып, неғұрлым маңызды ақпараттық топтамалар іріктеліп, мәтін түрінде рәсімделеді.

Ресми статистика мәліметтерін күнделікті тіршілікпен салыстыру - айтарлықтай қызық шаруа. Ересектер мен балалардың әңгімелерінде, сипаттауларында игіліктердің қолдағы көлеміне (немесе ол тіпті болмағанда) сәйкес өмір сапасын субъективті сезіну өте қызық көрініс тапқан.



11. БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛАЛАР: ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ
11.1 САРАНЬ БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА
11.1.1 Ресми анықтама 12
Сарань - облыстық бағыныстағы қала. Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан. 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған. 1961 жылдың соңында Сарань қаласының құрамына Малая Сарань, Дубовка, Байтам, Соқыр, Сарань – Угольная, Ақтас қыстақтары қосылды. Қазіргі кезде қаланың аумағы 174 шаршы км құрайды.

2008 жылғы 1 қаңтарда халқының саны 49,8 мың адамды құрады, оның ішінде Сарань қаласында 43,2 мың адам тұрса, Ақтас қыстағында 7,7 мың адам тұрған. Халық санағының мәліметтеріне қарағанда, тұрғындардың 46,7 % - ер адамдар, 53,3 % - әйелдер.

Қала аумағында 74 ұлттың өкілдері тұрады: қазақтар - 17.8%, орыстар – 56,2%, басқа ұлттар – 26.%

Сарань экономикасы өнеркәсіптік маманданумен ерекшеленеді, басым бөлігі өндіруші, мұнай химия саласы, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл, тамақ өнеркәсібі салалары.

Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы жетекшілері: «Миталл Стил Темиртау» АҚ ІБ, «Саранская» және Т. Күзембаев атындағы шахталар, «SABURKHAN TECHNOLOGIES» ЖШС, «Саранский хлебокомбинат» ЖШС, Ғылыми-өндірістік фирма «Технология» ЖШС, ЖТБ зауыты негізінде құрылған «Карагандарезинотехника» ЖШС және «Сараньрезинотехника» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Топаз-2000» ЖШС, «Жалаир» ЖШС, «Казтрансметалл» ЖШС, «Энергоуголь» ӨК.

Сарань қаласында 314 шаруашылық субъектілері тіркелген. Шағын кәсіпкерлікпен 3,0 мыңға жуық адам айналысады.

Ауылшаруашылық өндірісін «Сараньсельхоз» кәсіпорны, 12 шаруа қожалығы және халықтың үй шаруашылықтары құрайды.

Сарань қаласының тұрғын үй қоры жеке сектордағы 4 200 үйден және 16 пәтер иелері кооперативтері мен 5 ЖК қызмет көрсететін 373 көпқабатты үйлерден тұрады. Жылумен жабдықтауды 17 бөлек қазандықтар мен 32 АЖЖ (автономды жылыту жүйесі) қамтамасыз етеді. Халықты тұрмыстық газбен қамтамасыз ететін үш кәсіпорын бар. Қалада саяси партиялардың 2 филиалы, 6 үкіметтік емес ұйым, 10 діни бірлестік, 3 ұлттық мәдени орталық, 6 салалық кәсіподақ бірлестіктері бар. Ұлтаралық қатынастар тұрақты. Бұл ресми мәліметтер.




11.1.2 Тұрғындар сипаттамасындағы қала
Тұрғындардың айтуынша, Сарань – шағын, жинақы, мейірімді қала. Мұнда бәрі бірін-бірі таниды. Қалада ұратын балалар саны - 8,7 мың адам немесе 17,5%13.

Соңғы жылы қалада кішкентай тұрғындарға тікелей қатысты өзгерістер болды. Өскеменнен кейін алғашқылардың бірі болып Сарань «Балаларға мейірімді қала» жобасын енгізу жөніндегі республикалық эксперименттік алаңға айналды.

Қалада жеке сектор басым. Қала орталығы әкімшілік аудан, осы жерде негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандар: аурухана, емхана, мәдениет үйі, стадион, саябақ орналасқан. Тұрмысқа қолайлы үйлер де (көпқабатты) орталыққа шоғырланған.

Мәртебелі емес түнемелік аудандарды қыстақтар мен мөлтек аудандар құрайды. Қалада өнеркәсіптік деп аталатын аудан бар. Бұл жер қолайсыз, қауіпті аудан болып есептеледі. Халық тығыз қоныстанбаған, негізінен әлеуметтік экономикалық статусы төмен адамдар тұрады. Мұнда қираған, тоналған үйлер көп ( 90-жылдардағы дағдарыстан қалған көріністер).

Бала өмірінің жоғары сапасы жөнінде айту әлі ерте.

Төменде егжей-тегжейлі бағалаудың нәтижелері берілген.


11.1.3 Стандартты сауалнаманы пайдаланып бағалау нәтижелері
1. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫ ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ
Қалалық орта төрт әлеуметтік маңызды өлшем бойынша қарастырылды: қалада өмір сүру қауіпсіздігі, қаладағы өмірдің қолайлылығы, қала инфрақұрылымының дамығандығы, қаланың даму әлеуеті.

Қауіпсіздік, қолайлылық, инфрақұрылымының дамығандығы жоғары баға алған жоқ. Өмір қауіпсіздігін бағалауға байланысты тұрғындардың негізгі дәйектері: көлік жүргізу мәдениетінің төмендігі, көшедегі ашық жатқан құдықтардың, қаланың жеке секторында бос жүрген иттердің болуы. Мектепге дейінгі балалар мекемелерінің жеткілікті дәрежеде болмауы - зерттеуге қатысқандарға Сараньдағы тіршілікті аса ыңғайлы деп бағалауға мүмкіндік бермеді. Қалада кинотеатрдың, балалар кафесінің, аттракциондар паркінің болмауы да – Сараньдағы инфрақұрылымның даму деңгейіне орташа деп баға берілуіне себеп болды.

Осыған қарамастан қаланың даму әлеуеті жоғары деп бағаланған. Қаланы дамыту жоспарында – жаңа жылу электр станциясын іске қосу, стадионды қалпына келтіру, балалар саябағын және су қоймасында демалыс орнын салу, балалар кафесін ашу бар. Балаларға арналған қазақ тілінде білім беретін мектеп, республикалық психо-неврологиялық диспансер салынбақ, қала шеңберінде балабақша қайта қалпына келтіріледі және бір балабақша Ақтас қыстағында салынады.

Көрсеткіштердің осы тобы бойынша индекс – 2,25 (ең жоғары 3).


2. БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ, САЯСАТҚА ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУЫ
Зерттеуге қатысқандардың бәрі балалар қоғамның белсенді мүшелері бола алады деп есептейді. Мысал ретінде қалада 2006 жылдан бастап «Жас Канат» мэриясы, ал 2007 жылдан бастап «Жастар» жастар қоғамдық ұйымы, 2008 жылдан Балалар Мәслихаты, мектептерде өзін–өзі басқару кеңестері, сондай–ақ жастар жетекшілерінің Мектебі жұмыс істеп отырғаны көрсетілген.

Сараньда балалар өз құқықтарын қорғай алады. Ол үшін тиісті мемлекеттік құрылымдар жасақталған, қоғамдық құқық қорғау ұйымдары (оның ішінде балалар ұйымдары), балалар қоғамдық қабыдау орны, сенім телефоны бар. Тұрғындардың балалардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейі күткендегідей жоғары емес.

Балалардың қоғамдық өмірге қатысу индексі – 2,5 (ең жоғары 3).
3. ТҰРАТЫН ЖЕР
Тұратын жер коммуникациялардың ахуалы, аулаларды абаттандыру, тұратын жердің қауіпсіздігі, бала тұратын жердің қолайлылығы сияқты параметрлермен бағаланды. Қалада ыстық су жоқ, халық титан су ысытқыштарды пайдаланады. Канализация жұмысы қанағаттанарлық. Электр қуаты көздері, жарық және телефон байланысы қаланың барлық аудандарында тұрақты және барлық кезде бар. Орталықтан жылумен қамтамасыз ету белгілі бір аудандарда орналасқан көпқабатты үйлерде ғана. Тұрғындардың басым бөлігі баллондағы газды пайдаланады.

Аулаларды абаттандыру жалпы қанағаттанарлық деңгейде, тек аулада хайуанаттарды жаятын орын қарастырылмаған, балалар ойнайтын орын бар, демалатын орындықтар қойылған, автокөлікті қоятын орын бар, қоқыс тастайтын жер қоршалған, аулаларға жарық орнатылған, тазалық сақталған (іргелес орналасқан үйлердің тұрғындарынан күшімен болса да).

Тұратын жер жалпы қауіпсіз және қолайлы деп табылды.

Тұратын жердің сапалық индексі – 2,12 (ең жоғары - 3).

4. ҚОРШАҒАН ОРТА (ЭКОЛОГИЯ)
Бұл өлшем бойынша екі көрсеткіш ғана алынды: балаларға қолжетімді және жарамды жасыл желекті аудандар және қаладағы экологиялық жағдай. Зерттеуге қатысқандардың көрсеткеніндей, қалада балаларға жарамды жасыл желекті белдеулер бар және оны балалар пайдалана алады. Экологиялық жағдай жақсы, себебі қала аймағында кәсіпорындар орналаспаған.

Қоршаған орта ахуалының индексі – 3 (ең жоғары 3).



5. ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Қалада баланың жеке, өздігінше қозғалысының қауіпсіздігін бағалау үшін жауаптың үш нұсқасы ұсынылды: қауіпсіздік деңгейі жоғары, орташа, төмен. Жол қозғалысына балалар да, жүргізушілер де қатысады. Жол қозғалысы ережелерін балалар сияқты жүргізушілер де сақтайтыны айқын.

Балалардың жолда жүруге қатысты білімдері мен өзін жолда қалай ұстау дағдылары жөніндегі жұмыс балабақшалар мен мектептерде жүргізіліп отыр, жол қозғалысының жас инспекторлары отрядтары бар.

Қала басшылары тарапынан бағдаршамдар орнату шаралары байқалады, «жолда жатқан полицейлер» пайда болды, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жаңаланды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі индексі – 2,3 (ең жоғары 3).


6. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Сараньдағы балаларға арналған дәрігерлік көмек көрсету сапасы өте жоғары бағаланады. Зерттеуге қатысушылар дәрігерлік көмек көрсету сапасын төрт өлшемге сәйкес бағалауы тиіс болатын: қолжетімділік, уақытылы, пациенттермен қарым-қатынастардағы әдептілік. Дәрігерлік қызметкерлердің кәсіби шеберлігі барлық көрсеткіштер бойынша 7 мен 9 балл арасындағы диапазонда баға алды. Сонымен қатар қалада барлық салалық дәрігер мамандар бар болып шықты, бірақ дәрігерлік көмек көрсетудің «көзбояушылық» сипаты да бар. Мысалы, қалада балалар емханасы мен ауруханасы, перзентхана, балаларға арналған сапалы диагностикалық қызметтер жоқ. Балаларға қалада ақылы қызмет көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда Қарағанды қаласына барады.

Дәріханалық желі жақсы дамыған. Дәрілерді таңдауға мүмкіндік бар.

Дәрігерлік көмек көрсету сапасы индексі – 2,3 (ең жоғары 3).


7. ДЕМАЛЫС және МӘДЕНИЕТ
Зерттеуге қатысқандардың сипаттауына қарағанда, Сарань қаласын спорт жақсы дамыған қала деп тұжырым жасауға болады. Қалада екі спорт мектебі, аула клубтары, жас техниктер станциясы табысты жұмыс жасап келеді. Тура осындай жағдай балаларға арналған үйірмелерде де қалыптасқан.

Қалада 12 аула клубы және балалар мерекесін, туған күндерді өткізумен айналысатын 2 демалыс орталығы жұмыс істейді. Бірақ кинотеатр жоқ, ал мәдениет Үйіндегі кинозал тек каникул кезінде ғана ашылады және сұрауға қатысқандардың айтуына қарағанда, оның репертуары - жұтаң, аса бай емес.

Сондай-ақ, жоғарыда атап өткендей балалар кафесін ашу әлі жоспарда ғана.

Балаларға арналған демалыс орны қолжетімді, бірақ олардың саны аз және демалысқа деген сұранысты қанағаттандыра алмайды.

Сонымен балалар демалысының сапасы индексі - 2 (ең жоғары 3).


8. БІЛІМ
Отбасылардың балабақшаға деген қажеттіліктері қанағаттандырылып отырған жоқ, балабақшалар жетіспейді. Әйтсе де жұмыс жасап тұрған балабақшалардағы жағдай жақсы: балалардың құқықтары сақталады, балалардың жан-жақты даму мүмкіндіктері бар және барлық қажетті қосымша қызметтерді де (коррекциялық топтар, қазақ тілін үйрену,кезекші топтар және т.б.) ала алады. Респонденттердің айтуынша, Сараньда жалпы білім беретін мектептер жеткілікті. Мектептегі білім сапасы – қанағаттанарлық. Мектептердің орналасуы қауіпсіздік талаптарына сәйкес: ірі жолдар, қуыстар, құрылыс алаңдары жоқ; жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жүретін жерлер бар; мектеп аумағы қоршалған.

Мектептер бала үшін қауіпсіз жер болып есептеле алады.

Білім беру сапасының индексі - 2,5 (ең жоғары 3).

9. ЕРЕКШЕ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Кез келген қала өмірі үшін осал саланың бірі болып табылады. Бұл жерде мәселе ерекше мұқтаждықтары бар балаларға (мүмкіндіктері шектеулі) қатысты: олардың қала өміріне интеграциясы және қала тарапынан оларға қарым-қатынас. Сарань, басқа қалалар сияқты, мүгедек балалардың мұқтаждықтарына бейімделмеген қала. Әңгіме қолайлы пандустар, арнайы орындар және т.б. туралы болып отыр. Осы балалардың қоғам мен қала өміріне интеграциясы әлі де жеткіліксіз.

Мүгедек балалардың интеграциясы индексі – 2 (ең жоғары 3).



10. МАТЕРИАЛДЫҚ ИГІЛІКТЕР (БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ САНАЛУАНДЫҒЫ).
Азық-түлік тағамдарының саналуандығы, олардың қолжетімдігі мен сапасы жақсы бағаланды. Тағамның сапасы жөнінде кейбір келіспеушіліктер де орын алды. Балаларға арналған тұтыну тауарлары (киім, ойыншықтар, мектеп заттары және басқалар) қолжетімді және саналуан.

Материалдық игіліктердің индексі - 2,5 (ең жоғары 3).



Сарань қаласындағы балалар өмірі сапасының интегралды индексі – 2,4
ҚОРЫТЫНДЫ
Балалар өмірінің сапасының интегралды индексінің шамасы (2,4) орта деңгейдің жоғарғы шекарасында орналасқан. Осы көрсеткіш және зерттеуге қатысқандардың комментарийлері негізінде Сараньды балаларға мейірімді болу бағытында қомақты даму әлеуеті бар қала ретінде көрсетуге болады.

Зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, қала өмірінің ең қолайлы салалары - экология, балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа, басқаруға қатысуы және білім беру. Осы салаларда өмір сапасының жеке қырлары индекстерінің мәні өте жоғары. Бүгінгі күні балалар өміріндегі ең осал салалар – тұратын жер, демалыс саласы, ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы. Бірақ осы салалардағы көрсеткіштер индекстерінің шамасы орташа деңгейді құрайды. («Салалар бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Сарань қаласы» кестесін қараңыз).



«Салалар бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Сарань қаласы»




Бала өмірінің саласы, облысы

Индекстің мәні

1

Қалалық орта

2,25

2

Балалардың қоғамдық өмірге,саясатқа және басқаруға қатысуы

2,5

3

Тұратын жер

2,12

4

Қоршаған орта, экология

3

5

Жол қозғалысы

2,3

6

Денсаулық сақтау

2,3

7

Демалыс пен мәдениет

2

8

Білім беру

2,5

9

Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы

2

10

Материалдық игіліктер (балаларға арналған тауарлардың саналуандығы)

2,5

Балалар өмірі сапасының интегралды индексі

2,4

Сарань қаласындағы балалар өмірінің сапасы сызба түрінде төмендегідей (Өмір сапасының профилі):





11.2 ӨСКЕМЕН БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА
11.2.1 Ресми анықтама

Өскемен - Шығыс Қазақстандағы қала, Шығыс Қазақстанның әкімшілік орталығы. Ертіс және Ульба өзендерінің тоғысқан жерінде орналасқан.

Қаланың негізі 1720 жылы қаланған. Қала аумағы 0,5 мың шаршы км тең. Өскеменге Менов ауылдық округіне қарасты Ахмирово, Ново-Ахмирово, Ново-Явленка, Самсоновка, Меновное, Ново-Троицкое, Прудхоз қыстақтары қосылады.

Қала орналасқан жер барлық жағынан Алтай тауларының Оңтүстік-Батыс бөлігіне енетін тау шатқалдарының сілемдерімен қоршалған өзен аңғарында орналасқан. Шығыс жағындағы 10-15 км қашықтықта Шан шатқалдарының батыс сілемдері өтеді, оның биіктігі теңіз деңгейінен 800 м жоғарыда тұр.

Батысқа қарай ол төмендей түседі және кең әрі қыратты жазықтық болып келеді. Оңтүстік-батысына және оңтүстігіне қарай жер біртіндеп көтеріле түседі, терең сайлар мен тау өзендерінің аңғарларымен тілімденген Қалба шатқалының солтүстік сілемдеріне жалғасады. Қала орналасқан жердің климаты қатаң континенттік.

2008 жылғы 1 қаңтарда қала халқының саны 297,8 мың адамды құрады. Қаланың ұлттық құрамында орыстар (69%) мен қазақтар (25%) басым. 2008 жылғы қаңтар - желтоқсан айларында 1000 адамға шаққанда жалпы коэффициенттер мынадай болды: туу 14,01; өлім 14,18; табиғи шығын 0,17.

Қала экономикасының негізгі бағыттары :түсті металлургия; машина жасау және металл өңдеу; энергетика; жеңіл өнеркәсіп; орман және тамақ өнеркәсібі.

Қала жасаушы кәсіпорындар: Ульба металлургиялық зауыты, Казцинк, Титан-магний комбинаты, Өскемен жылу электр орталығы (ТЭЦ).

Қалада 11 ауылшаруашылық кәсіпорны, 41 жұмыс жасап тұрған шаруа қожалығы, тұрғындардың 19,2 мың жеке қосалқы шаруашылығы шоғырланған.

Қалада 64 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 14 колледж,14408 оқушы, 12 кәсіптік мектеп, 4 жоғары оқу орны бар.

Қалада 17 кітапхана, 3 мұражай, 7 клуб мекемесі, театр, 2 кинотеатр, концерттік ұйым, спорт сарайы, 10 стадион мен жүзу бассейндері, мәдениет және демалыс саябағы мен хайуанаттар бағы бар.

Ірі және шағын кәсіпорындардың (филиалдарын қоса есептегенде), сондай-ақ барлық денсаулық сақтау, басқару, қоғамдық, банк және қамсыздандыру мекемелері қызметкерлерінің тізім бойынша саны 2008 жылының соңында 111 950 адамды құрады, орташа айлық номиналды жалақы 48 795 теңгені құрады.


11.2.2 Тұрғындар сипаттамасындағы қала
Өскемендіктер өз қаласын өте жақсы көреді, олардың басым бөлігі қалалықтар арасында негізінен жақсы қарым-қатынас орнаған деп есептейді. Жалпы Өскемен бай және орнықты қала болып көрінеді, әсіресе сырттай бақылағанда - тұрғындардың киімі, машиналар, өте қымбат бағалар. Қала Астанадан арзан емес және «барлық қырынан өте күрделі», «қызыл Шығыс». Әсіресе қала басқа жақтан келгендер үшін түсініксіз. Алғашқыда «қала көңілді» деген ой пайда болады. Содан соң қала әртүрлі жастағылар үшін өзгереді. «Басқа жақтан келгендерге қала көңілсіз» деген де сипаттама болды.

Соңғы кездегі өзгерістер қатарында Сол жағалаудағы хайуанаттар бағының ашылуы және сол маңайда салыстырмалы түрде қолайлы экологиялық ауданның пайда болуы, «Зодиак» ойын-сауық орталығының ашылуы, қала орталығында (Достық Үйінің қасында) балаларға арналған аттракциондардың жаңа бұрышының ашылуы. Жалпы өзгерістер аса көп емес, дегенмен өзгерістердің болуы оңды екені айтылады.

Қала орталығы тығыз қоныстанғанына қарамастан, негізінен әкімшілік сипатта. Орталық пен шеткі аймақтардың айырмашылығы бар, бірақ айырмашылықтар аса көп емес (инфрақұрылымның даму деңгейі орталықта жоғарылау).

Қала өте жинақы, аудандар бір-біріне жақын орналасқан.

Мәртебесі жоғары аудан – Ертіс пен Ульба өзендерінің тоғысар тұсы (Стрелка). Алыс аудандар, КШТ–дан (Ертістің сол жағалауы – салыстырмалы түрде жаңа аудан, құрылыс жылдам қарқында жүруде, өнеркәсіптік объектілер болмағандықтан экологиялық тұрғыдан өте қолайлы классикалық «түнемелік» аудан) басқасы, аса мәртебелі емес.

Жеке сектор толығымен қаланың шеткі аймақтарында орналасқан, өмір сүруге аса қолайлы емес,бірақ ауданына және тұрғындарына байланысты жағдай әртүрлі. Куленовка деп аталатын аудан – зәулім үйлер салынған ауқаттылар тұратын мәртебелі ауданның бірі.

Қалада пайдалану мерзімі аяқталған көне үйлер (хрущевкалар) көп. Бірақ жауаптардың арасында көне үйлер аз деген пікір болды. Жаңа үйлер аз тұрғызылуда.

Өскемен – соңғы жылдары дүниеге келгендер саны көбейе түскеніне қарамастан, мысалы балалар қала халқының 53% құрайды, ересектер қаласы.14 Қалада балаларға арналған керемет жерлер бар. Мысалы, орталықта үш жақсы саябақ орналасқан. Олар балаларға өте ыңғайлы, әсіресе «Металлург» аттракциондар саябағы. Өзендердің жағасында көрікті жерлер көп, бірақ олар балалар үшін де, ересектер үшін де қауіпсіз емес және абаттандырылмаған.

Қаланың көне бөлігінде жүрекке жылы тиетін ескі атаулар сақталған, мысалы, «Три поросенка» деген атау байырғы тұрғындар үшін қаланың символы болып табылары сөзсіз. Стрелкадағы Ұлы отан соғысында қаза тапқандарға ескерткіш – Стела, металлургтер Сарайы ауданы – соғыстан кейінгі өнеркәсіптік тарихтың, қазіргі заманғы өнеркәсіптік Өскеменнің (соцреализм, сталиндік құрылыстар) бастауының символы, көпірлер және өзендер, жағалау. Күні бүгінге дейін «Гавань», «Пристань» сияқты осы ұғымдарға сәйкес емес және басқа жақтан келгендерге тіпті түсініксіз, таңқаларлық атаулар сақталған.
11.2.3 Стандартты сауалнаманы пайдаланып бағалау нәтижелері
1. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫҢ ЖАЛПЫ БАҒАСЫ
Өскемен тұрғындары өздері тұратын қаладағы өмірдің қауіпсіздігі мен қолайлылығын орташа деп бағалады. Қаланың даму әлеуетін жоғары деп есептейді, ал инфрақұрылымның дамығандығын бағалауда сауалнамаға жауап бергендер аздап салқынқандылық танытты. Осылай баға беруге итермелеген дәйектерді респонденттер ұсынған жоқ.

Көрсеткіштердің осы тобы бойынша индекс – 2,5 (ең жоғары 3).

2. БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ, САЯСАТҚА ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУЫ
Өскемендегі респонденттердің басым бөлігі «балалар қоғамның белсенді мүшелері болуы тиіс» деген пікірді қолдайды. Осыған қарамастан түсінбеушілік танытқан пікірлер де жиі кездесті. Баланың құқықтарын қорғаудың жалғыз мүмкіндігі ретінде ата–аналар мен жеке мамандардың әрекеттері саналады. «Сіздің қалаңызда балалардың қоғамдық өмірге, басқаруға және саясатқа қатысу принципі қалай жүзеге асып отыр?» деген сұраққа жауап ретінде ұсынылған үш нұсқа респонденттер арасында саналуан пікір туғызды. Біреулер бұл принцип тіпті жүзеге асырылып жатырған жоқ десе, басқалары қалада балалардың құқықтарын қорғайтын «ересек» қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды дейді, сонымен қатар жекелеген мектептерде (бірақ бәрінде емес) арнайы балалардың қоғамдық құрылымдары бар екенін көрсетеді.

Балалардың қоғамдық өмірге қатысу индексі – 1,5 (ең жоғары 3).


3. ТҰРАТЫН ЖЕР
Зерттеуге қатысқандар қалада барлық жерде және үнемі орталық жылу жүйесі қызметі, орталықтан сумен қамтамасыз ету, электр қуаты, жарық (обылыс аумағында үш ГЭС– тан тұратын каскад бар, оның ішінде біреуі Өскемен қаласының шекарасында), телефон байланысы қолжетімді деп көрсеткен.

Орталық жылу жүйесі қызметі көңіл толарлық жағдайда емес, себебі қаланың барлық аудандарын қамтымайды және жылыту температурасы барлық кезде жоғары емес. Қалада орталықтан газбен жабдықтау бірнеше жылдан бері жоқ, бірақ балама бар. Канализация жұмысы қанағаттанарлық.

Біршама «қиын» мәселе – Өскемендегі аулалар және оған көз жеткізу үшін қарапайым таңдау әдісімен бірнеше ауланы қарап шықсаңыз болады. Міне сондықтан болар респонденттердің басым бөлігінің аулалар «жәй таза» және «жарық» деп есептеуін түсінуге болады. Ойын алаңы, орындықтар, қоқыс тастауға арналған ыдыстар, автокөліктерге арналған жеке орын, қоқысқа арналған орынның қоршалуы, аулада хайуанаттарды жаймау сияқты талаптар орындалмаған.

Тұратын жер бала үшін қауіпті және қолайсыз деген дұрысырақ .

Тұратын жер сапасының қорытынды индексі – 2,12 (ең жоғары 3).
4. ҚОРШАҒАН ОРТА (ЭКОЛОГИЯ)
Қалалықтардың жасыл желекті аудандардың балалар үшін қолжетімділігі туралы пікірлері кереғар болып шықты, бірақ жасыл желекті аудандарды балалар пайдаланады және олар балалардың қолдануы үшін жарамды. Қаладағы экологиялық жағдай өте нашар екені дау туғызбайды (экологиялық күйзеліске ұшыраған аудан). Өскемендегі экология мәселесі қала тұрғындарын мазалайтын мәселелердің арасында экономикалық қиындықтар немесе қылмыстың өршуі сияқты мәселелерден де оқ бойы алда .

Қоршаған ортаның ахуалы индексі – 1 (ең жоғары 3).


5. ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Зерттеуге қатысқандар қалада автокөлік иелері жол қозғалысы ережелерін негізінен сақтайды деген пікірді қолдайды. Сонымен қатар респонденттердің басым бөлігі баланың қалада өздігінен жүруі қауіпті деген дұрыс деп көрсетеді, себебі қалада жаяу жүргіншіге арналған жолдар мен тротуарлар жетіспейді, ал жер асты жолы біреу ғана.

Жол қозғалысы ережелерін балаларға үйретумен айналысатын негізінен, әрине, мектептер, ал маусым айында қалада МАИ жас инспекторларының республикалық фестивалі өтті. Зерттеуге қатысқан тұрғындардың көбі осы оқиға туралы хабарсыз екені мәлім болды.

Балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына қатысты өскемендіктер өте қатал болып шықты. Осы сұраққа жауаптың басым бөлігінде «нашар» деген пікір орын алған.

Қаладағы биліктің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмысы оң бағаланды, жолдардың жөнделуі, тротуарлардың реттелуі, белгілерді орнату, плакаттар ілу және т.б. шаралар атап өтіледі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі индексі – 1,5 (ең жоғары 3).
6. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Балаларға арналған тегін дәрігерлік көмек сапасы төмен деп танылды. Қолжетімді, уақытылы және қарым–қатынас әдебі сияқты көрсеткіштер 10 баллдық шкала бойынша бағаланып, 5 баллдан артық ала алмады, ал дәрігерлік қызметкерлердің кәсібилігінің бағасы 1-3 баллдар арасындағы интервалда ғана көрініс берді.

Қалада арнайы салалық мамандардың кеңесін алу не қиын, не тіпті ешқандай мүмкіншілік жоқ. Балалардың диагностикасы, кеңес алу, емдеу және профилактикаға қатысты қиындықтар бар.

Арнайы салалық мамандардың қабылдауына бару ақылы жүйе арқылы ғана мүмкін. Бірақ ақылы және тегін дәрігерлік қызмет көрсету сапасы іс жүзінде бірдей (айырмашылығы тек уақытында ғана) .

Дәріханалық желі өте жақсы дамыған, балаларға арналған ассортимент ауқымды, тапшылық сирек.

Денсаулық сақтау қызметі сапасының индексі – 2 (ең жоғары 3).
7. ДЕМАЛЫС САЛАСЫ

Балалардың спорт секцияларына, үйірмелер мен студияларға қажеттіліктері өскемендіктердің пікірінше, жалпы қанағаттанарлық және осы балалар ұйымдарындағы және мекемелеріндегі сапа жақсы десе болады.

Зерттеуге қатысқандардың айтуына қарағанда, кинотеатрлардағы балаларға арналған репертуар жұтаң және мерзімдік сипатта (каникулдар).

Қалада аула клубтары аз, бірақ соған қарамастан көбіне қызметкерлердің энтузиазмі арқасында жақсы жұмыс атқарады.

Жалпы балаларға арналған демалыс соншалықты жақсы дами қоймаған. Балаларға арналған арнайы демалыс орындары (лагерлер мен пансиондар) аз, олар іс жүзінде қолжетімді емес, себебі өте қымбат, демалысқа деген қажеттілікті қанағаттандыра алмайды.

Балалар демалысы сапасының индексі - 1,5 (ең жоғары 3).


8. БІЛІМ БЕРУ
Қалада балабақшалардың тапшылығы байқалады. Бақшалардағы балалардың құқықтары «сақталуы да, сақталмауы да мүмкін, бәрі қызметкерлерге байланысты». Осы мәселеде ең бастысы - адам факторы екендігі респонденттермен әңгіме барысында анықталды. Бұл балабақша мамандарын даярлау мен іріктеу мәселесінде ойлану керектігін алға тартады.

Баланы дамытудың қосымша арнайы бағдарламалары тек жекелеген балабақшаларда ғана бар деген пікірді зерттеуге қатысушылар бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ қалада жалпы білім беретін мектептер «жеткіліксіз деген дұрысырақ». Ал енді қауіпсіздікке келсек, сауалнамада көрсетілген ережелердің бірсыпырасы сақталмайды екен: мектеп жанынан жол өтеді, аумағы толық қоршалмаған немесе мектеп аумағында тазаланбаған жерлер бар.

Сұрау салуға қатысқандар мектептердегі оқыту сапасы «жақсы немесе қанағаттанарлық деген дұрысырақ» деп есептейді. Аса жоғары немесе тым төмен бағаны ешкім берген жоқ.

Респонденттердің басым бөлігінің пікірі бойынша мектеп – бала үшін қауіптірек жер болып табылады.

Білім беру қызметтерінің сапалық индексі – 1,2 (ең жоғары 3).


9. ЕРЕКШЕ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ БАР БАЛАЛАР
Сұрауға қатысқандардың барлығы ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін қала аса мейірімді емес деп есептейді. Мүгедек балалар арнайы ұйымдастырылған шараларға ғана қатысады. Соған қарамастан қалада психологтың, әлеуметтік қызметкердің, логопедтің және т.б. арнайы көмегін алуға барлық мүмкіндіктер бар.

Мүгедек балалар интеграциясының индексі – 1 (ең жоғары 3).


10. МАТЕРИАЛДЫҚ ИГІЛІКТЕР (БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ САНАЛУАНДЫҒЫ).
Қала дүкендері мен базарларындағы азық-түліктің саналуандығына баға беру кезінде пікір бөлінді – біреулер жыл бойы «ассортимент мол» десе, екіншілері «маусымына байланысты» дейді. Осылай дей отырып респонденттер «қала тұрғындарының басым бөлігі үшін көп өнімдер қолжетімді емес» деген пікірде тоғысты. Тамақ өнімдерінің сапасы орташа баға алды.

Балаларға арналған тұтыну тауарларының саналуандығына байланысты әртүрлі пікірлер айтылды. Көпшілігі кез келген затты сатып алуға болады деп есептейді, бірақ сонымен қатар кейбір тауарларды таңдау шектеулі деген пікірлер де болды.

Материалдық игіліктердің индексі – 2 (ең жоғары 3).


жүктеу 1,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау