Балалардың жас кезеңдері



жүктеу 1,1 Mb.
бет3/37
Дата04.01.2022
өлшемі1,1 Mb.
#36070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Балалар ауруының пропедевтикасы

1. Беткі қабаты – эпидерма.

2. Терең қабаты – дерма.

3. Тері асты шел майы –Hipо-derma (гиподерма).

Терінің беткі қабатының, яғни дерманың өзі 5 қабаттан тұрады:

1. Беткі мүйізді қабаты жаңа туған балада 2–3 бірімен бірі нашар байланысқан

(ересектерде 10–13 қатар) және жеңіл қабыршақтанып түсіп отыратын, қабыршақтар

қабатынан тұрады.

2. Эпидермалық немесе жылтырауық мөлдір қабат – жазық клеткалардан және жарықты

жақсы қиятын зат – эллидиннен тұрады. Эллидин деген май (элей – май) болса керек.

3. Түйіршікті қабат – клеткалардың бірнеше (1–7) қабатынан тұрады. Жасуша түрі ромба

тәріздес, құрамында теріге сәбіз тәріздес түс беретін, кератогиалин бар.

160


4. Тікенек тәрізді қабаты бірнеше клеткалар қабатынан тұрады.

5. Базальды немесе негізгі қабат эпидермистің ең тереңдегі қабаты. Базальды және меленоцит клеткаларынан тұрады және өте жақсы дамыған. Осы қабатта бөлініп жаңа клеткалар пайда болу процессі жүреді. Балаларда бөліну және жаңа клеткалар пайда болу активтілігі, ересектерге қарағанда, өте жоғары. Осыған байланысты балаларда грануляция және эпителизация процесстері тез жүреді де, регенераторлық (қалыптасу) қабілеті жоғары болып келеді.

Базальды немесе тікенек тәріздес қабат түйіршікті қабатпен қосылып эпидермистің

мальпигий қабатын құрайды. Эпидермиспен дерманың арасында базальды мембрана(негізгі жарғақ) орналасқан. Дәнекер тін мен икемді (эластикалық) талшықтардың нашар дамуына байланысты негізгі жарғақ жұмсақ болады, сондықтан эпидермис дермадан қатпарланып, айырылып тұрады.

Дерма немесе өзіндік тері коллагендік және икемдік талшықтардан, аморфты негізгі заттардан (гиалурон қашқылы, кератосульфат) және клеткалық элементтерден (гистоциттер, Эрлих клеткалары, бірең-сараң лимфоцит пен лейкоциттерден, пигмент клеткаларынан) тұрады.

Туылған мерзімде дерма өте анық болмаса да, екі қабаттан тұрады: бүртікті және



торлы қабат. Балаларда дерма нәзік, клеткалық элементтерге бай келеді. Дерма қан және лимфа тамырларына бай болады. Онда май және тері бездері орналасқан. Капиллярлар,ересектерге қарағанда, кең болып келеді де, балаларда терінің регенераторлық қабілетінің жоғары болуына әсерін тигізеді. Коллагенді, созылмалы және бұлшық ет талшықтары шамалы дамыған, ересектерге қарағанда, жұқа, жұмсақ және мөлшері аз болып келеді.

Баланың терісінде май және тер бездеріне баратын регенераторлық және

секреторлық нерв тіндері көп орналасқан. Баланың жасының ұлғаюына байланысты,эпидермис пен дерма ұлғая түседі. Сондықтан, баланың 7 жасында терісінің қалыңдығының ересектерден айырмашылығы жойылады.

Май бездері ұрықтық кезеңнен бастап жұмыс істей бастайды. Баланың бес

айлығында толық өсіп жетіледі де, көп секрет бөліп шығарады. Бұған мұрынның ұшында, маңдайында, екі бетінде орналасатын, майдың ақ түйіршіктері – mіllіа куә. Олар бала өмірінің бірінші аптасының аяғында жойылып кетеді.

Туылған мезгілде тер бездерінің құрамы толық жетіледі, бірақ мидағы тер бөлу

орталықтарының нашар дамығандығына байланысты 3–4 айға дейін жұмыс істеуі нашар

болады. Сонымен қатар, тер бездерінің түтікшелері өте қысқа және тар болып келеді.

Жаңа туған баланың басындағы шашы жақсы дамыған, бірақ орталық

талшықтарының жоқ болуына байланысты жұмсақ болады.

4-аптадан кейін туғандағы шаштары түсіп жаңа шаш шығады. Мезгіліне жетіп туған

балаларда ұрықтық кезеңдегі шаштар аяғына және арқасында жауырындардың ортасында

орналасқан. Ал, шала туған балаларда денесінде шаш тығыз, көбінесе аяқ-қолдарында және бетінің терісінде орналасады.

Балалар организмінде тері көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол қызметтердің

жаңа туған және емшек жасындағы балаларда көптеген ерекшеліктері бар.

Жұқа және жұмсақ терінің мүйізді қабаты жаңа туған және емшек жасындағы

балаларда, ересектерге қарағанда, механикалық және химиялық факторлар әсер еткенде,

жеңіл зақымдалады. Қан тамырларымен бай келетін жұқа мүйізді қабат арқылы улы

химиялық заттар тез өтіп (сорылып), бала организміне әсерін тигізеді. Сондықтан, бұл

жастағы балаларға құрамында улы, қоздырғыш, тез сорылатын заттар бар майларды

(скипидар, йод, формалин және т.б.) қолданбаған жөн.

Эпидермистің базальды қабатында орналасқан моноциттер шығаратын тері пигменті

меланиннің ультра күлгін сәулелерді жұту қабілетінің нәтижесінде, тері организмді күн

сәулесінің зақымдау әсерінен қорғайды. Балаларда меланин шығару процессі толық

жетілмеген, пигментті түйіршіктер саны, ересектермен салыстырғанда, көп болып келеді.
Осыған байланысты емшек жасындағы балаларға ультра-күлгін сәулелерін ем ретінде

қолдану үлкен сақтықпен жүргізілуі керек.

Баланың терісі туған кезде стерильді болып келеді. Туғаннан кейін бірден терісінің

бетін микробтар жайлай бастайды. Теріде көбіне патологиялық әсері жоқ стафилококк,диплококк және ішек таяқшасы кездеседі. Тері бетінде 2–10 күн аралығында микробтар көп болып келеді. Содан кейін, терінің бактериоцидтік әсеріне байланысты, азаяды.

Терісінің нәзік және беріксіздігіне қарамастан, дені сау балаларда микробтар қанша көп

болса да, тері ауруларымен сирек ауырады. Үйткені, терінің дербес стерилизациялық қасиеті жақсы дамыған. Микробтардан қорғауда терінің реакциясының қышқылдығының (РН-5,0) маңызы өте зор. Бірақ, балаларда терінің реакциясының бейтарап болуына

байланысты, микробтардың дамуына жақсы жағдай жасалынады. Терінің бактериоцидтік

қасиеті спиртпен, эфирмен сүрткенде, салқын тигенде төмендейді. Мүйізді қабаттың қабыршақтанып түсуі ересектермен салыстырғанда, 4–5 рет тез жүреді. Терінің нәжіс түсіп былжырауы, тер бездерінің активті секреті эпидермистің су мен майдан (липидті) тұратын қабығының (мантия) босаңсуына әсерін тигізеді.




жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау