Бакалавриат Высшее педагогическое образование



жүктеу 6,57 Mb.
Pdf просмотр
бет134/175
Дата19.11.2018
өлшемі6,57 Mb.
#21553
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   175

354 

 

халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне талдау жасау. ҚР мен басқа елдерде шығыс жекпе-



жегін ары қарай дамыту бойынша кезекте тұрған міндеттер. 

  Қазіргі  кезеңде  шығыс  жекпе-жегінің  стилдері  бойынша  сайыстарды  бағалау 

балдарының өзекті мәселелері. 

  ҚР  мен  шетелдердегі  шығыс  жекпе-жегінің  даму  жай-күйі.  Қазақстан  құрама 

командасының халықаралық жарыстардағы нәтижелерінің жылдық қорытындылары. Шығыс 

жекпе-жегінің  әдістері  мен  тәсілдеріндегі,  жаттығу  әдістеріндегі,  құралдар  мен 

жабдықтардағы  жаңалықтар.  Қазақстан  құрама  командасының  халықаралық  жарыстардағы 

нәтижелерінің жылдық қорытындылары. 

  Шығыс  жекпе-жегіндегі  спортшылардың  жас  ерекшеліктері,  салмақ  және  жас 

санаттарына  қарай  бөлінуі.  Жастардың,  қыздардың,  ерлер  мен  әйелдердің  сүйек-бұлшық  ет 

жүйесінің  ерекшеліктері.  Шығыс  жекпе-жегінің  ағзаларға  әсері,  оқыту  барысындағы 

психологиялық ерекшеліктерді ескеру. 

 

3 МОДУЛЬ.  ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ СИПАТТАМАСЫ 

3.1.  Шығыс  жекпе-жегінің  жекелей  түрлерінің  дамуы:  каратэ-до,  таеквондо,  муайтай, 

кикбоксинг, ушу, қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, мма. 

3.2.  Шығыс  жекпе-жегіндегі  ЖДД  мен  АДД  мақсаты  мен  міндеттері  және  олардың 

анықтамалары.  

3.3. Шығыс жекпе-жегіндегі дене қасиеттерінің қызметі. 

Күштің  маңызы,  оның  физиологиялық,  биомеханикалық  т.б.  ерекшеліктермен 

байланыстылығы.  Шығыс  жекпе-жегіндегі  күш  пен  күш  даярлығының  ерекшелігі.  Күш 

төзімділігі. Шығыс жекпе-жегі бойынша  күш дайындығының көрсеткіштері.  

Шығыс  жекпе-жегіндегі  шапшаңдықтың  негізгі  қызметтік  сапалары.  Шығыс  жекпе-

жегіндегі жылдамдық әдістері мен тәсілдерінің ерекшеліктері. 

Шығыс  жекпе-жегіндегі  төзімділік  әдістері  мен  тәсілдерінің  ерекшеліктері.  Жалпы 

және  арнайы  төзімділік,  олардың  байланыстылығы.  Төзімділіктің  физиологиялық 

көрсеткіштері, шығыс жекпе-жегіндегі төзімділік өлшемдері. 

Шығыс  жекпе-жегіндегі  ептіліктің  көріністері  мен  түрлері.  Шығыс  жекпе-жегіндегі 

ептілік әдістері мен тәсілдерінің ерекшеліктері. 

Икемділіктің  анықтаушы  сипаттамасы  мен  факторлары.  Жоғары  білікті  спортшыларға 

қажетті  икемділіктің  ерекшеліктері.  Шығыс  жекпе-жегіндегі  икемділік  әдістері  мен 

тәсілдерінің ерекшеліктері. 

 

4  МОДУЛЬ.  ШЫҒЫС  ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ  ТЕХНИКАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ 



ДАЯРЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

Шығыс  жекпе-жегіндегі  техникалық-тактикалық  даярлықтың  мақсаттары  мен 

міндеттері. Техникалық және тактикалық даярлықтың мақсатын анықтаудың сипаттамалары. 

Техниканы оқыту және жетілдіру. Техникалық  даярлықты анықтау  факторлары.  

4.1.Шығыс жекпе-жегін оқытудың әдістемелік негіздері. Шығыс жекпе-жегін оқытудың 

әдістемелік негіздері. Шығыс жекпе-жегіндегі әдістер мен тәсілдердің жалпы түсініктері мен 

анықтамалары. Тәсілдер, спортшылардың шығыс жекпе-жегіндегі қозғалыстарының жүйесі, 

әдіс  элементтерінің  жіктелуі  (базалық  бастапқы  тұрыс,  сайыс  тұрысы,  соққы,  лақтыру, 

қорғану,  орын  ауысу  және  сайыс  қимылдары)  тиімділік  өлшемдері.  Шығыс  жекпе-жегінің 

техникасының,  тактикасының,  спорттық  жанасулары  мен  дәстүрлі  түрлерінің  стилдік 

ерекшекліктері:  соққылау,  қорғану,  лақтыру,  қарсы  соққылау  және  бәсекелестермен  түрлі 

қашықтықтағы, жағдайлардағы алдау әрекеттері. Үйлесімді әрекеттер техникасы. 

4.2 Шығыс жекпе-жегі әдістері мен тәсілдерін  алыс, орта және жақын қашықтықтарда 

жетілдіру әдістемесі. Белсенді түрде қорғану әрекеттері. Шабуылдау әрекеттері және оларды 

жетілдіру  әдістемесі.  Қарсыласына  жауап  беретін  және  қарсы  шабуылды  қабылдайтын 

шақыру  мен  ұстап  алу  шабуылдарын  жетілдіру.  Өзіндік  жеке  сайыс  жүргізу  мәнерін 

жетілдіру. 



355 

 

 



5  МОДУЛЬ.  ШЫҒЫС  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ  ТҮРЛЕРІНЕН    ЖАРЫСТАР  ӨТКІЗУ 

ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

Шығыс  жекпе-жегінің  жарыс  ережелері,  төрешілердің  міндеттері  мен  жарысқа 

қатысушыларға қойылатын талаптар. 

5.1  Шығыс  жекпе-жегіндегі  құрал-жабдықтар.  Мақсаты  мен  міндеттері,  негізгі 

түсініктері  мен  олардың  анықтамалары,  техника  қауіпсіздігі.  «Жіктеу»,  «жүйелеу», 

«терминология» деген түсініктер анықтамаларының қажеттігі. 

Спортшыларды жас топтарына, салмақ дәрежелеріне, спорттық көрсеткіштеріне қарай 

топтастыру.  Шығыс  жекпе-жегі  бойынша  техника  негізін  жіктеу.  Қазіргі  кездегі 

пайдаланылатын  негізгі  шығыс  жекпе-жегінің  терминологиясы.  Шығыс  жекпе-жегіндегі 

жіктеу мен мен терминологияның өзгешеліктері. 

5.2 Қазақстанда және шетелде шығыс жекпе-жегінің даму болашағы. 

5.3 Шығыс жекпе-жегінің секцияларында іріктеу мен бақылауды жоспарлау, ОЖЖ мен 

жаттығу  жұмыстарын  есептеу.  Сабақтарды  жоспарлау  түрлері  (оқу  жоспары,  бағдарлама, 

жұмыс  жоспары,  сабақ  конспектілері,  сабақ  кестесі,  сабаққа  қатысуын,  спорттық 

нәтижелерін тіркеу журналы, спорттық шаралар күнтізбесі, оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ). 

Шығыс  жекпе-жегінің  секцияларындағы  жұмыс  мазмұны.  Шығыс  жекпе-жегі  бойынша  

спортшыларды тұлға ретінде тәрбиелеудегі жаттықтырушының рөлі. 

5.4  АК,  БЖК,  БЖСМ,  СШЖМ  жұмысында  шығыс  жекпе-жегі  секциялары  үшін 

құжатнамалар жасау: жылдық жоспар, жұмыс жоспары, сағаттық кесте, сабақтар конспектісі, 

жұмыс  есептеу  журналы,  ЖДД  мен  АДД  нормаларын  тапсыру  кестесі  және  жарыстарға 

қатысу. 

Шығыс  жекпе-жегі  бойынша  жарыстың  түрлері  мен  сипаты,  төрешілер  алқасының 

жарыстардағы қызметі, жеңімпаздарды анықтау. Шығыс жекпе-жегіндегі ерлер мен әйелдер 

жарыстарының  ережелері.  Сайысу  түрлері:  жасқа,  салмаққа,  біліктілікке  қарай  және 

қатысушылардың шеберлік дәрежесіне қарай жарысқа жіберу. Салмақ өлшеу тәртібі. Жеребе 

тастау мен жұп  құрастыру. Тапсырыс беру, дәрігерлік бақылау картасы, қатысушының киімі. 

Жарыс  қағидаттарын,  қатысушылардың,  секунданттардың  және  команда  өкілдерінің 

құқықтары мен міндеттерін құрастыру. 

Сайысқа  дейінгі  және  кейінгі  дәстүрлі  амандасу  мен  қоштасу.  Шығыс  жекпе-жегі 

бойынша  сайыстарды  жанама  төрешілердің,  аға  төрешілердің,  бас  төрешілердің  бағалауы. 

Шығыс жекпе-жегіндегі жарыс ережелерінің ерекшеліктері. 

 

ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

Негізгі әдебиет: 

1  Мухиддинов Е.М. Қазақ күресі. - Алматы: Мектеп, 2012.-196б 

2  Матущак П.Ф., Мухиддинов Е.М. Казакша курес. - Алматы: Мектеп, 2011.-184 с. 

3   Ш.К.Нургалиев, Е.М.Мухиддинов, А.А.Кожапов «Жудырыктасу»-Костанай, 2009. 

4   С.Е.  Дайрабаев,  Е.М.  Мұхиддинов  «Спорт  және  дене  тәрбиесі  теориясы»:    оқу 

құралы.-А.: Білім 2008 

5   Абишев К.С. «Ұлттық ат ойындары».- Алматы, 2009. 

6   Матущак  П.Ф.,  Мухиддинов  Е.М.      «Казахша  курес»  :  учеб.  пособие.-  Алматы: 

Рауан, 1995. 

7   Ахмадиев Т.М  Шығыстың жекпе-жек тарихының кіріспелері: оқу-әдістемелік құрал 

. – А.: ҚазСТА, 2008 . 

8   Микрюков  В.Ю.    Каратэ-до:  учебн.  пособие  для  студ.  высш.  учеб  заведений.-М.: 

Издательский центр  Aкадемия, 2003. 

9   Мамытов А.  Теория спорта: учебное пособие.  - Б. 2005. 

10 Спиридонов  Е.А.  Обучение  в  спортивно-прикладных  видах  единоборств, 

использующих ударную и борцовскую техники: учебное пособие.-Алматы, 2007. 




жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   175




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау