Бакалавриат Высшее педагогическое образование



жүктеу 6,57 Mb.
Pdf просмотр
бет66/175
Дата19.11.2018
өлшемі6,57 Mb.
#21553
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   175

168 

 

қозғалмалылық  сияқты  әдістемелік  қағидаттарында  көрінетін  дене  шынықтыру 



заңдылықтары.  Дене  шынықтыру  саласында  осы    қағидаттарды    нақтылай  түсетін  басты 

ерекшеліктер. 



1.4. Дене шынықтыру құралдары 

Дене шынықтыру құралдары жайлы түсінік. 

Дене  жаттығулары  –  дене  шынықтырудың  ең  негізгі  ерекше  құралы.  Дене 

жаттығуларының  мазмұны,  түрлері,  техникасы,  құрылымы,  топтастырылуы.  Табиғи  және 

гигиеналық факторлар - дене шынықтырудың ерекше құралы ретінде. 

1.5. Дене шынықтыру әдістері 

Бастапқы  түсініктер:  «әдіс»,  «әдістік  тәсіл»,  «әдістеме»,  «әдістемелік  тұрғыдан  келу»,  

«әдістемелік бағыт». 

Жүктеме  мен  демалыс  дене  шынықтыру  әдістерінің  өзара  байланыс  құрылымдары 

ретінде. Арнайы әдіс (қатаң шектеулі жаттығулар әдісі. Ойын және жарыс әдістері). Жалпы 

педагогикалық  (көрнекілік  және  сөйлеу)  әдістер.  Идеомоторлық,  психореттегіш  және  соған 

ұқсас әдістер; дене шынықтырудағы  талдағышты-түзетулі, ақпараттық және т.б. техникалық 

қондырғылар. 



 

1.6. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету 

Қимыл-қозғалыс  іс-әрекеттер  оқу  пәні  ретінде:  қозғалу  біліктіліктері  мен  дағдылары, 

оларды  қалыптастыру  механизмдері.  Дағдылардың  өзара  байланысы.  Қозғалысқа  үйрету 

үдерісінің  құрылымы.  Үйрету  кезеңдері:  бастапқы  үйрету,  тереңдете  үйрету,  бекіту 

(пысықтау)  және  жетілдіру.  Үйрету  (оқыту)  үдерісін  басқару.    Қателіктерді  түзету  және  

алдын  алу. 



1.7. Дене сапаларын тәрбиелеу негіздері 

Дене сапалары туралы түсінік: олардың негізгі түрлері мен адамның дене дамуындағы  

мәні мен ролі. 

Дене  сапаларын  тәрбиелеудегі  негізгі  заңдылықтар.  Ептілік,  күш,  төзімділік, 

шапшаңдық,  икемділікке  тәрбиелеу  әдістерінің  мәні,  өлшемі,  міндеттері,  құралдары  және 

айқындаушы белгілері. Дене бітімінің тәрбиесі: дене салмағын реттеу негіздері. 



1.8. Дене шынықтыру үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы 

Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен рөлі. Жеке 

тұлғаны  бағытты  қалыптастырудың  факторлары  мен  шарттары.  Дене  шынықтыру 

үдерісіндегі    зияткерлікті,  адамгершілік,  еңбек  және  эстетикалық  тәрбиенің  міндеттері, 

құралдары, әдістері мен түрлерінің ерекшелігі. 

1.9. Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері 

Сабақтарды құру түрлерінің жалпы  сипаттамасы. 

Сабақ  құрылымының  негіздері:  оқу  сабақтарының  сабақтағы  және  сабақтан  тыс 

түрлерінің сипаттамасы. 



1.10. Студенттің өзіндік жұмысы 

Білім  жүйесі  мен  дене  шынықтырудың  жалпы  теориясын  қалыптастыру.  Зерттеудің 

ақпараттық негізін құрайтын  материалдарды ашу және  оны өңдеу әдістері. 

Дене шынықтырудың мөлшерлік негізі мен  мазмұны. Дене шынықтырудың сауықтыру 

және қолданбалы бағыттары. 

Дене  жаттығуларын    жіктеудің    негізгі  белгілері.  Жүктемені  оның  сипаттамасына, 

бағытына және мөлшеріне қарай  қалыптастыру ерекшеліктері. 

Қозғалыс-қимыл әрекеттеріне үйрету теориясының негіздері. Қозғалыс дағдылары мен 

біліктіліктерге  бастапқы  үйретудің  және  олардың  қалыптасуының  негізгі  тәсілдері  мен 

бақылауы. 

Жаттығушылардың  жынысы  мен  жасерекшеліктеріне  байланысты    күш,  шапшаңдық, 

шапшаңдықты-күшті  және  тепе-теңдікті  сақтау  қасиеттерін  қалыптастырудың  негізгі 

ережелері.  Әртүрлі  сипаттағы  жаттығулар  арқылы  төзімділік  пен  икемділікке  тәрбиелеу 

ерекшеліктері.  Дене  сапалрының  өзара  байланысы.  Дене  сапаларын  тәрбиелеудегі   




169 

 

айналмалы жаттығулар әдісі. 



Дене шынықтыру сабақтарын құрудың ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері.   

     


2  МОДУЛЬ.  ДЕНЕ  ШЫНЫҚТЫРУ  ТЕОРИЯСЫ  МЕН  ӘДІСТЕМЕСІНІҢ 

ЖАСЕРЕКШЕЛІК  НЕГІЗДЕРІ 

2.1 Ерте  және мектеп жасына дейінгі  балалар дене шынықтыруының негіздері 

Дене  шынықтыру  жүйесіндегі  бастапқы  жас  буынның  рөлі.  Мектеп  жасына  дейінгі  

балаларды  жасқа  байланысты  топтастыру.  Мектеп  жасына  дейінгі    кезеңдегі  балалардың 

жасқа  байланысты  дамуы  мен  одан  кейінгі    іс-әрекетке  дайындық  шарттарының 

заңдылықтары арқылы  айқындалатын дене шынықтыру міндеттерінің ерекшеліктері. 

Бала  бақшаларда  жүзеге  асырылып  келе  жатқан  жалпы  тәрбие  жүйесіндегі  дене 

шынықтыру әдістерінің бағыты, құралдар құрамы және айқындауыш белгілері. 

Мектепке  дейінгі  сәбилердің  күнделікті  тұрмыстық  жағдайларында  дене  шынықтыру   

бағытын тиімді пайдалануының әдіснамалық негіздері. 

2.2 Мектеп жасындағы дене шынықтырудың негіздері 

Мектеп жасындағы балалар дене шынықтыруының  әлеуметтік-педагогикалық маңызы, 

бағыты  мен  міндеттері.  Мектептегі  дене  шынықтыруды  ұйымдастыру  бойынша  мемлекет 

тарапынан жүргізілетін іс-шаралар мен  бағдарламалар. 



2.3 Мектеп жасындағы дене шынықтыруды жоспарлау мен бақылау. 

Жұмысты  жоспарлаудағы  негізгі  бағыттар.  «Оқушылардың  дене  шынықтыруы» 

бағдарламасының  сипаттамасы.  «Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша    оқу  үдерісін 

жоспарлаудағы  бірізділік.  Жоспарлау  құжаттарын  құру  технологиясы.  Бағдарламадағы  

материалдарды өткізудің жылдық жоспары. Тоқсандық жоспар. Дене шынықтыру сабағының 

жоспары. Есепке алу және бақылау түрлері. 



2.4 Сабақ - мектептегі оқытудың негізгі түрі 

Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұны, олардың міндеттері мен мазмұнына 

қарай  топтастырылуы.  Оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыру  мен    бақылау  әдістері, 

оқушылар  іс-әрекеттерінің  белсенділігін  арттыру  әдістері.  Сабақтағы  жүктемелерді  реттеу 

тәсілдері,  үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері. Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің 

іс-әрекетінің құрылымы. Дене шынықтыру сабақтарын өткізудегі мұғалімнің дайындығы. 



2.5 Дене шынықтыру сабақтарында дене сапаларын тәрбиелеу 

Мектеп  жасында  дене  сапаларын  дамытудағы  негізгі  талаптар.  Мектеп  жасындағы  

балалардың  дене  сапаларын  тәрбиелеу  ерекшеліктері.  Дене  шынықтыру  сабақтарында  

қимыл-қозғалыс  қабілеттерін  тәрбиелеудің  ұйымдастырушылық  және  әдістемелік  негіздері. 

Дене шынықтыру сабақтарында дене сапаларының  даму деңгейін бақылау. 

2.6  Бастауыш,  орта  және  жоғары  сыныптарда  дене  шынықтыру  сабақтарын 

өткізудің құрылымы мен әдістемесі 

   Бастауыш,  орта  және  жоғары  сынып  оқушыларының  морфофункцио-налды  және 

психологиялық  ерекшеліктері.  Білім  беру,  тәрбиелеу  және  сауықтыру  міндеттерінің 

ерекшеліктері. Дене шынықтыру сабақтарының құрылымы мен  мазмұнының ерекшеліктері. 

Қозғалуға  үйрету,  дене  сапаларын  тәрбиелеу,  сабақтағы  іс-әрекетті  ұйымдастыру  мен  

басқару әдістемелерінің ерекшеліктері. 



2.7 Дене шынықтыру бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар 

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері. Мектептің 

оқу және ұзартылған күн тәртібіндегі дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары. 

2.8 Оқушылардың дене шынықтыруы бойынша мектептен тыс жұмыстары 

Сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  жұмыстардың  міндеттері  мен  мазмұны.  Дене 

шынықтыру  ұжымы  (спорт  клубы).  Жүйелі  түрде  және  аракідік  жүргізілетін  жұмыс 

түрлеріне сипаттама. 



2.9 Ересек тұрғындар арасындағы дене шынықтырудың негізгі бағыттары. 

Тұрғындардың  ересек  буын  азаматтарының  дене  тәрбиесі  сипаттамасы.  Дене 

шынықтыру ерекшелігін сипаттайтын әлеуметтік факторлар. Ересектердің дене шынықтыру 



жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   175




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау