ТӘЖІРБИЕЛІК ЖҰМЫС № 10
Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді сипаттау Топографиялық картаны оқу – бҧл жергілікті жер ерекшеліктерін оның
картадағы бейнесі бойынша анықтау.
Карта бойынша жергілікті жердің географиялық сипаттамасын жасау ҥшін оның элементтерінің жекелеген қасиеттерін оқып қана қоймай, оларды салыстырып бҧл элементтердің ӛзара тәуелділігі мен бҥтіндей жергілікті жердің ерекшеліктерін табуға тырысу қажет.
Жергілікті жер сипаттамасын жасауға қажетті негізгі ҧсыныстар:
Алдымен жер бедеріне, содан кейін гидрографиялық объектілерге, ӛсімдік қабатына, елді мекендерге, кӛлік жолдарына және байланыс қҧралдарына сипаттама беріледі.
Жер бедерін сипаттау барысында бедер формасын, ӛзіндік сызықтары мен нҥктелерін, берілген бӛліктің ең ҥлкен және ең кіші биіктіктерін, беткей тіктігінің толқуын атап ӛткен дҧрыс.
Ӛзендерді сипаттау кезінде оның бағыты мен ағыс жылдамдығына, тереңдігіне, еніне, қима биіктіктеріне, кеме ӛткізгіштігіне, жҥзіп ӛту қҧралдарына тоқталу керек.
Кӛлдерді сипаттау кезінде олардың конфигурациясына, тереңдігіне, сипатталатын территориядағы кӛлдің «қалыңдығына», олардың орналасу сипатына (дара, топтық, желі бойымен т.с.с.), жер бедерімен және ӛзен желісімен байланысына назар аударылады.
Батпақты жерлерді сипаттағанда оның орналасқан орнының жер бедерінің сипатына тәуелділігіне, ӛтпелілік деңгейіне, ауданына және тереңдігіне баса мән беріледі. Сонымен қатар, ӛсімдік тҥрлеріне тоқталып, оларға сандық және сапалық сипаттама жасалып, ӛсімдік қабаты орналасуының жер бедері мен гидрогеологиялық желімен ӛзара тәуелділігі кӛрсетіледі.
Елді мекендер сипаттамасында олардың типі, орналасу және жобалану ерекшеліктері, сондай-ақ шаруашылық және мәдени маңыздылығы келтіріледі.
Тасымал жолдары мен байланыс желістерін сипаттау барысында олардың типі, территориялардың олармен қамтамасыз етілуі кӛрсетіледі.
Шаруашылық және мәдени объектілердің сипаты мен орналасуы, сонымен қатар территорияның ауылшаруашылық игерілгендігі және шабындықтардың (орман, шабындық, егістік, бау-бақша) негізгі тҥрлерінің табиғат жағдайларына байланысты орналасу кӛрінісін де анықтап ӛткен жӛн.
Мысалы: Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді сипаттау. Бӛлік бедері жазық, даласы ӛңделген Гнезной ӛзені бар және едәуір
мӛлшерде лощиналара, біліктер мен қҧламалар бар. Жергілікті жерлің ең биік нҥктелері 200 м-ден асады, биіктіктердің толқулары 55 м-ге жетеді.
Территорияны батыстан шығысқа қарай ені 10м, тереңдігі 1,8 м Гнезная ӛзені кесіп жатыр. Оның ағыс жылдамдығы 1,2 м/с; бҧл Наумки және Полонки ӛзенінің қосылуынан пайда болған типтік жазық ӛзен. Ӛзендердің қосылған жері бӛліктің батыс бетінде, Мстибово қаласынан оңтҥстікке қарай орналасқан. Гнезная ӛзеніне тҥсетін қҧймалары жоқ. Гнезная ӛзенімен кеме жҥрмейді. Гнезная және Полонки ӛзендерінің жағасында батпақты шӛп айлағы бар. Бӛлікте шаруашылық қолданыстағы бірнеше кішкене су қоймалары, сонымен қатар білік беткейлерінде бҧлақтар бар. Ауданда табиғи ӛсімдіктердің барлығы дерлік жойылып кеткен, тек қана оңтҥстік шетте орташа биіктігі 20 м, діңгек диаметрі 30см қайың мен қарағайдан тҧратын аралас орман ӛскен. Орман жолдар желісімен қиылған. Даланың батыс бӛлігінде орманшы ҥйі бар. Тҥпті шӛп қабаты Полонка ӛзені мен теміржол арасындағы ауданның батыс бӛлігінде орналасқан. Территорияның кӛпшілік бӛлігі жыртылған.
Мстибово қаласы аудан орталығы болып табылады. Ол Гнезная ӛзенінің жағасында орналасқан. Қала шеттерінде бақшалар мен жеміс бақтары бар. Қалада электростанция және екі шіркеу бар. Батраки шағын деревнясынан солтҥстік-шығыстағы тӛбеде метеостанция орналасқан. Мстибово қаласы Мстибово теміржол станциясымен топырақты жолмен байлоанысқан. Қала мен станция арақашықтығы 600 м шамасында. Басқа да ауыл типтес елді мекендер ҥлкен емес (30 аулаға дейін).
Гнезная ӛзенінің оң жағасында Мстибово қаласынан 58 км қашықтықта орналасқан қалашықтан Мстибово қаласынан 15 км қашықтықта орналасқан Волхов қаласына апаратын біржолды теміржол ӛтеді. Жол ҥймелер мен орлар
арқылы бӛліктеп салынған, Полонка ӛзенін металл кӛпірмен кесіп ӛтеді. Жол бойымен станциялар, казармалар, дҥңгіршектер қойылған.
Ені 6-7 м жақсартылған топырақ жолдар Мстибово қаласын оңтҥстік-шығыстан солтҥстік-батысқа және солтҥстік-шығыстан оңтҥстік-батысқа қиып ӛтеді. Ауданда бірқатар орманды және дала жолдары бар. Мстибово қаласындағы электростанциясынан батысқа және солтҥстік-шығысқа жоғары вольтті электр желістері тартылған.
Достарыңызбен бөлісу: |