24
анықталады. Ережелерді кез келген педагог жүзеге асыруы мүмкін, бірақ балаға деген үнемі
сыйластық қарым - қатынас жасау шарттарын сақтау қиын, өйткені, мұнда педагогтың ішкі
дүниетанымдық бағыттары бейнеленген. Егер жоғарыда көрсетілгендер талаптар бала
бойынан толық көрініс беретін болса, онда бұл технологияның тиімді болғаны.
Н.Е. Щуркованың «Педагогикалық технология» деген еңбегінде бұл мәселелер кеңінен
сипатталған.
Педагогикалық үдеріске жылдам бақылау жасау мен оған дер кезінде түзету жасауға
қатысты тәрбиелеу технологиясының ерекшеліктеріне тоқталайық. Тәрбиеленуші тұлғасына
вариативті әсер ететін тәрбиелік ықпалдың күрделілігі мен бірізділігі; фактілердің әр
қилылығы оқыту технологиясындағыдай толық бақылау жасауды және кері байланысты
нақты орнатуды жүзеге асыруға мүмкіндік бере бермейді. Тамаша технологиямен
тәрбиеленгеннің өзінде күтілетін нәтиже қандай болады, оны да болжау қиын.Сондықтан
оқушының жеке тұлғалық сапаларының дамуы жөніндегі мәліметтерді психологиялық –
педагогикалық диагностика нәтижелері арқылы көруге болады.
Бекітуге арналған сұрақтар
1. Педагогикалық технологияның мәнін қалай түсінесіздер?
2. Оқу – тәрбие үдерісінде тәрбие технологиясын пайдаланудың тимділігі неде?
3.
Щуркованың тәрбиелеу технологиясын жүзеге асырудың шарттары қандай?
Дәріс №5 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Жоспары:
1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау-оқушылар тұлғасы мен балалар
ұжымын дамытудың болжау үдерісі
2. Тәрбие жоспарының құрылымы және оған қойылатын талаптар
3. Тәрбие жұмысы жоспарының формалары
Мақсаты: Тәрбие жоспары, оның құрылымы, түрлері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Глоссарий:
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу – тәрбие
процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі –
педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз
ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз
етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы.-Алматы: Дарын, 2004.
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологии /Под ред. Щурковой Н.Е.-М.,
1998. Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. – Астана, 2011.
3. Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе. – М.: Центр
«Педагогический поиск», 2001.
4. Сергеева В.П. Классный руководитель, планирование и организация работы от А до Я. –
М., 2001.
5. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008.
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.
Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса,
әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен
формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да мақсатты
анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс
қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады.
25
Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуы, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына
байланысты бағаланады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әр түрлі мақсаттар
белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді.
Оны анықтауда оқушылар мен ата – аналарды тартады. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес,
мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,
а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;
б) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;
в) қол жеткізетін нәтижені алдын – ала жобалау бірінші кезекте ескерілуі қажет.
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың
қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты.
Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы
әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсінулері шарт.
Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:
1. Педагогикалық процесті алдын – ала болжау.
2. Өткен оқу жылы қорытындысының нәтижесіне талдау жасау.
3. Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.
4. Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата – аналардың өзара
бірлескен әрекетін ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын
қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық үдерістің нақты
жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы
әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс – қимылдарында
жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.
Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей
қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс
көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға
мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс
таңдауға септігін тигізеді.
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де
анықталады. Оны жобалау негізінен мынадай кезең арқылы жүзеге асады:
1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай болып белгіленді.
2. Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері
бар.
3. Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер
қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды.
4. Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді.
5. Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай.
6. Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы міндеттерді шешуге даярлық дәрежесі
қандай.
Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын,
әрі орындалатын болады. Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған
өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтады. Нәтижесінде, тәрбие жұмысын жоспарлауды
өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал етеді.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің негізгі іс – әрекетінің бір бөлігі, педагогикалық
және сынып ұжымының оқу – тәрбие үдерісіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы
маңызды буын. Тәрбие жқмысының моделі, бағыты, білім мекемелерінің негізгі жоспарына
сай құрылады. Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру,
педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие
шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау –
мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.