Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім



жүктеу 2,06 Mb.
бет12/12
Дата18.12.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҮЗІК-ҮЗІК ОЙЛАР
Бұрын Горбачевті жақсы көретінмін. Қайта құру идеясын бастап, демократияны «тірілтіп», үнсіздік аймақтарын жойып, жариялылыққа «жасыл жол» ашқаны үшін, ақырсында КСРО-ны таратып, ТМД елдерінің тәуелсіздік алуын тездеткені үшін!

Енді ... жек көремін. «Қазақстанның бес облысын тың игеру тұсында Ресейден алып бере салғанбыз» деген аярлығы үшін. Қазақтарға менменси қарайтыны, тіпті төмен санайтыны үшін. Тоқтар Әубәкіровке «Батыр» атағын беру жөніндегі тиісті орындардың ұсыныс-хаты алдына он рет келгенінде де оған қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартып, бұл істі «шөре-шөремен» сағыздай созғаны үшін. Қазаққа бір батырды да қиғысы келмейтін шовинистік қарау ниеті үшін.


* * *
Ленинді қаралаушыларға жаным, жүдә, қас. Ленин – жұмбақ адам. Оның құпиясы өзімен бірге кетті. Ол бар болмысымен, шынайы болмысымен жарқырап көріне алмай кетті. Денесінің мумиелендіріліп, ғасырға жуық уақыт бойы Кремльде сақталып келе жатқаны жайдан-жай емес-ау. Өзі өлсе де, оның идеясына құрметіміз қашанғыдай. Толықтай жүзеге аспаған идеясына деген! «Капитал»! Мавр идеясы. Социализм кезінде, міне, осы Мавр –Фред идеясы түпқазық етілгенмен, жүйе жүз тоқсан градусқа өзгертілді. Утопияға айналдырылды. КСРО-ны отыз жыл ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында ұстаған Кобаны таза, Ленин салған жолменен жүрді деп кім айтар! Ленин идеясын толық білетіндерден арылу үшін «бір кәкірі шығып жүрер, түбі» деп зиялыларымызды бетінен қалқып, шетінен құрдымға жіберіп отырды ол. Оған куә НКВД жендеттерін де жойды кейін. Қысқасы, қоғамдық рухани ойдың ұйытқысы болуы ықтимал дегендерді түгел құртты. Бөліп алып, билей беруге боларлық тобырларды ғана қалдырды. Отыз жыл өзінің жеке-дара билік құруы үшін! Сталин- ұлы емес, үлкен Пенде! Хрущев та, Брежнев те, Горбачев те ұқсатпады...

Қайта құру да, ТМД кеңістігі де – Ұлы Жаратушының ұлы энергиясынан бастау алды. Қылышынан қан тамған жендет ғасыр – ХХ ғасырды өмірем қаптырды Ол!

Ленинді – Ұлы идея авторын қоғамы, ортасы оққа байлап атты...
* * *
Темза өзенінің жағалауына, құрғаққа шығып қалған алып китті құтқаруға 180 мың доллар жұмсалынған! Бір ғана хаюанның өмірін сақтап қалу үшін ғана осыншама шығынды ауырсынбаған елден көп нәрсе күтуге де болады ғой...
* * *

Бүгінде еліміздің шартарабын әсем ән мен тәтті күй кернеумен тұр. Жер де ән, көк те ән... Теледидар тетігін басып қалсаң да, радиоқабылдағыш құлағын бұрасаң да ар жағынан ән саулап жүре береді. Жастарымыз тіпті осындай әндерге емініп, ұялы телефонын құлағына таңып ұйықтайтын болды. Ол әндер, бірақ, ұлттық әуен болса екен-ау... Жаһандану құрдымы болып тартып жатыр жастарды...

«Еруліге-қарулы», осы күні орталық алаңдар, клубтар, мәдениет сарайлары әншілердің шоу-думанынан бір сәтке де босамайтын болды. Таразда мектеп оқушылары, балабақшалар тәрбиеленушілері кезекпен аптаның бір күнін құрғатпай концерт қоятын «ғұрып» қалыптастырылып үлгерді. Бұл жақсы ма, әлде...

Әлбетте, тәрбиесі, тиімділігі жоқ емес. Бірақ, бүйте берсек, біздің жас ұрпағымыз біржақты - тек ән тәрбиесімен ғана өсіп жетіліп, басқа пәндерді жылы жауып қойып жүрмей ме, осы? Ән тәрбиесін жөнімен пайдалансақ, ұлттық қалпымызға келудің, болмысымызды бұзбаудың да кепілі ол. Ұлттық әуендерге сүйіспеншілікті, отансүйгіштік сезімдерін оята алсақ, қанеки... Өйтпесек, істің бәрі – бос.

Кезінде Ленин М. Горькийге жазған хатында «Аппосионата» -жақсы ән, тыңдай бергім келеді. Бірақ, тыңдамаймын. Тыңдай берсем, адамдардың бәрінің маңдайынан сипағым келіп кетеді» деп жазуы тегін емес шығар, сірә. Ән-құдірет! Гитлердің де кезінде музыкасын ойнатып қойып, жас өрімдерді отқа айдап, арандатқаны да есте...

Мемлекеттердің әнұрандарының да ықпалы ерекше...

Бізге... таңдай тұнық балалар әндері керек-ақ!
* * *
Мұсылмандық бес парызымыздың бірі – намаз оқудың тиімділігі жөнінде Ресей газеттерінің бірінде былай деп жазылыпты: «Мұндайды (намаз оқуды) ирандықтар жасайды. Күніне бес мәрте. Сондықтан да оларда радикулитпен, артритпен, артрозбен ауырып, зардап шегу деген мүлде жоқ...»
* * *

Сара Тыныштығұлова – қазақтың Эдит Пиафы.


* * *
Рушылдықты заңдастыру керек-ау, сірә. Ол даланың қағазға түспеген, жазылмаған, бірақ елді ұйыстыру ісінде алапат ықпал-күші бар заңы. Қазір де ауыл, аймақтарда өздерінің ортадан сайлап алған билік етудің бейресми өкілдері - ру басы, биі не айтса да, тіпті ақша жинаңдар десе де мақұл. Үш жүз ғана емес, белгілі бір ата, рулар атымен де қор ашып ақша жинау үрдіске ене бастады. Ата- бабалар кесенелерін жаңғыртамыз дей ме-ау... «Екі желеу, бір сылтаумен» жиналар мұндай қаржының бір бөлігі әкімдіктерге, майлы-шүйлі орындарға «өз өкілдерін» қонжиту үшін пара түрінде ұсынылады деген де сөз бар. Бұдан жарлы-жақыбайларға не түседі. Көк тиын да түспейді. Бірақ, олар қорға қосқан сол ақшаларын қайтарып ала да алмайды. Ол ақшаның «қызығын» жеке пысықай адамдар ғана көреді. Псевдопатриотизм дегеніміз,міне, осы.
* * *
Елбасымыз биылғы халыққа Жолдауында : «Билік, бизнес қауымдастықтары, академиялық және қолданбалы ғылымдар, үкіметтік емес ұйымдар буындарының, БАҚ-тың, сонан соң әлбетте ел азаматтарының іс-қимылын дәлме-дәлдікте үйлестіру және жұмыстарды заманауи үйымдастыру біздің табысқа жетуімізді қамтамасыз етеді»-деп бұл істе баспасөз қызметкерлерінің де орны айрықша екендігін атап көрсеткені белгілі.

Осыған орай ой бөлісуді жөн көрдім.Шынында да, біз бүгін қандай қоғамда өмір сүріп, қандай сапалық деңгейден көрініп отырмыз? Бұл үлкеннің де, кішінің де күндіз-түні жанына тыным бермей, ұдайы мазалайтыны анық. Барынша бәсекеге қабілетті дамушы 50 елдің қатарына ену қарсаңында бұлай ойлау әбден рынды.Бұл тұрғыда кім-кімнің де өз еңбегімен, қабылетімен жас мемлекетіміздің босағасын бекітіп, шаңырағын биіктетуге үлес қоса алуы тиіс.Бірақ, бұл қазіргі қоғамымызда басым әлеуетке ие болып отырған буржуазияның ұлтқа бүйрегі бұруымен де байланысты.Өкінішке орай, буржуазиялық моралъ ең алдымен адамдар бойындағы рухани белсенділікке өш. Сонда адамда тек берген тапсырмаңды тап-тұйнақтай етіп орындауды ғана білетін тілсіз құл-темірден артық қандай қадір-қасиет қалады? Қоғамдық ақыл-ойда мұндай индивидиумның күшейе түсуі қаншама қабілет иесін жерге қаратып, аздырып-тоздыруы ықтимал екенін ойлаудың өзі ауыр.

Қалай болғанда да әркімді қабілетіне, еңбегіне қарай бағалау, тың идеялар мен бастамаларға заматында қолдау көрсету қоғамның ең басты кредосы болуға тиіс. «Жанам» деген жүректерге от бере білсек, қысқасы, Қазақстанның дамушы 50 елдің қатарына қосылуына титтей де болса септігі тиер-ау деген бастаманың қай –қайсысын жерге тастамай іліп алып кетіп жатсақ, қанеки...Ел ішінен осындай жылт еткен жақсылықтарды көріп біліп, куәсі болып қуанатынымыз бар. Алайда, кәсіби білікті мамандарға, шынайы таланттарға дәйім қолдау болып жатқан жоқ.

Көп жай, әсіресе, осы қоғамның қозғаушы күші дерлік кадр мәселесіне де келіп тіреліп жататыны белгілі. Мысалы, қоғамда лауазымды орындарға билік ету тізгіні қолына тиген әкімқаралар «командасымен» келетін үрдіс бар. Былайғы жұртпен санасып та жатпайды олар. Белгілі бір мерзім аралығында қарамағындағыларды «ашса-алақанында, жұмса-жұмырығында» ұстап, білгенін істейтін мұндай «командалардың» шөп басын да сындырмай, құр келіп кетіп жатқандары да жоқ емес. Келесі кезектегі «командалар» олардың күл-қоқыстарын сыпырып қана күнелтіп, мұндай «сценарийлердің» аяғы, әлбетте, «іс бітті-қу кеттімен» түйінделіп жатады.

Былтырғы жылғы Елбасының Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрестің күшейтілуі біздің облыста да кең ауқымды сипат алуда. Шоқпардың басы, ең алдымен, бесігімізді түзейді, келешегімізді тәрбиелейді-ау деген білім мекемелерінің басшыларына тиді. Айналасы бірер айдың мұғдарында 28 мектеп басшысы сыбайлас жемқорлықпен қатысы бар заң бұзушылықпен «тұтылды». Біразы қисынды уәждерін айтып «ақталса», біразы қызметімен қош айтысты. Бұл жағдайдың былайғы елге жаға ұстатарлықтай жөні бар. Мұншама мектеп директоры иегіміз астында тұнығымызды лайлап жүруіне қалай жол беріп алдық? Апырым-ау, соншама жыл бойы келешегіміздің тәрбиесін кімдерге жүктеп келгенбіз? Әйтеуір, «қойды қасқырға бақтырғанның» кері келді де тұрды.

Кейде... әлгі директорлар «өз үлгі-өнегелерімен» ұл-қыздарымыздың бетін -елу елге қосылу ниетімізді жүз тоқсан градусқа бұрып жіберген жоқ па, осы деген де ой үйіріледі көңілге... Жазғытұрым сел қаптап, бұршақ ұрып жарамсызданған егіс алқаптарына келген шығын заматында есептеліп, қыруар қаржы бөлініп орны толтырылып та жатады. Ал білім саласы әлгіндей «құлқынның қамын күйттеген» дарақы директорлардан қаншалықты зардап шекті, шәкірттер санасы қаншалықты уланды- мұны паруайымызға ілсек, қанеки! Ал әлгі... кейбір жоғары оқу орындарындағы білім сапасын біз «өте төмен» десек, мұғалімдер қауымы өре түрегелісіп, «бізде бәрі де жақсы» десіп, өздерін-өздері (ел мүддесін, тәуелсіз Қазақстанның жоғары сапалық деңгейден көрінуі мүддесін емес) қызғыштай қорып, студенттердің сынақ кітапшаларына бағаны сабаққа жүйелі қатыспай-ақ, ақысын жақсылап төлесе болды- қойып бере салатындығын көрінеу жасыратыны... бізді қай ұшпаққа жеткізер екен! Әне, солай білім беру жүйелерінің барлығының бірдей бас-басына бақауыл қоя алмайтын «әлсіздігіміз» «күріш арқасында күрмектің су ішуіне» әбден жарап тұр!

Әлбетте, кадр көп мәселені шешеді. Кейінгі кезде кейбір мекеме басшыларының нақты өз орнында отырғандығына күмәнмен қарайтын болдық. Өйткені, олардың өз тарапына айтылған ауыр сын-ескертпелерді «қабылдауы» да қызық бір сипат ала бастады. Жуырда бір мекеме басшысы тәртіптік кеңестің «тезіне» түсіп тұрып та тікелей өзінің кінәсінен жіберілген өрескел кемшілікті дәл тауып, көрсеткен тексерушілерге қайта-қайта бас шұлғып, «алғыс» айтумен болды. Сол кемшілікті өзі көріп түзесе қайда қалыпты?Оның мұнысы мәдениеттілігі ме, жоқ әлде, жағымпаздықтың жаңа бір түрі ме-оны енді өзіңіз саралап салмақтай беріңіз.Әлдебіреулер қашан келіп қоябасын ақтара тексеріп кетуін күтіп, қолын қусырып отыратын басшылардан арылар кез әлдеқашан жетті. Бірақ, мәселе басқада- «командаларды», әлгіндей кадрді билік иесінің жеке өзі іріктеуінде жатыр ғой!

Өкінішке орай, кей басшы халқымыздың хас батыры Б. Момышұлы айтқандай, әлі де «... жағымпаздармен ақылдасқыш келеді, соның айтуымен кадр таңдайды, бұл –үлкен кемшілік. Содан қолынан нағыз іс келетін адамдар тасада көрінбей қалып қояды.Жағымпазға сенген басшы кімнің қандай нәрсеге қабілеті барын біле бермейді. Басшы екені рас, бірақ таразының бір ғана басын тартады... Адамның басындағы ең ауыр қиыншылық- өзің қызметке алған кісіңнен өзің құтыла алмауың. Аларыңды алдың, содан қалай құтыларыңды білмейсің. «Мені мынадан құтқар»,-деп ешкімге айта алмайсың. Айтсаң: «Е, өзің алып едің ғой, менің айтар ақылым жоқ» деп тастар. «Аларыңды алдың, бір пәлеге қалдың» деген осы» («Ұмытылмас кездесулер», Алматы, «Жазушы» баспасы).

Қысқасы, «елулік межеден» көріну міндеті кадр таңдауда болсын басшының күндіз де, түнде де ісі мен сөзінде темірқазықтай тура жол сілтеп тұрса дейсің. Бойымыздағы барлық күш-жігерімізді, ізденістерімізді, ой-ниетімізді үлкеніміз, кішіміз де тек осы іске жұмылдыра білсек қой, шіркін!
* * *

Бұл адамдардың руханият деген дүниенің бар-жоғымен іс-місі болмайтынға айналып барады. Рух, жан дүние тәрбиесі қағажу қалып жатыр деп, мейлі құлындағы дауысың құраққа шыға айқайла, шыңғыр- мейлі, мына сорлының сондағы айтпағы не, соны ұғайық, уәжіне қайырылайық деген не басшы, не қосшы жоқ. Руханият бір кездері дүкендерде дүниедегі ең арзан ас ретінде сатылып, ал қоғамдық тамақтандыру орындарында тіпті тегін беріліп, ақыр аяғында одан да артылып қалып, аткөпір күйінде итжеміне айналып қоқыстан бір-ақ шығып, құны әбден түскен ақ нанымыздың кебін киді. Руханият-ақ нанымызды жүре шайнап, одан гөрі «маңызды» тән рахатына бөленуге – материалдық байлыққа кенеле қалуға жығыла –сүріне ұмтылып жатқан бір жұрт. Бұл жұртты мен, олар мені түсінбеуге қарадық. Кім-кім үшін де бүгінде жан байлығы – рухани тазалығы, сақылығы, иманилығы, дүниетанымдық көзқарасы, адамгершілігі сапасының қандай деңгейде екендігі емес, не киіп, не ішіп-жегені, ақшаның бетіне қарамай шашып-төгіп жұмсайтыны – материалдық байлықтың, рахаттың буынан қалай басы айналып жатқаны ғана мақтанға айналып үлгерді. Көшеде, көпшілік орындарында, тойларда – қайда болсын үлде мен бүлдеге оранған қуыс кеуде, «жанды қуыршақтардың» қолдың кірі – осы бір «жетістіктеріне» күпсіп, кеуделеріне нан пісіп тұрғанын, не жүргенін күнде көретін болдық. Қанша жерден рухани бай бол, мейлі – әрі кеткенде олардың әжуа-мазағының ілігі ғанасың, әйтпесе мүсіркеу көріп, «өмірі тамағы тойып, иіні бүтінделіп көрмеген сорлылар» санатында қабылданасың... Қазір қоғамды сана емес, тұрмыс билеп жатыр ғой!..

Рухани жұтаңдықтың түбі – сор. Зиялыларымыздың айтуынша, пенде атаулының бірінсіз-бірі жоқ - тән мен жан бірлігін сақтамай, бір ғана бағытты таңдап, тек ішіп-жеуді, киінуді, жақсы үйге кіріп, әйбат мәшине мініп уайым-қайғысыз өмір кешуді, бірінен-бірі асып, байлық таластыруды ғана ойлаумен (бір емес, бірнеше оқу орнын бітіргендігі туралы дипломды, кандидаттық, докторлық атақтарды да ебін тауып «қалпақпен» ұрып алады олар) «ауыруы» дүн-дүниені жайлап, жапыра жалмап келе жатқан «банан» сырқатының белгілері-дүр. Кейде... маған дүмдінің сорлыға тізе батыруында да осы дерттің шалығы бардай көрінеді. Өмірде бар жиып-тергені бір-екі мыңдық жасыл қағазға (доллар) жетпей, жинағын шығара алмай қан құсып жүрген ақын қанша! Ал әлгі «бананмен» ауыратындардың ондай ақша «қазан-ошағын бүтіндеуіне» де жетпейді. «Ханзадалық» өмір – дүниеге тоймаушылық, ашкөздік түптің түбінде, жалғандағы әділетсіздіктің, бірін-бірі ойланбай құрбандыққа шалудың, қиянаттың, арамдықтың, арсыздықтың, сатқындықтың, «өзгеге емес өзімде болсын» дейтін іштарлықтың, қатыгездіктің балалап өрбіп, көбеюіне алып келіп жүрмесе деңіз...

Ең бір жаманы - өздерін былайғы жұрт құдайдай көретін қаламгерлер қауымының газет-журналдардың әлімсақтан бергі ұлттық ойдың ұйтқысы, жас ұрпақ жүрегіне руханият ұрығын себуші, жан дүние тәрбиешісі ретіндегі мәртебесін «тізеге дейін» төмендетіп жатқандығы. Ауылдарда туырлығы тұтас күйінде отырған қалың қазақтың әлі де болса мінажат ететіні, ұйитыны, айтып жазатыны, жабырқау көңілдеріне жұбаныш етері де дәп осы руханият мәселесі болып тұр. Бұл сала ешқашан да мерзімді басылымдар мінберінен түспеуі тиіс. Қоғамды ыдыратпай тұтас күйінде ұстап тұрған күлдіреуіш те осы - Руханият!


* * *

Дәл қай кезде қолға алынғанын тап басып айта алмаймын, біздің жастау кезімізде ұшқан құс, жүгірген аң, әрбір өсімдікке дейін тізімге алынып, «мынаусы құрудың аз-ақ алдында тұр» деп, «Қызыл кітапқа» да енгізіліп жататын. Бізге бұл «SOS» дабылынан да жаман қатты әсер ететін... «Қызыл кітапқа» көзі жәутеңдеп «еніп» бара жатқан аң-құсқа біртүрлі аянышпен қарап, жүрегіміз қан жылайтын. Қазір, мына қатыгезденген қоғамнан, исі адамзат баласы бойынан ондай «жұмсақтықты» көп көре де бермейміз. Жанды, өзекті атаулыны өзіміз көрінеу аяғымызбен таптап, ығыстырып-ақ келеміз. Кейбіреулері сирексігенін сезсек, табанда «Қызыл кітапқа» кіргізе саламыз. Әрине, ойша. Оларды одан әрі қорғап-сақтаудың, көбейтіп өрбітудің амалын ойластырып бас қатырып та жатпаймыз. «Күл болмаса неге бүл болмайды» - табан тірер тұжырымымыздың түрі осы. Бізге кешегі кеңестік кезеңде мына Жуалы жағында қолға алынған, арнайы егістікте таусағызды ұрығынан өсіріп, көбейтіп, «каучук» өндірісінің негізгі шикізаты түрінде кәдеге жарату ісі де сабақ болып жарытпады. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, тауқызғалдақтың да қадіріне жетпедік. Голландықтар оның ұрығын бізден алып кетіп, үлкен-үлкен павильиондарда, тұқымбақтарда өсіріп, өз елдерінің «төлқұжаттарына» да айналдырып үлгерді ғой! Жеріміздің астындағы да, үстіндегі де байлығын ұқсатуға келгенде, бізден жалқау халықты жер бетінен таба да алмассың, сірә! Жуалыдағы, Ақсу-Жабағылыдағы, Қарақоңыздағы әленеше мыңнан астам өсімдік түрі барын дабыралап қайтейік, олар қандай да бір қажетімізге жарап жатпағаннан соң.

Бәрін қойып, мына Мойынқұм өңірінің өзін алайықшы. Жергілікті тұрғындар «шөл, шөлейттеміз, бізде қылтанақтай да шөп өспейді» десіп Тәңіріге күнде зар қылумен отыр. Алла тағаланың мейірімінің шексіздігін, өздерін несібелерінен қысып та отырмағанын олар білмейді, немесе білгісі де келмейді... Табиғатпен қойындаса «түсіністікпен» тірлік кешкен ата-бабалар тағылымы да сабақ болып жарытып жатқан жоқ-ау, тым құрығанда! Құм өңіріндегілер үшін көкөніс, көкшін өсіру ісі қашаннан бергі «бас аурулары» болып келеді. Бірдеңе егіп өсірейін десе, су жоқ! Аздаған ақаба суды «қып-қызыл ақшаға» сатып су басындағылар да ұяттан әбден жұрдай болып бітті. Бірінің несібесін бірі «ауызынан жырып» әкеткісі бар...

Ал байыптап қараған адамға сусыз, шөлейтті құмда да өмір бар. Ондағы көктен ала жаздай бір тамшы жаңбыр тамбаса да көктеп-көгеріп, бой сала балақтап өсіп тұрған неше алуан сүйекті өсімдіктер «айтады» мұны! Көшпенді өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз, әлбетте, жантақ өсіп тұрған жер көрсе сонда көшті доғарып, құдықты да сол тұстан қазған. Мұның мәнісі мынада: жантақ ешқашан иікпейтін мол жерасты суына тамырын (кем дегенде 15-20 метр) жіберетіні ата-бабаларымызға бесенеден белгілі-тін. Малшылар көктемде құмнан жайлауға көшерде жантағы көп ойдым-ойдым ойпаттарға (Іргежал, Жүндіжал, Суықжал, тағы басқалары) аз күн аялдап, жантақтың түбіне айыр бұтағын кесіп түп жағындағы сабағына жаңа өніп келе жатқан қарбыз, қауын шопағын тіліп отырғызады екен. Содан қайтып, міне, мұндай «бақшалықтарды» суарудың да, қарауылдаудың да (біржағынан жаздыкүні құмда ел қалмайды) еш қажеті жоқ. Әлгі жантақтың «омырау-нәрімен» қоректеніп, қатып-семіп қалмай қауын-қарбыз пәлегін де жаяды... Күзде жайлаудан құмға қайтар жолда малшылар жайқалып өсіп тұрар «бақшалықтың» дөп үстінен түсіп, осында 1-2 ай аялдап, «қызылдап» көкше байлыққа бір кенеліседі екен...

Осы құмдағы, биік жалдардың басында өсетін, барлық ауруға дерлік ем болатын «илан» шөбін де Құдай тағала құм адамдарының «несібесі» үшін өсірмеді деп кім айтар! Бұл шөп мамырдың 15-30 аралығында қазылып алынуы тиіс. Бұл кезде талаурап пісіп өзегінен ақ сүті ағып тұрады өзінің. Оны кептіріп, ұнтақтап суға қосып ішсе – қандай ауруыңа да ем. Мұны бала кезімізде-ақ білетінбіз. Әр бір үйдің осындай «дәрісі» (күшала) үзілмейтін.

Осы өңірмен климаты да, табиғаты да бір мына Қызылқұм жағында «алғыр» дейтін өсімдіктің өсетінімен ілгеріде жазушы Т. Әлімқұловтың «Күрең өзенінен» оқып танысқаным бар. Адамның еркектік қуатын күшейтетін осынау дәрілік өсімдіктің де түбіне жеттік пе екен? Осындай ерекшелігі бар мүйізі үшін бөкен, киікті қынадай қырғанымыз жоқ па? Өзіміз пайдаланайық деп емес, одан дәрі жасап шығаратын қытайлықтар берген шай пұлдық ауыз жарымас ақы үшін. Қай кезде де қазекең өздерінің емес, өзгелердің «денсаулығын» көбірек ойлайды ғой! Өзімізге, түбі, керегі боларын ойлап та жатпадық. Қазір осы аталған өсімдіктер «Қызыл кітапқа» да кірді-ау, шамасы. Немесе жер бетінен біржола жойылып та кеткен шығар. Әгәрәки, тұқымы қалса (Алла шет-пұшпағын көрсеткен нәрседен тіріде айырылмауымыз керек қой), бір түйір дәнінен көбейтіп, арнайы егістіктерпде өсіріп, әжетімізге жаратуды жатпай-тұрмай ойластырғанымыз да жөн-ау. Өсер өркеніміз үшін. Болашақ үшін!


Мазмұны
Тәуелсіздігім – теберік, туым - кием...

Менің Президентім

Рәміздер рухы

Тәуелсіздік толғаулары

Отан туралы ойлар

Сана көші, қайда бет бұрдың?

Жерұйыққа кеме кетті...

Атамзаманғы көне қоныстар
Сараптамалар, сарабдал ойлар

Қамсыз қарттығыңды қайратың барында ойла

Салада оңды өзгерістер бар

Тараздың ауасы таза ма?

Мемлекеттік тіл саясаты

«Қазақ тілі жылы», қарымың қандай?

Облыста жоғары білікті мамандарға ділгірлік бар...

Аймавқтың болашағы қандай?

Мәдениет меридиандары

Тараздың тарихын толық танып білдік пе?

Ахуалың қандай, ауыл мешіттері?
Эсселер, ой-толғаныстар

Ақын кетіп барады көшеменен

Найзағайлар жарқылдап ағады

Ықыластың қобызы

Бейімбет бастаған бір іс

Әл-хамду-лиллаһи, мұсылманбыз...

Мейірім, саған зәруміз біз

Әйел әлемі

Ауыл зиялысы

Жұлдызы биікте...

Көсегенің Көкжонында – наурызтой

Сорға батқан «ГАЗ-53»

Ел ішінде шебер жүр...
Кітап әлемі – көркемдік әдебі

Пушкиннің поэтикалық әлемі

Елбасы тұлғасын биіктеткен

Үлкен жолдың үстінде

М. Мырзахмет

Пайымы парасатқа жетелейді

Өлеңінің өрнегі мол

Жырлар – жылдар жемісі

Аяулы соқпақ

Махаббатқа ескерткіш

Көкжиекке сіңді соқпағың...

Өлкетану ісінде өзіндік үлесі бар

Танымдық-тәрбиелік мәні ерекше

Жас жүрек жайып саусағын...

Үзік ойлар
жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау