973
итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге
септігін тигізеді. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне
байланысты мақсаттарды шешуде сахна ерекше рөл атқарады. Мектепке дейінгі
балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын,
тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары
арттырады. Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен
халық әндері мен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдері кіші сахна көріністерін
ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны
одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс - әрекет өз бетінше болуы да
мүмкін. Осы жаста сахнаның әр түрін пайдалана отырып, іс - әрекетінің үзінділерін
балаларды әңгімелеуге үйрету сабақтары жүйесін кіргізуге болады. Қарапайым
шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахнада жүру, тұру,
сөйлеу, кейіпкер бейнесін сомдауды, өзін - өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді, өзі
жаман нәрсені қайталамауға тырысады.
Осылайша жан - жақты тәрбиеленген бала бар жаттаған, естіген білгендерін өмірде
кездесетін түрлі жағдайда да орынды қолдана білуге тырысады. Нағыз театрдың өзінен
көрген, сондай - ақ өздері қойған сахналық ойындар қойылымдар балалардың ой -
өрісін кеңейтеді, балалардың әңгімеге араласуына, ертегі қойылымдары туралы,
спектакль туралы ата аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның
бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог
түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең
көп
тараған
түрі
ойыншық
театры.
Қысқа тақпақтарды жаттап, өзіне тән орындау кезінен бастап - ақ кішкене көлемді
спектакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар,
қуыршақтар орындайды. Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым
дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын
дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан бастап - ақ тақпақ пен
қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды,
қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн. Балалар ой – өрісінің
кеңеюіне
байланысты
сахналық
ойындар
күрделене
түсуі
тиіс.
Балалар бақшасында өтілуге тиісті көркем шығармалардың көбі әсіресе қосымша
өтілуге тиісті шығармалар көрсетілген әдістердің біріне сай инсценировкалау мүмкін.
Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, (жалпылама) ертегі мәтінін ауызша айтады.
Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана
ұсынылады.
Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
(қуаныш,
қорқыныш,
сезімдерін
көрсете
білуі
және
т.
с.
с).
Төртінші кезеңде рөлдерге бөліп, ертегіні оқу жүзеге асырылады. Сондай - ақ
ғалымдар сахна іс - әрекетінің тиімділігі көбінесе балалардың бейнелеу
шығармашылығы сабақтарының кешенді болуына байланысты екендігін айқындады.
Балалардың танымдық ынтасын дамыту педагог –тәрбиешінің ұйымдастыру
шеберлігіне тікелей байланысты.
Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез
рөлімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
974
театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
сөздік қорларын байыту;
ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс
сөйлеуге баулу;
байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын
ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;
Әдіс-тәсілдер:
балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма,
атрибуттар, кастюмдар т.б.)
ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер,
жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.
Жұмыстың нәтижесі: Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол
жеткізіледі:
балалар тілі дамиды;
сөздік қорлары толығады;
байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана
қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын
арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім
артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десек те театр балалар үшін
мереке, демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен
табыс.
Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты
дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.
Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі
киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге
үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Отбасы және балабақша журналы № 3,2009ж
2. Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті Алматы 2011
3. Бала мен балабақша журналы №8, 2012
4. Бала тәрбиесі журналы № 10, 2013