Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет406/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   472

 

855 


 

Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс 

1. Тәрбиеші балалармен бірге мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойнау тиіс, бірақ 

ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да күрделі тәсілін танып 

және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы өрістету қажет. 

2.  Ерте  жастан  бастап  және  әрі  қарай  мектепке  дейінгі  балалық  шақтың  әрбір 

кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге асыруға, сонымен 

қатар,  оның  мағынасын  серіктесіне  —  ересек  адамға  және  құрдасына  —  түсіндіруге 

бағыттау  қажет.  Осындай  стратегия  балалардың  жеке  өзіндік  ойынды,  ерте  жастағы 

шағын топтарда элементарлы жұптасқан ара-қатынастан бастап балалардың үйлесімді 

біріккен ойынын қамтамасыз етеді. 



Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері 

Д.Б. Эльконин белгілеген балалалық шақ аралығындағы сюжетті-рөлді ойынның 

төрт деңгейі тәрбиеші үшін ойынды дамытудың бағдары бола алады. 

Бірінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып табылады. Іс 

жүзінде  ойында  рөлдер  бар,  бірақ  олар  әрекеттерді  анықтамайды,  олар  баланың 

орындаған әрекеттердің түрлерінен өздері туындайтын болады. Әдетте ойынның алдын 

ала жоспары құрылмайды: балалар рөлдерді атамайды, оларды ойын әрекетін орындап 

болғаннан  кейін  белгілейді.  Әрекеттері  біркелкі  және  бірнеше  рет  қайталану 

тенденциясы бар және олардың логикасы оңай бұзылады. Бала ойын барысында рөлдік 

жүріс-тұрысты құрайтын әрекеттердің күрделі реттілігін орындамайды. 

Екінші  деңгей.  Ойынның  негізгі  мазмұны  заттық  әрекеттер  болып  қала  береді. 

Ойында  күрделі  әрекеттердің  тізбегі  орындалады.  Бұл  ретте  алдыңғы  қатарға  ойын 

әрекеттің шынайы өмірдегі әрекетке сәйкестігі шығады. Әрекеттер логикасын олардың 

шынайы  өмірдегі  реттілігі  анықтайды.  Ойын  әрекеттер  түрлерінің  диапазоны  кеңейе 

түседі. Орын ауыстыру мүмкіндігі шектеулі. Ойындағы заттардың атауларын ауыстыру 

тұрақсыз,  орынбасар-заттардың  жаңа  мағынасы  тез  жоғалады.  Балалар  рөлдерін 

атайды, алайда, ойын әрекеттің өзі және ойындық заттың таңдауы баланың белгілі бір 

рөлді қабылдауын анықтайды. 



Үшінші  деңгей.  Баланың  рөлді  ойнауы  және  ойынға  байланысты  әрекеттерді 

орындау  -  ойынның  негізгі  мазмұны  болып  табылады.  Ойын  іс-әрекетті  алдын  ала 

жоспарлай бастайды, рөлдердің орындалуын қадағалап, түзетеді. Рөлдер айқын, анық, 

балалар  оларды  ойын  басталмай  тұрып  анықтайды,  рөлдер  әрекеттердің  логикасын 

және  түрін  анықтайды.  Модельденген  әлеуметтік  қарым-қатынастардың  сипатын 

жеткізетін  ойын  әрекеттері  пайда  болады.  Бұл  әрекеттер  әркелкі,  жалпыланған  бола 

бастайды,  жиі  сөйлеу  арқылы  орындалады  (аталады).  Кейіпкерлердің  арсындағы 

қарым-қатынасты  сипаттайдын  өзіндік  рөлдік  сөз  сөйлеу  пайда  болады.  Орын 

ауыстырудың  мүмкіндіктері  кеңейе  түседі:  орынбасар  заттың  нақты  белгіленген 

қызметі  жоқ  болса  ғана  заттық  ойындық  жаңа  мағынасы  тұрақты  болады.  Ережелер 

ашық анық түрде көрсетілмеген, бірақ іс жүзінде рөлдердің орындалуын реттейді және 

ойын әрекеттердің логикасы бұзылған жағдайда өзекті болады. 



Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны — әлеуметтік және жеке тұлға аралық 

қатынастарды көрсететін әрекеттерді орындау. Алдын ала жоспарлау іске асырылады: 

ойынды ойластыру, рөлдер және ойнайтын заттар бөлу, кейде ойын ережелері бөлінеді. 

Рөлдер анық және айқын, орындалуы ережелермен реттеледі. Сөйлеген сөздері мәнерлі, 




 

856 


 

өрістетілген және рөлдік сипаты бар. Әрекеттердің логикасы бар және әр түрлі, нақты 

жүйе  дамыған.  Сөз  сөйлеу  әрекеттерінің  үлесі  арта  түседі.  Бала  шынайы  өмірдің 

ережелерін  алып,  оларға  ойын  барысында  бағынатынын  көрсетеді.  Орын  алмастыру 

кеңінен қолданады. Егер нақты белгіленген қызметі бар зат орынбасар ретінде қолданса 

да, балалар ойынның жаңа мағынасын, сақтау қабілеттерін танытады. 

Мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойынның бірінші деңгейінен (мектепке дейінгі 

кіші жастағы) төртінші деңгейіне дейін даму динамикасы байқалады (мектепке дейінгі 

ересек жастағы). 

Алайда, көпшілік тәжірибелік мәліметтер көрсеткендей, мектепке дейінгі балалық 

шақтың аяқталу кезінде ойын дамуының төртінші деңгейіне дейін жететін балалардың 

саны көп емес. Әрине, осындай жағдай мектепке дейінгі балалардың жалпы психикалық 

дамуында және жеке тұлғасының дамуына әсер етеді. 

Шығармашылық  ойынның  ерекшеліктерін  талдау  кезінде  негізгі  талданатын 

ерекшелік - ойынның мазмұны. Ойынның мазмұны ересектер орындайтын әрекеттерді 

бейнелейтін  ойындардан,  одан  әрі  адамдардың  қарым-қатынастарын  бейнелейтін 

ойындарға  қарай  дамып,  соңында  —  қоғамдық  жүріс-тұрыстың  және  қатынастардың 

ережелеріне бағыну  негізгі мазмұны болатын ойындарға дейін мазмұны өрістейді. 

Ойынның  мазмұны  -  «жақсы»  ойынның  дамуын  анықтайтын  маңызды  фактор 

болып табылады. 

Осындай ойынның келесі критерийлерін атауға болады: 

- ақыл-ойды және адамгершілікті дамытатын мазмұнының болуы; 

- қиялды және шығармашылықты дамытатын

- қарым-қатынаста ықыластықты дамыту; 

- өз күшін сезінуден қуаныш алу. 

Алайда,  зерттеулердің  мәліметтері  бойынша  (Артемова  Л.В.,  Гаспарова  Е.М., 

Зворыгина  Е.В.,  Новоселова  С.Л.  және  т.б.)  балабақшаның  тәрбиеленушілерінде 

шығармашылық ойыны стереотипті сипатында болады. Ол жиі қатаң тәртіпті іс-әрекет 

түрінде  болады,  біркелкі,  тәрбиеші  алдын  ала  барлығын  ұйымдастырып,  балалардың 

шығармашылық еркіндіктеріне орын болмайтын фронтальды сабақтар тәрізді.  

Ойынның осындай жағдайдың келесі себептерін атауға болады: 

-  ересектердің  —  ата-аналардың  және  тәрбиешілердің  -    саналарында  бала 

ойынының құндылығын түсінбеушілігі; 

тәрбиешінің пассивті бақылаушы немесе баланың жүріс-тұрысын және әрекеттерін 

айтып істеткізуші позициясы; 

 балабақшаның барлық топтарында бірдей тәптіштенген және балаларды олармен 

әрекеттесудің бірдей тәсілге итермелейтін ойыншықтардың болуы: 

-  бала  қиялының  дамуына  себеп  болатын  жабдықтылмаған  ойын  материалының 

жеткіліксіз саны. 

Тәрбиешіге  тәрбие  процесін  модельдеуі  ғана  емес,  ойынды  өткізудегі 

шығармашылық позициясы байланысты болады, себебі, тек тәрбиеші ғана балаға әсер 

ету  тәсілдерін  анықтайды.  Сондықтан,  педагогикалық  іс-әрекетте  ересек  пен  бала 

арасындағы қарым-қатынастың сипатын өзгеру басты болып табылады. Ересек пассивті 

бақылаушы позициясын ұстанбай, ойынның белсенді серіктесі ретінде болу тиіс. 

Біздің ойымызша, осындай жағдайды қамтамасыз ету үшін:  



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау