853
Внедрение системы наглядно-практического обучения облегчает процесс
усвоения знаний и способствует развитию самостоятельного мышления.
Использование коллективных форм учебной деятельности позитивно влияет на
формирование положительной устойчивой мотивации к учебной деятельности.
Организация жизнедеятельности детей в соответствии с принципами
коррекционного воспитания достигается путем использования специальных приемов
и методов и способствует формированию личности ребенка.
Дозирование учебного материала позволит предотвратить утомляемость и
истощаемость детей.
Использование средств наглядности увеличивает временной отрезок
продуктивной деятельности за счет предотвращений утомляемости и истощаемости
ребенка.
Изменение организации учебной деятельности обеспечивает организацию
режима смены деятельности и повышает работоспособность.
Литература
1. Айзман Р.И., Великанова Л.К., Жарова Г.Н. Оценка степени готовности детей к
обучению в школе. - Новосибирск, 1987. - 47 с.
2. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. Минск,
1990. - 82 с.
3. Асмолов А.Г. Об организации взаимодействия образовательных учреждений и
обеспечении преемственности дошкольного и начального общего образования
//Дошкольное воспитание. 1994. - № 6. С. 14-27.
4. Безруких М.М. Ступеньки к школе: Кн. Для педагогов и родителей.-М., 2000.- 112
с.
5. Буре Р.С. Воспитание в процессе обучения. - М.: Просвещение, 1981.-237 с.
6. Готовность к школе. /Под ред. И.В. Дубровиной. М.:
Педагогика, 1995,- 174 с.
7. Гуткина Н.И. Диагностика и коррекция готовности детей к школьному обучению.
//Диагностическая и коррекционная работа школьного психолога. -М.: Педагогика,
1987,- С. 58-74.
8. Ерахтина Т.А. Теоретические основы управления процессом преемственности
дошкольного и начального школьного образования: Дис. . д-ра пед. наук.-
Магнитогорск, 2001. 334 с.
9. Индивидуализация в начальной школе: подходы и технологии: Сборник
методических материалов. /Под ред. Т.В. Бубякиной Т.В. Томск, 2001.-44 с.62.
«Истоки». Концепция базисной программы развития ребенка-дошкольника. -М.:
Педагогика, 1995.- 42 с.
10. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе.
-М., 1991.- 49 с.
11. Люблинская А.А. О преемственности учебной работы в школе: Преемственность в
процессе обучения //Ученые записки Ленинградского педагогического института,
1969, Т.372. С. 46-52.
12. Петроченко Г.Г. Развитие детей 6-7 лет и подготовка их к школе. -Минск, 1975.- 64
с.
854
БАЛАБАҚШАДА СЮЖЕТТІ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Нукушова.Б.С
«№2 «Батыр»санаторлық
балабақшасы»КМҚК
Мектепке дейінгі балалық шақ — 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы
мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және
жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша
әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және
құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.
Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде,
мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында туындайды.
Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған
ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және
олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды (немесе модельдейді).
Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында
барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен
соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру
қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала
үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді;
өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады.
Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі
баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты
қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын -
адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны
меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.
Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты
әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-
қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі
ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды
біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша
сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс
екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін
өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес
ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет
ету арқылы жүзеге асыру тиіс.
Балабақшада сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері: