Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет408/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   472

 

859 


 

Шартты  ойын  әрекеттер  қалыптасу  кезеңінде  ересек  адам  көбіне  ойынның  «бір 

тақырыбын, бір сюжетін» әрекеттердің мағыналы тізбегі ретінде өрістетіп, балаларға 

сюжеттің дәл осы аспектін атап көрсету тиіс. 

Рөлдік  жүріс-тұрыстың  қалыптасу  кезеңінде  тәрбиеші  үшін  кейіпкерлердің 

(рөлдердің)  іліктес  жүйесі  ретіндегі  бір  кейіпкердің  басқаларымен  қарым-қатынасы, 

жаңа кейіпкерлерді енгізу арқылы және «көп кейіпкерлі» сюжет негіз болу тиіс.  

Жаңа сюжеттерді құру біліктерінің қалыптасу кезеңінде тәрбиеші мен балалардың 

бірлескен ойында әр түрлі оқиғаларды құрамдастыруды болжайтын, жаңа оқиғалардың 

қатарын қарастыратын «көптақырыпты» сюжеттерді өрістеру керек. 

Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір 

түрде  құрылған  сюжетті  «тірідей»  ойын  процесінде  балаларды  қызықтыратын 

тақырыпқа сүйеніп,  еркін өрістетуге үйрену керек. 

Ересек  адамның  ойын  процесінде  балалардың  ұсыныстарын  қабылдап,  баланың 

ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын рөлін) 

енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар 

үшін  ересекпен  бірлескен  іс-әрекеттің  тартымды  және  қалыптастыратын  әсердің 

табысты болуы байланысты. 

Тәрбиеші  ойын  сюжет-оқиғалардың  элементтеріне,  кейіпкерлеріне  (рөлдерге), 

олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді 

өрістете алу тиіс.  

Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде 

де,  ересек  тарапынан  мәжбүрлеу,  тақырыптарды,  ойын  рөлдерін,  ойын  түрін  (өздік 

немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды. 

Балалардың  бойында  балабақшада  «өз  еркінше  емес,  бұйрық  бойынша  ойнау 

керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір 

бірімен  тығыз  байланысы  бар  екі  құрамдас  бөлікті  ажырату  қажет:  ойын  процесінде 

жаңа  біліктері  қалыптасатын  балалар  мен  тәрбиешінің  біріккен  ойыны,  және 

балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу 

үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану 

үшін жағдай туғызады. 

 

Қолданылған әдебиеттер:  

1.  Отбасы және балабақша.  2012ж 

2.  Отбасы және балабақша   2013ж 

3.  Педагогикалық кеңес.    2013ж 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

860 


 

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ҰЛ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Нургалиева Балжан Денисовна 



№63 «Мөлдір» балабақшасы КМҚК 

 

 



Әр  халықтың  бала  тәрбиесіндегі  өзіндік  ерекшеліктері  арқылы  мәдени 

құндылықтары  қалыптасады.  Ата-бабамыз  ұл  баланы  ертеңгі  абыройлы  әке,  қадірлі 

отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, 

қайсарлыққа,  кешірімді  болуына,  өнерге,  білімге,  салт-дәстүрімізді  сақтауға 

тәрбиелеген. Ұл бала –  қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы 

болып  саналады.    Қазақ  отбасының  ерекшелігі  жасы  кішісінің  үлкеніне  «сен»  деп 

сөйлемеуі,  алдын  кесіп  өтпеуі,  үлкен  тұрып  кішінің,  әке  тұрып  ұлдың,  шеше  тұрып 

қыздың  орынсыз  сөйлемеуінде.  Қазақ  отбасындағы  үлкенді  құрметтеу  әдеті 

жауапкершілік,  адамгершілік  сезімдерін  туғызған.  Дұрыс  бағытқа  бағдарлау  көп 

жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз 

ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке 

меншігінде.  «Ата  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»  дей  отырып,  қазақ 

отбасында  әкелер  өзінің  білетін  бар  өнерін  алдарына  үйретіп,  оларды  мерген,  аңшы, 

яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның 

құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының 

асыраушысысың,  сондықтан  да  жаманнан  жирен,  жақсыдан  үйрен»  деген  сөздерді 

құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің 

дайындаған  талай  қиын-қыстау  шақтары  мен  қуанышты  сәттері  бар  екендігін  ескере 

отырып,  «Аты  аталмаған  жігіттен  аты  аталған  төбе  артық»  деп  намыстандыратын, 

«Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге 

озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс 

өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл 

тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» 

деп  армандайтын  еді  халқымыз.  Қазақтың  ұлы  ойшыл  ғұламаларының  бірі 

Ж.Баласағұни  өзінің  «Құтты  білік»  дастанында  балаға  тәрбиені  отбасында  бер,  «ақ 

маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете 

отырып, баланы жас  кезінен білім  мен  өнерге,  еңбекке  баулу  арқылы  жаны мен  тәні 

сабақтас  жетілген  парасатты  ұрпақ  өсіретінімізді  атап  көрсеткен.  Ата-анасын  аялай, 

құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап қалу үшін жанын 

қиған  ұлдың  өлімі  –  ең  бақытты  өлім  болып  табылады»  –  деген  Баласағұнидың 

ұстазнамалық  тұжырымдамасында  осындай  керемет    ойлар  жатыр.  Шығыстың  басқа 

ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, 

шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. 

Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс 

болса, артында қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, 

«орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, 

тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған 

«Ағасы  бардың  –  жағасы  бар»  деп  арқа  сүйенген.  Кенже  ұл  –  шаңырақ  иесі.  Басқа 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау