Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет11/59
Дата04.12.2017
өлшемі11 Mb.
#3123
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59

Әбу Бәкір Сыдықтан тарағандар Қылауыз (Жақып Ата), Қасымқожа, Мәулана Шәмшіден (Шәмшә Бүзірік), Ұзын ата, Бұлқас ата, Шайхан тауыр, Сунақ ата, Жүсіп ата, Мамыт ата, Құмсахаба (Құмсаба), Лалабибі, Омардан – Қырықсадақ, Әзірет Әліден Қорасан, Дуана, Сейіт Қарахандық, Қылышты ата, Сабылт, Ахмет Йассауи, Аққорғандық, Бақсайыс, Құрбанқожа, Құлтай қожа, Сәдір ата, Қойлақы ата.

Ислам дінін таратушы бабтар: Ысқақ баб (лахаб аты Баба ата), Әбдіжалил баб (лахаб аты Хорасан ата), Әбдірахим баб (лахаб аты Әулие ата) 767 жылы 150 мың әскермен оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға келеді. Үшеуі де қожадан шыққан әулиелер, дін және мемлекет қайраткерлері. Осы үш баб («баб» - «қақпа»), дін қақпасын ашушылар.

Қожа ұрпақтары өзбектер, түркімендер, қырғыздар, татарлар, башқұрлар, монғол, қытай қазақтары арасында да бар. Орта Азия халықтары, соның ішінде өзбектер мен түркімендер арасындағы қожалар туралы мәліметтер Ресей империясы географиялық қоғамы жазбаларында сақталған.

Онда Закаспий жағалауында шығу тегі арабтардан тараған түркіменденіп кеткендер (қожалар – И. З) «овляд» деп аталатын діни атақты иеленгендігі аталады. Ал Зарашван округінде өзбектер арасындағы қожалардың шығу тегін арабтардан тарайды делінген. Ал Қазан татарлары арасындағы қожаларды Мұхаммед пайғамбардан және оның серіктерінен тарағандар деп, оларды «Сейіттер» деп атайды. Бұл туралы тарихи зерттеулер қатарындағы В.В.Вельяминов-Зернов еңбегін атауға болады. Ол Қасым хандығындағы сейіттердің «дін иелерінің басшысы» болғандығын жазды. ХХ ғ. басындағы орыс тарихнамасында қожалардың этникалық тарихы туралы деректерді П.П.Румянцевтің және татарлар арасындағы сейіттердің «ерекше жоғары дін иелері» болғандығын М.Худяковтың еңбектерінен көреміз.

Қожалардың таңбасы араб әліпбиінің бірінші әрпі. Мұсылман дінінің уағыздаушысы және оның иесі саналғандықтан да олардың ұраны Алланың аты болды. Сондықтан да Аллаға сенетіндер, исламға сенетіндер, Алла мен Исламды сыйлайтындар қожаларды да сыйлады, құрметтеді, сыйынды, пір тұтты. Ауыл арасында (мысалы кіші жүз, төртқара рулы елі) бір-екі қожа болса, оларды «дін иесі», «дін таратушының ұрпағы» деп «пір» санап құрметтеген. Келе-келе қожалар жергілікті тайпалармен араласып, ру тайпа қожалары пайда бола бастады. Олар ру қожалары аталғанымен өзі шыққан тегін, әдет-ғұрпын сақтай білді.
Осындай қиын да қызық, тағдыр Хан батыр Қабанбай тағдыры.

«Қазақта батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, үйсін Төле биден асқан би жоқ» - деген пікір бар.

«Қабан – түркі тілінде арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» деген ұғымда айтылады екен.

Мәшһүр Жүсіп.


Байыс бидің Боғас өзені бойында жұтқа ұшырауы және оны Тоқтар қожаның құтқаруы жөніндегі аңызға негізделінгенде, Қабанбай Қазақстанның Ақсуат – Аякөз өңірінде дүниеге келеді. Туған әкесі Қожақұл батыр. Арғы әкелері Байжігіт, Тоқтар қожалар Орта Азияға билік жүргізген ханның ұрпақтары екен.

«Ақтабан шұбырынды» басталғанда Қабанбай 32 жасқа шыққан болатын. Жоңғарларға тойтарыс, соққы беру ұрыстарының барлығында қазақ қолын Қабанбай батыр басқарады. Қабанбайдың хан Қабанбай, Дарабоз атануы Аңырақай, Шаған, Қоңыр әулие сияқты шешуші шайқастардағы қолбасшылық, қамал бұзған ерліктеріне байланысты. Бабамыз 79 жасында дүниеден өтті. Жекпе-жекте Долан қараны өлтірген соң «Қабанбай батыр» атағы жайыла бастайды.

Зейнолла Сәнік. «Мұра» журналы, 32 – 436. Үрімжі қаласы.

Көп адамы қырылып, ашынған Абылай қолдағы батырларына жар салыпты: «Кімде-кім еңбек етіп, айласын тауып, осы қалмақты дәл осы үңгірден шығармай қырып беретін болса, бұдан былай қолбасылық дәрежені сол кісіге бұйырамын» - депті. Сонда Абылайға ерген көп батырлардың ішінен үздік шыққан Қаракерей Қабанбай болған еді. Күндіз-түні талмай ұрыс салып, үңгірдің аузын оқпамен көміп, қалмақты бұқтырып отырып, әлденеше күн аштықтан бұралтады. Сөйтіп, ақыры қалмақты жеңіп, Абылайдың дегеніне жеткізеді. Соның артынан жеңістің тойын жасағанда Абылай Қабанбайды қасына алып отырып: «Бар батырдан сен оздың, жеке-дара шығып озып тұрсың. Айтқаным айтқан, сертімнен шыққаным осы қайратың үшін, бұдан былайғы жорыққа қолбасы сен боласың! Және бұдан былай сенің атың Қабанбай емес, Дарабоз болсын» - депті.

20 – том. Мұхтар Әуезов.

Қабанбай батыр ауырып жатқандағы Бұхар жыраудың арнауы:

Айналайын, Қабанбай!

Жау тигенде жарағым,

Алыстан асып дау келсе.

Түрулі тұрған құлағым,

Жақыннан жарым жау шықса.

Белдеудегі пырағым,

Мың жылқыны суарған,

Төскейден аққан бұлағым.

Қабанбай ауру дегенде,

Бір құдайдан сұрадым.

Арғыннан айттым жүз кісі,

Найманнан айттым жүз кісі.

Үйсіннен айттым жүз кісі,

Алшыннан айттым жүз кісі.

Төрт жүз кісі болар ма?

Айналайын, Қабанбай,

Қара мойын ылағың.
Хан тұқымы Дарабоз батыр, қожа Қабанбайды халық, Бұхар жырау қалай жоғары бағалаған десеңізші.

Төрт жүз адамды садақа, құдайы деу бұрын-соңды тарихта кездеспеген жағдай ғой. Абылайханның бала күнінде Төле бидің түйесін бағып, «Сабалақ» атанып биге бала болғаны сияқты, Байыстың жылқысын жайып, байға бала болып өскен Тоқтарқожа Байыстың қызы Мақта сұлуды алады. Тоқтарқожаның Байысқа бала болуын орта жүз, найман шежіресін өлеңмен жазып таратқан. Байсиық – Семізнайман – Қырықмылтық Сүлеймен би Байжігіттің аталарын Тоқты Хан – Тоқтамыс Хан – Тоғыс хан – Сәйбек ханнан Тоқтарқожаға былайша тоқталады:


Сәйбек хан, Жұпар ханым дүние салды,

Қойшы аға, Тоқтар қожа, Толым қожа,

Қашып кеп Алатауды асып еді.

Бұрынғы айтылмаған мәселені,

Сүлеймен баяндайды ашып енді.

Үшінші енді айтылсын Тоқтарқожа,

Нәсілі хан баласы тегі таза.

Сол күнде ханның халқын қалмақ шауып,

Қашқын боп шабындыдан келген бала.

Қашқын боп хан баласы келген шетте,

Байысқа бала болған келген беттен.

Байыстың ақырында қызын алып,

Сұлуға Мақта апайдай қолы жеткен.
Тоқтар қожа хан баласы, ақылды, батыр. Келбетті тартымды жігіт болған. Сәйбек ханның отыз ұлының бірінен - Құлмұхаммедтен аталары тарайды. Құлмұхаммедтен Сейдахмет, Қожахмет Қазы, Ескендер қазы, Сейтакрам қожа, Сейтакрамның баласы Мақаншыда тұратын Құлмұхамметов Абрар ағамыз өзін Қаракерей Қабанбаймен аталас Байжігіттің бір бұтағымыз деп санайды. Абрар ақсақалдың ұлы Мұхтар Құлмұхаммед Тарбағатай мен Алакөл арасынан Аягөзге дейінгі атырапты мекендеген қалың елден тұңғыш шыққан тәуелсіз Қазақстанның қабырғалы министрі, қарымды қоғам қайраткері болды.

«Хан батыр Қабанбай»,

Аманжол Жақыпов, 27 – 28 бет.
Мәселен, арқадағылар Қожахан Қожаны, Алтай өңіріндегілер Керей ишанды, тобықтылар Әуез қожаны, Тәуке ханның тұсында үш жүз Мүсірәлі қожаны пір тұтқан. 1680 жылы Тұран жұртының кемеңгер басшылары Түркістан қаласында Жәңгірұлы Тәукені ақ кигізге отырғызып, хан көтереді. Мұндай үлкен мұратқа жетіп, ел ішінде тұрақты саяси мемлекеттік тәртіп, келелі басшылық орнату үшін ел бірлігі, сенім бірлігі – ислам дінінің ақ жолымен халықты ақиқатты (Алланы) тану ниетінен ауытқытпай, қан, тіл, діл тазалығын сақтап, әрбір адамның ұлттық санасын нұрландырып, ізгілікке, имандылыққа бастап отыратын дін орталығына басшы Әзірет (Пір) сайлау керек болады. Тәуке ханның билігін, тәртібін мойындайтын бес арыс Тұран жұртының билері ұсыныс жасайды.

Қазақ елінің ұлы жүзі өздерінің имамы Айқожаны, Орта жүз Шортанбай қожаны, Кіші жүз Мүсірәлі қожаны, Қарақалпақтар – Күнқожаны, Қырғыздар – Бекқожаны, өзбектер Асадулла қожаны ұсынады. Хан кеңесшісінің басшысы – кемеңгер Сасық бидің үш сұрағына дұрыс жауап беріп, Мүсірәлі – хан ордасының бас әзіреті, ханның пірі болып сайланады. Мүсірәлінің арғы бабалары – Баба түкті шашты Әзиз.


Ханымыз Әз Тәуке,

Дініміз – ісләм.

Әзіретіміз – сопы Әзіз, Түркістан ортақ отанымыз, туымыз қыл шашақты жасыл байрақ.

Бас қаламыз – Түркістан.

Түркістанды «Қожалар қаласы» деп, Термезді «Қасиеттілер мекені» және «сақабалар қаласы», Сайрамды «Сансыз баб қаласы», ал Отырарды «Он мың әулие мекені» деп атаған.

Бес арыс елдің қырық жыл әзіреті болған Сопы Әзиз Мүсірәлі қожаның арғы бабасы Керейт қожа кіші жүздің жетіру әулетінің бір аталығы болып, қазақ халқына сіңіп кеткен еді.

Қазақ шежіресі бойынша Тама, Кердері, Керейт, Рамазан, Телеу, Жағалбайлы, Табын - жетіру қауымы деп аталады.

Керейтті басқа қожалардан айырып, қазақтың қожасын «қожа руы» деп атауы да осыдан. Мүсірәлі 1639 жылы Бұхар хандығына қарасты Тамдыбұлақ аймағындағы Керіз деген жерде дүниеге келген. 1675 жылы көктемде Түркістан қаласында өткен кіші жүз елінің құрылтайында отыз бір жасында бүкіл кіші жүздің төбе биі болып сайланған Бәйбекұлы Әйтеке би осы жиында Мүсірәлі қожаны Алшын билігінің бас әзіреті етіп сайлаттырады. Мүсірәлі жеті өлікке жан берген әулие.

Әз Тәуке қазақ халқының саяси құрылымын бекіте түсу үшін дінді мемлекеттік идеологияның өзекті тармағы ретінде шебер пайдаланған. Ол ықпалды дін уәкілдерін жанына жақындатып, қазақ елінде діни мектептердің, медреселер мен мешіттердің ашылуына терең мән беріп, мұсылман дінін кеңінен насихаттаған.

Дінбасылық мемлекеттік қызмет болғандықтан, ханның еркімен тағайындалған. Мүсірәлі табиғи дарындылығы мен тума таланттығының үстіне аса сауатты адам болған. Тіл – иманның кілті. Мүсірәлі ағынды өзеннің суын тоқтатып, өлікке жан бітірген. Халық арасында Мүсірәлі Әті қожа аталып кеткен. 1719 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін Мүсірәлі Баба Түкті Шашты Әзиздің басына шырақшы болады. 1721 жылы 82 жасында дүние салады, Баба Түкті Шашты Әзиздің аяқ жағына қойылады.

Баба Түкті Шашты Әзиз – Ысқақ бабтың қызы Бибі Мариямға үйленген. Баба Түкті Шашты Әзиз қазақтың Маңғыт қауымына сіңіп кеткен Маңғыт билігінің бас әзіреті болған қожа.

Араб миссионерлерінің көпшілігі қазақ руларының пірлеріне айналып, сол руларға сіңіп кеткен. Қожалар қазақтың дәстүрлі қоғамында жоғарғы сословие – ақсүйек топ ретінде танылды.

Ақсүйек тобына қазақ қоғамында сұлтандар мен хан тұқымы төрелер де жатады. Ал Орта Азия халықтарында «Ақ сүйек», «Ок суяк», «Ак сияк» атаулары тек қана ислам дінінің иелері атанған қожаларға ғана берілген. Мұхаммед ұрпақтарының генеологиясына жататын қожалар әлеуметтік статусы жағынан жалпы қазақ руларына қарағанда қазақ мемлекетінің тарихында барлық хандардың тұсында бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктерге ие болған. Оларға ел ішінде ерекше құрмет көрсетіледі. Қазақ хандығы кезінде қожалар сұлтандармен бір деңгейдегі әлеуметтік топ ретінде хан қазынасының пайдасына түсетін алым салықтан босатылды.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда кейбір әулеттердің өкілдері өздерінің діни парыздарын өтеумен қатар ірі егістік, шұрайлы жер иелері есебінде де таныла бастады. Олар түгелдей жер салығынан да босатылады. Әлеуметтік құқықтық заң бойынша қожаларға, төре тұқымдарына тіл тигізіп, ренжіткені, ұрып-соққаны, т.б үшін қылмыскерлер қатты жазаланады, жәй халыққа қарағанда Тәуке ханның жеті жарғысында оларға жеті есе көп құн салығы төленді.

Жәй ер адамға 1000 қой, әйелге 500 қой құн салығы төленсе, оны жетіге көбейте беріңіз.

Қожалар рухани билікпен қоса, саяси басқару істеріне, ел басқаруға, дипломатиялық жұмыстарға белсенді араласқан.

Қожалар ежелгі қазақ халқын отқа, суға, айға, күнге табынудан, қайдағы жабайы ғұрыптардан, әдеттерден, ырымдардан арылтып, араб елінің озық мәдениетін, білімін, ғылымын, жазуын, сызуын, оқуын, мектеп, мешіт, медресе арқылы халықтың қанына сіңіріп, ислам дінін дәріптеуде ерекше, қажырлы, нәтижелі еңбек сіңіргені баршаға аян. Қожалар халықтың діни сауатын ашуға үлкен үлес қосқан. Қожалардың халықтың рухын, арын, намысын, ұлттық сезімін, жауапкершілігін қалыптастырудағы еңбегі ерекше.

Исламды Шыңғысхан, Әмір-Темір, Сталин, Абылай хан, Жәңгірхан, Тәуке хан, Құнанбай мойындаған. Он төрт ғасырдан көбірек уақытта мұсылман діні бүкіл жер жаһанға тарады.

Сталин қожаны пір тұтқан Тимурлан сүйегін (мүрде) маусым, 1941 жылы Мәскеуге алдырып, 1943 жылдың жазында Самарқанға өз орнына жерлеткен. Москва мешітінде бір топ ислам тәртібінде тәрбиеленген қожаларды әскери қызметте ұстаған. Себебі миллион-миллион ойшыл, шүкіршіл, иманды ақыл иелері Байрон, Гетте, И.Кант өз еңбектерін «бисмилла рахман рахим» деп бастаған, жырлаған. А.С.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Н.Толстойлар жырлап, жазу аз дегендей, 13 мыңдай зиялыларды исламға тартқан.

Мұхаммед әулетінен тараған қазіргі қожалар төрт шадияр, он екі имам, ишандар, шайқылар бұтағы.

Қожалар исламды бүкіл араб елдерінде, Тынық, Индия, Атлант мұхиттары елдерінде және бүкіл жер дүниеге таратты.

Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жеріне келген құрайштіктер қасиетті құран сөзімен бірге емшілікті, тәуіптікті, темір, ағаш өңдеу өнерлерін, ұсташылық пен шеберлікті, қолөнерді ала келді. Халықты отырықшылыққа, егін егуге, жерді суландыруға үйретуде керемет тәлім – тәрбие көрсетті.

Пайғамбар әулеттері Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Қоқан, Шаш, Әулиеата, Бішкек, Ақмешіт қалаларының халқын сауаттандыруға қожа етіп тағайындалады.

Егер қазір дүние жүзінде мұсылмандардың саны 2,0 миллиардқа жетіп, бір ғана 20 ғасырда бес есе өсіп отырса, бұл өркениетті, тарихи прогрессивті құбылысқа қожалардың қосқан үлесі ерекше.

Тарихта мұсылман дінін енгізу үшін қаншама ғазауат соғыстар болды, қаншама қан төгілді. Қожалардың арқасында тек Орта Азия мен Қазақстанда ғана ғазауат соғыстар болған жоқ, қан төгілген жоқ.

Мұсылмандықты халық қарусыз, қансыз, үгітпен, сеніммен, насихатпен, наныммен қабылдады. Ысқақ баб, Әбдіжәлел Баб, Абдрахман баб бабаларымыздың ерекше көрегендігі, көсемдігі, әулиелігі міне осында. Мұсылмандыққа адам тарту тіптен оңай жұмыс болмаған.

Адам Атаның тоғызыншы ұрпағы Нұх 250 жасқа келгенде Алла тағала оны халыққа Пайғамбар етіп жібереді. 700 жыл Нұх пайғамбар халықты мұсылмандыққа үгіттейді. Сонда бар болғаны ер, әйелі бар 80-ақ адам мұсылман дінін қабылдайды. Бұған ренжіген Нұх пайғамбар сол 80 адамнан басқасын жоқ қылуға дұға қылады. Алла тағала дұғасын қабыл етіп, жер бетін топан суға батырады. Міне, мұсылмандықты енгізудің, кіргізудің, қалыптастырудың тарихқа, адамзатқа, уақытқа қаншалықты қымбатқа түскендігінің бір – ақ дәлелі бұл.

Адам ата 930 жыл жасап, өзінің 40 мың ғана ұрпағын көрген. Сонан бері 90 миллиард адам дүниеге келіп, 84 миллиарды өліп, бүгінде әлемде 6 миллиард адам өмір сүруде. Сан жағынан адамның өсуі де, мұсылмандардың өсуі де оңай шаруа болмаған.

Қожадан қай заманда болмасын бай да, би де шыққан. Олар рухани биліктің егелері болған. Көп қорқытады, терең батырады, кім болса да, неде де болса да көптен шығады ғой. Қожа сан жағынан аз халық, қазақ халқының бір пайызын да құрамайды.

Солай бола тұрса да, олар дініне берік, қанын, жанын, арын, тілін, ділін, некесін таза сақтағандықтан жер бетінен өшпей, тарих сахнасынан түспей келе жатқан халық. Тәуке ханның жеті жарғысында: «Әрбір адамның қаны таза, жүрегі мейірімді, ұлтжанды, парасатты, туған халқының лайықты азаматы болып өсуін, кемелге келуін сақтап отыру үшін аралас некеге тиым салынсын» деген. Өйткені есек пен байтал шағылысса дүниеге қашыр келеді. Ол төрт түлікке жатпайды, өспейді, өнбейді.

Қожалар дүние жүзіне ислам дінін насихаттаушы, таратушы, қазақ және Орта Азия халықтарының діни билігінің егесі, рухани ұстазы. Оның талайына жазылған тарихи тапсырмасы, міндеті, миссиясы осындай.

Өткен ХІV ғасырда қазақ пен қожаның жан-дүниесі қаншама рет араласып кетті десеңізші. Қожа қазақты еш уақытта жүзге, руға, бөлмейді, жармайды, алаламайды, құлаламайды, бәріне тілектес, бәріне тең қарайды, олардың тірлігін, ауыз бірлігін, ынтымағын тілейді, осыған дәнекер ұйтқы, ұйымдастырушы, біріктіруші, қазы, төреші болуды өзімнің парызым, қарызым, міндетім деп есептейді. Қожалардың қай заманда һәм қай қоғамда болмасын құндылығы, қадір-қасиеті осында жатыр. Мысалы, Мәделі қожа Қанай датқаға:



  • Тақсыр-ай, осы жерде туып едім,

Саған келген жауларды қуып едім.

Шаңырағыңды шайқалтпай ұстайтұғын,

Сен кереге болсаң мен уық едім.

Бетіме бажырайтып куә болдың,

Тіріңде пір, өлгенде туың едім, –

деген. Қара жерге қанат жайған кереге, шаңырақсыз, яғни, тәжісіз үй болмайды, ал шаңырақты ұстап тұратын уық ол дін. Демек, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында діннің орны бөлек, тірісінде пір, өлгенінде ту болған қожалардың орны ерекше.

«Таста тамыр жоқ, қожада бауыр жоқ» деген сөз де бар. Ол қожалар қазақ халқының трагедиясы-ұлтшылдық, жүзшілдік, рушылдық, әулетшілдік, жікшілдік, жершілдік, қаншылдық ауруларына азырақ шалдыққан дегенді білдірсе керек.

Өйткені, бір ауылда қазақтың бір руының, бір тайпасының ортасында бір – ақ үй қожа болған. Оған барлық қажетті жағдайды халық жасаған, мұқтажы жоқ, құрметтен кенде болмаған.

...Бір кәделі аста бір дастарханның басына қожалардың, төрелердің құрметті ақсақалдары қатар отырып қалады. Ас егелері басты кімге тартатынын білмей бөгеліп, тоқсандағы данагөй қарияға жүгінген екен. Сонда ақылман ақсақал: Қожадан, төреден ұрандарыңыз не? – деп сұрайды. Қожа «Алла» деп, төре «Арқар» деп жауап береді: «Басты қожаның алдына тартыңдар» деген екен. Осы Алланың атыменен, рахымымен, нұрыменен қожалар мәңгілік өсіп-өніп, қазаққа, барша мұсылмандарға, халыққа, тарихқа, уақытқа адал қызмет еткен екен.

Қожадан шыққан ерекше тарихи тұлғалар, дін ғұламалары, дін қайраткерлері, ел қазылары, әулиелер, ишандар, пірлер, ақындар, жазушылар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері өркениет әлеміне үлкен шоғыр боп қосылған. Олар Шәмси Өзгенди (1445-1520жж.), Шаһ Бүзірік, Әмин баб, Айқожа Ишан (1773-1855), Сайыпназар ахун (1810-1873), Мәуелі Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мәдірайым Ишан (1840-1911), Жәмһур Ишан (1863-1937), Әбсадық Ишан, Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Мұхтар Әуезов (1897-1961), Исатай Әбдікәрімов, Тәкей Есетов, Әлім Мұхамеджанов, Асқар Сүлейменов, Қалтай Мұхамеджанов, Әбдіраш Жәмшиев, Мұрат Жұрынов, Мұхтар Құл Мұхаммед, Қожахмет, Құлахмет, Сұлтанахмет, Нұрахмет Қожықовтар, т.б.

Жалаңаяқ Әздер қожа – Абылай ханның замандасы, үзеңгілес досы және өмірбақи сыйынған пірі болған. Абылай ханның өлгенін естігенде Жалаңаяқ Әздер үш күн, үш түн жылаған екен. «Есіл Абылай баяғыдан бері жүріп-жүріп, Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанында өлді. Енді хандық сартта қалды, қазақтан бақ кетті, құт қашты» - деген екен. Айтқандай-ақ хан көз жұмған соң еліміздің батысы мен солтүстігін орыстар отарлады, ал оңтүстік өңірі қоқан бектерінің езгісіне түсіп, қайран Абылайдың армандаған заманына егемендіктің арқасында енді ғана жеттік қой. Бұған да шүкіршілік қылайық.

Тарихта Шоқанмен қатар шыққан Мұхаммет Салық Қарауыл Қожаұлы Бабажановтың орны ерекше. Салық 1851 жылы Орынбор кадет корпусын атты әскердің хоружный дәрежесінде бітіріп шықты. Ол императорлық орыс географиялық қоғамның мүшесі болған екінші қазақ, оның күміс медалімен марапатталған. Салық «Қазақтың қазақ туралы жазбалары»», «Қазаққа ара түсу», «Балбалы тас туралы», «Қазақ ордасындағы аңшылық» сияқты мақалаларында, ұлтына сүйіспеншілік, ғылымдағы дәйектілік, саяси айтыстағы қайраткерлік қырынан көрінді. Ол қырда жүріп-ақ тарихшы, этнограф, көркемсөзші бола алды. Әулетін айтып мақтанған, дұшпанын атап даттанған күндері болмаған, ойлайтыны да, қорғайтыны да, қолдайтыны да бір қазақ болған. Отыз алты жасында қастандықтың құрбаны болған. Сол жылы:

Салық өлді дегенше,

Алып өлді десейші.

Алып өлді дегенше,

Халық өлді десейші, -

деп бүкіл батыс өлке күңіренген екен.

Дәулеткерей «Салық өлген» аты күйімен халықтың зарына зар, мұңына мұң қосады.

Жүніс қожа ұзақ жылдар Ташкенттің әмірі болған. Өзінің ақылдылығының, батырлығының, ержүректігінің арқасында Шымкент, Сайрам, Әулиеата, Түркістан және Ақмешітті басып алған.

Зәңгі баба Қожа Ахмет Йассауидің муриді, Ташкент аймағының пірі болған. ХVІІІ ғасырда Орта Азияға мұсылман дінін таратушылардың бірі Омар ұрпағы Хазірет Қожа Ибадулла Ахрар (лахап аты Насредин) зор ғұлама ишан, әулие болған.

Ауғанстанның танымал ғалымы Абдулхай Хабиби өзінің 1965 жылы жарияланған «Жамий тарихаты» деген мақаласында «Саид Қашғари және Қожа Ахрар өз ғасырының рухы биік ғұламалары еді» - десе, ағылшын шығыс танушысы Чарло Амбрауз Стории өзінің «Фарс әдебиеті» деген кітабында оны «Ірі уәли Убайдулла Ахрар» деген, чех ғалымы Феликс Тауэр «Қожа Ахрар аты теберік болған түркістандық әулие» дейді.

Бір бабамыз Жалалидин Фазизулла Әбулайс – Самарқанды қырық жыл билеген Әбубәкір Сыддықтың ұрпағы. Бұл кісінің қабірі Самарқанда, өз атында кесене, мешіт, мектеп бар.

Сайда қожа Қасым Сұлтанның хатшы-кеңесшісі болған. Әбдіқайым Айтбайұлы арабша, орысша көп оқыған кісі. 1917-1926 жылдары Ақмешіт қаласының революциялық үкіметінің ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысып, Республикалық «Шорай Исламның» Қызылорда облыстық бөлімінің төрағасы болған. Ол кезде бұл ұйымның Республикалық ұйымының төрағасы Мұстафа Шоқай еді.

Қазақ жүздері мен тайпалары Әзірет Әлі мен Бибі Фатима анадан тараған қожаның қыз аналарын өздеріне пір – ана тұтып құрметтеген. Ұлы жүз Әзірет Сұлтан ұрпағы Нұрила – Домалақ ананы, Орта жүз Ысқақ баб қызы Бибі – Марияны, Кіші жүз Ысқақ бабтың кіші қызы Бибі Гаухарды өздерінің пір анасы санап құрметтейді, сыйлайды, сыйынады.

Қожалар аз халық болғандықтан өз тегін, қанын таза сақтау, жойылып кетпеу мақсатында қазақ руларының өкілдеріне қыздарын жаппай, ретсіз, жөнсіз-жосықсыз бере бермеген.

Дегенмен, қожалар қазақтың жақсылары мен жайсаңдарына, ел басқарған абыройлы азаматтарына қыздарын берген, олардан қазақтың көптеген рулары өсіп-өнген, көктеп-көгерген. Олар өз жарларының адал, сенімді серігі, ақылшысы, сол әулеттің бірлігі мен тірлігінің темірқазығы бола білген.

Қожалар үйлену мәселесін де реттеп отырған, өйткені үшінші ұрпағына дейін мәселен атасы, әкесі, баласы, яғни үш ұрпақ қазақ руының қызымен некелессе, онда оларды «қарамен араласқан қожалар» деп атаған.

Шаһанәдірқожа және оның ұрпақтары

(шамамен XVIII-ғасырдың басында өмір сүрген)

Жалпы, Шаһанәдірқожа туралы жазбаша, не ауызша деректер жоқтың қасы. Бір деректерде ол бабамыз «Ақтабан шұбырындының» заманында қазақ қосынының құрамында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан деп көрсетіледі. Қолға түскен кейбір шежірелер жазылған материалдарда осы Шаһанәдір бабамыздан Сарғалдақ, Мұхмұн, Сәдір туады. Енді шама-шарқымша осы үш бабаларымызға қатысты әңгімелерді баяндамақпын.
Сарғалдақ қожа Шаһанәдірұлы
Қазақ қолының пірі, әрі рухани көсемі болып сайланған (1726 жылы). Әбужалилдің кеңесімен Абылай Сұлтан Сарғалдақ қожаны Арқаға Орта жүз қазақтарына Исламның шариғаттарын үйретіп сабақ беруге, мұсылмандық пен имандылықтың сара жолын орнықтыру үшін бас имам етіп алып келіпті және оларға қажетті барлық жағдайды жасаған екен. Сарғалдақ қожа өз заманында он екі пәнді тәмамдаған ғалым-ұстаз болған. Айтқаны келетін, көріпкел, әулие деп ел құрметтеген бедел иесі екен. Сарғалдақ қожаның Зура деген әпкесін Абылай хан алып, одан Тоқ, Қасым, Арық деген үш ұлы болады. 1771-1781 жылдарда Орта жүздің ханы – Абылай хан (Әбілмансұр) өзінің 30 ұлының бірі – Уәлиханға (1741-1821 ж.ж.) Сарғалдақ қожаның ұлы Қожа Ахметпен құда болып, оның Айғаным деген қызын алып береді. Уәли де 1781-1819 жылдарда Орта жүзге хан болған. Айғаным өжет, озық ойлы, жүйелі білім алған, шығыс ойшылдарының шығармаларын оқып меңгерген, өзі сұлу, көркіне ақылы сай жан болған екен. Айғанымға қатты қызыққан Уәлихан оның қойған талаптарын орындаған екен дейді. Мысалы: «Бурабайдағы әйелдерінің жанына мені қоңсы қондырмасын, мен десе мекенін осы жаққа ауыстырсын» деген шарт қойыпты. Хан шартын орындап бұрынғы жанұяларын Көкшетауда қалтырып, өзі Сырымбетті қоныстанады.

Айғаным Уәлиден алты ұл сүйеді: Әбен, Мәмке, Шепке, Шыңғыс, Қанқожа, Әлжан. Туылысынан алғыр Айғаным ханның өзін ғана емес, бірте-бірте бүкіл елін де басқарысып, билеп-төстейді. Кейін, яғни 1819 жылы Уәли жасы жетіп қайтыс болғанда Ресей патшасы оның төрт әйелінен туған ұлдарының бірінде хан сайламай, Айғанымды тақ иесі деп таниды. Қазақтың тарихында әйелден алғаш хан болған осы Айғаным еді. Ол 37 мүшелінде хан тағына отырып, он үш жыл елді биледі және талай мәрте көрегендік таныта білді. Өмір көшіне ілесу үшін өнер-білім, оқу керек екенін жете түсінді. Қазақ жұртының алға, жарыққа ұмтылып заман талабына сай болуына көп күш жұмсады. Сырымбетте қазақ балалары үшін арнайы мектеп ашқызды. Сонымен бірге, қоғаммен өрелес болуы керек деп ұқты. Өзгеге үлгі көрсетіп алдымен өз балаларын орысша оқытты. Мысалы: ұлы Шыңғыс пен немересі Шоқан тағы тағылар орысша оқыды. Жасы елуге тақағанда аға сұлтандықты ұлы Шыңғысқа тапсырып, елдің тілеуқор анасы болып тікелей ұрпақ тәрбиесімен айналысады. Көп немерелерінің бірі – қазақтың жарық жұлдызы Шоқан Уәлиханов еді. Айғаным 1783-1853 жылдар аралығында, яғни жетпіс жас жасап өмірден өтті. Хан сайлау қожа қызы – Айғаным ханшадан кейін тоқтатылып, аға сұлтан сайлау жүйесіне көшкен.

Төменде Сарғалдақ қожа әулетінің қолда бар шежіресін келтіремін: Сарғалдақтың Жәліш, Пірәлі, Мырзалы, Қозыбағар, Қожа Ахмет, Бекәлі деген балалары болыпты. Өз кезегінде бұл балаларының әрқайсысынан өсіп таралған ұрпақтары бар.

Сәдір қожа Шаһанәдірұлы
«Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» трагедиясы заманында халық өз мекендерінен босып, бас сауғалап, Арқадан Сыр бойына дейін жер ауып көшкені тарихтан белгілі. Бұл зұлмат заман өткеннен кейін елдің қырғыннан аман қалғандары біртіндеп естерін жинай бастағанда қайтадан бұрынғы ата қоныстарына қарай жылжыған екен. Сондай халықтың бірі – Тобықты болса керек. Тобықты әулеті алдымен Ор, Торғай, Ырғыз, Кеңгір бойын мекендеп, бірте-бірте жылжи көшіп, ақырында Шыңғыстауға қоныс теуіпті. Бұл көшті Мамай батыр мен Қараменде би бастап әкелген деген дерек бар. Бұл 1780 жылдары болса керек. Кейіннен Қараменде би мен Кеңгірбай бидің екеуінің арасында келіспеушілік болып Тобықтының Дадан бұтағын Бесжан Тобықтысынан бөліп алып, Қараменде би Балқаш-Тоқырауыл бойына қоныс аударыпты. Бұл мөлшермен XVIII-ғасырдың соңы ХІХ-ғасырдың басы болса керек.

Осы кезеңде Қаратау жағынан Сәдірқожа бастаған біраз қожалар келіп әр руға тарай бөлініп, мұсылманшылық шарты бойынша Аллаһ жолын – Исламды уағыздауға иелік етті. Осы жерде мендегі бар екі деректерде екі түрлі пікір айтылады. Біріншісі – Сәдірмен бірге келгендердің ішінде Халауайт ұлы Өтеген қожа да бар еді дейді, яғни Халауайтты Сәдірдің ұлы еді деп нақ айтылмайды. Екіншісі - Сәдірқожадан Халауайт, ал Халауайттан Өтеген қожа деп таратады. Бұл жайды таразылай келе мен екінші нұсқаны дұрыс деген шешімге келдім (Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені» кітабынан қараңыз). Себебі, Бекен Исабаев ағамыз осы Шыңғыстың тумасы, сол рудың (Тобықтының) өкілі болғандықтан бұл уақиғаның бәрін жасынан естіп өскен адам. Жә, сонымен, осы Өтеген қожаны Қараменде би өз елінде ұстапты. Оған жер бөліп беріп, қыстау салғызып, барлық жағдайын жасаған екен, оның үстіне екеуі замандас болса керек. Өтеген қожа – көріпкел, әулие, киелі, қасиетті болғандықтан елі-жұрты сыйлап өтіпті. Қараменде биде заманы бір болған соң құрдастық жолмен Өтеген қожаға оңаша отырған кезде қалжыңдап: «Өтеген, осы сен кімсің, қожамысың, сартпысың?» - дейді екен. Сонда Өтеген қожа: «Құдай оңдаған, не десең де өзің біл. Дін мұсылманды тұтастырып, құдай жолы деп жүрген жанбыз ғой» - деп жауап берсе керек. Өтеген қожа көріпкел, әулие, кие қасиеттерінің арқасында Қараменде бидің ақылдасы, сыйласы, пірі болыпты. Бұған дәлел болар мынандай бір әңгіме-уақиға бар.

Бір жылы Үйсін, Жалайыр елінің ұрылары Дадандар жылқысын ұрлапты. Қаракең өзі бастап қуып барып, ел басшыларының алдына салып, көзі барының өзін, көзі жоғының төлеуін алып, жылқысын айдап қайтыпты. Үйсін елінің басшылары ары өткен, бері өткендерді тонайтын қарулы қарақшылар шығып тұрғанын ескертіп, Қаракеңді сақтандырыпты. Қарекеңдер Алатау сілемінен тіке түсіп, Балқашта ұзын Аралдың сілеміне түсе бергенде қалың тұман басып кетеді. Жүргіншілер осы жерге қонады. Таңертеңгі елең-алаңда «Кеп қалды! Кеп қалды!» - деген ащы дауыспен оянып, іле-шала атқа мінгенде андыздап ат қойып келе жатқан жау қарасы көрінеді. Күш тең емес екенін бағдарлаған би: «Көлге тарт! Көлге тарт!» - деп дауыстайды. Қашқан топ әупіріммен қуғыншылардан бұрын көл жиегіне ілігеді. Бірақ, олар көл қабағының мұзы сөгіліп, жиектегі судың ақ көбіктеніп толқын атып жатқанын көріп қатты сасады. Қуғыншылар сойыл салымға таяп, бұлардың құтын қашырады.

Қарекең: «Иә, Өтеген Қожа! Сарт болмай қожа екендігің шын болса, сиындым аруағыңа, қолдай гөр!» - деп, өзі бастап жылқыларды қуа көлге түседі. Қуғыншылардың алдыңғы легі де екпіндеген бетімен көлге қойып кетеді. Бірақ, аттары бойламаған терең су шетінде екі-үшеуі «қарық» болады. Қалғандары кері бұрылып, жиекке өліп-талып әзер жетеді. Қаракеңдер тобы аман-сау мұзға ілігіп үстіне шығады. Шығынсыз бергі қабаққа өтеді.

Үйсін елге аттанарда жолай соғып, жол босын айтып қалған Өтеген аулына ат басын бұрып жолсеріктеріне Қарекең: «Мынау көк айғырдың кішісін Қожаға береміз» - деп атайды.

Бұрылып келген Қарекеңе Өтеген: «Ат көлігін аман келдің бе, құдай оңдаған? Тар жерде қыстың ғой» - дейді. «Қалай тар жерде қыстым?» - деген Қарекеңнің қарсы сұрағына Өтеген қожа ештеңе деместен көйлегінің етегін көтеріп, арқасын көрсетеді. Екі жауырынының ортасына аттың төрт тұяғының ізі түсіп қалған екен. Сөйтсе ертеңгілік намазға ұйып тұрғанда Қарекеңнің айқайын естіп, жау қолынан құтылу үшін желеп-жебейтін иелері арқылы көмек жасаған екен.

Қарекең: «Мен сізге бағындым. Артымда қалар ұрпағыма Сіздің әулетті құрметтеп өтуді тапсырармын. Ақтығыңызға барымтадан қайтқан екі көк айғырдың үлкенін сіздікі деп атадық» - дейді. «Әй, Құдай оңдаған, жаңа серіктеріңнен бөлінерде айтқаның кішісі еді ғой» - депті қожа. «Иә, кішісі деп атағаным рас еді. Сіздің көріпкел әулиелігіңізді сынау үшін әдейі айтқан едім. Кешірім өтінемін. Ата пірім, Пайғамбарымның әулеті, киелі қасиетіңнен айналайын!» - деп Қараменде иіліп тағзым етіпті. Өлерінде балаларына Өтеген ұрпақтарын қадірлеп сыйлауды өсиеттеп: «Қожадан қыз алмаңдар, алсаңдар күндерде бір күн зайыптарыңа тілдерің тиюі мүмкін. Ондай тіл аруақты күңірентіп, Өтегеннің киесіне ұрындырары хақ. Мен десеңдер кейінгі ұрпаққа да осы тілегімді жеткізіңдер» - деп тапсырады.

Өтеген Қарекеңнен бұрын дүние салған екен. Қарекең және «Мені Өтеген Қожадан төмен жерлеңдер. Құрметімнің жөнін содан да білер ұрпақтарым» - деп өсиеттепті.

Қазір Тоқырауын өзені бойындағы Айырық деген жерде Өтеген Қожа белгісі би кесенесінің шығысында 30 метрдей жерде сәл жоғарыда тұр.

Әулиелігімен танылған Өтеген қожадан көптеген ұрпақ тарап, өсіп-өнген. Одан төрт ұл: Қасым, Тұрсын, Данияр, Даданқожа атанып кеткен Сапарүмбет туады. Оның Тұрсыннан туған немересі Сапарүмбетті атасының аруағы қолдап, дуалы ауыз болып ержетеді. Имандылықты ту етіп ұстағаны үшін ол Әлтек-сарым мен Тобықтының бас қосқан жиынында Дадан еліне бас указ болып сайланады. Осы Сапарүмбетте айтулы қасиеттерінің арқасында Даданнан шыққандықтан Даданқожа аталып кетіпті. Бұдан алты ұл өркен жайыпты және бұлар да ел ішінде үлкен бедел иелері болған екен.



Өтеген қожа шежіресі

(Балқаш аймағындағы Тобықты ішіндегі қожалар)


Өтеген қожа, одан Данияр, одан Қасым, Тұрсын, одан Дадан қожа (Сапарүмбет) туады. Сапарүмбет 1806-1886 жж. өмір сүрген. Одан:

  1. Әлқожа

  2. Шәкірқожа

  3. Әшімқожа

  4. Керімқожа

  5. Оспанқожа

  6. Айнақожа

  7. Жармағамбет (ата баласы)

1.Әлқожадан - Иман, Құрман, Жалмағанбет, Құлмағанбет, Үшқамбет.

А) Иманқожадан – Ақайқожа, Бәтима, Қауия (қыздар).

Ақайдан – Смахан, Меделхан, Маралхан, Кәрелхан, қыздары – Рәш, Зияш.

Ә) Құрманқожадан – Әппақ, одан Рымтай, Төкен, Рахымберлі, одан Түсіпбек, Бекқожа, одан Нүркен, Тілеутай (қыздар).

Б) Жалмағанбеттен – Қияш (қыз), Айтбай (Ардақ), Рамазан (Жанар).

В) Құлмағанбеттен – Сәтберген, одан Жұмағали. Шаймерденнен Орал. Үшқамбет (тұқым жоқ).



2. Шәкірқожадан – Омар, Бекмағанбет, Сейтмағанбет.

А) Омардан – Ақыжан, Сәтбек, Мұқабыл, Әбуғалы, Кәрғалы, қыздары – Қанафия, Алтын, Жарқын.

Ақыжаннан – Ермек, Сәтбектен – Қалтай, Ерғалы, Аман, Қайырқұл, Боранқұл, Рымқұл, қыздары - Гауһар, Мәруа, Кенжетай.

Сәтбектің әйелі – Ербекей қызы Мәмила, Қалдаудың Жайбасар атасынан. Мұқабылдан – Өмірғалы, Төлеуғалы, Төлеубала, Гүлжанат, Нұржанат, Бағдат, Бақыт, Света, Сая, Төлеуғалы.

Әбуғалыдан – Гүлнар, Еркін. Кәрғалыдан – Айдын, Қаншайым, Балғын.

Ә) бекмағанбеттен – Кәрі, одан Ержан, қыздары – Рәбиға, Гүлжауһар, Бәтес, Майра.

Б) Сейтмағанбеттен – Сарқыт, Нұржамал, Тиыштық, Жаңыл.

3. Әшімқожадан - Досмағанбет, Аймағамбет, Шарат, Шәміртаза, қыздары – Хауария, Шәйра.

А) Досмағанбеттен – Ырзахан, Хасенхан, одан Төлеухан. Ырзаханнан – Рымхан, Кәдірхан, Аманкелді.

Ә) Аймағамбеттен – Сейтқали, Айжан.

Б) Шараттан – Тілеуқабыл, қызы Роза.

В) Шәміртазадан – Яһы, қызы Раушан.

4. Керімқожадан – Бәкір, Сыздық, Садық.

А) Бәкірден – Мәулен, одан Берік, одан – Мәрлен, Дәурен, қыздары – Мәкен, Мәшен.

Ә) Сыздықтан – Ақмолда, бала жоқ, қызы Сапура.

Б) Садықтан – Әбілмұрат, Есмұрат, қыздары – Әбілдана, Зәтей, Зияда.

Әбілмұраттан – Шаймұрат, қыздары – Алмагүл, Бағдагүл. Есмұраттан – Қайырлы, Шахымұрат, Асылмұрат, қыздары – Бақытгүл, Рыскүл, Дәмерия. Шаймұраттан – Алуа, Мөлдір. Шахымұраттан – Айбек, Диана. Асылмұраттан – Арнұр, Саяна.

5.Оспан қожадан – Әбіш, Нәсірбай, Смағұл, Дәлібай.

А) Әбіштен – Керімбек, Әшірбек, Асылхан. Әшірбектен – Ақжігіт, Сәку. Асылханнан – Бекет, Шайхы, Құсбек. Құсбектен – Рысбек, Түсіпбек, Ермек, Жақсылық. Рысбектен – Мәдина. Бекеттен – Байзақ, Серік. Нәсірбайдан – Рамазан.



6. Айнақожадан – Балқожа, Нұрқожа, Күлімжан, Ахмет, Мұхамбет. Ахметтен – Қайролла. Мұхамбеттен – Кәмпит (қыз).қайролладан – Тілеуқожа, Әділқожа, қыздары – Нәсіп, Несіпбала, Қайша.

7. Жармағанбеттен - Айтмағанбет, одан Алтай, Жетпісбай, Амантай, Есен, Амандық. Алтайдан – Елубай, Есенкелді, Әсет, Әсем. Елубайдан – Анел, Жанел. Есенкелдіден – Нұрқиса, Жауқазын.

Өтеген қожаның шежіресін ұсынған Шаймұрат қожаның үлкен әкесі Садық қожаның зайыбы Нұрбибі Жомартқызы. Руы Шақа. Әкесі Әбілмұраттың зайыбы Қайша Тәжібекқызы. Руы Көшкін. Шаймұраттың жолдасы Үміткүл Қабиден қызы. Руы Қаракесек.



Мұхмұн қожа Шаһанәдірұлы
Халық ұғымындағы «қожа, төре» деген атаулардың тілімізге еніп, дербес мағынаға ие болуы тарих көшінің өтпелі кезеңімен сипатталып, анықтама алады. VІІ ғасырда араб елінде туған дін – «ислам» атты есіммен тарады. Келе-келе осы дінді тұтынған Таяу Шығыс пен Орта Азияны мекендеген әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін Ислам жұрты делініп, жалпылық атауға ие болды.

Дін-исламның қазақ топырағына еніп-тарауы – бірнеше ғасырға созылған бейбіт үгіт пен уағыздың нәтижесі. Даму тарихы VІІ ғасырдан бастау алған мұсылман дінін уағыздаушылар Орта Азия мен қазақ даласына «қожа» есімімен сіңісті. Бұлардың түп-төркіні әріректе келген арабтар еді.

Ал, «төре» деп жүргеніміз – Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде келген монғолдар екені белгілі. Төрелер әкімшілік тізгінін ұстаса, қожалар идеологиялық уағыз-билікті таратып, қазақ елінің тілін, дінін, ділін нығайтты. Мемлекеттік тұтастықты сақтауда әр дәуірдің даму ерекшеліктеріне сай қызмет атқарды. Қожалар мекендеген отырықшылықты аймақтарда мешіт-медреселер ашылды. Олар көпшілік қауымның хат танып, сауат ашуына қолғабыс жасап, іс ұйымдастырды. Мұсылманшылдық шартына сай көпшілікті имандылыққа, тазалыққа тәрбиеледі. «Қара – төресіз, ел – қожасыз болмас» деген мәтелдің шығуы осы себептен болса керек.

Байырғы қыпшақ жеріне екі түрлі мақсатпен келген қожалар мен төрелер қазақ тілін тез меңгеріп, ұлттық ерекшеліктерге тез бейімделді. Қыз алысып, қыз берісу арқылы қан араластырды. Осы жағдайлардың өзі басында бірі өктемдікпен, екіншісі бейбіт қоныстану арқылы келген басқа ұлт өкілдерінің тез қазақылануына себепкер болды. «Алла» ұранды қожалар, «Арқар» ұранды төрелер сөйтіп үш жүздің құрамына ру ретінде қабылданып, билер кеңесінде елтаңба бөлісті. Ғасырларға созылған тарихи дамудың салдарынан үш жүздің бөлінбес тумалары ретінде қазақ болып кетті.

Рулық қатынас арқылы бірігіп, тұтастығын сақтаған қазақ елінің басынан өткен қиын кезеңдерінде де Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) ту етіп көтерген имандылық-адамдық шарттары қожалар әулеті арқылы жетіп дамыды. Сондықтан да болар, қара халық қожаларды әр руға бөлісіп алып, мұсылманшылдықты уағыздаушы ретінде қадірлеп, пір тұтқан.

Тарихымыздың әріректегі сырын ашып, мемлекеттік дамуымыздың кезеңдік сипаттарын көрсетуге арналған әдеби-тарихи шығармаларда ел тізгінін ұстаған хандардың билік жүргізудегі бағыт-бағдарлары, ерліктері мен ездіктері салыстырмалы түрде баяндалып жүр. Кейінгі кездерде жаңаша ойлаудың нәтижесінде осы жайларды біздер хан тағдыры емес, халық тағдыры ретінде танып түсіне бастадық. Өйткені Әз Тәуке мен Абылайды қазақ халқының қамқоры, ұлт бірлігінің тұтастығын сақтаушы саясаткер, қаһарман ретінде қабылдадық. Шындықтың өзі де осы еді.

Сондай-ақ, осындай таным-түсініктер қожалар әулетінің сырын біліп, әулиеліктерін тануда халық санасынан жаңаша сипат алып отырғаны ақиқат.

Әзірге менің қолымда осы Мұхмұн қожа бабамыз туралы мардымды мағлұматтар жоқ. Дегенмен, Бекен Исабаев ағамыздың «Ұлылар мекені» атты еңбегінде және Тұрсын Жұртбаевтың «Бесігіңді түзе» кітабының 30-31 беттерінде: «Саяқыптың әкесі Мұхмұн мен Сарғалдақ бірге туысады, екеуінің әкесі Шаһанәдір» - деп көрсетеді. Жалпы, барлық қожаларға тән қызмет, төл қызмет: «Ислам дінін уағыздау, тарату, жергілікті халықтың бойына сіңіру және оның шарт-қағидаларын сақтау, орындау» болып табылатыны белгілі жайт. Сондықтан, Мұхмұн қожа бабамыз да осы бағытта еңбек етті деп тұжырымдауға толық негіз бар. Бұл бабамыздан бірнеше ұрпақ болыпты. Соның біразы Оңтүстік Қазақстан облысының аймағында қалыпты деген де әңгіме бар. Бір заманда Ақтайлақ бидің шақыруымен бұл жаққа Шығыс Қазақстан мен Арқаға Исламды таратуға қожалар келгенде Саяқып қожа Мұхмұн ұлы да келген екен. Енді сол туралы және Саяқып бабамыз туралы мәселеге тоқталмақпын.


Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

«Күдіксіз біз сіздерді бір

Ата мен Анадан жараттық,

бір-біріңізді танып, біліп

жүрсін деп ұлыстар мен

руларға бөліп қойдық» - дейді.

(14-хужрат).

Саяқып қожа

және Көкқұран
Аягөз аймағына исламның таралуы.

Аягөз өңіріне исламның таралуы жайында жазылған біраз шығармалар мен мақалалар бар. Соның ішінде Қабдеш Жұмаділов ағамыздың 2002 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан «Прометей алауы» атты романының орны ерекше. Енді осы романнан біраз үзінділерді келтіруді жөн санадым.

Патша өкіметі хандық билікті әбден әлсіретіп барып 1822 жылы қазақ даласында хандық басқару жүйесінің жойылғанын жариялады. Артынан, 1824 жылдан бастап орыстар қазақ даласына тұс-тұстан басып кіру жорықтарын бастады. Олар ең алдымен көтерілісшілерден қорғану үшін бекініс-қамалдарын сала бастады. Көкшетау, Құсмұрын, Баянауыл, Ақмола, Қарқаралы, Ермак, Семей, Өскемен, Аягөз, Лепсі, Матай, Талдықорған, Верный, т.т одан әрі оңтүстік облыстарды игерді.

Салынған бекініс-приказдарды негіз етіп әлденеше округ-дуандар құрылды. Әрбір дуанды орыстан шыққан өкімет өкілі майор мен қазақтан сайланатын аға сұлтан биледі.

Аягөздегі бекіністі приказ бастығы Сергей Нюхалов өз атағын шығарғысы келді ме екен қамалды «Сергиополь» деп атаған екен.

Әр бекіністе белгілі мөлшерде әскер мен қару-жарақ, тіпті пушкаға дейін болған және сонымен қатар қоңыраулы шіркеулер салынған.

Шіркеулерде тек ғибадат қана етіп қоймай, елді шоқындыру ісімен де шұғылданған. Ал атам заманнан тұратын осындағы тұрғылықты халықта бірде бір мешіт жоқ. Ескерілмеген, берекесіздік. Ақыры Ақтайлақ би: «Енді жойылып кетпеудің бірден бір жолы халықты аздырып-тоздырмау үшін тілін, ділін, иманын сақтау. Ендігі майдан даланың төсінде емес, әр адамның бойында, жүрегінде өтуі керек. Дәл қазір құдайдан өзге қуат, исламнан басқа қорғаныш жоқ. Әр жүректі басып өтетін ең соңғы шекара шегі осы болмақ» - деген тұжырымға келеді.

Бұл ойын іске асыру үшін халықты жаппай дінге бой ұсындыру қажет. Ал ол үшін ислам дініне жетік адамдар қажет еді. Жергілікті жерде ондай жандар жоқтың қасы болғандықтан Түркістан жақтан ислам қағидаттарына жетік таза қожалардың оқымысты ұрпақтарын тарту керек болды.

Бұл мақсатты іске асыру үшін, көреген Ақтайлақ бидің ықпалымен, оның ұрпақтары Кеңесбай бастатқан бес болыс Сыбан руының атқамінерлері Түркістан жақтан дін исламды қолдарына өмірдің бағдаршам жарығындай ұстаған қожаларды өз ауылдарына көшіріп әкеледі. Бұл кезде Бердіқожаұлы Әуез жас жеткіншек болса да оқыған, діни сауаттылығымен көзге көрінген кезі екен. Келгеннен кейін медресе ашып, жас балаларды жинап, сауаттылыққа, діни шариғатқа оқытып, баулиды. Бірер жыл бала оқытқаннан соң Әуез әкесінің ауылына бармақшы болып рұқсат сұрағанда, оны жібермеу үшін Кеңесбай, Жарқымбай т.т.ақылдаса келе өздерінің туыс-інісі Малдыбайдың қызы Дінасылды Әуезге қосады. Осы Дінасыл мен Әуезден Мұхтардың әкесі Омархан туады.

Осындай мақсатпен Түркістан, Созақ маңынан 30-40 түтін, жан саны екі жүздің үстінде қожаларды көшіріп әкеледі. Бұлардың арғы аталары атақты Бақсайыс (Бақшайыш) - Сейіт Камалиддин екен, оның арғы аталары Садр шайх, Ыбырайым шайх, Ысқақ баб, Абд ар Рахман, Мұхаммед ибн ал Ханафия, Әзірет Әлі әл Мұртаза-Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың немере інісі, әрі күйеу баласына (Фатима қызының күйеуі) барып тіреледі. Бұл келген қожалардың көпшілігі-медресе бітірген жастар, ғұлама хазіреттер, оқымыстылар қатарынан екен.

Арқаға қарай көшуге мұрындық болғандар: Шахиахмет хазірет, қасиетті Саяқып қожа, оның ұлы Бердіқожа, Шейхул Сейіт Мирхалидұлы. Бұл кезде Саяқып қожа жетпістің маңындағы қарт, ал қалғандары орта және одан төмен жастағы адамдар болса керек.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) - Алланың жерге жіберген ең соңғы елшісі болса, бұл келгендер - қазақ жеріне кешігіп жеткен сол елшінің ұрпақтары. Бұлар бейне, құдайдың отын жерге алып түскен Прометей алауындай, қолдарында бір ғажап шырақ бар. Сол қасиетті алау әр жүрекке сәуле түсіріп, иман нұрын шашатын кез де алыс емес.

Түркістаннан келген қожалар көшін Ақтайлақ би бастаған Сыбан руының адамдары қарсы алып, қонағасына «көкқасқаны» сойғанда батаны қонақтардың үлкені Саяқып қожа беріпті.

Осы алғашқы көштен кейін де, бұл жаққа қожалар әулеті дүркін-дүркін бестен, оннан келіп отырған екен.

Қожалар орналасқаннан кейін басты мақсаттары - исламның шариғат, һәм тарихат жолын көрсету және ол үшін мешіт-медресе салу, балалардың хат сауатын ашу, ел ішінде құран-хатым, жаназа, сүндет рәсімдерін жасау жұмыстарын жүргізген. Алдымен Аягөзде мешіт пен медресе бой көтереді. Аягөз дуаны мен Ақтайлақ ауылы айнала төңірекке иман нұрын тарататын өзінше бір орталыққа айналады. Әр жер, әр ел өз орталарынан мешіт-медресе салып, осы дуаннан ат-түйедей қалап арнайы оқыған қожа-молдаларды алып отырған.

Бір жылы қайын жұрты - Ағанас ауылына амандаса келген Құнанбай осы жақтағы Бердіқожамен танысқан екен. Содан «біздің елге көш» деп жабысыпты. Бұл жолы көптен бауыр басып қалған Саяқып қожа балаларын Ақтайлақ бермей алып қалыпты. Қадалған жерінен қан алмай тынбайтын тобықтылар кейін Бердіқожа әулетін өз жағына көшіріп алыпты.

Құнанбайдың Аягөзден ат-түйедей қалап қожаларды алдыруы тегін болмады, ақыры өзі біржола құдай жолына түсіп, қажылық сапарға барып, қажы атанады.

«Қожалардың алғаш Аягөз жаққа келгеніне отыз жылдай болғанда Абай 18-де екен» - деп жазады Қ.Жұмаділов ағамыз. Абай атамыз 1845 жылы туғаны мәлім, демек 1845+18=1863-30=1833ж, яғни қожалар бұл өңірге 1833 жылдар шамасында келген болып шығады.

Тағы да Қ.Жұмаділов ағамыз: «Қожалар әулеті арқаға келгенде Саяқып қожа 70-тен асқан кезі екен» - дейді және бір жерінде: «85 жасында қайтыс болған» деп көрсетеді. Сонда, жоғарыда есеп бойынша Қожалардың келген уақыты 1833 жылдың шамасы болса 1833-73 жас=1760 туып+85 жасаса= 1845 жылы қайтыс болған болып шығады.

Саяқып қожа бабамыздың есімі аңызға айналған, қасиетті тұлғалардың бірі, оқымысты, әулие адам болыпты. Бұл туралы Аягөз ауданының Мың-Бұлақ, Ақшәулі, Қарабұлақ ауылдарының ескі көз қариялары «жырдай» етіп әңгімелеуші еді. Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, ғасырға жуық өмір сүрген ақсақал ағамыз Ыбырайым ұлы Бойтан, соғыс және еңбек ардагерлері Төтекбаев Доланбай, Ахмадиев Рымтай, еңбек ардагері Бөтекенов Серікбай сияқты ағаларымыздың аузынан осындай мағынадағы әңгімелерін біз бала кезімізден естіп, қанық болып өстік. Бұған дәлел ретінде мына бір әңгімені келтіре кетейін.

Ұлы жүз Қарасай батырдың әкесі нашарлап, қайтыс болар алдында ағайын-туыс, ұрпақтарымен бақұлдасып өсиет-аманатын айтыпты-мыс: «Менің жаназамды өлгенде анық қожаға шығартыңдар» - деп. Сонымен дәмі таусылып ол кісі бұл дүниеден қайтқан соң Қарасай батыр әке аманатын орындау үшін сол кезде Ташкенттің медресесінің шәкірті 14 жасар Саяқып қожаны мүфтиден сұрап алып келіпті. Осы уақытта ауыл маңайындағы жергілікті қожа-молдалар қызғаныштың, көре алмаушылықтың кесірінен қарсы шығыпты: «Немене, мынау жас баланы алып келгендерің? Ұшып-қонып тұрған осындай жын-шайтан, көбелекке жаназа шығартпаймыз» - деп даурығысыпты. Бұл дауды шешу үшін енді осы қожа-молдаларды сынамақшы болады. Сондықтан, ел ағалары мен жақсы-жайсаңдары ары-бері ақылдаса келе мынандай шарт қояды: «Сексен түйе сексеуіл алдырамыз, оны алақатан етіп үйіп өртейміз. Кім осы оттың ортасына отырып от сөнгенде аман қалса, сол әулие болып саналады» - деп шарт қойыпты-мыс. Сонда жаңағы дауды шығарғандар: «Біз сен сияқты жын-шайтан емеспіз, жаныңды отқа тастай алмай жүрсең өзің біл» - депті. Бұл шартты орындау тек Саяқып қожа бабамыздың ғана қолынан келіпті дейді. Ол кісі оттың ортасында, ақ кигізге отырған бойы, жүзін құбылаға қаратып, құранын жайып, оқып отыра береді. Лаулап жанған оттың жалыны жоғары көтеріліп ортасында отырған Саяқыпты орап әкетеді.

Сол уақытта, мына қорқынышты көрініске шыдай алмаған Қарасайдың шешесі Саяқыптың аман қалуын Аллаһтан тілеп, отты айнала жүгіре берген екен дейді. От жанып болып, сөнген шақта қараса Саяқып аман-есен, сол отырған қалпында құранын оқып отыр екен дейді. Сонымен, ол орнынан тұрып қараған кезде, Құранның бірер парағының шеті мен ішкиімнің бауының біраз жерін ғана от шалған екен дейді. Бұның себебін сұрағандарға Саяқып баба: «Біріншіден - мына дүмшелер маған күмән келтіріп таласқанда бұлармен ерегесіп күпіршілік еттім. Құранның шетін оттың шалуы содан. Екіншіден - ішкиімге бұдан бұрын зәр тамған болса керек. Ішкиімнің бауын соның кеселінен от шалған екен» - дейді.

Сонда, бұл уақиғаны көздерімен көріп тұрған куәгерлер: «Нағыз әулие екен» - деп үлкендері қолдарын беріп, кішілері бастарын иіп мойындапты. Нәтижесінде - жаназаны Саяқып қожа шығарыпты» - деп айтатын еді үлкен ағаларымыз.

Бұл әңгімеде аты аталатын Қарасай батыр ХVІІІ-ғасырда өмір сүрген кіші жүздің Шапырашты руының батыры болуы керек (Н.Ә.Назарбаевтың үлкен, арғы атасының бірі). Бұдан ой қорытатын болсақ Саяқып баба ХVІІІ-ғасырдағы шапырашты Қарасай батыр, үйсін Төле би, Ырғызбайлардың (тобықты) замандасы деуге болады.

Жоғарыда айтылған әңгімеде Саяқып бабамыз оттың ортасында отырып сынаққа түскен кезінде алдына жайып қойып оқыған қасиетті Құраны туралы айтпай кетсем тарихқа қиянат, менің кемшілігім болмақ. Сондықтан енді осы қасиетті Құран туралы естігенім мен көргенімді айта кетпекпін.

Алла – Жаратушы Иең,

Құран – қасиетті киең.

(автор)


Саяқып бабаның құраны
Бисмилләһи рахмани рахим!

Бұл қасиетті дүниемен, әулие бабам Саяқып қожаның ұстап қолы тиген, өмірде тұтынған асыл затының бірі, тіпті бірегейімен танысуымның жайын айтсам төмендегідей. Мен қожалардың шежіресін жинап жүрген кезімде, дәлірек айтсам 2004 жылдың ақпан айының аяғында Аягөз қаласының 4-ші кварталында, 247-үйде тұратын Балуанов Қожамберді ақсақалдың үйіне бардым. Бұл кісінің руы-Сыбан, оның ішінде Салпы-Шектібай, балуан денелі, қабағы түксиген, түсі суықтау адам екен. Сәлемдесіп, жөн сұрастық, шежіре жинап жүрген жайымды, Саяқып баба туралы және оған қатысты білгендері болса, айтып беруін өтіндім. «Е, қожамын де, Саяқыптың тұқымымын де, онда бөтен емессің - нағашымның үлкені болдың» - деп шешіле бастады. Байқауымша, алдындағы түсінің салқындығы жібіп, жадырап әңгімесін айта бастады. Әуелі дыбыстап кемпірін шақырып: «Мына жігіт өзі жасы кіші болғанмен жолы үлкен нағашымыз екен, дастарханыңды дайындай бер» - дей келе ол кісіні таныстырып: «Бұл жеңгең - Сәруәр деген, руы-Бура, балалардың анасы» - деді. Содан сәл ыңғайланып отырып алып әңгімесін бастады.

Саяқып бабамызда біреулер 9 ұл, енді біреулер 11 ұл баласы болған деседі. Сол балаларының ең кенжесі Атахан екен. Осы нағашы атамыздан:

1.Үмінәй-үлкен қызы, одан Әділхан, одан Ыдырыс.

2.Айша-екінші қызы, бұдан Балуановтар әулеті мына біздер тараймыз.

3.Ұлхан-үшінші қызы, бұдан ұрпақ жоқ.

4.Әбіш-жалғыз ұл, бұдан да ұрпақ жоқ.

Осы төрт бала болыпты. Атахан мен Әбіштің зираты Ащысу бойында, Барақ төренің зиратымен бірге. Саяқып бабаның Көкқұраны алдымен ең кенже ұлы Атаханда болыпты. Ол кісі о дүниелік болған соң оның жалғыз ұлы Әбіште қалыпты. Кейіннен Әбіш қайтыс болған кезде оның апайы, Атаханның екінші қызы Айшаға - біздің болашақ әжемізге ауысыпты. Айша бойжеткен кезінде біздің атамыз Балуанға күйеуге шығады.

Міне, осылайша қожа Саяқып бабаның Көкқұраны біздің тұқымға ауысып келіпті.

Айша әжеміз - 1860-1933 жылдары өмір сүрген ал Балуан атамыз 1856-1931 жылдары бұл фәни дүниеде болған. Балуан ата мен Айша әжемізден: Қожамсейіт, Серікқожа, Серікмұхамет деген үш ұл туады. Айша әжеміз қайтыс болған 1933 жылдан кейін Көкқұран оның ұлы Серікқожада болады, одан оның інісі Серікмұхаметке ауысыпты. Серікмұхамбеттің әйелі - Сәулеханқызы Айтқайша тәте, руы тобықты - Наз, Шакер Әбенов ақынның немере қарындасы, шешесі Сыбан - Кенжеғұлдың ұлы Оспанның қызы Оңай деген. Осы Серікмұхамет пен Айтқайша жеңгейден: Нұрмұхамет, Айтмұхамбет, Серік, Дидар деген ұрпақтары бар. Қазіргі кезде Көкқұран Нұрмұхаметтің үйінде, Айтқайша жеңгеміздің қолында болуы керек» - деп Қожамберді ақсақал тыныстады.

Мұншама құнды мәліметтер алғаныма мен де қуанышқа бөлендім. Осы кезде ас үй жақтан Сәруар тәтенің: «Тамақ дайын» - деген хабары жетті. Бұдан әрі де әңгімеміз жараса отырып, тамақты жеп, риза көңілмен үйге қайттым.

Осыдан кейін енді бабамыздың Көкқұранын көру ойымнан шықпай мазам кетті. Оны көрудің осы жылы жаз айында сәті түсті.

Семей шаһарында тұратын бауырым Серікбаев Аділбай қожаға телефон шалып Көкқұран туралы әңгімемді айтып едім, ол бауырым ол құранды бұрын көргенін айтты. Мен: «Ендеше мені сонда апар» - деп өтініш айттым, ол сөзге келместен келісімін берді. Сонымен, мен жедел түрде Семейге барып, Аділбай бауырым екеуіміз ары қарай Озерка ауылына Нұрмұхаметтің үйіне барып ат басын тіредік. Үйінде Нұрмұхамет жоқ екен, есесіне ең керекті адамымыз Айтқайша шешей үйінде екен. Амандық-есендік сұрасқаннан соң бұйымтайымызды айттық. Айтқайша тәте өткен дүние Заман уақиғаларын есіне түсірді ме екен, сәл ойланып қалды. Біраздан кейін әңгімесін бастады: «Бұл қасиетті Көкқұран менің алдымда қайнағам Серікқожаның қолында болған еді. Осы қайнағам бұл дүниеден өтерінде «Осы келінім таза жүреді» - деп Көкқұранды маған аманат етіп тапсырды. Міне, сол жиырма жылдан астам уақыттан бері бұл құран менің қолымда. Біздің Балуановтар әулетіне Саяқып бабаның кенже ұлы Атаханның қызы Айшадан бері қарай бізге мұра боп келе жатыр. Қасиетінен айналайын! Балаларымның біреуінің үйінде немесе жақын бір туыстарымыздың отбасында біреу-міреу сырқаттанып қалса, болмаса бір жайсыз жағдайға кезіксе, Көкқұранымды алып Аллаһ пен Саяқып бабаның әруағына сиынып, сол үйге барып жатамын. Бірер күннен кейін әлгі үйдегі жайсыз жағдай дұрысталып кетеді» - деп Айтқайша тәте әңгімесін аяқтады. Содан орнынан тұрып төргі бөлмеге кіріп кетіп, ораулы бір нәрсені алып келді де, столдың үстіне қойды. Періште – нәрестені орағандай ұқыптылықпен ораған түйіншекті «бисмиллә» - деп шешті. Ішінен қызыл-қоңыр түсті, формасы папкаға ұқсас былғары қапқа салынған, бір көруді армандаған Көкқұран шықты. Өзі ішінен Аллаһқа сиынып «Бисмиллә» деп столдың үстіндегі ақ матаның үстіне қойды. Біз де құранға жақындап көре бастадық. Әуелі Аллаһқа содан соң Саяқып бабамыздың аруағына сиына, тебірене отырып қасиетті Көкқұранға қол тигізіп, беттерін ақырын-ақырын ашып көрдік. Құранның қағаздары мейлінше сары тап болып сарғайған, беттерінің шеттері ыдырап, тозып, мүжілген. Кей парақтары шұрық-шұрық, ұсақ-ұсақ тесік. Әр аят біткеннен кейін жұлдызша белгілері басылған, құранның беттері үлбіреп, үгіліп тұр. Бұған әрине Құранның басынан өткерген екі-үш ғасыр уақыттың әсері болса керек. Айтқайша тәтенің түсінігі бойынша құранның шетінің мұжылуы және ұсақ тесіктердің пайда болуы себебі, Саяқып бабамыз оттың ортасында отырып құран аударғанда сексеуілдің шоқтары ыршып түскеннен шұрқ-шұрқ тесіктер пайда болған, ал шеттерінің мүжіліп түсуі отқа күйгендіктен болса керек. Неге бұлай болған себебін жоғарыда баяндадым.

Айтқайша тәте ары қарай әңгімесін жалғай түсті. Ұлы Отан соғысы аяқталатын жылы болса керек Аягөз ауданының Нарын кеңшарының Түсіпжан Қырықбаев деген азаматы келіп өлердегі сөзін айтып: «Әйелім 2-3 күн болды босана алмай қиналып өлермен болды. Амалсыз сіздерге келдім, көмектесіңдер» - деген соң бірер бетін қайнағам беріпті. Негізі, құранның аяттарын бөлшектемеу керек деседі. Бұл жайытты кейіннен білген қайнағам (Серікқожа) қатты өкініп, көзіне жас алғанын сан мәрте көрдім. Мөлшері, Бабамыздың аруағы қысатын болуы керек. «Ол кісі өте қасиетті әулие адам ғой» - деп тәте сөзін аяқтады.

Келгендегі арман-мақсатымыз орындалып, бұл үйден қуанышты, риза көңілмен кері қайттық. «Бабамыз –Саяқып әулиенің топырағы торқа жаны жаннатта болсын, Аллаһтың рахматы, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың шапағаты жаусын» - деп іштей дұға жасадық.

Саяқып бабамыздың тегі туралы әңгіме болғанда біздің алдымызда болып, қазір өмірден өткен көнекөз әкелеріміз бен ағаларымыздың (Андақұлұлы Төребай, Бөтекенов Серікбай, Төтекбаев Доланбай) айтулары бойынша Саяқып бабаның (Әбибі қожаның) әкесі Мұхмұн, оның әкесі Шаһанәдір, ал оның арғы түп атасы Бақшайыш (Бақсайыс) болады. Бұл деректерді шежіреші ағамыз Бекен Исабаевта өзінің «Ұлылар мекені» (Новосибирск 2001ж) кітабында қайталайды. Енді осы ағамыздың сөзінен үзінді келтіремін:



«Бақшайыс ұрпақтарының өзінен кейінгі көрнектісі Шаһанәдір болады. Одан Сарғалтақ, Мұхмұн, Сәдір туды. Мұхмұннан Саяқып (Саяқ). Саяқыптың бәйбішесінен Өзібек, Ханқожа, Сәсейіт, Солтан, Темір тарайды. Бұлар Аягөздің Ақшатау, Ақшәулі, Қоңыршәулі бойында өсіп өнген. Саяқыптың кіші әйелінен - Берді, Қылыш, Төлеген туады. Ұрпақтары Тобықты елінде өсіп өнген. Саяқып Ырғызбайдың, Берді Өскенбайдың, Әуез Құнанбайдың, Омархан Абайдың замандасы.

Демек Жеті Момынның Тобықтысымен ере келген бұл қожалардың Сарғалтақ ұрпағы Абылаймен бірге Көкшетауға, Сәдір ұрпағы дадан Тобықты мен бірге Балқаш-Тоқырауын бойына, ал Саяқыптың бәйбіше балалары Аягөз өлкесіне, тоқал балалары Шыңғыс Тобықтылары ортасына мекендеп қалған» - дейді. («Ұлылар мекені», Бекен Исабаев, Новосибирск, 2001, 525 бет).

Бұл келтірілген шежірені белгілі жазушы Тұрсын Жұртбаев өзінің «Бесігіңді түзе» атты кітабында (30-бет) және белгілі шежіреші, жазушы ағамыз Сейітомар Саттаров «Мұхтар Әуезовтың ататегі» кітабында (278 бет) да осы шежірені ешбір өзгеріссіз қайталайды. Демек, осы үш жазушы ағаларымыз бен жоғарыда аттары аталған ауылымыздың үш ақсақалдарының ой-пікірлері де бір жерден шығып отыр.

Енді, осы жайттарды негізге ала отырып Сейітомар Саттаров ағамыздың «М.Әуезовтың ататегі» кітабының 212-213 беттерінде М.Әуезовтың тектік шежіресін Ә.Шілтерхановтың нұсқасы бойынша келтірілген шежіреден біраз айырмашылықтар бар.

Мысалы: бұл шежіре бойынша Саяқыптың (Әбибінің) әкесі Әбілпай шайх, ал оның әкесі Аллаберді шайх, ал ол Құли шайхтан туған болып тұр. Ал жоғарыдағы шежіре бойынша басқашалау екендігі көрініп түр.

Бұл жерде мен алғашқы нұсқаны, яғни Бекен Исабаев, Тұрсын Жұртбаев, Төребай Андақұлов, Серікбай Бөтекенов, Доланбай Төтекбаев ағаларымыздың нұсқасы дұрыс-ау деген пікірдемін. Себебі, біріншіден - аттары аталған екі жазушылар осы Саяқып бабамыздың ұрпақтарымен жерлес, бір жерде өскендіктен жас күндерінен бұл жайдың барлығын естіп өскендіктен біледі деген тұжымдамын.

Екіншіден - Саяқып бабаның тікелей ұрпақтары болып саналатын есімдері жоғарыда келтірілген үш ағаларымыз «көздері ашық, көкіректері ояу» жандар болғандықтан өз аталарынан қателесуі ешбір мүмкін емес.

Үшіншіден – қазақтың белгілі, жазушысы Қабдеш Жұмаділов ағамыз өзінің «Прометей алауы» атты кітабында (Алматы, 2002 ж шыққан): «Саяқыптың Арқадағы төрелермен де туыстығы бар екен. Уәли ханның екінші әйелі, қазіргі Шыңғыс төренің шешесі - Айғаным Саяқыпқа туыс екен. Саяқыптың әкесі Мұхмұн мен Айғанымның әкесі Сарғалдақ қожа бірге туысады. Екеуі де – Шаһанәдір қожаның балалары. Ақтайлақ бидің Саяқып балаларын өз ауылына алып кетуіне бұл мәселенің де әсері болса керек.

Диханшылыққа икемі бар қожалар Мың-бұлақ бойындағы егінші Сыбандарға баратын болды. Бұлардан басқа жиырмадай шаңырақ осы Аягөзде қалуға ұйғарды» - деп жазады. Бұл жерде Саяқыптың әкесі Мұхмұн мен Сарғалдақ екеуі Шаһанәдірдің балалары деп анық айтылып тұр. Тарихи тақырыптарды талай рет талқылай, жеріне жеткізе жазып жүрген, төселген жазушы ағамыз тарихи-шежіреде де шындықтан ауытқымады деген сенімдемін.

Осындай себептерге байланысты Сейітомар Саттаров ағамыздың Мұхамедхан Омартаев пен Е.Төреқожаевтың шежіресінен алып түзген шежіресінің Саяқып қожаның тегі бойынша біраз өзгертулер жасауға тура келді. Өзгертулер жасағанда жоғарыда келтірілген деректерге сүйендік (автор). Ал енді бұл мәселе бойынша алдымен Сейітомар ағамыздан, екіншіден М.Омартаев және Е.Төреқожаев ағаларымыздан кешірім сұраймын.

Сонымен бірге, бұл ағаларыма жоғала жаздаған немесе кейбір буындары үзілген ататек шежірелерімізді қалпына келтіруде сіңірген ұшан-теңіз еңбектері үшін басымды иіп рахметімді айтамын. Аллаһ бұл ағаларымды әрқашан да қолдай берсін!

Енді осы ағаларымның жасаған шежіресіне сәл өзгертулер мен толықтырулар жасай отырып назарларыңызға Саяқып бабаның ататек шежіресін ұсынамын.




Саяқып қожа - Әбибі қожаның ататегі
«Мен шежірені Қожа Ахмет Йассауидің ағасы Садыршайықтың немересі Сайфуддин шайықтың (Орын Қойлақы) 12-ші ғасырда жазған «Насабнама» атты деректемесі мен Шаяндық Мұхамедхан Омартаевтың 20-жыл жинаған шежіресі, Қызылордалық зиялы жігіт Е.Төреқожаевтың зерттеп зерделеген «Бақсайыс-Әулие» атты еңбектерінен алып түзіп едім»-дейді шежіреші ағамыз Сейітомар Саттаров.

Сол шежіредегі деректерде Әбибіқожа (Саяқып қожа) тегі Қызылорданың Жаңақорғанында жатқан Бақсайыс әулиеге, ал Бақсайыс әулие Ысқақ бабқа (Баб ата) барады екен. Шам шаһарындағы патшалығын тастап, қырық жасында жорыққа шыққан Ысқақ баб інісі Әбдіжәліл екеуі Орта Азиядағы қазіргі ауған, түрікпен, тәжік, өзбек, қырғыз, қазақ елінің негізгі бөлігін, Қашқарияны мұсылмандандырған. Бұл іске 120 жыл өмірінің 80-жылын сарп еткені белгілі. Ысқақ Баб Қаратаудың теріскей беткейінде Созақ ауданында өзінің атымен аталатын Баб ата ауылында жатыр. Ал Ысқақ бабтың өзі Әзіреті Әлінің Мұхамедханафия атты ұлынан өрбіген. Сонымен, Саяқып қожаның (Әбибі қожаның) тегі:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау