Әзіреті Әлі
Мұхамедханафия
Абдулфаттах
Абдалжаббар
Абдалқаһһар
Абдрахман баб, Абдрахим баб (қарахандық қожалар), Абдрахманнан
Ысқақ баб (Баб ата), Әбдіжәлел (қорасан қожа), Ысқақ бабтан
Ярдил шайых
Момын шайых
Мұса шайых
Смайыл шайых
Омар шайых
Хұсайын шайых
Усман шайых
Махмұд шайых, Мұхаммед шайых, Әли шайых, Махмудшайхтан
Қаһар шайых
Ибраһим ата
Құл Қожа Ахмед Ясауи және Садыр ата. Қожа Ахмед Ясауиден ұл қалмаған, қыздар мен одан туған жиендер өрбиді.
Садыр ата-Қожа Махмұд Данышпан Әбдімәлік және Заһиршах туады. Қожамахмұд Данышпаннан
Мұхиддин шайых, Сайфуддин шайых (Орынқойлақы ата) Мұхамаддалишайх. Мұхиддин шайых-
Алауиддин шайх
Жамалиддин шайх
Камалиддин шайх (Лақап аты Бақсайыс). Бақсайыс Ақсақ Темірдің әулиелі серігі, кеңесшісі болған. Тарихта белгілі тұлға. Камалиддин шайхтан (Бақсайыстан)
Насреддин-
Абибулла шайх
Қожамұхамед шайх
Исмайылқожа→
Қасымқожа→
Мұсақожа, Исақожа, Мұсақожадан→
Әкімқожа→
Ахмедқожа→
Әбдірайымқожа, →
Арыстанқожа→
Әбдірахымқожа, Әбдірахманқожа, Әбдірахым→
Әбдіжәлел→
Ибраһим-Разаққожа, Музаффарқожа. Разаққожадан→
Әбдімомын, Әбдісаттар. Әбдімомыннан→
Құли шайх (Шайхмұратхан депте аталады). Одан→
Аллаберді шайх, Шәріп шайх немесе Шаһанәдір шайх. Осы Шаһанәдірден→
Әбілһай, Өтеген шайх, Тікәш шайх, Рахимхан шайх, Ибраһимқұл, Мырзахан, Сарғалдақ, Сәдірқожа және Мұхмұнқожа. Мұхмұн қожадан→
Қожаихрар, Әбілғазы, Әбделмаханбет және Әбибі қожа (Саяқып қожа - лақап аты). Әбибі қожа (Саяқып қожа) бабамыз өзінің туыстары Шахиахмет, Шейхұлсейіт, Абдулхақ, Ибраһимқұл, Мұхаммед Садықтармен т.т. бірге Сыбан-Ақтайлақ бидің шақыруымен Түркістан жақтан Аягөз аймағына шамамен 1830-1835 жылдарда келсе керек. Әбибі қожадан (Саяқып қожадан)→
1. Бәйбішесінен: Өзібек, Сұлтан, Қарақожа, Сәсейіт, Ханқожа, Темір, Әждар (Әздер)
Кіші әйелінен: Бердіқожа, Қылыш, Төлеген және Атахан
Жиыны – 11 ұл (кей шежіреде 9 ұл боп айтылады, бірақ нақты дерек жоқ. Анықтау келешектің еншісінде).
Саяқып баба тобықты Ырғызбайдың замандасы болса керек (Т.Жұртбаев, «Бесігіңді түзе» кітабы, 30 бет), 1860 ж дейін Мамай (тобықты) елімен қоныстас Архат тауын мекендепті. Бердіқожа кейін Құнанбаймен жақын туыс болған соң Қыдыр тауындағы Қызылшоқы деген жерді алып, одан соң артынан Бөріліге келіпті. Саяқыптың бәйбішеден туған басқа балалары Аягөз бойында қалып, Қаракөл өзенінің бойындағы Жанамада, одан Ақшәуліге келіп қоныстанады. Ал кіші әйелі мен балалары Бердіхан, Қылыш, Төлеген, Атаханмен Аягөз бойынан сырғығанда Архатты қоныс етті. Бұл туралы А.Янушкевичтің 1846 жылы Омбы-Семей-Архат-Аягөз-Лепсі сапарында Архаттың Қопа көлінде өздерін «Қаратаулықтармыз»-дейтін көп адамдардың отырғанын жазған. Бұған қосымша Архаттағы «Қожалардың зираты» аталатын үлкен қорым да бұл жерде олардың мекендегенінің айғағы. Бұл жерде қожалардың ұрпақтары әлі де тұрып жатқан жайы бар. Сонымен ойымызды жинақтап айтар болсақ, Саяқып бабамыз Түркістан, Қаратау, Созақ жақтан көшіп келгеннен кейін Аягөзге келіп, одан екі бағытқа бөлінген. Бірінші бағыт - бәйбіше балалары алдымен Аягөз, одан соң Қаракөл бойындағы Жанама, одан кейін Ақшәулі маңы. Екінші бағыт- кіші әйелінің балалары-Аягөз, Архат, Қызылшоқы, Бөрлі деген жерлер (Б.Исабаев «Киелі мекендер». 520-525 беттер).
Бұл қожалардың ұраны - Саяқып. Жылқыларының оң құлақтарына қиық ен салады екен. Мал шаруашылығымен айналысып, ата-ата болып әр қыстауға бөлініп қоныстанған.
Сонымен бірге, өздерінің негізгі кәсібі Исламды уағыздау, халықтың сауатын ашу, шариғат қағидаларын үйрету, молдалық істермен, емшілікпен айналысу сияқты т.т. шаруалармен Октябрь революциясына дейін шұғылданса керек. Совет үкіметі кезінде дін өкілдері ретінде қудалауға ұшырағандықтан қожалар бұл миссияларын ашық-жүргізуді тоқтатуға мәжбүр болған.
Енді «Саяқып бабамыздың қабірі қайда?» - деген сауалдың төңірегінде сөз қозғамақпын. Бұл мәселе туралы Сейітомар Саттаров ағамыз өзінің «Мұхтар Әуезовтың ататегі» атты кітабында Исабаев Бекен ағамен бірге Архат тауындағы Бетағаш деген жердегі қожалардың зиратына осы жердің тұрғыны Зікеш Мағзұмұлының бастауымен барып көргенін жазады.
Сонда, жол басшы болып жүрген Зікеш ағамыз. «Біз білетін қожалардың қорымы осы. Осында ел келіп зиярат қылады, құрбандық шалады, тасаттық береді. Мына жерде қожалардың күлтөкпесі, мына қоңырқожалардың жұрты»-деп қолмен қойғандай етіп түсіндіреді дейді. «Мен білетін қожаның аты Саяқ - бұл қожаның лақап аты, шын аты Әбдіқожа» - деген. «Шыңғыстау-Тобықты» шежіресі атты кітапты көрсеткен. Онда, 101-102 беттерде Саяқыпты жақша ішінде Әбдіқожа деп жазылған. Демек, Әбдіқожа, Әбибіқожа, Саяқып қожа бір адам. Сонымен бірге Саяқыптан (Әбдіқожа) басталатын шежірені Бөрілідегі М.Әуезовтың музейінде көрген едім» - деп жазады. Бұған біздің айтар басқадай пікіріміз жоқ, яғни Саяқып бабамыздың қабірі Архаттың Бетағаш деген жерінде деген қорытындыны қостаймыз. Себебі, Қабдеш Жұмаділов ағамыздың осы кітаптың бас жағында жазғанымыздай: «Қожалар Аягөз өңіріне Түркістан (Созақ) жақтан келгенде, көшті басқарып келгендердің ішіндегі ең жасы үлкені Саяқып қожа еді, оның сол кездегі жасы жетпістен асқан шақта еді» - деп жазған болатын. Бұл шамамен 1833 жыл десек және ол бабамыз мөлшері 1845 жылы қайтыс болды деп межелесек (яғни 85 жасында) ол кісі бұл жақта 12 жыл өмір сүрген болады. Бұдан шығар қорытынды, қожаларды Бетағаштан тобықтылар Қызылшоқыға көшіріп әкеткеннен бұрын Саяқып баба қайтыс болған деген сөз, яғни Бетағашта жерленді деуге толық негіз бар, бұл бір, бұған қоса, Тұрсын Жұртбай бұл туралы дөп басып, Әбдіқожаның қабірі Архатта, ал Тобықтыға қожаларды Бердіқожаның (Саяқып баба емес) бастап келгенін жазады, бұл екінші дәлел. Үшіншіден, М.Әуезов: «Тобықты ішіне менің үшінші бабам Бердіқожа бірталай туысқандарын ертіп Найман ішінен келген. Ол Құнанбай заманы, Құнанбайдың шақыруымен келгенге ұқсайды» - деп бәрін де ашық айтып отыр. Демек, Саяқып баба емес, тобықты ішіне Бердіқожа Құнанбайдың шақыруы бойынша барған, ал Саяқып баба бұл көштен бұрын Архаттың Бетағашында қайтыс болып жерленген. Ал енді Бердіқожаның қабірі болса Шыңғыстағы Қызылшоқыда. Қожалар Қызылшоқыдан Әуезқожаның басшылығымен кетті. Абайдан Бөріліні сұрап алып қоныс аударған Әуез. Бұл кезде Құнанбай да Бердіқожа да өмірден озған уақыт болатын.
Саяқып бабаның жерленген жері туралы Нүриддин Үсен өзінің: «Қалай дегенде де Саяқып қожалардың түпкі тегі Қыдырқожаға барып тіреледі. «Саяқып» деп аталатын Сейіт қожалар Нәдір қожадан тарайтын әулет деуге негіз бар. Өйткені Нәдір қожа, яғни Саяқ қожа арқадан сыр бойына қайтқанда баласы Өзібек қожаны да алып қайтқан. Өзібек қожаның сүйегі әкесі Саяқ қожа атанған Нәдірқожаның қасына қойылған «Сейіт ата» қорымында Сарыағаш ауданында жерленген» - деп жазады. Бұл туралы менің пікірім басқаша, дәлірек айтсам Нәдір қожа арқадағы Саяқып қожа емес, тіпті солай болған күнде де, ол кісі Аягөз аймағындағы Саяқып қожа емес. Жалпы, Саяқ қожа мен Саяқып қожа атаулы адам бір кісі емес, бөлек адамдар. Оның үстіне Саяқ қожа атанған адамдар бір ғана адам емес, бірнеше адамдар болған. Мысалы: бұрынғы Семей облысына қарайтын Қайнар ұжымшарының жерінде де бір атақты қожа өмір сүрген. Ол кісі де медресе ашып, өз заманында халықты сауаттандыру ісіне көп еңбек сіңірген, қасиетті адам болған екен. Бұған дәлел жазылған деректер бар. Сонымен сараптай келе қорытындылайтын болсақ, мен алғашқы нұсқаны, яғни Саяқып баба Арқаттың Бетағаш деген жерінде жерленген деген пікірді қостаймын. Бабамыздың жаны жанатта болғай!
Тарихын ескермеген өшеді,
Тегін қастерлеген өседі.
Саяқып қожа ұрпақтарының шежіресі
Жоғарыдағы тарауда Саяқып бабамыздың тарихына қатынасты жиған-терген қоржынымдағы материалдар мен білгендерімді, ауызекі білгендерден естігендерімді баяндадым. Енді осы бабамыздан өсіп-өнген ұрпақтары жөніндегі қолымдағы бар шежіреге қатысты материалдарды назарларыңызға ұсынбақпын. Жалпы алғанда, менің қолыма түскен деректерде Саяқып бабамыз екі рет үйленген көрінеді. Оның ішінде үлкен анамыздан жеті ұлы, ал кіші анамыздан төрт ұлы болыпты, яғни жиыны 11 (он бір) ұлы болған екен. Бірақ, тағы бір деректерде қыздарынан басқа ұлдарының саны 9 (тоғыз) деп көрсетіледі.
Қайсы деректің дұрыс екенін анықтау келешектің еншісіне қалдырылды әзірше. Сонымен үлкен анамыздан: Өзібек, Ханқожа (Ажыбек), Қарақожа, Әждар (Әздер), Сұлтан, Темір, Сәсейіт; ал кіші анамыздан: Төлеген, Бердіқожа, Қылыш, Атахан. Осы есімдері аталған бабаларымыздың ішінен Әждар (Әздер), Темір, Қылыш атты адамдардың аттары еш жерде аталмайды. Бұл бабалар жөніндегі іздестіру жұмыстарым әзірге еш нәтиже бермеді. Білген ағайын болса, осы материалды оқығаннан кейін, хабарласар деген ойдамын. Менің, жеке өзімнің пікірім бойынша, бұл адамдар өмірде болмаған болуы да мүмкін, немесе өмірге келсе де ертерек жастау шағында о дүниелік болып кеткен, болмаса өмірде болғанымен ұрпағы болмағандықтан ұмыт болған ба деп ойлаймын. Сонымен, енді Саяқып бабамыздың ұрпақтарының қолдағы бар шежіресімен таныстыруға көшейін.
Өзібек қожа
Жоғарыда жазылғандай Саяқып бабамыздың балаларының бірі (ең үлкені) Өзібек қожа болып табылады. Бұл бабамыздың тұқымы мейлінше өсіп тамыр жайған, бірінші анамыздың есімі Бейбіт – руы-тобықты-Көкше екен.
Бұл анадан: Нұрбек, Сарқожа, Дәуіт қожа, Қожабек туған, ал екінші-кіші анамыздың аты Торқа екен. Бұл анадан Тасқожа, Бекқожа, Есқожалар тарайды. Енді осы жеті бабамыздың ұрпақтарын таратамын.
І Нұрбекқожа
Нұрбекқожадан Әрінқожа мен Жәнібекқожа. Өз кезегінде Әрінқожадан Баймұхамбет, Батқал және Әкежан үш ұл туады. Ал Баймұхаметтен Мақұлбай мен Мендікбай. Мақұлбайдан Смақ пен Жамаутай. Смақтан Мағзұм, Мағзұмнан Бауыржан, Бауыржаннан (әзірше) Заңғар туады. Жамаутайдан Тұрсын, Мұхит, Мұхтар деген бауырларымыз бар. Тұрсыннан Архат, Мұхиттан Фархат пен Рифхат, Мұхтардан Айдар деген жігіттер өсіп келеді.
Мендікбайдан Мұрат, Мұраттан Нұрқас, Нұрғали, Нұрлан, Арман төрт ұл. Өз кезегінде Нұрқастан Нұржан, Нұрғалидан Бахтияр, Данияр, Бауыржан деген үш ұл. Нұрланнан Елсияр, Арманнан Арнат, Фархат.
Жоғарыда аты аталған Батқал Әрінқожаұлынан Абдрахман, Абдрахманнан Нұрәсіл, Нұрәсілден: Серікжан, Нұрлан, Ерлан, Еркін. Енді Серікжаннан Мейіржан мен Жандос, Нұрланнан Шыңғыс. Ерланнан: Дінмұхамбет, Досымжан, Даниял. Еркіннен Ерасыл мен Ернұр.
Әкежан Әрінқожаұлынан Әлсейіт, Әлсейіттен төрт ұл: Қоңыртай, Сұртай, Көбектай, Жұмагелді. Қоңыртай мен Көбентайдан ұрпақ жоқ. Сұртайдан Нұржан және Маржан, Меруерт, Нұржаннан Дастан. Жұмагелдіден үш ұл: Бахтияр, Ұлан, Бейбіт. Бейбіттен Нұрасыл мен Жанасыл. Ұланнан Айсұлтан.
Жәнібек Нұрбекқожаұлынан төртеу: Әубәкір, Түсіп, Қалиасқар, Жанғұлы. Әубәкірден Ыбырайым жалғыз, Ыбырайымнан Әбен, Халық, Бойтан.
Әбеннен Мәуіткәрім, Тоқтар, Беккәрім (Бекен).
Мәуіткәрімнен бес ұл: Сәулет, Серікқазы, Сәбит, Бейбіт, Сарқыт. Сәулеттен Дархан мен Дастан. Серікқазыдан Ернат пен Ербол. Сәбиттен Рауан.
Бейбіттен Шалқар мен Бағжан. Сарқыттан Өркен. Тоқтардан төрт ұл: Хамит, Еркін, Медет, Еділ. Хамиттен Жайық, Жайықтан Еміл мен Кемел туады. Еркіннен Ертіс, Медеттен Ілияс, Еділден үш қыз бар. Ертістен Едіге есімді Еркіннің немересі бар.
Беккәрім (Бекен) Әбенұлынан үш ұл: Демесін, Азат, Азамат. Демесіннен Расхат, Азаттан Алмас, Арман. Азаматтан Олжас туған.
Халық Ыбырайымұлынан Оңдабай аға, одан Нұрлан, Қуаныш, Ермек есімді бауырлар бар.
Бойтан ағадан Оңдасын мен Байкенже туады.
Оңдасынан төрт ұл: Мұхит, Мұхтар, Мақсұт, Мұрат. Мұхтардан Нұрсұлтан. Байкенже бауырдан Мақсат пен Бекзат.
Түсіп атамыздан екі ұл: Қанапия мен Қалиакпар. Қанапиядан ұрпақ жоқ, ал Қалиакпардан Оңғарбай жалғыз, Оңғарбай ағамыздан Ержан және Бақыт, Дина, Гульнара деген үш қыз. Ержаннан Даниял деген азамат бар.
Жәнібек бабаның бір ұлы Жанғұлы, Жанғұлыдан Шипық, Шипықтан Бейсембай, Бейсембайдан үш ұл: Нұртай, Амангелді, Аманжол. Нұртайдан Әсет (бірақ қазір Нұртай да Әсет те суға кетіп қайтыс болған, ұрпақ қалған жоқ) Амангелдіден Нұрбол, Аманжолдан Алмас туған.
Кейінгі лек Қожалардың ішінде Әубәкір атамыз бен Қалиакбар әкеміз өз замандарында емшілікпен айналысқан екен. Бұл кісілердің осы қасиеттері өздерінен кейінгі ұрпақтарына да ауысқан болуы керек. Қазіргі күндерде Қалиакбарұлы Оңғарбай ағамыз да әке жолын жалғастырып, халықты емдеп, дертті болған жандарды кеселдерінен айықтырып сауапты іс атқарып жүр. Экстрасенс, массажист, космоэнергетикалық каналдарымен емдеу саласының магистрі, сеанстар өткізеді. Сонымен бірге, халықты медицина бойынша қорғасын құюмен ұшықтау т.т.с.с ем-домдар жасап халықтың алғысына бөленіп жүр. Оңғарбай ағамыздың емшілік қасиеттері тұқым қуалап қыздары Дина мен Гульнара да емшілер болумен бірге көріпкелдік те қасиеттері бар.
Нұрбек қожа бабамыздың ұрпақтарының бірі – Молдажан. Осы Молдажанның баласы Сейілханнан Оралғазы (Өкей) туады. Оралғазы (Өкей) мен бәйбішесі Серікқайша екеуінің қыздардан басқа үш ұлы бар. Олар: Еркін, Ербол, Дулат. Ерболдан Нұрасыл, Сырым және Дулаттан Ерасыл, Нұралы есімді немерелері Өкей марқұмның атын шығаруда. Ал, енді Еркін болса әзірге үйленбеген. Келекшекте бұл ұлымыз да өз сыңарын тауып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру мәселесінде өз үлесін қосып, азаматтық міндетін орындар деген ойдамыз.
ІІ Сарықожа Өзібекұлы
Сарықожа бабамыздың кіндігінен тарағандар: Құдияр, Айдарбек, Жолдас, Тыныбек, Тоқыш, Майлықан туады екен.
1.Құдиярдан да төрт бала: Әшім, Баттал, Қошым және Башпақ. Бұның соңғы екеуінен, яғни Қошым мен Башпақтан ұрпақ жоқ. Ал Әшімнен Маймай (Баймұхамбет) мен Станбек. Маймайдан Омар әкеміз, Омардан Жамбыл, Дәрібай және Жиенбай өркен жаяды. Жамбыл ағамыздан Орынбай, Қуаныш және Серік бауырлар туады. Дәрібайдан Берік пен Ерік, ал Беріктен Нұртай, Еріктен Ілияс. Жиенбайдан Аян және Ұлан атты ұрпақтар өсуде.
Әшімұлы Станбектен: Асан, Хасен, Досжігіт және Қайырман. Асаннан: Жұмаш, Шеризат, Нұрқасым және Әлішер. Жұмаштан Қуаныш, Қуаныштан Әділет. Шеризаттан: Мұхит және Мұхтар. Мұхиттан Әділет (екінші), Мұхтардан Данияр мен Дидар. Нұрқасымнан Айжан (қыз). Әлішерден Қайрат пен Диас. Диастан Қайсар мен Санжар.
Хасеннен Нәуелбек, Нәуелбектен Талғат, Талғаттан Арман, Арманнан Әмір.
Досжігіттен Фермебай, Фермебайдан Жұмахан.
Қайырманнан Амангелді, Амангелдіден Арман мен Серік. Арманнан Бақдәулет пен Нұрдәулет.
Енді Баттал Құдиярұлынан Сайдахмет, Сайдахметтен Назарқұл, Назарқұлдан Байназар, Байназардан үш ұл: Бағдат, Рысбек, Талғат.
Талғаттан Айдын.
2.Айдарбек Сарықожаұлынан төртеу: Айділда, Сайділда, Абділда және Байділда.
Айділдадан Солтай мен Нұртай. Нұртайдан ұл жоқ, жалғыз Сәуле деген қыз бар.
Солтайдан Есентай, Орынғазы, Тұрғазы, Ерғазы деген ұлдар тарайды. Есентай ағамыздан Алғар мен Амангелді. Амангелдіден Айдын. Алғардан әзірге тұқым жоқ. Орынғазыдан үш ұл: Аманжол, Мереке, Шалқар. Аманжол әлі үйленбеген. Мерекеден Бегжан және Балжан. Шалқардан Мирас пен Жансая өсіп келеді.
Тұрғазыдан Аманбек пен Елшат. Ерғазыдан Медет деген ұл бар.
Сейділда атамыздан Керейхан, Керейханнан Серікжан. Серікжан ағамыздан Ержан және Наурыз деген бауырларымыз бар.
Ержаннан Аян және Алан есімді ұрпақтар әулетті жалғастыруда.
Абділда есімді атамыздан үш ұл: Мұхаметқазы, Төлеуғазы және Арынғазы.
Мұхаметқазыдан Аман және Арғынтай. Аманнан Марат пен Батыржан. Батыржаннан Бекарыс. Мараттан бала жоқ.
Арғынтайдан Бауыржан мен Ержан есімді екі ұл қалды. Бауыржаннан Құрмет пен Мадияр, ал Ержаннан Асанәлі деген немерелері Арғынтайдың атын өшірмей жалғастыруда.
Төлеуғазыдан Күреңтай мен Кеңес. Кеңестен үш қыз бар. Күреңтайдан бес ұл: Серікхан, Берікхан, Әділхан, Айдархан, Кәдірхан. Серікханнан Марат пен Қанат, Берікханнан Нұржан, Әділханнан Мұрат, Қуат және Ердар. Кәдірханнан Серікжан мен Рауан. Айдарханнан, әзірге ұрпақ жоқ.
Байділда атадан Қали, Қалидан Есен. Есеннен Серікхан, Айдос, Досай есімді үш ұл. Серікханнан Дархан мен Дидар. Айдостан Мадияр, Аңсар, Ақжол. Досайдан Талант пен Жігер Байділда аталарының қара шаңырағының түтінін өшірмей шығаруда.
3.Жолдас Сарқожаұлынан Смағұл мен Тауасар тарайды. Смағұлдан Айтбай, Айтбайдан Иманғали мен Керімтай. Иманғали әкемізден ұл жоқ. Керімтайдан төрт ұл: Кәкімсейіт, Әмірсейіт, Заманбек, Сағи және 4 қыз.
Кәкімсейіттен Әсет, Мұхит, Сәбит, Әлия. Әсеттен 2 қыз, Мұхиттан ұрпақ жоқ, Сәбиттен Тимур мен Малика. Ал Әмірсейіттен Болат және 2 қыз. Заманбектен Бейбіт пен Бекзат туған. Бейбіттен Нұрсұлтан, Бекзаттан Бекарыс пен Нұрасыл, Сағидан Ержан есімді ұрпақтары бар. Керімтайдың Қатипа, Күләш, Күлзия және Күлпан деген қыздары бар.
Тауасардан Камаш, Пүліш есімді екі қыз.
4.Тыныбек Сарқожаұлынан Молдабек, Молдабектен Жанқайыр мен Шана. Жанқайырдан ұрпақ жоқ. Шанадан Тортай, Тортайдан ұл жоқ.
Жоғарыда көрсетілген Сарқожадан Жолдас туады. Бұл кісі керемет ғалым, қарасуды теріс ағызған үлкен молда, бақсы-балгер болыпты. Жын қаққандарды қамшымен бір-екі тартып жіберсе жазылып кетеді екен. Жолдасқа 200 дей жылқы, 50-60 сиыр, 300-дей қой малы біткен көрінеді. (Бұл деректі марқұм Ахмадиев Рымтай ағамыз көзі тірі кезінде беріп еді).
5.Тоқыш атамыздан: Абдрахман, Құлынтай, Құлымжан, Босқымбай, Рымтай, Керімтай есімді алты ұл және Жабағытай атты бір қыз болған екен.
Абдрахманнан Омаш деген ағамыз және Күләш, Үміт, Орынтай деген қыздар туыпты. Омаш ағадан екі ұл: Бейсен және Серік, сонымен бірге екі қыз: Маржан мен Дина дүниеге келген. Бейсеннен Қайырлы, одан Әділет пен Әнелт, Қайырлының інісі Қанаттан Ердос, Ерасыл, Ернұрлар тарайды. Сонымен бірге Бейсеннен Меруерт есімді қарындасымыз бар. Омаш ұлы Серіктен әзірге ұрпақ жоқ.
Құлынтай Тоқышұлынан жалғыз Төкен, ал Төкеннен Асқар мен Серік және Гүльмира қыз. Асқардан Дидар, Серіктен Әсел, Әлішер және Темірлан есімді ұрпақтары бар. Құлынтай ағамыз өз заманында екінші дүниежүзілік соғысқа қатынасып елін жаудан қорғаған жауынгер болған екен.
Тоқыш атамыздың тағы бір ұлының есімі Құлымжан. Бұл кісіден Серікқайша, Райхан есімді екі қыз және Сабихан мен Қосан деген екі ұл бар. Қосанның баласы туралы менде дерек жоқ, ал Сабиханнан (Сабеннен) Құралай деген қыз және Ертіс, Бауыржан атты ұлдар бар. Ертістің Алихан, Аружан деген ұл-қызы бар, Бауыржаннан да бір ұл-Ералы, бір қыз-Еркеназдар өсіп жатыр.
Босқымбай және Керімтай Тоқышевтар екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандары болып, соғыста мерт болған. Бұл ағаларымыздан ұрпақ қалмады.
Рымтай Тоқышұлынан Бейбіт, Бейбіттен Бақытгүл, Бақытжан, Ғалымжан. Ал Бақытжан болса Ақбота, Мағжан деген балалардың әкесі.
Ескертпе: Тоқышқожа әулетінің шежіресі Орынтай Абдрахманқызының берген деректері бойынша жасалынды.
ІІІ Дәуітқожа Өзібекқожаұлы
Дәуітқожа атамыздан төрт ұл: Мырзақожа, Төреқожа, Сыдық, Аллаберген.
1.Мырзақожадан екі ұл: Тұшымай мен Тойқожа.
Тұшымайдан Көкебай, Көкебайдан-төрт қыз, Тойқожадан ұрпақ жоқ.
2.Төреқожадан үш ұл: Құнан, Солтанбек, Дүйсенбай.
Құнаннан: Ағали, Үсен, Нұрғали және Болат. Ағалидан үш ұл: Секен, Бекен, Ерлан. Секеннен Айбек, Бекеннен Әлібек, Ерланнан Нұрлан. Құнанның екінші ұлы Үсеннен Мұрат және Қайрат. Құнанның үшінші баласы Нұрғалидан Ермек тарайды. Құнанұлы Болаттан Ерлан және Айгерім, Сая ұрпақ жалғастыруда.
Төреқожаның ұлдары Солтанбек пен Дүйсенбайдан ұрпақ қалған жоқ.
3.Сыдық атадан: 1.Нұрахмет. Нұрахметтен Ақатай, Ақатайдан: Бөкеш, Марат, Асхат, Нұрлан, Айдархан. Бөкештен төрт ұл: Асқар, Еркін, Қуат, Ермек. Асқар Бөкешұлынан: Тимур мен Архат. Ақатайұлы Мараттан: Әділ мен Дамир. Өз кезегінде Әділден Әмір, Әрсен, ал Дамирден Дияр және екі қыз бар. Ақатайұлы Асхаттан: Бауыржан, Досым, Ержан. Нұрланнан ұрпақ жоқ, әзірге үйленбеген. Айдарханнан Ринат.
Сыдық атаның екінші баласы Биахмет.
Биахметтен: Мырзатай мен Көкентай. Мырзатайдан: Бағдат, Алмат, Талғат, Ертай, Қостай. Бағдаттан Арғанат пен Азамат, Азаматтан Дәулет. Алматтан Мерхат, Талғаттан ұл жоқ, Ертайдан Асхат, Қостайдан Мақсат ұрпақты жалғастыруда. Биахметтің екінші ұлы Көкентайдан: Серікбек, Нұрбек, тағы алты қыз бар. Серікбектен Дастан, Нұрбектен Диас.
Сыдық атаның үшінші баласы Ерденбек. Ерденбектен Оразай, Оразайдан Бағадат, Сағадат, Орынбасар. Бағадаттан Сымбат, одан Мерей. Сағадаттан Жайық және Жандос. Орынбасардан Рүстем мен Руслан.
4. Дәуітқожаның ұлы Аллабергеннен ұрпақ жоқ.
ІV Қожабек қожа
Бұл атамыздың ұрпағын нақты білетін адам болмады. Кейбіреулердің ауызша айтуы бойынша осы атамыздың Төлеген деген ұрпағы болуы мүмкін. Осы Төлегеннің ұрпақтары: 1.Райс→Қуантай→Света (жалғыз қыз).
2.Төлеміс→Әміртай Төлегенов. Әміртайдан:
→Қуанышбек→үйленбеген.
→Серік→Асланбек, Әлібек.
→Жұмағайша
→Рысқайша
→Анар қыздар
→Бақытгүл.
Ескерту: Бұдан басқа қолымда деректердің болмауына байланысты ештеме жаза алмадым. Келешекте ұрпақтары бір мағлұматтар тапса хабарласар, не өздері ататектерін толықтырып жазып алар деген ойдамын.
V Тасқожа Өзібекұлы
Бұл бабамыз үш әйел алыпты. Осы үш аналарымыздан 12 ұл дүниеге келген екен. Менің қолымдағы дерек көздерін басшылыққа ала отырып таратқанда олар төмендегідей:
І-анамыздан: Керімқожа, Шапат, Балжан, Әшен, Байпатша есімді бес ұл. Өз кезегінде Керімқожадан үш қыз туады, ұл баласы болмапты.
Шапаттан ұрпақ қалмапты. Балжаннан Жамбытай, Жамбытайдың ұрпағының бар-жоғы белгісіз.
Әшеннен Бөкежан, Бөкежаннан Төлеутай, Төлеутай жас күнінде детдомға кеткен екен, бұдан хабар жоқ. Байпатша атамыздан алты ұл тарайды: Көшербай, Өсербай, Жұмагелді, Тұмарбай, Құнанбай, Кенжебай.
Көшербайдан ұрпақ жоқ.
Өсербайдан Елубай, Елубайдан Бақытжан. Бақытжаннан әзірге ұрпақ жоқ.
Жұмагелдіден Есентай, Есентайдан ұрпақ бар, бірақ есімдері маған белгісіз болғандықтан бұл шежіреге кірмей қалды.
Тұмарбайдан Бұланбай жалғыз ұл. Ал Бұланбайдан Меделбай, Берік, Серік, Оралхан деген бауырлар бар және бірнеше қыздар туған. Меделбайдан Саят пен Рахат. Беріктен үш қыз – Айгерім, Динара және бір қыздың есімі белгісіз. Серіктен Қуаныш, Ералы, Нұрәлі және Әмір өркен жайып келеді. Оралханнан Ақтілек туады.
Құнанбайдан тоғыз ұл және бір қыз туады. Олар: Кенжеш, Кентай, Констотай, Кекентай, Керімбай, Бейсен, Сейсен (Секен), Сарсен, Талғат және Қанипа (қыз).
Кенжеш ағамыздан тоғыз ұл және қыздары бар. Ұлдары: Исатай, Алтай, Асқар, Асхат, Қанат, Марат, Айдар, Ержан, Нұржан.
Исатайдан Ринат пен Ерасыл туады.
Алтайдан Шыңғыс, Асқардан Рифхат, Олжас және Байқожа, Асхаттан Ернар тарайды. Қанаттан Алмас пен Мирас.
Ержаннан Бекжан туады.
Марат, Айдар, Нұржандар әлі жанұя құрмағандықтан ұрпақтары жоқ.
Кентай ағадан Света, Катя, Роза, Бақыт есімді қарындастарымыз артындағы ізіндей болып келеді.
Констотай ағадан төрт інішек бар. Олар: Ғазиз, Әлібек, Қайрат, Болатбек. Сонымен бірге бірнеше қарындастар бар. Ғазизден Бауыржан, Әлібектен Мұратбек, Қайраттан Абзал мен Қамбар, Болатбектен Нұрдәулет туып ұрпақты жалғастыруда.
Кекентай ағадан: Шалқар, Айдын, Мұхит, Жайық және қарындастар тарайды. Өкінішті бір жай Шалқар мен Айдын бауырларымыз бұл өмірден ерте озып о дүниелік болып кетті. Болғанмен «Тәубә» арттарына ұрпақтары қалды. Шалқардан Ертіс пен Есіл есімді ұлдар, ал Айдыннан Еділ деген жігітпен екі қыз бала әкелірінің өмірінің жалғасындай болып жүріп жатыр.
Мұхиттан Қуат, Жайықтан Әділқожа туады.
Керімбайда екі ұл бар: Данияр мен Мадияр. Керімбайдың немерелері болашақта бола жатар деген ойдамын.
Бейсеннің үйінде Аманай, Әсет, Дәурен және Айдос деген ұлдар бар. Аманайдан Тимур, Абылай және Мединар деген немерелері өсуде.
Сейсен (Секен) бауырымызда әзірге ұрпақ жоқ.
Сарсеннен үш қыз бала өсіп жатыр.
Талғатта екі ұл: Тәттімбет пен Фархат. Тәттімбеттен Рахат туады.
Қанипа апайдан Ерлан, Нұрлан, Бауыржан және Гүлнар, Гүлсара, Гүлмира, Эльмира деген жиендер әкелерінің атын шығарып жүр.
Кенжебай Байпатшаұлынан қыздарынан басқа Нұртуған деген жалғыз ұл болып ертерек о дүниелік болып кетті. Ал Нұртуғаннан бір-екі қызы артында қалды.
Жоғарыда Тасқожа бабамыздың үш әйелі болғандығын жазып едім, соның ішінде бірінші анамыздан тараған ұрпақтары туралы жазылды.
Енді екінші анамыздан тараған ұрпақтарын таратпақпын. Бұл анамыздан Бірәлі, Бірәлке, Уәли және Күреңкей туады.
Бірәлі атамыздан үш ұл: Төтекбай, Оралбай, Қыдырбай. Төтекбайдан Алыбай мен Доланбай деген екі ұл және Қайша, Нәписа, Қаписа, Кәшипа есімді төрт апайларымыз тарайды. Алыбай әкеміз бен Айша анадан Аман туады. Алыбай әке ҰОС-да болып қайтыс болған, ал Аман ағамыз бен Рысхан жеңгемізден Рауан деген ұл және Айман, Айжан деген қыздарымыз бар.
Доланбай аға мен Байшадан бес ұл және бірнеше қарындастар туады. Ұлдары: Ақан, Жақан, Нүкен, Мұқан, Орынғали. Өз кезегінде Ақаннан Серік, Берік, Жанар және Анар туады. Жақаннан Рифхат, Мейірлан, Лаура, Жадыра және Ләйля. Нүкеннен Аян, Баян, Гүлнұр, Еркежан, Аружан бар. Мұқаннан Гүлназ, Назым, Елназ.
Орынғалидан Дәулет пен Әділет туған.
Оралбай Бірәліұлы мен Қасия анадан Бағдат пен Қарлығаш туады. Бағдат пен Мария (Макен) екеуінен Асфандияр, Дәурен, Қанат, Дархан есімді ұлдар мен Қаламқас деген қыз туады. Асфандияр мен Қарлығаш екеуінен Дария мен Ахмедияр есімді қыз бен ұл өсіп келеді.
Дәурен Бағдатұлынан Мөлдір тарайды.
Қанат пен Лорадан Арафат, Аяулым, Нәби-Әли атты ұрпақтар өсіп келеді.
Дарханнан әзірге ұрпақ жоқ (үйленбеген)
Қаламқас қыздан Дарын және Ғибрат деген жиендер-немерелер өркен жаюда. Жиендердің әкесі - Айдын Жанай руынан.
Қыдырбай Бірәліұлы мен Мария анадан Қамбар жалғыз туады. Қамбар әке мен Елемес екеуінен Қатипа деген жалғыз қыз қалған. Қамбардың өзі ҰОС-да опат болыпты.
Бірәлке Тасқожаұлы мен Калиман анадан Бөтеке, Малай, Қоңыртай тарайды. Бөтеке әкеден Серікбай ұлдан жалғыз. Серікбай мен Төкен жеңгейден Қойшыбай тарайды. Қойшыбайдан Дәулет есімді ұл бар.
Малай мен Қоңыртай екеуінен ұрпақ жоқ. Соғыстан қайтпаған, соғыс құрбандары.
Уәли Тасқожаұлы мен Айша анамыздан, қыздарын айтпағанда үш ұл: Сүлеймен, Құлынтай және Телтай. Бұлардың үшеуі де ҰОС-на қатынасады да Сүлеймен мен Құлынтай сол соғыста қайтыс болыпты. Телтай аға болса сол қырғыннан аман елге оралып Күнбүбі есімді жеңгемізге үйленеді де Байғали, Секен, Бекен, Берік, Еркін және Зайра, Ләйлә, Айман, Шолпан, Айгүл есімді ұл-қыздары дүниеге әкеледі.
Бірақ осы балаларының қызығын көре алмай соғыстан тапқан кесел-дерттің салдарынан бұл дүниеден ертерек өтті. Телтай ағаның ұрпақтары: Байғалидан Ринат, Қайрат, Мәдина, Секеннен Жәнібек, Ақгүл, Назгүл, Перизат; Бекеннен Дамир, Ақмарал, Сырым тарайды. Дамирден Даниел. Беріктен Ернар, Әлішер мен Бауыржан; Еркіннен Ернұр мен Альмира болады.
Күреңке Тасқожаұлы мен Несіпжан анамыздан Қоңыртай, Нұртай және Селубай ағаларымыз, яғни үш ұл. Бұлардың ішінен Қоңыртай мен Нұртайдан ұрпақ жоқ.
Селубай аға мен Көрпеш жеңгемізден жеті ұл және екі-үш қыз бар. Ұлдары: Әскербек, Нұрлан, Ерлан, Темірлан, Ержан, Нұржан, Қанағат, қыздары:Айман, Шолпан.
Әскербектен: Қуаныш пен Әсет. Нұрланның қыз балалары бар, ұл жоқ. Ерланнан Ернұр, Темірланнан Еркебұлан, Жасұлан, Ержаннан Алмас, Нұржаннан ұрпақ жоқ. Қанағаттан Гауһар мен Айзере есімді сүйкімді балалар өсіп келеді.
Тасқожа Өзібекұлының үшінші әйелінен туған ұрпақтарын таратамын. Бұл анамыздан туған ұлдары үшеу: Әбдірей, Баба және Жаңбыршы. Әбдірейден Садықожа ата туады. Садықожадан ұрпақ жоқ. Бабадан Қыдырқұл мен Дариға (қыз) туады. Өкінішке орай Қыдырқұлдан ұрпақ жоқ. Дариға (қыз) есімді апайымыздан Жылқышы мен Ерен деген жиендер туады. Бұлардан ұрпақтар баршылық. Жаңбыршыдан да ұрпақ қалмады.
Осымен Тасқожа бабамыздың ұрпақтарының шежіресін аяқтаймын. Менің білгенім осы болды. Кемшіл жері болса, нақты білетіндер болса толықтырар немесе түзете жатар деген ойдамын. ондай адам табылып шежірені жасауға ат салысып жатса, ол жанға риза көңілмен рахметтен басқа айтарым жоқ.
Бағдат Оралбайұлы және жұбайы Мария (Макен) Набиқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |