Мұхтар Әуезовтың Тектік шежіресі
«Мен шежірені Қожа Ахмет Яссауидің ағасы Садыршайыхтың немересі Сайфуддин шайыхтың (Орын қойлақы) 12-ші ғасырда жазған «Насабнама» атты деректемесі мен Шаяндық Мұхамедхан Омартаевтың 20 жыл жинаған шежіресі, Қызылордалық зиялы жігіт Е.Төреқожаевтың зерттеп зерделеген «Бақсайыс-Әулие» атты еңбектерінен алып түзіп едім» - дейді шежіреші ағамыз Сейітомар Саттаров. Сол шежіредегі деректерде Мұхаңның тегі қазір Қызылорданың Жаңақорғанында жатқан Бақсайыс әулиеге, ал Бақсайыс әулие Ысқақ бабқа (Баб ата) барады екен. Шам шаһарындағы падшалығын тастап, қырық жасында жорыққа шыққан Ысқақ баб інісі Әбдіжәліл екеуі Орта Азиядағы қазіргі ауған, түрікпен, тәжік, өзбек, қырғыз, қазақ елінің негізгі бөлігін, Қашқарияны мұсылмандандырған. Бұл іске 120 жыл өмірінің 80-жылын сарп еткені белгілі. Ысқақ Баб Қаратаудың теріскей беткейінде Созақ ауданында өзінің атымен аталатын Баб ата ауылында жатыр. Ал Ысқақ бабтың өзі Әзіретті әлінің Мұхамедханафия атты ұлынан өрбіген.
1.Әзіреті Әлі-
2.Мұхамед Ханафия
3.Абдулфаттах
4.Абдалжаббар
5.Абдалқаһһар
6.Абдрахман баб, Абдрахим баб (қарахандық қожалар)
7.Ысқақ баб (Баб ата) Әбдіжәлел (Қорасан қожа) Ысқақ бабтан
8.Ярдил шайых
9.Момын шайых
10.Мұса шайых
11.Смайыл шайых
12.Омар шайых
13.Хұсайын шайых
14.Усман шайых
15.Мазмуд шайых, Мұхаммед шайых, Әли шайых. Махмудшайхтан-
16.Қаһар шайых
17.Ибраһим ата
Құл Қожа Ахмет Яссауи және Садыр ата. Қожа Ахмед Яссауи ұл қалмаған, қыздар мен одан туған жиендер өрбиді
18.Садыр атадан - Қожа Махмуд Данышпан, Әбдімәлік және Заһиршах туады.
Қожамахмуд Данышпаннан
19.Мұхиддин шайых, Сайфуддин шайых (Орынқойлақы ата), Мұхамадалишайх. Мұхиддин шайхтан.
20.Алауиддин шайх
21.Жамалиддин шайх
22.Камалиддин шайх (Лақап аты Бақсайыс). Бақсайыс Ақсақ Темірдің әулиелі серігі, кеңесшісі болған. Тарихта белгілі тұлға. Камалиддин шайхтан (Бақсайыстан).
23.Насреддин
24.Абибулла шайх
25.Қожамұхамед шайх
26.Исмайылқожа→
27. Қасымқожа→
28.Мұсақожа, Исақожа, Мұсақожадан→
29.Әкімқожа→
30.Ахмедқожа→
31.Әбдірайымқожа→
32.Арыстанқожа→
33.Әбдірахымқожа, Әбдірахманқожа, Әбдірахым→
34.Әбдіжәлел→
35.Ибраһим→Разаққожа, Музаффарқожа. Разаққожадан→
36.Әбдімомын, Әбдісаттар, Әбдімомыннан→
37. Құли шайых (Шайыхмұратхан) деп те аталады→
38.Аллабердішайых, Шәріп шайых немесе Шаһанәдіршайх→
39.Әбілһай, Өтеген (Өтеш) шайых, Тікәш шайых, Рахимханшайых, Мырзахан, Ибраһимқұл, Сарғалдақ, Сәдірқожа және Мұхмұнқожа→
40.Қожаихрар, Әбілғазы, Әбдәлмаханбет және Әбибі қожа (Саяқыпқожа)
Әбибі қожа жас кезінде бала оқыту үшін Арқаға келген.
41. Әбибі қожаның 11ұлы (кей деректерде 9 ұлы) болыпты. Соның біреуі Бердіқожа→
42. Одан: Бурахан, Әуезхан, Үсенхан, Самархан, Кенжехан (5 ұл, 4 қыз).
43.Әуезханның бәйбішесі→Дінәсілден→Омархан.
Тоқалы-Сақыштан→Арынбек, Қасымбек, Ағзам, Ахмет.
44.Омарханның әйелі Нұржамалдан→Мұхтар. Мәдинадан→Біләл.
(Самарханнан-Разақ және Зура атты бір ұл, бір қызбен жастай жесір қалған Мәдинаны Омархан алып, одан Біләл туған. Білал Мұхтармен құрдас.)
45. Мұхтардың үш әйелінен (Райхан, Валентина, Фатима): Шохан, Елдос, Ернар, Эльдар, Мұрат.
46.Мұрат→Мағжан. Ернардан→Асқар.
Бердіқожаны Саяқыптан өрбіткен Кәмен Оразалин мен Дүкенбай Досжанов, Бекен Исабаев, Тұрсын Жұртбаев т.т. (Саяқып елден жеке шығып кеткен Әбибі қожаның лақап аты).
Әуез қожа мен Құнанбай құдалығы да көңіл аударарлықтай. Нұрғанымды Құнанбай алса, Әуезов Ахметтің қарындасы Райханды Абайдың ұлы Тұрағұлдың Жебеші алған. Оның ағасы Арынбектің алғаны Құнанбайдың туысы Рысай қызы Айтаңсық. Қасымбектің жұбайы Ғалия - Ысқақтың Ахмет бегінің қызы. Ағзамның алғаны Ақылбай ұлы Әлімқұлдың қызы-Ғалия. Ахмет Әуезовтың алғаны Халила - Тұрағұлдың қызы. Мұхтардың әйелі Камила - Мағауияның қызы.
Ал Мұхаңның өз құдасының бірі Дінмұхамед Қонаев. Оның інісі Асқар Мұхаңның сүйікті қызы Ләйләнің жұбайы.
Сызба-схемалар
Достарыңызбен бөлісу: |