Бағдарламасының «Қолдаудың қаржылық емес шаралары» атты төртінші бағыты шеңберіндегі «Бизнес-мектеп»


Жобаны жүзеге асырылған сәттен бастапқы жаңа бизнестің ашылуы мен қызметін кеңейті бойынша көрсеткіштер



жүктеу 2,69 Mb.
бет16/16
Дата21.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#23448
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

3.5. Жобаны жүзеге асырылған сәттен бастапқы жаңа бизнестің ашылуы мен қызметін кеңейті бойынша көрсеткіштер

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасының кейбір қатысушылары курста алынған білімдерінің арқасында бизнес ашты және өзінің қызметін кеңейткен. Пікіртерімдерге сәйкес «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша 1000 оқып шыққан респонденттің 289-ы немесе 28,9%-ы жалпы сомасы 1 114 908 000 (бір миллиард бір жүз он төрт миллион теңге тоғыз жүз сегіз мың) теңгеге жобаларды іске асырды.


Кесте 11. 2015 жылға «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша оқығандардың жүзеге асырылған жобаларының саны мен соммалары.



Өңір аталуы

Жүзеге асырылған жобалар

Сомма, млн.тенге

1

ШҚО

47

169,95

2

Алматы қаласы

43

204,96

3

Павлодар облысы

35

90,3

4

Қарағанды облысы

33

108,87

5

Қызылорла облысы

24

126,3

6

Ақтөбе облысы

24

99,13

7

Жамбыл облысы

16

111,858

8

Қостанай облысы

15

16,75

9

СҚО

13

25,79

10

Ақмола облысы

10

29,2

11

БҚО

9

75,7

12

ОҚО

6

15

13

Маңғыстау облысы

6

7,7

14

Астана қаласы

4

14

15

Атырау облысы

4

19,4




Барлығы

289

1114,908

Диаграмма 33. 2015 жылға «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша оқығандардың жүзеге асырылған жобаларының саны.


2015 жылға ең көп жүзеге асырылған жобалар келесі өңірлерге келеді: ШҚО – 47 жоба немесе 16,26%, Алматы қ – 43 жоба немесе 14,87%, Павлодар облысы – 35 жоба 12,11% және Қарағанды облысы – 33 жоба немесе 11,41%.

Ең аз жүзеге асырылған жобалар келесі өңірлерге келеді: Атырау облысы – 4 жоба немесе 1,38%, Астана қаласы– 4 жоба немесе 1,38%, Маңғыстау облысы – 6 жоба немесе 2% және ОҚО – 4 жоба немесе 2%. (Диаграмма 33).

Өңірлер бойынша 2015 жылға «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша оқығандардың жүзеге асырылған жобаларының саны:

Ақмола облысы.

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Ақмола облысы бойынша оқығандар саны 46 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 29 200 000 (жиырма тоғыз миллион екі жүз мың) теңге 10 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2 жоба жалпы сомасы 6 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алды және 8 жоба жалпы сомасы 23,2 млн. теңгеге «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алды.



Ақтөбе облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Ақтөбе облысы бойынша оқығандар саны 63 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 99 130 000 (тоқсан тоғыз миллион бір жүз отыз мың) теңге 24 жоба іске асырылды. Олардың ішінде 20 жоба жалпы сомасы 24,63 млн. теңгеге «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алса, 1 жоба жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, 1 жоба жалпы сомасы 52 млн теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша несие алды және жалпы сомасы 14 млн теңге 2 жоба өз қаражаты есебінен іске қосылды.



Алматы қаласы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Алматы қаласы бойынша оқығандар саны 98 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 204,96 млн тенге болатын 43 жоба іске асырылды.



Астана қаласы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Астана қаласы бойынша оқығандар саны 40 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 14 млн тенге болатын 4жоба іске асырылды.



Атырау облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Атырау облысы бойынша оқығандар саны 56 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 19,4 млн тенге болатын 4 жоба іске асырылды.



Шығыс-Қазақстан облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Шығыс-Қазақстан облысы бойынша оқығандар саны 76 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 169,95 млн теңге 47 жоба іске асырылды. Олардың ішінде 20 жоба жалпы сомасы 67 млн. теңгеге «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алса, «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 6 жоба жалпы сомасы 62,35 млн.теңгеге ЕДБ несие алды.



Жамбыл облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Жамбыл облысы бойынша оқығандар саны 65 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 111 858 000 (бір жүз он бір миллион сегіз жүз елу сегіз миллион) теңгеге 16 жоба іске асырылды.

Олардың ішінде 1 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 9 млн.теңге қаржыландыру алса, 15 жоба «ҚАҚ» АҚ, «АКК» АҚ, «ҚАМ» АҚ және «АШҚҚҚ» АҚ арқылы жалпы сомасы 102,858 млн теңге несие алды.

Батыс-Қазақстан облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Батыс-Қазақстан облысы бойынша оқығандар саны 64 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 75 700 000 (жетпіс бес миллион жеті жүз мың) теңге 9 жоба іске асырылды. Олардың ішінде 1 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 21 млн. теңге несие алды.



Қарағанды облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Қарағанды облысы бойынша оқығандар саны 65 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 108 870 000 (бір жүз сегіз миллион сегіз жүз жетпіс мың ) теңгеге 33 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 12,02 млн.теңгеге 5 жоба Гранттық қаржыландыру алса, 11 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 27 млн. теңгеге кредит алды, 1 жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 6 млн. теңгеге несие алды, 2 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 13 млн теңгеге қаржыландыру алды және 14 жоба жалпы сомасы 50,85 млн теңгеге өз қаражаты есебінен іске қосылды.



Қостанай облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Қостанай облысы бойынша оқығандар саны 87 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 16 750 000 (он алты миллион жеті жүз елу мың) теңгеге 15 жоба іске асырылды. Олардың ішінде 13 жоба жалпы сомасы 15,75 млн. теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алды, 1 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1 млн. теңгеге несие алды.



Қызылорда облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Қызылорда облысы бойынша оқығандар саны 107 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 126 300 000 (бір жүз жиырма алты миллион үш жүз мың) теңгеге 24 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2 жоба жалпы сомасы 4 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алды, 15 жоба жалпы сомасы 79,4 млн. теңгеге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алса, 1 жоба «Лукойл» ААҚ «Ақ ниет» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 200 мың теңгеге қаржыландыру алды және 6 жоба жалпы сомасы 42,7 млн теңгеге «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы қаржыландыру алды.



Маңығсытау облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Маңығсытау облысы бойынша оқығандар саны 65 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7,7 млн тенге болатын 6 жоба іске асырылды.



Павлодар облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Павлодар облысы бойынша оқығандар саны 115 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 90 300 000 (тоқсан миллион үш жүз мың) теңгеге 35 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 13 жоба жалпы сомасы 39 млн.теңге Гранттық қаржыландыру алды, 6 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 12 млн. теңге кредит алды, 1 жоба ЕДБ арқылы «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 20 млн теңге қаржыландыру алса, жалпы сомасы 19,3 млн теңге 15 жоба өз қаражаты есебінен іске қосылды.



Солтүстік-Қазақстан облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша оқығандар саны 60 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 25 790 000 (жиырма бес миллион жеті жүз тоқсан мың) теңгеге 13 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 8 жоба жалпы сомасы 12,79 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алса, 5 жоба «ЖЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы сомасы 13 млн. теңге несие алды.



Оңтүстік – Қазақстан облысы

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша Оңтүстік – Қазақстан облысы бойынша оқығандар саны 52 адам. Жобалық оқытудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеге 6 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1 жоба жалпы сомасы 2,0 млн.теңгеге Гранттық қаржыландыру алса, 2 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жалпы сомасы 4 млн. теңге несие алды және жалпы сомасы 9 млн. теңге 3 жоба өз қаражаты есебінен іске қосылды.

01.07.2016 жылға Алматы қаласы бойынша «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша нәтижелер


  1. бизнес жоба тіркеліп, іске қосылды:

  1. Щербаков Артем Владимирович "DOLLY SOAP" ЖК - авторлық сабық жиынтығын дайындау – жас кәсіпкер

  2. Құдайқұлова Майра Хасанқызы "TASMINA" ЖК – киім тігу

  3. Семенова Анна Ильинина "УМАЙ-А" ЖК – суррогат ана орталығы, аудармалар, ішкі туризм.

  4. Байло Анна Алексеевна "БАЙЛО" ш/қ – ауыл шаруашылығы және мал бордақылау дақылы ретінде амарант ежелгі дақылын дәріптеу

  5. Евдоков Кирилл Сергеевич "БАУЫРХАН БУЛАК" ЖШС – көрсетілетін қызметтер

  6. Серік Бақытжан "ҚАЙШЫБАЕВ" ЖК – бөлшек сауда

  7. Әлмұхаметова Айгүл Қадырқызы "IT - медицина" ЖШС – дәрігерлерге арналған оқу циклдары.


ҚОРЫТЫНДЫ
«Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Біріңғай бағдарламасының «Қолдаудың қаржылық емес шаралары» атты төртінші бағыты шеңберіндегі «Бизнес-мектеп» құрауышы бойынша оқыту жобаларының тиімділігінің көрсеткіштерін талдаудың басты қорытындылары берілген.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы.

1. 2011 жылдан бергі кезең бойынша «Бизнес-Кеңесші» жобасы шеңберінде 93 307 адам оқудан өткен. Жылдар бөлініснде қатысушылардың ең көп саны 2013 жылы тіркелген – 19 274 адам, бұл көрсеткіш 2012 жылғы деңгейден 12,4% артық. 2015 жылы қатысушылар саны 2014 жылмен салыстырғанда году 37,6% төмендеді.

Жоспар бойынша қамтылатын адамдар саны – 12 000 (он екі мың) адам болуы тиіс. 2016 жылы оқу 2016 жылдың 15 ақпанында басталды. Аталған бағдарламаның шеңберінде жоспар 83,4%-ға орындалды, яғни жарты жыл ішінде 10010 респондент оқытылды, бұл көрсеткіш 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 13,4% жоғары.

2. 2016 жылдың 6 айына аталған бағдарлама бойынша мына өңірлерде ең көп оқытылған қатысушылар саны байқалған: Жамбыл облысы – 915 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 9,14%, Қарағанды облысы – 907 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 9,06% және Алматы облысы – 851 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 8,5%. Аз оқытылғаны БҚО – 351 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 3,5%, Астана қ. – 399 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 4 % және Атырау облысы сияқты өңірлерде – 407 адам немесе оқытылғандардың жалпы санының 4,1%.

3. Аудан орталықтары бөлінісінде 3 428 адам оқытылды немесе оқылтығандардың жалпы санының 34,2%. Моноқалалар бөлінісінде оқытылғандардың жалпы саны – 1183 немесе оқылтығандардың жалпы санының 11,8%, шағын қалалар бөлінісінде 1138 немесе оқылтығандардың жалпы санының 11,4%.

4. «Бизнес-кеңесші» жобасы тыңдаушыларының санын ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша бөлуде есепті кезең ішінде кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын Жеке тұлғалардың (7334 адам немесе оқығандардың жалпы санының 73%) шағын және орта кәсіркерлік субъектілері өкілдерінен (2676 субъект немесе оқығандардың жалпы санының 27%) басым екені айқын көрінеді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында жеке кәсіпкерлер 1982 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 74%, ЖШС – 336 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 13%, шаруа қожалықтары – 324 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 12%, өзге ұйымдық нысандар (қоғамдық қорлар, қоғамдық ұйымдар) – 34 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 1% құрады.

5. «Бизнес-кеңесші» жобасының шеңберінде салалық бөліністе тыңдаушы-кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметін мына салаларда жүзеге асырады: «Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну» – 653 субъекті немесе ШОК субъектілерінің жалпы санының 24,40%; «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 644 субъекті немесе немесе ШОК субъектілерінің жалпы санының 24,07% және «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» - 595 субъекті немесе ШОК субъектілерінің жалпы санының 22,23%.

6. «Бизнес-кеңесші» жобасы тыңдаушыларының гендерлік бөліністегі құрамын талдау жобаға тыңдаушылардың жалпы санынан ер адамдар 59 %


(5 902 ер адам) аса қызығушылық танытып отырғанын, жобадағы тыңдаушы- әйелдердің үлесі 41% (4 108 әйел) құрағанын көрсетті. Өңірлік бөліністе ер адамдар барлық өңірлерде басым.

7. Есепті кезеңде «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша қатысушылар саны мына жас аралығында көп: 30 - 49 жастағылар – 4703 адам немесе барлық қатысушылардың 47%-ы. Жастар мен орта жастағылардың ең көп саны Астана қаласы мен Атырау облысында байқалады. Зейнеткерлік жас алдындағы және 57 жастан асқандардың жүгінулерінің саны Жамбыл облысында, ОҚО-да және Алматы облыстарында басым. Барлық өңірлерде де 30 - 49 жастағылар басым жас санаты болып табылады.

8. Қатысушыларға сауалнама жүргізу нәтижесінде «Бизнестің бірыңғай жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық құралдарынан «Сервистік қолдау» құралы тыңдаушылар тарапынан аса қызығушылық тудырды – бұл жөнінде 8 500 немесе респонденттердің 84,9% атап өтті. Тартымдылығы жағынан екінші құрал - «Гранттық қаржыландыру» – бұл жөнінде 4 100 немесе 40,9% тыңдаушы мәлімдеді.

9. 2016 жылдың 1 жарты жылдығына «Бизнес-Кеңесші» жобасы шеңберіндегі өткізілген оқытудың сапасын бағалау тренинг соңында алынған сауалнамалардың 10 % таңдау мен оны өңдеу жолымен жүзеге асырылды. Сауалнама мәліметтеріне сәйкес тыңдаушылардың көпшілігі тыңдалынған курстың деңгейін жоғары деп бағалаған, оның ішінде 75% курсты «өте жақсы» деп, тыңдаушылардың 19% «дұрысырағы, деңгейі жоғары» және тыңдаушылардың 6% «төменде емес, жоғары да емес» деп бағалаған.

Тыңдаушылардан сауалнама алу барысында жедел курстың тақырыптарын 4 нұсқалы жауаппен бағалау сұралынды. Жалпы алғанда тыңдаушылардың басым бөлігі барлық тыңдалған тақырыптар бойынша «жаға білім алдым» деп жауап берген. Респонденттердің көбі «Кәсіпкерлерге арналған қаржы», «Бизнес Жоспар» және «Маркетингтік қызмет» тақырыптары бойынша жаңа білім алған. Жалпы алғанда барлық тақырыптар бойынша «тақырыптар толығымен айтылмады және түсініксіз болды» деп пікір білдіргендер саны жыл сайын азаюда.

10. Өткен жылдардағы жоғары деңгейде тіркелген өз бизнесін ашумен байланысты жедел курстардың тиімділігі биылғы жылы да жалғасуда:

- тыңдаушылардың жартысынан астамы семинардан кейін кәсіпкерліктегі жоспарлары нақтылана түскендігін айтуда;

- «Бизнес-Кеңесші» жобасының кеәбір қатысушылары курста алынған білімдерінің арқасында бизнес ашты және өзінің қызметін кеңейткен. Пікіртерімдерге сәйкес «Бизнес-мектеп» құрауышы бойынша оқығандар арасында 15 мың оқып шыққандардың 9 % немесе 1 350 адам өз бизнестерін ашты, 11%-ы немесе 1650-і бизнестерін кеңейтті.

2016 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша оң динамика байқалуда – жоба бойынша оқудан өткен жке тұлғалардың ішінде бизнес ашқандары жалпы оқығандардың 8% құрады. Ақпарат қлиент-қатысушылардың ЖСН тексеру арқылы алынды. Салық органдарының мәліметтер базасынан дара кәсіпкерлердің тіркелу мерзімін тексеру арқылы. Бизнесті кеңейту көрсеткіштерін бағалау үшін 2016 жылдың 1 жарты жылдығында оқытылған кәсіпкерлерден телефон арқылы сұрау жүргізілді. Телефон арқылы 1700 кәсіпкерден сұхбат алынды. Телефон арқылы сұхбат алу арқылы алынған мәліметтерге сәйке, оқудан кейін 11% респондент жаңа құрал жабдық алған, 15,2% респондент – көрсететін қызмет түрлерін/ шығаратын тауар ассортименттерін ұлғайтқан, 8,6% респондент – бизнесте жаңа бағыт ашқан және 5,3% респондент жаңа филиалдар/кәсіпорын бөлімшелерін ашқан.

«Бизнес – Өсу» жобасы

1.Жоспар бойынша кемінде 2000 (екі мың) ШОБ субъектісі қамтылуы тиіс, бүгінгі күні 62 кәсіпкер оқытылды. В 2016 году обучение началось 19 мая 2016 года.2014 жылдан бастап «Бизнес-өсу» жобасы бойынша 5 303 адам оқудан өтті.

2. «Бизнес-өсу» жобасына қатысушылардың басым бөлігі Астана қ. – 30 немесе жалпы оқыған санының 48,4%. Аз қатысқаны Алматы қ. – 11 немесе жалпы оқығандар санының 17,7% болды. Жоғарыда көрсетілген оқу әзірге тек облыс орталықтарында жүргізілді.

3. Ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде қатысушылардың жалпы санының талдауы ДК меншік нысаны бар ШОБ субъектілерінің үлесі (63%) ЖШС санынан (34%) асып түсетінін көрсетті

4. «Бизнес-өсу» бағдарламасының шеңберінде салалық бөліністе тыңдаушы-кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметін мына салаларда жүзеге асырады: Өңдеу өнеркәсібі –14 субъектті немесе 23%; Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 13 субъекті немесе 21%.

5. «Бизнес-өсу» жобасы тыңдаушыларының гендерлік бөліністегі құрамын талдау жобаға тыңдаушылардың жалпы санынан ер адамдар 55 %


(34 ер адам) аса қызығушылық танытып отырғанын, жобадағы тыңдаушы- әйелдердің үлесі 45% (28 әйел) құрағанын көрсетті.

6. «Бизнес-өсу» бағдарламасы бойынша оқытылғандар қатарынан 17-ден 29 жасқа дейінгілер саны – 32 адам немесе барлық қатысушылардың 52%-ы

7. Қатысушыларға сауалнама жүргізу нәтижесінде «Бизнестің бірыңғай жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық құралдарынан «Сервистік қолдау» құралы тыңдаушылар тарапынан аса қызығушылық тудырды – бұл жөнінде 45 немесе респонденттердің 72,5% атап өтті. Тартымдылығы жағынан екінші құрал - «Гранттық қаржыландыру» – бұл жөнінде 22 немесе 35,4% тыңдаушы мәлімдеді.

8. Бизнес-өсу» жобасы шеңберінде сауалнамаларды талдау нәтижелері бойынша тыңдаушылардың басым бөлігі (95%) оқытуды «өте жақсы», «жақсы» (5%) өткізген жаттықтырушы дәріс берушілердің жұмысын бағалады. Ауызша зерттеу (пікіртерім арқылы) негізінде 2016 жылы тыңдалған курс шеңберіндегі ақпараттың толықтығын тыңдаушылар жоғары бағалады: респонденттердің 40%-ы толық қанағаттанса, 22 % – қанағаттанарлықтай болды, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 2%. Курстарды тыңдаушылардың басым бөлігі курстан өту барысында алынған ақпараттың түсінікті жеткізілгеніне толық қанағаттанушылық білдірді: ақпараттың түсінікті жеткізілгенін жоғары бағалаған респонденттердің үлесі – 72%, тыңдаушылардың 21%-ы «қанағаттанарлықтай» деген баға берді, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 1%. «Ақпараттың практикалық маңыздылығын» жоғары бағалаған тыңдаушылардың үлесі 74%-ды, «қанағаттанарлықтай» деген баға бергендер үлесі – 22%, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 1%-ды құрады.



«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы.

1. Жоспар бойынша – кемінде 1000 адам қамтылуы тиіс. Нәтиже – кемінде іске асырылған 200 жоба. «Тәлімгерлік қағидатымен жобалық оқыту» бағдарламасы шеңберінде барлығы 1000 өтінім берілді. 2016 ж. мамырдан бастап шілдеге дейін тәлімгерлер (бизнесіне кемінде 3 жыл болған табысты кәсіпкерлер) ҚР өңірлерінде 40 адамды оқытты. 2016 ж. бастап аталған бағдарлама бойынша тек Алматы қ. оқытылды. Қалған өңірлерде оқу жаңа басталуда немесе жалғасуда, себебі бұл оқу екі айға созылады. 2015 жылдан бастап «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша 1040 адам оқудан өтті.

2. «Бизнес-кеңесші» жобасы тыңдаушыларының санын ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша бөлуде есепті кезең ішінде кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын Жеке тұлғалардың (27 адам немесе оқығандардың жалпы санының 67%) шағын және орта кәсіркерлік субъектілері өкілдерінен (13 субъект немесе оқығандардың жалпы санының 33%) басым екені айқын көрінеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында жеке кәсіпкерлер 10 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 77%, ЖШС – 2 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 15%, өзге ұйымдық нысандар (қоғамдық қорлар) – 1 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 8% құрады.

3. «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» бағдарламасының шеңберінде салалық бөліністе тыңдаушы-кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметін мына салаларда жүзеге асырады: Өзге де көрсетілетін қызметтер – 5 немесе 38,46%; Білім беру – 2 немесе 15,4%.

4. «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» бағдарламасы бойынша жағдай әйелдерге қарағанда, ерлердің аз екенін көрсетті. Мәселен, жобалық оқыту бойынша ерлер 30% (12) және әйелдер 70% (28) құрады

5. Жобалық оқыту бойынша оқытылғандардың ең көп саны – 30 - 49 жас аралығындағы қатысушылар – 16 адам немесе барлық қатысушылардың 40%

6. Қатысушыларға сауалнама жүргізу нәтижесінде «Бизнестің бірыңғай жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық құралдарынан «Сервистік қолдау» құралы тыңдаушылар тарапынан аса қызығушылық тудырды – бұл жөнінде 35 немесе респонденттердің 87,5% атап өтті. Тартымдылығы жағынан екінші құрал - «Гранттық қаржыландыру» – бұл жөнінде 15 немесе 37,5% тыңдаушы мәлімдеді.

7. «Жобалық оқыту» жобасы шеңберінде 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында жүргізілген оқытудың сапасын бағалау семинарлардың соңында алынған сауалнамаларды өңдеу арқылы жүзеге асырылды. Жобалық оқыту шеңберінде 32 респондент жоғары баға қойса, барлығы 8 қатысушы курсты «жақсы» деп бағалады

8. Пікіртерімдерге сәйкес «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша 1000 оқып шыққан респонденттің 289-ы немесе 28,9%-ы жалпы сомасы 1 114 908 000 (бір миллиард бір жүз он төрт миллион теңге тоғыз жүз сегіз мың) теңгеге жобаларды іске асырды.

2015 жылға ең көп жүзеге асырылған жобалар келесі өңірлерге келеді: ШҚО – 47 жоба немесе 16,26%, Алматы қ – 43 жоба немесе 14,87%, Павлодар облысы – 35 жоба 12,11% және Қарағанды облысы – 33 жоба немесе 11,41%.

Ең аз жүзеге асырылған жобалар келесі өңірлерге келеді: Атырау облысы – 4 жоба немесе 1,38%, Астана қаласы– 4 жоба немесе 1,38%, Маңғыстау облысы – 6 жоба немесе 2% және ОҚО – 4 жоба немесе 2%. (Диаграмма 33).

01.07.2016 жылға Алматы қаласы бойынша «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша нәтижелер

6 бизнес жоба тіркеліп, іске қосылды:



  1. Щербаков Артем Владимирович "DOLLY SOAP" ЖК - авторлық сабық жиынтығын дайындау – жас кәсіпкер

  2. Құдайқұлова Майра Хасанқызы "TASMINA" ЖК – киім тігу

  3. Семенова Анна Ильинина "УМАЙ-А" ЖК – суррогат ана орталығы, аудармалар, ішкі туризм.

  4. Байло Анна Алексеевна "БАЙЛО" ш/қ – ауыл шаруашылығы және мал бордақылау дақылы ретінде амарант ежелгі дақылын дәріптеу

  5. Евдоков Кирилл Сергеевич "БАУЫРХАН БУЛАК" ЖШС – көрсетілетін қызметтер

  6. Серік Бақытжан "ҚАЙШЫБАЕВ" ЖК – бөлшек сауда

  7. Әлмұхаметова Айгүл Қадырқызы "IT - медицина" ЖШС – дәрігерлерге арналған оқу циклдары.

Бизнес - мектеп қызметінің нәтижелері бойынша «Атамекен» ҰКП бизнес - тренерлерімен өткізілген бизнес-тренингтердің жоғарғы тиімділігін атап өту қажет.

«Бизнес-мектеп» оқыту жобалары мониторингісінің ағымдағы толқыны барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты баға динамикасын болуын көрсетеді.

Семинарда оқудан өткен бастауыш кәсіпкерлер алдын ала таңдаған нарықтық бағыттың бәсекелестік талдауын жүргізе отырып, жеткілікті түрде негізделген түрде бизнес ашуда.

Тренингтен кейінгі тыңдаушылардың «Атамекен» ҰКП мен өзара әрекет жасау сипатты жиіленіп келеді. Кәсіпкерлердің көпшілігі әрі қарай ақысыз түрдегі сервистік қызметтерді пайдаланады.




жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау