Бағдарламасының «Қолдаудың қаржылық емес шаралары» атты төртінші бағыты шеңберіндегі «Бизнес-мектеп»



жүктеу 2,69 Mb.
бет14/16
Дата21.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#23448
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Аталуы

Барлығы

Астана қаласы

Алматы қаласы

Павлодар олысы

Жас буын (17 ден 29 жасқа дейін)

32

15

7

10

Орта жас (30 дан 49 жасқа дейін)

27

14

4

9

Зейнеткерлік алдындағы жас (50 ден 57 -ге дейін)

3

1

0

2


Диаграмма 24. «Бизнес-өсу» жобасына қатысушылардың өңірлік бөліністегі жас мөлшері бойынша құрылымы



2.3. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Біріңғай бағдарламасының басқа бағыттарына әрі қарай қатысу бойынша көрсеткіштер

Қатысушыларға сауалнама жүргізу нәтижесінде «Бизнестің бірыңғай жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық құралдарынан «Сервистік қолдау» құралы тыңдаушылар тарапынан аса қызығушылық тудырды – бұл жөнінде 45 немесе респонденттердің 72,5% атап өтті. Тартымдылығы жағынан екінші құрал - «Гранттық қаржыландыру» – бұл жөнінде 22 немесе 35,4% тыңдаушы мәлімдеді. (25-диаграмма).


Диаграмма 25. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Біріңғай бағдарламасының басқа бағыттарына әрі қарай қатысу бойынша жоспарлар


«Кепілдік беру» тартымдылығы жағынан келесі құралға айналды – оны 15 немесе тыңдаушы 24,2% атап өтті. «Субсидиялау» - 12 немесе 19,3% тыңдаушылар атап өтті. Оқытылғандардан 8 адам «Жобалық оқыту» бағдарламасы бойынша оқуларын жалғастырды. 1 қатысушы «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Одан басқа, тыңдаушылардың ішінде 2 респондент «Топ менеджмент» жобаларына қатысуға ниет білдірді.
2.4. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес өңірлердегі өткізілген оқудың сапалық бағасы

«Бизнес-өсу» жобасы шеңберінде сауалнамаларды талдау нәтижелері бойынша тыңдаушылардың басым бөлігі (95%) оқытуды «өте жақсы», «жақсы» (5%) өткізген жаттықтырушы дәріс берушілердің жұмысын бағалады (26 диаграмма).




Диаграмма 26. Тыңдалған «Бизнес-Өсу» курсын бағалау
Ауызша зерттеу (пікіртерім арқылы) негізінде 2016 жылы тыңдалған курс шеңберіндегі ақпараттың толықтығын тыңдаушылар жоғары бағалады: респонденттердің 40%-ы толық қанағаттанса, 22 % – қанағаттанарлықтай болды, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 2%.

Курстарды тыңдаушылардың басым бөлігі курстан өту барысында алынған ақпараттың түсінікті жеткізілгеніне толық қанағаттанушылық білдірді: ақпараттың түсінікті жеткізілгенін жоғары бағалаған респонденттердің үлесі – 72%, тыңдаушылардың 21%-ы «қанағаттанарлықтай» деген баға берді, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 1%.

«Ақпараттың практикалық маңыздылығын» жоғары бағалаған тыңдаушылардың үлесі 74%-ды, «қанағаттанарлықтай» деген баға бергендер үлесі – 22%, ішінара қанағаттанғандар үлесі – 1%-ды құрады.

3. «ТӘЛІМГЕРЛІК ҚАҒИДАТТАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ТАЛДАУ.
3.1. «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы жөнінде

Проект «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы ақысыз түрде «Бизнес- Кеңесші» жобасы бойынша сертикаттары бар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар мен шағын және орта бизнес субъектілерін оқытуды қарастырады

Бірінші кезеңде оқытылған тыңдаушылардың ішінен бағыттар мен жобалар бойынша топтар іріктеліп, жинақталады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің таңдауына осы ауданда немесе моноқалада (шағын қалада) іске асыруға болатын бірнеше шағын жоба ұсынылады. Жобалар «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығынан қалыптастырылады.

Әрбір ауданға және қалаға 5-10 шағын жобадан айқындалған, олар басым бағыттарға немесе сұранысы бар бағыттарға сәйкес келеді. Жобалар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 3 апталық және кәсіпкерлік бастамасы бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 2 айға дейінгі кезеңдерден тұратын оқыту мерзімдеріне бөлінген.

Барлық өңірлерде жобалар 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін жергілікті атқарушы органдармен келісілген және бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты - кәсіби білім беру (аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында бизнестің нақты түрін ашу және дамыту бойынша қадамдық нұсқаулар) және табысты кәсіпкерлердің, салалық мамандардың қатысуымен практикалық дағдыларды (жұмыс істеп тұрған жобаның немесе бизнестің практикалық мысалында) қалыптастыру.

Оқыту бағдарламасының нәтижесі:

1. Әрбір аудан бөлінісінде 5-10 шағын жобаны (бизнес түрлерін) айқындау.

2. Бизнес жоспар әзірлеу арқылы аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында өз жобасын іске асыру.

3. Жобасын іске асыруға дайын әлеуетті кәсіпкерлердің резервін қалыптастыру.

4. Тәлімгерлік қағидатын дамыту арқылы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге көмектесуге дайын кәсіпкерлердің тізімін қалыптастыру.

5. Шебер-кластарға, тренингтерге қатысуға дайын әріптес ұйымдардың (жабдық, технология бойынша) тізімін қалыптастыру.

6. Аудандарда, моноқалаларда және шағын қалаларда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру.

Әріптестер:


  • «Казагроинновация» АҚ;

  • «Казагромаркетинг» АҚ;

  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын өткізетін компаниялар (Eurasia Group және т.б.);

  • салалық одақтар мен қауымдастықтар;

  • агробизнес орталықтары;

  • жекелеген салалар мамандары (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сервис және т.б.);

  • облыс кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің кәсіпкерлері.

Оқыту бағдарламасы екі бөліктен тұрады:

  1. Бизнес негіздері мен кәсіпкерлік бойынша кеңейтілген білімдер беру:

  • бизнесті ашу мен дамытудың қадамдық нұсқаулығы (өз ауданының, қаласының нарығы зерделенеді);

  • жұмыс істеп тұрған шағын жобалар қарастырылады, басқа облыстардағы, елдердегі ұқсас жобалар зерделенеді;

  • ЖК/ЖШС/ШҚ ашудың заңдық мәселелері;

  • өндірістік жоспар;

  • технологиялық жоспар;

  • операциялық жоспар;

  • қаржылық жоспар;

  • тәуекелдер және бизнесті сақтандыру.

Бірінші бөліктің нәтижесі:

Бизнестің бейіні – негізгі қызмет, табыстылық өлшемшарттары, бәсекелік басымдықтар және оларды алға ілгерілету.

Әрбір бөлім өз бизнесі мысалындағы бірқатар практикалық тапсырмалармен және жаттығулармен сүйемелденеді, бұл практикалық дағдыларды бірден бекітуге мүмкіндік береді.

2. Бизнес жобаны енгізу және сүйемелдеу: таңдап алынған жобаны іске асыру үшін қажетті іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспары және оның өтелу мерзімдері.

Екінші бөліктің нәтижесі: бизнес жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар және қаржы институттары арқылы инвестициялай отырып, 5-10 жобаны іске қосу.

Нақты жобаны айқындау кезінде өңірлерде 5-15 адамнан тұратын оқу тобы қалыптастырылады. Нақты оқыту кестесі жасалады, жұмыс істеп тұрған жобаларға бару ЖАО-мен келісіледі.

Одан әрі жобалық оқыту кезеңінде практикалық тәжірибе алу, көтерілген мәселелерді түсіну мақсатында іске асырылған дайын жобаларға шығу жүзеге асырылады.

Оқыту процесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеттері, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алу құжаттарының үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновациялар енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ «ШОБ арналған 100 жоба» анықтамалығы беріледі.

«Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша оқытуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, «Атамекен» ҚР ҰКП КҚО береді.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған жағдайда «Бизнес-мектеп» құрауышы шеңберінде оқыту жобаларын жүргізуге жарайтын қажетті үй-жайларды ұсынады.


3.2. Салалық, жас мөлшері, гендерлік және ұйымдық-құқықтық нысаны бөлінісіндегі қатысушылар саны

Жоспар бойынша – кемінде 1000 адам қамтылуы тиіс. Нәтиже – кемінде іске асырылған 200 жоба.

«Тәлімгерлік қағидатымен жобалық оқыту» бағдарламасы шеңберінде барлығы 1000 өтінім берілді. 2016 ж. мамырдан бастап шілдеге дейін тәлімгерлер (бизнесіне кемінде 3 жыл болған табысты кәсіпкерлер) ҚР өңірлерінде 40 адамды оқытты.

2016 ж. бастап аталған бағдарлама бойынша тек Алматы қ. оқытылды. Қалған өңірлерде оқу жаңа басталуда немесе жалғасуда, себебі бұл оқу екі айға созылады.



2015 жылдан бастап «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша 1040 адам оқудан өтті.

Диаграмма 27. «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша қатысушылар санының динамикасы
3.2.1. Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша қасытушылар саны

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» бағдарламасы шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде қатысушылардың жалпы санын талдаудан ДК меншік нысанындағы ШОБ субъектілерінің үлесі ЖШС мен ШҚ асып түсетіні көрінді.




Диаграмма 28. 2016 жылдың 1 жарты жылдығына ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша қатысушылар саны
«Бизнес-кеңесші» жобасы тыңдаушыларының санын ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша бөлуде есепті кезең ішінде кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын Жеке тұлғалардың (27 адам немесе оқығандардың жалпы санының 67%) шағын және орта кәсіркерлік субъектілері өкілдерінен (13 субъект немесе оқығандардың жалпы санының 33%) басым екені айқын көрінеді. (Диаграмма 5)

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында жеке кәсіпкерлер 10 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 77%, ЖШС – 2 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 15%, өзге ұйымдық нысандар (қоғамдық қорлар) – 1 субъект немесе оқыған ШОК субъектілерінің жалпы санының 8% құрады. (Диаграмма 28).


3.2.2. Салалық бөліністегі қасытушылар саны

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» бағдарламасының шеңберінде салалық бөліністе тыңдаушы-кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметін мына салаларда жүзеге асырады (10-кесте):



  • Өзге де көрсетілетін қызметтер – 5 немесе 38,46%;

  • Білім беру – 2 немесе 15,4%.

Кесте 10. «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы шеңберіндегі салалық бөліністегі қатысушылар саны.





жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау