Бағдарламасының «Қолдаудың қаржылық емес шаралары» атты төртінші бағыты шеңберіндегі «Бизнес-мектеп»


Жобаны жүзеге асырылған сәттен бастапқы жаңа бизнестің ашылуы мен қызметін кеңейті бойынша көрсеткіштер



жүктеу 2,69 Mb.
бет12/16
Дата21.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#23448
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
1.5. Жобаны жүзеге асырылған сәттен бастапқы жаңа бизнестің ашылуы мен қызметін кеңейті бойынша көрсеткіштер

«Бизнес-Кеңесші» жобасының кеәбір қатысушылары курста алынған білімдерінің арқасында бизнес ашты және өзінің қызметін кеңейткен. Пікіртерімдерге сәйкес «Бизнес-мектеп» құрауышы бойынша оқығандар арасында 15 мың оқып шыққандардың 9 % немесе 1 350 адам өз бизнестерін ашты, 11%-ы немесе 1650-і бизнестерін кеңейтті.

Мысалға Қарағанды облысында 2015 жылы оқуды аяқтағаннан кейін 79 адам (қатысушылардың жалпы санының 6,5%) өз бизнесін ашты, 41 адам (қатысушылардың жалпы санының 3,5%) жалпы соммасы 63 млн теңге болатын гранттық қаржыландыруға ие болды және 46 адам (қатысушылардың жалпы санының 3,8%) қаржы институттарында жалпы соммасы 143,4 млн теңгеге қаржыландырылған. 15 адам (қатысушылардың жалпы санының 1,25%) өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 39,6 млн теңгеге өз бизнесін бастады және кеңейтті.

БҚО – да 2015 жылы «Бизнес - Кеңесші» жобасы бойынша оқудан өткен тыңдаушылар ішінен 31 желтоқсан кезеңіне жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінлде тіркелгендер саны 50 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы желісі бойынша 10 адам қаржыландырылған; 7 адам «БЖК 2020» бағдарламсы бойынша гранттық қаржыға ие болған.

Қостанай облысында 2015 жылы «Бизнес - Кеңесші» жобасы бойынша оқудан өткен тыңдаушылар ішінен жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінлде тіркелгендер саны 105 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы желісі бойынша 171,45 млн тенгеге 107 адам қаржыландырылған; 6 адам «БЖК 2020» бағдарламсы бойынша соммасы 12,67 млн тенге болатын гранттық қаржыға ие болған және осы бағдарлама шеңберінде 14,59 млн тенгеге кепілдік берілген.

Ақтөбе облысында оқуды аяқтағаннан кейін 296 адам (27%) өз ісін бастады және кеңейтті, нақтылайтын болсақ, 115 адам қаржы институттарында жалпы сомасы 230,6 млн. тенгеге қаржыландырылды. Оқығандар ішінен 76 адам ауыл шаруашылығында, саудада, қызмет көрсету, жүк тасымалы салаларында жаңа қызмет түрлерін игере бастады. 103 адам жұмыс жасап тұрған бизнесін кеңейтті. И.К.Бітік өз қаражаты есебінен өз бизнесінде екі жаңа бағыт ашты – Ақтөбе қаласында аспазхана мен шығын жылыжай.

ОҚО – да оқудан кейін 195 адам (16,4%) бизнес ашты және кеңейтілген, оның ішінде 75 адам әр түрлі қаржылық институттардан қаржы алған. Мысалға, «Оңтүстік Былғары» ЖШС атынан қатысқан үш адам Миржибаева Нуржамал, Сакен және Жанат Рустемовтар оқудан кейін теріні қайта өңдеу бойынша бизнес түрін дамытуға құжаттарын рәсімдеп, гранттық қаражатқа ие болды. Кентау моноқаласында оқудан кейін антикафе және майлықтар өнідісіне 2 грант берілген. 30 адам «Ырыс» МҚҰ» ЖШС нен 40 млн соммаға несие алған. 35 адам «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы желісі бойынша қаржыландырылған.

Қызылорда облысында «Бизнес-Кеңесші» жобасының кейбір қатысушылар өз бизнесін ашты және өз қызметін кеңейтті

2015 жылдың 1 сәуірнен 30 қазан аралығында «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша оқытылған 1458 тыңдаушыдан 143,8 млн тенгеге 25 жоба қаржыландырылған. Олардың ішінде: Қызылорда қаласынан - 2, Арал ауданынан – 1, Жалағаш ауданынан – 3, Қазалы ауданынан – 4, Қармақшы ауданынан – 6, Сырдария ауданынан – 1, Шиелі ауданынан – 5, Жаңақорған ауданынан – 3.

Оның ішінде, келесі жерлерден қаржыландырыған:

ЕДБ – соммасы 13 млн тенге болатын 1.

АШҚҚҚ АҚ– 81,4 млн тенге болатын 15 жоба

«Лукойл» ААҚ Гранты - «Акниет» - 1 жоба, Соммасы 200 мың теңге.

Инновациялық грант – жалпы соммасы 4 млн тенге болатын 2 жоба.

РИЦ – 45,2 млн тенге болатын 6 жоба.

Астана қаласы. Оқытудан өткеннен кейін 188 адам (25,8%) бизнес ашты және кеңейтілді, оның ішінде 10 кәсіпкер қаржы институттарымен қаржыландырылды, 33 адам ауыл шаруашылығы, сауда, жүк тасу, қызмет көрсету, өндіріс және т.б салалар бойынша жаңа бизнес ашты. 75 адам қызметін кеңейтті (жаңа жұмыс орындарын құрды және клиенттік базаларын ұлғайтты).

2016 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша оң динамика байқалуда – жоба бойынша оқудан өткен жке тұлғалардың ішінде бизнес ашқандары жалпы оқығандардың 8% құрады. Ақпарат қлиент-қатысушылардың ЖСН тексеру арқылы алынды. Салық органдарының мәліметтер базасынан дара кәсіпкерлердің тіркелу мерзімін тексеру арқылы.

Бизнесті кеңейту көрсеткіштерін бағалау үшін 2016 жылдың 1 жарты жылдығында оқытылған кәсіпкерлерден телефон арқылы сұрау жүргізілді. Телефон арқылы 1700 кәсіпкерден сұхбат алынды.

Телефон арқылы сұхбат алу арқылы алынған мәліметтерге сәйке, оқудан кейін 11% респондент жаңа құрал жабдық алған, 15,2% респондент – көрсететін қызмет түрлерін/ шығаратын тауар ассортименттерін ұлғайтқан, 8,6% респондент – бизнесте жаңа бағыт ашқан және 5,3% респондент жаңа филиалдар/кәсіпорын бөлімшелерін ашқан.

Өткен жылдардағы жоғары деңгейде тіркелген өз бизнесін ашумен байланысты жедел курстардың тиімділігі биылғы жылы да жалғасуда:
2. «БИЗНЕС – ӨСУ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ТАЛДАУ.
2.1. «Бизнес –ӨСУ» жобасы жөнінде

«Бизнес – Кеңесші II» жобасы – «Бизнес-Өсу» құрауышы барлық облыстық орталықтар мен Астана қаласы, Семей және Алматы қаласындағы 17 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 2014 жылдың 1 маусымында басталды.

Бұл жоба аясында «Бизнес - кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаты бар ШОБ субъектілерін кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды қамтитын оқыту көзделген.

Оқыту курсының мақсаты – өндіріс процесінің барысында ресурстардың барлық түрлерін (уақыт, қаржы, адамдар, шикізат және материалдар) тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім беру және дағдыларды қалыптастыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының артуына қол жеткізу, өзіндік құнды төмендету. Бұл кәсіпкерге бағалық, сол сияқты бағалық емес (сервис) есебінен тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелік басымдықтарға қол жеткізуге, адами фактордың әсерін барынша азайтуға, ақаулар үлесін төмендетуге, жұмыс процестерінің жоғары бақылануын және басқарылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бизнес - Өсу» жобасы бойынша оқытуды кәсіби бизнес-жаттықтырушылар жүргізеді. Сабақтар тәжірибелік жағдайларды және жаттығуларды талқылаумен интерактивті режимде жүргізіледі.

Оқыту бағдарламасына кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама мен пікіртерімге сәйкес мынадай тақырыптар енгізілді:



  1. Маркетинг (Маркетингтің мәні. Маркетингтік зерттеулер мен маркетингтік талдау. Тұтынушыларды талдау. Сатып алу туралы шешім қабылдау процесі. Нарықты сегменттеу және өнімді жайғастыру. Тауар және тауар саясаты. Өнімді ілгерілету. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы).

  2. Сатуды тиімді басқару (Сатуға кіріспе. Сату психологиясы. Клиенттер типтері. Сату кезеңдері. Байланыс орнату. Қажеттіліктерін анықтау. Тауардың таныстырылымы. Наразылықтармен жұмыс. Мәмілені аяқтау. Сатуға дайындық. Суық қоңырау шалулар).

  3. Персоналды басқару (Персоналдың бизнестегі ролі? Персоналды таңдау? Әңгімелесу. Еңбек шарты. Жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау және шығару. Аутсорсинг)

  4. Қаржыны басқару (Талдау және жоспарлау. Кәсіпорынның негізгі қоры мен негізгі құралы. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқару. Қаржылық есептілік талдауы. Экономикалық өсу әлеуеті).

  5. Іскери келіссөздер (Коммерциялық ұсыныстар. Сату мәтіндері. Бірегей сауда ұсынысы. Әлеуетті клиенттермен кездесулердегі жұмыс. Келіссөздер. Келіссөздер технологиялары. Белсенді тыңдау техникасы. Жеке тұлға типіне қарай клиентпен өзара іс-қимыл).

Обучение по проекту «Бизнес- Өсу» жобасы бойынша оқыту бес күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Оқыту барысында тыңдаушыларға оқу материалдары табысталады.

Оқыту курстарын өткізу туралы ақпарат, өткізу кестелері БАҚ (телеарналар, радио және баспа басылымдарында) ақпарат орналастыру және жарнамалық плакаттар орналастыру арқылы жарияланады. Кәсіпкерлер мен халықты бизнес жүргізу негіздеріне оқытуға қатысты барлық ақпарат пен материалдар барлық облыстарда ӨКП беттерінде, сондай-ақ жергілікті БАҚ орналастырылған.
2.2. Өңірлік, салалық, жас мөлшері, гендерлік және ұйымдық-құқықтық нысаны бөлінісіндегі қатысушылар саны.

Жоспар бойынша кемінде 2000 (екі мың) ШОБ субъектісі қамтылуы тиіс, бүгінгі күні 62 кәсіпкер оқытылды. В 2016 году обучение началось 19 мая 2016 года.



2014 жылдан бастап «Бизнес-өсу» жобасы бойынша 5 303 адам оқудан өтті.

Диаграмма 18. «Бизнес-өсу» жобасы бойынша қатысушылар санының динамикасы
2.2.1. Өңірлер бөлінісіндегі қатысушылар саны

«Бизнес-өсу» бағдарламасы шеңберінде бизнеске оқытуға 2000 астам өтінім берілді. Мамыр айынан бастап шілде айына дейін ӨКП бизнес-жаттықтырушылары өңірлерде 62 адамды оқытты (19- диаграмма)




Диаграмма 19. Өңірлер бөлінісінде оқытылғандардың жалпы саны.
«Бизнес-өсу» жобасына қатысушылардың басым бөлігі Астана қ. – 30 немесе жалпы оқыған санының 48,4%. Аз қатысқаны Алматы қ. – 11 немесе жалпы оқығандар санының 17,7% болды. Жоғарыда көрсетілген оқу әзірге тек облыс орталықтарында жүргізілді.
2.2.2. Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша қасытушылар саны

Ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде қатысушылардың жалпы санының талдауы ДК меншік нысаны бар ШОБ субъектілерінің үлесі (63%) ЖШС санынан (34%) асып түсетінін көрсетті (20-диаграмма).



Диаграмма 20. 2016 жылдың 1 жарты жылдығына «Бизнес өсу» бағдарламасы бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде қатысушылар саны
Төменде ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша өңірлер кесіндісіндегі кесте көрсетілген (кесте 7).

Кесте 7. Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша өңірлер кесіндісіндегі «Бизнес - өсу» жобасына қатысушылардың саны



Аталуы

барлығы

Астана қаласы

Алматы қаласы

Павлодар облысы

Дара кәсіпкер

39

21

3

15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

21

7

8

6

Шаруа қожалығы

2

2

0

0

барлығы

62

30

11

21

жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау