233
V
3
.
%
Х>
-
] Rectangular
Marquee Tool
I
'”^
I
Elliptical Marquee
Tool с» Single
Row Marquee Tool
Ц Single Column
Marquee Tool
4.22-сурет. Белгілеу
құралдары
Шолуды Құралдар панелінде
орналасқан ең танымал құралдардан
бастайық: тік бұрышты белгілеу және
эллипспен белгілеу.
Құралдар
тақтасында
шын
мәнінде тіктөртбұрышты белгілеудің
бірден үш құралдары орналасады –
бұл жеке тік:
бұрышты белгілеу және екі бір пиксельді белгілеу (көлденең және тік),
олардың әрқайсысы тікбұрышты белгілеудің ерекше мысалы болып
табылады (4.22-сурет).
Жоғарыда орналасқан панельге назар аударайық.
Бірінші белгілеумен жұмыс жасауға арналған батырмаларға –
қарапайым белгілеу, біріктіру, кесу және салу (көбейту) жатады. Егер
белгіленген аумаққа бірнәрсе қосу қажет болса, онда сізге батырманы
басу жеткілікті, және екінші белгілеуді салғаннан кейін екі белгілеу де
біріктіріледі. Ең бастысы – бұл жағдайда белгілеулер қиылысу қажет.
Бұдан әрі бұл панельде Feather, яғни «Шетін шаю» қызметі бар.
Содан кейін Anti-aliased («Шетін тегістеу») қызметі жүреді. Егер
қанат белгісі орнатылған болса, онда дөңгелектенген бұрыштары бар
аумақты толтыру кезінде жұмсақ, кедірсіз салынатын болады, кері
жағдайда бұрыштар шабылған, кедірлі болады.
Біз жоғарғы панельдің ең соңғы терезесіне жеттік. Бұл «Белгілеу
стилі» (4.23-сурет).
Бірінші стиль қарапайым – бұл еркін белгілеу. Тізімдегі келесі
белгілеу – бұл осы немесе басқа бағытта еркін белгілеу, яғни сіз аумақты
салу кезінде өзіңіздің қозғалыстарыңызды шектей аласыз. Егер сіз үлкен
коэффициентті Height, ал кішісін Wight қоятын болсаңыз, онда сіздің
қозғалысыңыз шеттерге шектелген болады, ал жоғары немесе төмен
анағұрлым еркін болады. Бұны түсіну қиын, сондықтан өздеріңіз осы
қасиеттермен тәжірибе жүргізіп көріңіз.
Және қорытынды – тіркелген өлшемді белгілеу. Сізге аумақтың ені
мен ұзындығын көрсету қажет, содан кейін аумағын салмай, суретке жай
шерту қажет, ол бірден қажетті тіркелген өлшеммен пайда болады.
Бір пиксельді көлденең және тік белгілеулерде ештеңе жоқ – ені бір
пиксель және ұзындығы бүкіл суретті алатын әдеттегі белгілеу.
Эллипспен белгілеу тік бұрышты белгілеу сияқты белгілеулерді
қамтиды.
4.23 Сур. Ерекшелеу стилі
234
«Сиқырлы таяқ». «Сиқырлы таяқпен» жұмыс жасау айтарлықтай
оңай. Оны тінтуірмен экранның қажетті нүктесінде шертіп, белсендендіру
жеткілікті: құрал көршілес түстерді белгілейді, өйткені олар сондай-ақ
көрсетілген диапазонға келіп түседі. Құралдың тиімділігін арттыру үшін,
белгіленген түстік диапазонды танып білуді үйренген жөн. Бұл жоғарғы
панельде орналасқан өзіне Апй-а1^еб, Tolerance және Use All Layers
опцияларын қамтитын опцияларды пайдаланумен қол жеткізіледі.
Ant i-A l i a s e d (тегістеу) — бұл опция белгілеудің контурларын
жұмсартады.
T o l e r a n c e (кіру рұқсаты) — құралмен белгіленетін түстердің
диапазонын анықтайды. Коэффициент үлкен болған сайын, белгілеу
аумағы үлкен болады және көбірек реңктер түсіріледі.
Use All L a y e r s (барлық қабаттарды пайдалану) — бұл өте
қарапайым, бірақ өте пайдалы опция. Ол «сиқырлы таяқ» әрекетіне түсетін
барлық қабаттардан тұратын пиксельдерді қамтитын белгілеулерді құруға
мүмкіндік береді.
Лассо. Белгілеулермен жұмыс жасау үшін тағы үш құрал бар – бұл
лассоның үш түрі (4.24-сурет).
Олар немен ерекшеленеді? Бірінші лассо – бұл еркін белгілеу, екіншісі
– тікелей кесіктермен белгілеу. Бұл лассоларда тек екі қасиет бар – жырту
және тегістеу.
Ал үшінші лассо – магниттік. Ол шеттері жарқын көрсетілген
аумақтарды белгілеу үшін қолданылады. Сізге тек қана бастапқы нүктені
орнатып, және содан кейін құралды аумақтың шетімен жүргізу қажет,
белгілеудің өзі шетке қарай жабысатын болады. Бұл лассоның бірнеше
осындай өлшемі, яғни белгілеуге әсер етпей, шетінен меңзерді жылжытуға
болатын арақашықтық сияқты қосымша қасиеттері бар. Edge contrast —
шетін белгілеу нақтылығы: бұл параметр жоғары болған сайын, шеті
нақтырақ белгіленетін болады. Кедірлі шеттерді белгілеу кезінде үлкен
мәндерді пайдалану ұсынылады.
4.24-сурет. Лассо
құралы
4.25-сурет. Бастапқы бейне
235
Кейде бұл кері әсерді туындатады, бағдарлама шетін нақты анықтай
алмайды және кедірліні нақты белгілеудің орнына тік сызықты белгілейді.
Оңтайлы мәндер 10 ... 30% аралығында орналасады. Реттеудің соңғы
параметрі — Frequency — өрістің бақылау нүктелерінің орналасу жиілігі.
Мұнда да дәлірек белгілеу үшін орташа мәнді табу қажет.
Көркем әсерлер. Photoshop бағдарламасының негізгі функцияларын
қарап шыққаннан кейін суреттерді кескіндеу мысалында растрлық
бейнелермен жұмыс істеу әдістерін қарастырамыз.
4.25-суреттегі суретті мысалға алайық.
Оны түзету үшін фондық қабаттың түпнұсқасын (Duplicate Layer)
құрамыз.
Алынған қабатты Layer 1 (немесе сізге қалай ұнайды). Ал енді
қызықты Photoshop Extract Option (бөлім опциялары) әсерін қолданып
көрейік.
Бөлім панелін ашу үшін [Alt + Ctrl + X] пернелерін басыңыз (сондай-ақ
бұл команда Filter/Extract шақырылады).
Қазір көптеген адамдар бұл жерде ең бастысы – нақтылық деп айтады.
Бірақ шын мәнінде бұл олай емес. Басты әрекет – бұл үлкейткіш (Zoom
Option). Панельдің сол бөлігінде
[^
А
].
Бейнені үлкейту үшін бірнеше
шертулер жасаңыз және бейнені жылжыту үшін осы [^?] құралды алыңыз.
Қылқалам өлшемінің параметрлерін орнатыңыз (мәні 1-ден 999 пиксельге
дейін). Бейнені түзету ыңғайлы болу үшін сіз бейнені экраныңыздың
ажыратымдылығына сәйкес ұлғайтыңыз. Edge Highlighter Tool (B) құралын
алыңыз (шеттерін белгілеу), сызықты нысанның айналасында сызуды
бастаңыз (біздің мысалда – күшіктің айналасында). Егер сіз қате
жасасаңыз, сызықтың жартысын өшіру үшін Eraser Tool (E) өшіргішін
пайдалануға қорықпаңыз.
4.26-сурет. Нысанның
шеттерін белгілеу
4.27-сурет. Blur/Radial
Достарыңызбен бөлісу: |