1.1. Жалпы нысаналы индикаторлар 1.1.1. Өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің өсуі
2018 жылы Қазақстанның отандық өнімі экспортының көлемі6 61,0 млрд. АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,7%-ға ұлғайды. Ағымдағы жылы отандық өнім әлемнің 119 еліне экспортталды. Соңғы жылдары 50-ге жуық жаңа тауар позициясы экспортталды. Мәселен, есепті жылы Қазақстан БАӘ-ге өнеркәсіптік көлемде мысды, ҚХР-ға балмұздақ экспорттай бастады.
Өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі 2018 жылы 15,7 млрд. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы 7деңгейден 0,8%-ға және 2015 жылғы деңгейден 11,9%-ға асып түсті. 2018 жылға арналған жоспар (107%) 4,9 п.т. асыра орындалды (1.1.1-сурет).
1.1.1-сурет. Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің экспорты
Дереккөз: ҰЭМ СК және Қаржымині МКК деректері негізінде «ҚИДИ» АҚ-ның есептік деректері
Ел экспортының жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2015 жылы 30,5%-дан 2018 жылы 25,8%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте, ИИДМБ басым секторларының елдің өңдеуші өнеркәсібі экспортына үлесі 2015 жылғы 77,4%-дан 2018 жылы 85,6%-ға дейін, негізінен қара металлургия өнімі есебінен (18,1%-дан 25,9%-ға дейін) өсті. 2018 жылғы маусымда ҚР аумағынан тыс алтын шығаруға тыйым салуды реттейтін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодексті және металға (металдың тоннасы үшін 3409-дан 2436 АҚШ долларына немесе 28,5%-ға дейін), сондай-ақ ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған мұнай өңдеу өнімдеріне (14,5%-дан 14%-ға дейін) бағаның төмендеуіне байланысты мырышты экспортқа жеткізу көлемінің төмендеуі нәтижесінде түсті металлургияның үлес салмағы (30,9%-дан 29%-ға дейін) қысқарды.
2015 жылмен салыстырғанда 2018 жылы индикатордың өсуі негізінен металлургия өнімдері (14,4%-ға), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (1,4 есе), тамақ өнімдері (1,3 есе), химия өнеркәсібі өнімдері (1,3 есе), басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар (1,6 есе), тоқыма бұйымдары (12 есе) экспортының артуына байланысты.
Өңделген экспорт көлемі өсті:
- орташа бағалардың 16%-ға және жеткізу көлемінің 24%-ға өсуі нәтижесінде тазартылған, өңделмеген мыстан жасалған катодтар мен катод секциялары, оның ішінде Қытай (1,7 есе) және Біріккен Корольдік (2 есе), сондай-ақ БАӘ-де өнім экспортының жаңа бағытының пайда болуы нәтижесінде тазартылмаған, өңделмеген мыстан жасалған катодтар мен катод секциялары 1,4 есе;
- орташа бағалардың 16%-ға өсуіне және жеткізілімдердің 1,3 есе өсуіне байланысты, оның ішінде Қытайға (1,9 есе), АҚШ-қа (2 есе), Біріккен Корольдікке (4 есе), Украинаға (3,2 есе), сондай-ақ Испанияға, Чили мен Мексикаға экспорт жеткізілімдерінің пайда болуына байланысты феррохром 1,6 есе;
- бағаның 1,6 есе өсуіне байланысты мазут 1,4 есе;
- орташа бағалардың 16%-ға өсуі және жеткізу көлемінің 1,3 есе өсуі нәтижесінде өңделмеген алюминий 1,5 есе, оның ішінде Ресейге (15%-ға), Өзбекстанға (2 есе), Түркияға (1,6 есе), Грецияға (806 есе), Италияға (4,2 есе), сондай-ақ Швейцария, Хорватия және Словенияға өнім экспортының жаңа бағыттарының пайда болуы нәтижесінде өңделмеген алюминий 1,5 есе;
- орташа бағаның 1,4 есе өсуі және жеткізілімнің 3,9 есе артуы, оның ішінде Ресей 5,6 есе, сондай-ақ Өзбекстан, Иран және Қытайға жеткізілімнің басталуы.нәтижесінде темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жалпақ илек 5,5 есе.
Бұл ретте, мыналардың экспорты айтарлықтай қысқарды:
- орташа бағалардың 20%-ға төмендеуі және Қытайға (1,5 есе) Францияға (2 есе) және Қырғызстанға (1,9 есе) жеткізілімдер нәтижесінде өңделген уран (1,7 есе);
- өңделмеген мырыш (2,1 есе), оның ішінде Қытайға (1,6 есе) және Түркияға (1,7 есе) жеткізу негізінен «Қазмырыш» АҚ Зырян тау-кен байыту кешенінде қорғасын кендерін өндірудің қысқаруы себебінен,
- негізінен Нидерландыға жеткізу көлемінің 33%-ға төмендеуінен құрамында 1%-дан аспайтын күкірт бар сұйық отынды және басқалар 23%-ға;
- орташа бағаның 28%-ға төмендеуі және Өзбекстанға (20%-ға) және Тәжікстанға (69%-ға) жеткізу нәтижесінде жұмсақ бидай мен спельтадан жасалған бидай ұны 11%-ға;
- орташа бағаның 83%-ға төмендеуіне және құрама Корольдікке жеткізілуіне (35%-ға) байланысты күміс 17%-ға төмендеді.
2018 жылы 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда ИИДМБ-ның 14 басым секторының 11-інде өнім экспортының өсуі қамтамасыз етілді, оның ішінде құрылыс материалдары (3,3 есе), агрохимия өнімдері (3,1 есе), темір жол машиналарын жасау (1,8 есе), тау-кен машиналарын жасау (1,7 есе) және қара металлургия (1,6 есе) (1.1.2-сурет). ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда (1,7 есе) негізінен басқа тракторлардың кері экспортының қысқаруына байланысты индикатордың едәуір қысқарғаны байқалады.
1.1.2-сурет. Басым секторлар бөлінісінде өңдеуші өнеркәсіп өнімінің экспорт көлемінің өзгеруі, 2015 жылға % 2018 ж.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК және Қаржымині МКК деректері негізінде «ҚИДИ» АҚ-ның есептік деректері
ИИДМБ-ның басым секторлары деңгейіндегі талдау
Достарыңызбен бөлісу: |