Бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»


Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің нақты өсуі



жүктеу 1,78 Mb.
бет9/14
Дата29.12.2019
өлшемі1,78 Mb.
#25376
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

1.1.2 Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің нақты өсуі


2018 жылғы11 қаңтар-қыркүйекте индикатор өңдеуші секторда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының ұлғаюынан (111%) ВҚҚ ФКИ (112%) озық өсуі нәтижесінде 23,5 мың АҚШ долл./адам құрады, 2015 жылғы осы кезеңдегі нақты өсу - 100,7% (1.1.2.1-сурет).

ИИДМБ өнімділігі өсуін болжау кезінде сектор жұмыскерлерінің саны 2015-2019 ж.ж. өзгеріссіз қалады деп болжанғандығын атап өткен жөн.


1.1.2.1-сурет. Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі


Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте еңбек өнімділігі деңгейінің 27,1 мың АҚШ долл/адамнан 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 23,5 мың АҚШ долл/адамға дейін еңбек өнімділігі деңгейінің қысқаруына теңгенің АҚШ долларына орташа жылдық айырбас бағамының 1,7 есе өсуі әсер етті (195,57 теңгеден 336,33 теңгеге дейін). Бұл ретте, аталған кезеңде деңгей ұлттық валютада 1,5 есеге (5 306,4 теңгеден 7 914,4 теңгеге дейін) өсті.

2018 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша өнімділік деңгейі бойынша ИИДМБ басымды секторларының арасында мұнай өңдеу (121,1 мың АҚШ долл/адам), түсті металлургия (57,5 мың АҚШ долл/адам) және қара металлургия (41,8 мың АҚШ долл/адам) бұрынғыша алдыңғы орында. Машина жасау секторында төмен деңгей: тау-кен (7,2 мың АҚШ долл/адам), ауыл шаруашылық (8,3 мың АҚШ долл/адам), мұнай-газ (8,7 мың АҚШ долл/адам) және теміржол (12,2 мың АҚШ долл/адам).



Өңірлер кесінінде жоғары өнімділік деңгейі Атырау облысы (47,1 мың АҚШ долл/адам), Шымкент қ. (42,3 мың АҚШ долл/адам) және Қарағанды облысының (33,7 мың АҚШ долл/адам) өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалады. Өнімділік деңгейі бойынша Батыс Қазақстан (13,5 мың АҚШ долл/адам), Жамбыл (14,1 мың АҚШ долл) және Солтүстік Қазақстан (14,8 мың АҚШ долл.) облыстары артта қалуда.
1.1.2.2-сурет. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте ИИДМБ басым секторларында еңбек өнімділігінің нақты көріністе өзгеруі,

2Группа 84015 жылғы қаңтар-қыркүйек %

Дерееккөз: ҚР ҰЭМ СК
2015 жылғы осы кезеңге 2018 жылғы 9 айда еңбек өнімділігінің нақты өсуі ИИДМБ 14 басым секторының 7-де қамтамасыз етілген (1.1.2.2-сурет), соның ішінде:

теміржол машина жасау бойынша секторда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының ұлғаюынан (1,3 есе) ВҚҚ ФКИ (1,9 есе) озық өсуі нәтижесінде 48,4%-ға өсті. «ЗИКСТО» АҚ және «КВК» ЖШС кәсіпорындарында жүк вагондары өндірісін «Қазақстан даму банкі» АҚ лизингтік кредиттеу бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты игеру есебінен СҚО (5,9 есе) және Павлодар (3 есе) облыстарында өнімділік едәуір өсті;

мұнай өңдеу бойынша 1,3 есе, РТ маркалы әуе отынын шығаратын Павлодар МХЗ және Атырау МӨЗ жаңғырту мен қайта құрудың аяқталуы нәтижесінде ВҚҚ ФКИ өсуіне (14,3%) байланысты. Ағымдағы жылғы қараша айынын бастап Атырау МӨЗ минус 25С шектік сүзгіштік температурасымен (ШСТ) К5 экологиялық класты дизель отынын өндіру мен жөнелтуді бастады12. Бұл ретте, секторда жұмыс істейтін жұмыскерлер саны 11,4%, соның ішінде, Атырау (1,6 есе), Павлодар (1,3 есе) облыстарында және Алматы қ. (3,5 есе) сектор кәсіпорындарында қысқарды;

мұнай-газ машина жасау бойынша 27,6%-ға,

2017 жылғы желтоқсанда «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» АҚ екінші цехын іске қосуды ескерумен және 2018 жылы толық өндірістік қуатқа көшуге байланысты ВҚҚ ФКИ (1,3 есе) өсуі, сондай-ақ, секторда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын қысқарту (0,6%) кезінде өндіруші компаниялар тарапынан, соның ішінде, сектордың ірі кәсіпорындарында («УКАЗ» АҚ, «ЗКМК» АҚ) сұранысты қалпына келтіру нәтижесінде;



электр техникалық машина жасау бойынша 23,8%-ға, секторда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының өсуінен (1,2 есе) ВҚҚ ФКИ озық өсуі (1,5 есе) нәтижесінде. Сектордың ірі кәсіпорындары «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Қазэнергокабель» АҚ, «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Тексан» ЖШС өндіріс көлемін, соның ішінде, сыртқы нарықта (негізінен РФ) сатуды кеңейтуді ескерумен ұлғайтты. Алматы қ. 220кВ дейінгі кернеуге тігілген полиэтиленнен жасалған изоляциямен кабель өткізгіш өнімнің жаңа өндірісі («КМК Investment» ЖШС), газжағулық қазан өндірісі бойынша цех («КЕЛЕТ» АҚ) құрылды, жарықдиодты өнім өндірісі жаңғыртылды («Galaxia Technology» ЖШС);

автомобиль жасау бойынша 15,7%-ға, секторда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының өсуінен (1,2 есе) ВҚҚ ФКИ озық өсуі (1,4 есе) нәтижесінде. 2015-2016 ж.ж. күрт құлдыраудан кейін, 2017 жылдан бастап сектор өнімінің өндірісін қалпына келтіру байқалады. Жеңіл автомобиль өндірісі 2018 ж. 30 мың бірлікті құрап, 41,2 % өсті. Сектордың өндірістік өнімінің жартысынан көбі үлесіне келетін (ҚР бойынша 32,3 мың техника бірлігінен 18 мың)13 «АзиаАвто Қазақстан» АҚ анағұрлым өсу (2015 жылы 2,6 есе) көрсетті;

қара металлургия бойынша 7,8%, секторда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының өсуінен (7,1%) ВҚҚ ФКИ озық өсуі (15,5%) нәтижесінде. Өндіріс көлемінің өсуі сектор құрылымында басым (жалпы көлемнен 93,2%) шойын, болат және ферроқорытпаның (15,9%) ұлғаюымен қамтамасыз етілді. 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда қара металдың жоғары бағасының сақталуы оң әсер етті, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазхром» ТҚК» АҚ экспортқа бағытталған өндірісті күшейтуін жалғастыру, сондай-ақ, болат өнімін өндіретін «Aktau Steel» ЖШС металлургиялық зауытын, болат бдюм мен арматура өндіретін «Shymkent Temir» ЖШС және металлопрокат өндіретін «Sin Yuan Steel» ЖШС пайдалануға беру;

түсті металлургия бойынша 3,8%-ға, жұмыс істейтін жұмыскерлер санының өсуінен (117,4%) ВҚҚ ФКИ озық өсуі (122%) нәтижесінде. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС, «КЭЗ» АҚ, «Кастинг» ЖШС және «Тау-Кен Алтын» ЖШС өндірісінің көлемі ұлғайды. Индустрияландыру картасының шеңберінде «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС Бақыршық кен орнында металлургиялық кешен құрылысы және жер асты кен ошағын әзірлеу, катодты мыс өндіретін «Sary-Arka Copper Proсessing» ЖШС зауыты құрылысы, «Пустынное» алтын өндіру фабрикасы мен «Алтын алмас» АҚ өнімділігін арттыру бойынша ірі жобалар іске қосылды.

7 басым секторда еңбек өнімділігі қысқарды, соның ішінде:

ауыл шаруашылық машина жасау бойынша 47,1%-ға, бұл жаңадан іске қосылған өндірістердің («Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «Қаз Киоти» ЖШС) толық қуатқа қосылмауы нәтижесінде жұмыскерлер санының ұлғаюы (23,2%-ға) кезінде ВҚҚ ФКИ (35%-ға) төмендеуіне байланысты;

тау-кен машина жасау бойынша 39,5%-ға, жұмыспен қамтылғандар санының қысқаруымен (25,9%) салыстырғанда ВҚҚ ФКИ озық төмендеу (49,2%) нәтижесінде, бұл локализациялаудың (жиынтықтауыш құралдар, жұмыс күші) жоғары деңгейімен ерекшеленетін осы секторға инфляцияның теріс әсеріне байланысты;

агрохимия бойынша 27,3%-ға, сектордың ірі кәсіпорындары - «ҚазАзот» АҚ (күрделі минералды тыңайтқыштар цехы) және «Қазфосфат» ЖШС (экстракциялық фосфор қышқылын технологиялық өндіру жүйесі) жаңғырту мен қайта құруды ескерумен, сектор кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмыскерлер санының ВҚҚ ФКИ өсуінен (5,2%) озық өсуі (1,4 есе) нәтижесінде.

Өңірлер кесінінде өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында 2018 жылғы 9 айда еліміздің 8 өңіріндегі 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда еңбек өнімділігі өсті (1.1.2.3-сурет) 14, соның ішінде:

Маңғыстау облысы 41,4%-ға, соның ішінде, жеңіл өнеркәсіп (1,7 есе), машина жасау (1,6 есе), азық-түлік өндіру (1,4 есе), химия өнеркәсібі өнімдері (1,3 есе) өндірісінде;

Атырау облысы 33,2%-ға, соның ішінде, химия өнеркәсібі (5,2 есе), жеңіл өнеркәсіп (2,6 есе), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (1,9 есе), өзге де бейметалл минералды өнімдер (1,7 есе) және машина жасау (2,2%) өндірісінде;

Қарағанды облысы 29,3%-ға, соның ішінде, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (2,7 есе), машина жасау (2,5 есе), негізгі фармацевтикалық өнім өндіру (1,8 есе), металлургия (1,3 есе), сусын (1,2 есе), азық-түлік (4,7%) өндірісінде.
1.1.2.3-сурет. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте ҚР өңірлері бойынша еңбек өнімділігінің нақты көріністе өзгеруі , 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке %
Группа 83

Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
жүктеу 1,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау