Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы



жүктеу 0,83 Mb.
бет1/5
Дата07.12.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3406
  1   2   3   4   5

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМДІ Өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері................................................................................6



1.1 Маркетингтік қызметіндегі өнімді өткізудің ролі, орны және оған әсер ететін факторлары...................................................................................................6

1.2 Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі.....................................12

1.3 Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі бағыттары.........................18
2. “ПОЛИМЕРМЕТАЛЛ- Т” ЖШС-ң ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ...........................................................................................25

2.1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы..........25

2.2 “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау...34

2.3“ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң өнімді өткізу қызметінің тиімділігін талдау......................................................................................................................39


3. “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң Өнімді Өткізу қызметін жетілдіру жолдары......................................................................................45

3.1 Кәсіпорында өнімді өткізу жүйесін кешенді пайдалану жолдары.............45

3.2“ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң өнімді өткізу саясатын жетілдіру бағыттары...............................................................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ.......................................................65

ҚОСЫМШАЛАРЫ



Кіріспе


Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Солардың бірі ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Бұл үшін осы жүйе қызметін талдау және өнімді өткізуді кәсіпорынның өндірістік - өткізу қызметінде қолдану технологиясын әзірлеген жөн.

Қазіргі кезде өнімді өткізу кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы заманғы маркетингтің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.

Кәсіпорындардың маркетинг қызметіне жүргізілген талдау, нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, отандық өнеркәсіп орындарындағы маркетинг көп ретте жарнама және өнімді өткізу ісіне бағытталған. Ал тауар саясаты маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі екенін ескере кетсек, онда тауар саясатына тоқталмай айналып өту мүмкін емес.

Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз»./1/

Маркетингтің классикалық теориясындағы маркетинг– концепциясының басты бөлігі тауар дегенге келсек, кәсіпорынның маркетинг қызметі барлық нарықтық бәсекелестерге төтеп бере алуы үшін дұрыс тауар саясатын өз қызметтерінде дұрыс жүргізе алмауда. Осы себептен көптеген кәсіпорындар бәсеке талаптарына шыдай алмай және де тұтынушылардың сұраныстарын орындай алмай нарықтағы өз позициясын жоғалтуда.

Зерттеудің өзектілігі өнімді өткізу саясаты кәсіпорын қызметіндегі тауар ассортиментін қалыптастыруды, олардың жаңа түрлерін шығаруды, олардың сапасының жоғары болуы мен бәсеке қабілеттілігін, өмірлік кезеңін талдауды, тауар белгілерін, қораптамасын, маркіленуін және де сервистік қызмет көрсетуін талап ететін көп факторлы қызмет аясы. Сондықтан да өнімді өткізу саясаты төңірегінде қазіргі таңдағы нарық талаптарына сай өзіндік проблемалары бар. Бүгінде біздің еліміз әлемдік сауда ұйымына мүше болуға ат салысып жатқанда біздің кәсіпорындарымыз өндіретін өнімдер дүниежүзілік талаптарға сай болуы керек. Ал, бұл талаптардың бәрі сайып келгенде, тауар саясатына, яғни тауар ассортиментіне, жаңа тауарлар шығаруға, тауардың өмірлік кезеңінің ұзақтығына, қораптама, орама түрлерінің сан алуандығына байланысты. Олай болса, әрбір кәсіпорындарының өз қызмет аясында өнімді өткізу саясатын дұрыс бағытқа қою заман талабы.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады /2/.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар осы зерттеу тақырыбын таңдауды айқындайды және оның маңыздылығын сипаттайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – маркетинг қызметіндегі өнімді өткізу саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, құрылыс өнімдерін шығаратын “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң маркетингтік қызметін талдау және өнімді өткізу саясатынын жетілдіру жолдарын қарастыру. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалынды:


  • Кәсіпорындардағы маркетингтік қызметінің және де соның ішінде өнімді өткізу саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындарда қолдану деңгейін анықтау;

  • Қазақстанның құрылыс өнімдері нарығын зерттеу;

  • Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты үрдісін қарастыру;

  • Өнімді өткізу саясатын зерттеу барысында әдістемелерді әзірлеуді зерттеу;

  • Тауар ассортиментін кеңейту жолдарын іздеу;

  • Өнімнің өмірлік кезеңі бойынша, тауардың нарықта неғұрлым ұзағырақ тұруын қарастыру;

  • Тұтынушылардың талғамына сай жаңа құрылыс өнімдерінің түрлерін шығару үшін тұтынушылардың қажеттілігін зерттеу;

  • Құрылыс өнімдерін өндіретін “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң саясатына шолу және оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде “Полимер Металл-Т” ЖШС-де жүргізілген маркетингтік зерттеулер талданады. Дипломдық жұмысты зерттеудің теориялық, әдістемелік негізінде қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің маркетинг пен менеджмент саласындағы нақты өнімді өткізу саясаты бойынша еңбектері алынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік құқықтық құжаттары қолданылды. Сонымен қатар, өнімнің технологиялық құрамын және талаптарға сай дайындалуын білу үшін “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-і жөнінде мәліметтер алынды.

Осы жұмысты орындау барысында, ғылыми талдау жүргізудің жүйелі бағыты, салыстырмалы талдау, хабар өңдеудің статистикалық әдістері, т.б. ғылыми тәсілдер қолданылды.

"ПолимерМеталл-Т" ЖШС бойынша жазылған дипломдық жұмыс: кіріспе, 3 бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады.

Бірінші бөлімде: Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері қарастырылды.

Екінші бөлімде: “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң құрылу тарихы, жалпы сипатттамасы; өнімді өндіру және өткізу қызметі, техника- экономикалық әлеуеті және қаржылық жағдайы талданды.

Үшінші бөлімде: “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң өнімді өткізу қызметін жетілдіру жолдары, кәсіпорында өнімді өткізу жүйесін кешенді пайдалану жолдары және өнімді өткізу саясатын жетілдіру бағыттары қарастырылды.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМДІ Өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері


    1. Маркетингтік қызметіндегі өнімді өткізудің ролі, орны және оған әсер ететін факторлары

Кез-келген кәсіпорын нарықпен тығыз байланыс орнатып, тұтынушыларға қажетті өнімдерін жеткізіп, сатып алушыларын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, өз қызметін жүргізеді. Кәсіпорын нарықтан ақша және тағы басқа да ақпараттар ала отырып, біртұтас қызмет жүргізуші, тұйықталған жүйені қалыптастырады. Жауап ретінде кәсіпорын сондай-ақ ақпарат пен ақша жібереді. Сөйтіп, кез-келген кәсіпорынның қызметі маркетингтік ортаға тәуелді болады.

Кәсіпорынның маркетингтік ортасы – кәсіпорыннан тысқары жерлерде әрекет етуші, мақсатты клиенттермен ынтымақтастық қатынастар орнату және оны ұстап тұрудағы маркетинг қызметіне басшылық жасаудың мүмкіндіктеріне ықпал етуші белсенді субъектілер мен күштердің жиынтығы.

Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мән бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімді өткізу деңгейі жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістік шығындарды және материалдық шығындарды төмендетумен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады./3/

Өнімді өткізуді бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткштерді салыстыру керек.

Маркетингтік тұрғыдан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді слыстыруға болады.

Маркетингтік қызметтегі өнімді өткізу микро және макро орталардан құрылады. Микроорта – клиенттерге қызмет көрсетуі бойынша кәсіпорынның өзіне және оның мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен, яғни жабдықтаушылармен, маркетингтік делдалдармен, клиенттермен және байланыстағы аудиториялармен ұсынылған. Кәсіпорынның табысы көбінесе оның делдалдарының, бәсекелестерінің және түрлі байланыстағы аудиториялардың әрекеттеріне қатысты болады. Кәсіпорынның микроорта шеңберінде әрекет етуші күштер келесі сурет түрінде көрсетілген. Маркетингтің микроортасы – кәсіпорын қызметіне тікелей қатысты болатын маркетингтік күштер. Маркетинг қызметінің жетекшілері маркетингтік жоспарларды жасау кезінде кәсіпорынның өз ішіндегі басқа топтарды ескеруі қажет. Мысалға: жоғары басшылық, қаржы, өндіріс, маркетинг, бухгалтерия бөлімі, т.б.


/4/


  1. сурет – өнімді өткізудің микроорта факторлары.

Осы микроорта факторларының ішінде ерекше орынды тұтынушыларға беруге болады. Себебі тұтынушы осы кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болуына көмектесетін басты фактор. Оларды зерттеу арқылы кәсіпорын олардың қажеттіліктері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле отырып, олардың көңілінен шығатын тауарларды өндіруге бар күштерін салады. Тұтынушылардың елеулі өзгерістері байқалған жағдайда, кәсіпорындағы маркетингтік бағдарламаға толықтырулар мен түзетулер енгізілуі қажет.

Тұтынушылар арасында тауарлардың қозғалуына, өткізуіне және бөлінуіне компанияларға көмектесуші ұйымдар – маркетингтік делдалдар көмектеседі. Тиімді сауда делдалдарын таңдай білу компания тауарын өткізуде өте маңызды. Осы тұтынушылардың өнімді пайдалану дәрежесіне қарай кәсіпорын бәсеке қабілеттілікке қол жеткізеді. Кез-келген кәсіпорын көптеген бәсекелестермен бетпе-бет келеді. Бәсекелестерді анықтаудың ең жақсы тәсілі – тұтынушылардың тауарларды сатып алу туралы шешімді қалай қабылдайтындығын зерттеу керек. Бәсекеге жетудің тағы бір тәсілі – тиімді жабдықтаушыларды таңдай білу.

Жабдықтаушылар – кәсіпорынды тауарлар өндіру мен қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар. Осылайша кәсіпорынның мақсатына және бәсеке қабілетті болуына қол жеткізу үшін оның қабілетіне байланыс аудиториялары ықпалын тигізеді.



Кәсіпорын және оның жабдықтаушылары мен делдалдары, бәсекелестері неғұрлым кең ауқымды макроортада әрекет етеді. Макроорта – неғұрлым кең шеңбердегі күштер арқылы берілген. Ол кәсіпорынды қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін факторлардан тұрады. Бұл ортаны сипаттайтын факторлар келесі суретте келтірілген.

/4/


2- сурет – өнімді өткізудің макроорта факторлары.
Суреттегі түсініктерге қысқаша тоқталатын болсақ, алғашқысы демографиялық фактор, яғни халықтың саны, орналасу тығыздығы тұрғысынан зерттейтін ғылым. Бұл ортаның зерттелуі бүкіл дүние жүзі біртұтас әлемдік нарыққа айнала бастауымен түсіндіріледі. Маркетингпен айналысатын маман үшін демографиялық орта үлкен қызығушылық тудырады, өйткені нарықтың өзі адамдардан тұрады. Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында өнімді өткізудің макроорта факторларын әрдайым бақылап отыруы қажет.

Бұл факторлардың ішінде кәсіпорын жағдайына әсер ететін ең маңыздысы – экономикалық фактор болып табылады. Сондай-ақ өнеркәсіптің қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруіне байланысты қоғамда көптеген алаңдатушылық туғызуда, яғни табиғи ортаға тигізетін өз үлестерін бақылап отырғаны жөн. Маркетинг қызметін атқарушы кәсіпорын жетекшілері қоршаған ортаға қоршаған ортаға зиян келтірмеуді ескеруі және бұл мемелекеттің бақылауында болуы тиіс.

ҒТП – өндіріске жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологияны енгізу негізгі және маркетингтік ортаның маңызды факторы болып саналады. Жаңартылған құрал-жабдықтарды енгізу арқылы кәсіпорын өз қызметін ұтымды пайдалануына мүмкіндік туады, және өндіретін өнімі де біршама жоғарылайды. Ғылым мен техниканың дамуы үлкен мүмкіндіктермен қатар, қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп тудырады. Сондықтан да кәсіпкерлер өз қызметінің өз қызметінің қоғам дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді ескеруі қажет.

Маркетингтік шешімдер қабылдауда саяси жағдайлардың әсері күшті. Бұл орта бірінші кезекте кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі заңдылықтардан қалыптасады. Кәсіпорын өнімді өткізу қызметінің дамуына әлеуметтік-мәдени факторлар да әсер етеді. Маркетинг мамандары өнімді өткізу мүмкіншіліктерді анықтау үшін әлеуметтік-мәдени ортадағы тенденциялар өзгерістерін алдын-ала болжауға тиіс. Бұл орта ең алдымен нормалар жүйесі, қоғамда орын алған ережелер мен құндылықтар, адамдар арасындағы қарым-қатынас маңызды мәнге ие болады./5/

Нарықтың өзгермелі жағдайына бейімделу үшін кәсіпорын үнемі өнімді өткізудің макроортасын қалыпты түрде бақылап отыруы қажет. Бірақ ол факторлардың барлығы кәсіпорын қызметіне бірдей әсер етпейді. Ұйым өз тарапынан макроортаның қандай факторлары қызметке зор әсер ететінін, ал қайсысы дамуына қауіп төндіретінін анықтауы қажет.

Осылайша кәсіпорын әлемдік нарықта өз орнын табу үшін, кәсіпорын ішкі және сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Яғни, кәсіпорынның нарықтағы қызметі оның стратегиясы мен тактикасын, формалары мен әдістерін анықтайтын әр түрлі макро және микроорта факторларының әсерінен қалыптасады.

Маркетинг қағидаларын елемеу, көптеген өнімді өткізу нарықтың және тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің болмауы, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоймаларында дайын өнімнің ірі қорларының жинақталуына әкеледі. Мұндай экономикалық жағдай өтпелі экономиканың дамуының алғашқы кезеңіне тән.

Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субъектілердің қағидаларын пайдалану барысында ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.

ХХ ғасырдың басында пайда болған маркетинг категориясы өзінің әрекет етуі уақытында кешенді кәсіпорынның тауар нарықтары дамуы мөлшері бойынша нарықтық ортамен өзара әрекет етуіне біртіндеп көшуімен байланысты бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы өнімді өткізу қызметінің дамуында келесі сипатты тенденцияларды бөліп көрсетуге болады:


  • өнімді өткізу қызметі ғылыми-техникалық прогрестің айтарлықтай әсерінде болғандықтан, жекелей айтқанда ақпараттардың көптігіне қарай технологиялар ерекше орынға ие;

  • тұрғындар топтарының әлеуметтік белсенділігінң өсуі өнімді өткізу қызметі сипатын анықтайтын айтарлықтай фактор ретінде қарастырылуда;

  • қазіргі уақыттағы өнімді өткізу қызметі ашық инновациялық сипатта болып, үнемі жаңартуға негізделген;

  • өнімді өткізу қызметінің кең тарауы тек салалық, коммерциялық аумақта ғана емес, сондай-ақ барлық адам іскерлігі аумақтарын қамтуда./6/

Өнімді өткізу қызметінің дамуының маңызды факторы нарық шартын сатып алушы белгілеп, билік жүргізетіндей, ұсыныс сұраныстан жоғары болатындай жағдай жасау.

Қазақстандағы өнімді өткізу қызметінің қалыптасу үдерісін сипаттай келе, оның өндірісті жоспарлау, сұранысты зерттеу және бақылау сияқты элементтері әкімшілік-жоспарлы экономикада да қолданылғанын атап өту керек. Отандық кәсіпорындарды басқару жүйесіне өнімді өткізу қызметін енгізу ерекшеліктері 1990-шы жылдар басында пайда болып, бүгінгі күнгі сыртқы орта факторларымен байланысады. Олардың әсері маркетинг іс-әрекетін бірталай қиындатып, осы жүйенің нақты проблемаларына әкеледі. Экономикалық реформалар басталғаннан бері өткен жылдар нарықтың әрекет етуінің негізгі алғы шарттарының қалыптасуы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Өтпелі кезеңде экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру үрдістері мен жаңа нарықтық қатынастардың құрылуымен байланысты экономикалық қатынастар пайда болды. Өнімді өткізу қызметінің даму деңгейі мен сипатты ерекшеліктері осы қатынастар, жалпы экономика және жекелей ішкі жүйелерінің даму деңгейлерімен тығыз байланысты.

Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруашылық қызмет аумағы және өндірістік өткізу қызметін басқару жүйесі ретінде республиканың нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты. 1991 жылдан бастап кәсіпорындар мен ұйымдарда маркетинг бөлімдері ашылды, оған маркетолог мамндардың қызметі енгізіле бастады. Маркетинг бәсекелік күрестің тиімді құралы болып табылады, сондықтан отандық экономикада ол неғұрлым бәсеке қабілеттілігі күшті салаларда дами бастады.

Өнімді өткізу саясаты кәсіпорын қызметіндегі тауар ассортиментін қалыптастыруды, олардың жаңа түрлерін шығаруды, олардың сапасының жоғары болуы мен бәсеке қабілеттілігін, өмірлік кезеңін талдауды, тауар белгілерін, қораптамасын, маркіленуін, және де сервистік қызмет көрсетуін талап ететін көп факторлы қызмет аясы.

Өнімді өткізу стратегиясы – бұл кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жету құралы, ол ресурстық мүмкіншіліктері мен нарық конъюнктурасының жағдайына сәйкес тауар өндірісінің ұзақ мерзімді болашағындағы даму бағытын анықтайды.

Осындай түсініктермен қатар құрамына кәсіпорын шығаратын нақты тауар түрін ұйымдастыратын, оның сапасын, функцияларын, сыртқы түрін, маркіленуін, қораптамасын және қызмет көрсетуі кіретін өнім саясаты түсінігі бар.

Егер өнім сапасы оның компоненттерінің физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты болса, сыртқы түріне геометриялық фигуралар мен түстер комбинациясынан тұратын форма әсер етеді.

Дизайн – бұл белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға арналған өнім функциясы мен сыртқы түрін сипаттайды. Дұрыс жасалған дизайн инновациялылықтың факторы бола отырып, бұйымның тартымдылығы мен эстетикалылығын көтереді. Бұл әрине шығындарды азайтып өткізу көлемін көбейтуге ықпал етеді.

Кәсіпорынның маркетинг қызметінің басты құрама бөлігі, өнімді өткізу саясатының тағы бір көрсеткіші – тауардың өмірлік циклі, бұл тауардың нарықта болу уақыты. Тауардың өмірлік циклі концепциясын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы жасаған. Оның айтуынша әр тауардың нарықта нақты кезеңдердің ауысуын сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады және ол ерте ме, кеш пе жетілген немесе қымбат емес тауарлардың нарыққа келуінен ығысады. Ол өнімге деген сұранысты фирма табысын тауар ассортиментін, нарық сегментін, бәсекелестердің іс қимылын және әр кезеңдегі стратегиялық маркетингті зерттеуге мүмкіндік береді.

Тауардың өмірлік циклі концепциясы тауар түріне, типіне қатысты, сондай ақ сауда маркасына қарай қолданылуы мүмкін./7/

Тауар типі, әдетте тауар түрі мен сауда маркасына қарағанда дәстүрлі өмірлік циклде нақтырақ өтеді. Тауардың өмірлік циклі ең алғаш маркалы тауарлар мысалында зерттелген. Оның кезеңдеріндегі өзгерістер сәннің, дәмнің, стильдің, техникалық прогрестің әсер етуінен көрінеді. Тәуелді өзгермелі үлгілер өткізу көлемі, пайда немесе фирманың басқа да көрсеткіштері, тек жалғыз ғана тәуелсіз өзгермелі нәрсе ол – уақыт. Осы көрсеткіштердің дамуы уақытқа сай нақты үлгімен өтеді.

Тауардың өмірлік циклі құрылымы бірнеше фазалармен суреттеледі. Олардың саны әр авторларда әр түрлі 4 пен 6 арасында ауытқиды.

Тауардың өмірлік циклі әдетте 4 кезеңге бөлінеді: енгізу (нарыққа шығару), өсу, кемелдену, құлдырау немесе құлау. Жеке фирмалар үшін олар нақты мақсаттарына, ресурстарына, маркетинг жоспарына, бәсекелік ортасына, табыс деңгейіне және енгізу кезеңіне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Әр түрлі тауардың өмірлік циклі әр кезеңінде әртүрлі ұзақтықта болады: бірнеше күннен бірнеше жылға дейін.

Тауардың өмірлік циклі кезеңдері қажеттілік пен сұраныс шамасы; тұрғындардың өмірлік деңгейі (ол жоғары болған сайын тауарды жиі ауыстыру тенденциясы да жоғары), ҒТП–ң даму қарқыны, нарық конъюнктурасы сияқты факторларға

байланысты сараланады. Төмендегідей тұжырымдар анықталған: тауардың өмірлік циклі әр кезеңінде экономикалық және бәсекелік орта өзгеріп отырады:


  • әр кезең үшін басымды стратегиялық мақсаттарды анықтайды;

  • әр кезеңде шығындар мен пайда құрылымы әрқалай;

  • маркетингтік бағдарлама әр кезеңге бағытталуы керек.

Өнімді өткізудің міндеті – нарықтағы тауар өмірі ұзақтығын ұтымды түрде ұзарту, алайда ҒТП дамуы тауардың жылдам «ескіруіне» әкеп соғады. Тауардың өмірлік циклі кезеңіне табыс көлемі, инвестиция, маркетингке кеткен шығындар, бәсеке қабілеттілік деңгейі, тауар бағасы, тұтынушылар мінез құлқы тәуелді болады.

Тауардың нарыққа шығуы және ену кезеңі. Кезең мақсаты – тауарға нарық қалыптастыру. Ол анықталмағандықтың жоғары деңгейімен

анықталады. Себебі, технология әлі даму сатысында, нарыққа нашар анықталған өндірістік күштер жұмылдырылмаған, тауарды шығару аз партиямен жүзеге асады және нәтижесінде үлкен шығындарға ұшырайды.

Сатудың өсу қарқыны тауар жаңашылдығы мен тұтынушы сұранысына жауап беру көлеміне байланысты. Әдетте жаңа тауарлардан гөрі тауарды модификациялау өнімді өткізуді ұлғайтады./8/

Өнімді өткізу арнасына қатысушылардың міндеті және қызмет аясы :


  1. Ақпараттық- маркетингтік зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.

  2. Коммуникациялық – жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.

  3. Тауарлады бейімдеу - тауарларды сатып алушының талабына сай ынғайлау (өндіріс, сұрыптау, құрастыру және орау).

  4. Байланыстарды орнату - мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.

  5. Келіссөздер жүргізу – тауар меншігін иемденуге беру үшін баға және басқа да шарттар туралы келіссөздер жүргізу.

  6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тасымалдау және қоймаға қою.

  7. Қаржыландыру – арнаның қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.

  8. Тәуекелге бару - өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.

  9. Төлем жасау – тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.

  10. Меншік құқығын табыстау – тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.

Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп атайды./9/


    1. Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі

Өнімнің өткізілу қабілетін бағалау, бүгінгі күні, өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Cебебі, шығарылған өнімдердің өткізу нарығында бәсекелес өнімдерден артықшылығын немесе кемшілігін анықтау, сол арқылы өндірістік стратегиясын белгілеу - өндірушіге, сатып алатын өнімнің осы тектес өнімдерден құндылығын айқындау, сол өнімнің мейлінше тиімділігін бағалау – тұтынушыға қажет.

Бүгінгі таңда өнімнің өткізудің көптеген әдістемелері мен оларды жүргізу жолдары бар. Олардың бірқатары өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен салыстырып талдауға негізделсе, тағы бір тобы индекстік әдіспен бағаланады. Мұндай бағалаулардың негізі болып зерттелетін өнімнің сапалық және құндылық көрсеткіштерін тұтынушы талаптарымен салыстыру саналады. Алайда, тұтынушының талаптары туралы мәлімет алудың біршама қиындығына орай, өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау базалық өніммен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұл үшін нарыққа ұсынылған ұқсас өнімдердің ішінен өтімділігі жоғары, тұтынушылық қасиеттері сенім туғызатын және беделді өндірушінің тауары таңдап алынады. Осы үлгілі өнімнің көрсеткіштеріне салыстырмалы өнім көрсеткіштерінің сәйкестілігі немесе сәйкессіздігі өнімді өткізу деңгейін анықтайды.

Эксперттік әдістемені қолданудың көптеген тиімділіктері бар. Ең алдымен, ол – өнімді бағалау кезінде оның негізгі сипаттарын анықтаудың әр алуандығы. Екіншіден, өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бағалаушыларды қарапайым тұтынушыдан, білікті маманға дейін тарту мүмкіндігі. Үшіншіден, өнімнің бәсекелік қабілетін нарықтың әр аймақтарында бағалау арқылы, оның сол өңірдегі нақты деңгейін анықтауға қолайлылығы. Алайда, бұл әдіспен өнімнің бәсекелік қабілетін бағалағанда, сарапшыларды таңдау мұқияттылықты қажет етеді. Өйткені, таңдалған әрбір сарапшы алынатын соңғы нәтиженің сапасына белгілі бір деңгейде ықпал етіп отырады.

Өнімді өткізу көрсеткіштерін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелей, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әрбір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Яғни, белгілі бір өнімнің артықшылығын төмендегі формуламен бейнелеуге болады:

Q = R/S (1)

мұндағы Q – өнімді өткізу деңгейі;

R – тиімділігі (өнімнің сапасы)

S – өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар.

Интегралдық әдісті есептеу жеке және топтық индекстердің жиынтық шамасымен жүргізіледі. Жеке және топтық индекстер сапалық және құндық көрсеткіштерге бөлек есептеледі және соңында біріктіріледі.

Өнімді өткізудегі сапалық көрсеткіштің жиынтық индекстері мына формуламен есептеледі:

Ik = ∑ qi ai , (2)

мұндағы Ik - сапаның топтық индексі

qi – сапаның i – параметрі бойынша жекелей индексі;

ai жалпы құрамда i – параметрінің салмағы.



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау