Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет20/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек

көрсету және оқыту;

      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.

      193. КҚКО функциялары:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік 

қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету

;

      3) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты «бір терезе» 



қағидаты бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау бағыттарын іске асыру;

      4) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес 

қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;

      5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

      194. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс 

істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен

қаржылай емес қолдау операторының жанындағы – қаржылай емес қолдау операторының жеке 

қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      195. КҚКО қызметтерін ұсыну тетігі:

      1) қаржы агенттігі мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске 

асыру үшін КҚКО операциялық залында консультанттарды орналастыру үшін қаржылай емес қолдау 

операторымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасады;

      2) мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қаржылай 

емес қолдау құралдарының белгіленген тетігі бойынша жүзеге асырылады;

      3) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-на 

дейін мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру шеңберінде 

КҚКО базасында алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды және қаржы 

агенттігімен келіседі;

      4) Қаржы агенттігі КҚКО базасында өзге де білім беру бағдарламаларын, тренингтерді, 

мастер-кластарды өткізе алады, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған дөңгелек 

үстелдер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыра алады.

      196. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі - КҚО) - бұл базасында шағын және 

орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және 

маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама

жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.

      197. КҚО құру мақсаттары:

      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек

көрсету және оқыту;

      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.

      198. КҚО қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы

бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.

      199. КҚО облыстардың кәсіпкерлер палаталары филиалдарының жанында, моноқалаларда, 

шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.

      200. ҚҚО функциялары:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты 

кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, 

қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер 

мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылық емес 

қолдау шараларын көрсету;

      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа 

мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;

      4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан 

қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;

      5) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;

      6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.



      201. КҚО-ның қызмет етуіне және дамуына арналған шығындарды қаржыландыру уәкілетті 

орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулі қызметтерді көрсету туралы шартқа 

қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      202. КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:

      1) уәкілетті орган мен оператор моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында 

КҚО-ның қызмет етуі мен дамуына арналған шығындарға өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт 

жасасады;

      2) оператор уәкілетті органмен жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт 

шеңберінде:

      КҚО үшін консультанттарды;

      КҚО консультанттарын тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен;

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа 

мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

      203. Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен 

кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржы жылының 12 айы бойы КҚО қызметтерін үзіліссіз 

көрсетуді қамтамасыз етеді.

      204. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі 

қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен 

КҚО қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету 

туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      205. Кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі - КҚҰО) - бұл ауылдық елді 

мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына 

кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және 

консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған 

автобустары.

      206. КҚҰО құру мақсаттары:

      1) ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау 

құралдарын танымал ету;

      2) ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті 

ашуға ынталандыру;

      3) КҚҰО қызметтері ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 

мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады.

      207. КҚҰО функциялары:

      1) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік 

бастамасы бар халқын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық 

қызметтерді ұсыну;

      3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру;

      4) кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, кәсіпорындардың жетекші мамандары мен 

топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағыты бойынша қатысуға өтінімдер жинау;

      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету.

      208. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы 

агенттігінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      209. КҚҰО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:

      1) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын қаңтардың 20-на дейінгі мерзімде қаржы 

агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісім бойынша КҚҰО-ның ауылдық 

елді мекендерге шығу кестесін жасайды;

      2) қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісілген 

КҚҰО-ның құрамында Қаржылай емес қолдау операторының ауылдық елді мекендерге шығу кестесі 

келісілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қаржылай емес қолдау операторы мен Бағдарламаның 

өңірлік үйлестірушілерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ауылдық елді мекендердің халқын 

консультациялар өткізілгенге дейін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті ақпарат

орналастыру арқылы КҚҰО-ның консультацияларды жүргізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;

      4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған кезде ауылдық елді мекендерде 

консультацияларды ұсыну үшін қосымша үй-жайларды қамтамасыз етеді;

      5) КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығуы тиісті қаржы жылының наурызынан желтоқсанына

дейінгі аралығын қоса алғанда жүзеге асырылады;




жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау