Бағдарламасы туристік топография 050609



жүктеу 234,77 Kb.
Дата31.01.2018
өлшемі234,77 Kb.
#8234
түріБағдарламасы
    Навигация по данной странице:
  • Дәріс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Туристік топография

050609 – «География»

Көлемі 1 кредит


Орал 2010 ж.

1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

«География» кафедрасының оқытушысы Б.Х Ходжанова

2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

2.1 Амельченко В.И. – г.ғ.к., доцент, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «География» кафедрасының меңгерушісі


2.2 Умбеткалиев Н.К. – биология магистрі, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «экология» кафедрасының оқытушысы

3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 200_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

4. Жұмыс оқу бағдарламасы _050116 – «География»_______________

мамандықтарының элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген

5. ҚАРАЛҒАН жататылыстану және математика факультеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 200_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«География» бағыты бойынша студенттерге арналған бұл курс Қазақстанның және шет елдердің бүгінгі күнге дейін созылатын барлық дәуірлер мен кезеңдердегі өзекті мәселелерді қамтиды.

География тарихының бүгінгі жаңа көзқараспен зерттелуі және осыған байланысты әртүрлі балама пікірлердің кеңінен өрістеуі география ғылымы саласында дайындалатын маман-студенттерді теориялық және методологиялық тұрғыдан қаруландыруды қажет етуде. Қазақстан тарихының тәуелсіздік жағдайда жаңаша тұрғыда талдайтын теориялық мәселелері аз емес. Олардың ішінде әсіресе туризм және экскурсия мәселелері. Курс дүниежүзіндегі туристік орталықтардың заңдылықтарын, ерекшеліктерін, олардың таныстырады. Қазақстанда және басқа шет елдерде туризмге қажетті ресурстарының қаншалықты пайдалы жақтарын, бүгінгі күн талабына сай табиғат ресурстарының қолданылуын тереңдетіп оқытуды талап етеді.



Курстың мақсаты.

Курстың негізгі мақсаты туритік топография ғылымының зерттеу нысаны. География ғылымындағы алатын орны. Туристік топография ғылымының жорық, саяхат кезіндегі маңыздылығын оқыту, зерттеу. Оқытушылық қызметте және зерттеу жұмыстарында теориялық, методологиялық тұрғыдан өзіндік дайындалуға мүмкіндік беру. Жаратылыстану саласының қиын да қарама-қайшылықты сұрақтарына объективті, жаңа көзқарас тұрғыснан қарастыру болып табылады.



Курстың міндеті.

Студенттерді туристік торпография ғылымына қатысты, географиялық ерекшеліктермен таныстыру, сонымен қатар басқа ғылымдармен байланысы және ғылымдағы алатын орны жайлы толық мағлұмат беру.



Бейімділік пен біліктілік:

- Туристік топография пәнінің география ғылымындағы алатын орны

- Туристік топография ғылымының негізері мен заңдылықтарымен тереңдете танысады;

- Топография ғылымының басқа ғылымдармен байланыса отырып дамуы.

- Туристік топография ғылымының негізін қалаушы ғалымдар жайлы мағлұматтар алу.

- Жаңа заман дәуіріндегі туристік топография ғылымының дамуы.



- Қазақстан территориясындағы туризм саласының дамуы үшін, табиғат ресурстармен танысып, олар жөнінде жаңа мәліметтер алады;

«Туристік топография»: атты курсты оқыту алдындағы оқылатын пәндердің тізімі: Бакалавриатта оқылатын Табиғат ресурстарының географиясы, Жер ресурстарының географиясы, Гидрология, Топырақтану, геология, биеогеография және т.б.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырып атаулары

Дәріс

Семинар


сабақ

Емтихан

Рейтинг

ОСӨЖ

Барлығы

1

Топография. Турист үшін топографияның анықтамасы жәнемаңызы.

1

1







1




2

ТТопографиялық карталар.

1

1







1




3

Топографиялық карталардың мазмұны.

1

1







1




4

Топографиялық шартты белгілер.


1

1







1




5

Топографиялық шартты белгілер. Жолдар мен жол құрылыстары.

1

1







1




6

Топографиялық шартты белгілер. Гидрография.

1

1







1




7

Топографиялық шартты белгілер. Жер бедерінің географиялық карталарда белгіленуі.

1
















8

Топографиялық шартты белгілер. Елді мекендер және жеке құрылыстар.

1

1







1




9

Топографиялық шартты белгілер.Жер бедері.

1

1







1




10.

Көкжтиек бойынша бағдарлау.

1

1







1




11

Туристік жорықтарда компаспен жұмыс жасау.

1

1







1




12

Туристік жорықтарда ара-қашықтықты есептеу жұыстары.

1










1




13

Туристік жорықтарда маршруттарды бағдарлау.

1

1







1




14

Туристік бағдарлаудың мазмұны мен мәні.

1










1




15

Маршрутты анықтау және қозғалыс жоспары.

1

1







1




12

Емтихан







1










13

Рейтинг










7







14

ОСӨЖ













8




15

Барлығы

15




1

7

8

31


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

1Дәріс

Тақырыбы: Топография: Турист үшін топографияның анықтамасы және маңызы.

Тірек сөздер: топография, турист, анықтама, сьемка, бағдарлау.

Топография термині грек тілінен аударғанда «топос» жергілікті жер және «графио»- жазамын деген сөз. Топография – бұл ғылым саласы жергілікті жердің картасы мен жоспарын түзу үшін, зерттеу жұмыстарымен, оқумен айналысады. Бұл іспен топографтар шұғылданады. Топографтар арнайы оптикалық құралдармен жергілікті жерді фотоға түсіріп, оларды өлшеп

, арнайы қағаздарға түсіреді. Олар-өзендер, көлдер, жолдар, ормандар, таулар, елді мекендер, құрылыстар, топырақ, өсімдік, жануарлар және т.б. Жергілікті жердің топографиялық сьемкаларын аяқтап болғаннан кейін, арнайы карта шығаратын фабрикаларда карталарды басып щығарады.

Карта сөзі тарихта бұрыннан белгілі сөз, латын тілінен аударғанда сызу, «чертеж) деген сөз. Ал қазіргі заманғы түсінік бойынша арта дегеніміз – жер қыртысының немесе оның бөліктерінің кішірейтіліп түсірілуін айтады. Мазмұнына қарай карталар:

1. Жалпы географиялық карталар- олардың өздері де екі топқа бөлінеді: топографиялық және шолу карталары.

2 Дәріс

Тақырыбы: Топографиялық карталар.

Тірек сөздер: карта, глобус, жер бедері, жергілікті жер, элемент, рельеф.

Жалпы мәліметтер Ф.Н Крассовскийдің зерттеуі бойынша жердің көлемі және фигурасы Геойд пішіндес. Жер беті күрделі тегіс емес, мұхиттардан тұратын, физикалық және топографиялық жер қыртысы деп аталады.

Топография ғылымы – жер қыртысының беткі бөлігін географиялық және геметриялық жағдайын, жер бетінде түсірген топографиялық карталар мен космостық және тағы басқа әуе түсірілімдерінен кейін, топографиялық карталарды құрастыру, жасап шығу.Топографияның негізгі ғылыми және практикалық мәселесі топографиялық карталарды құрастыру, яғни онда адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті обьектілер беріледі.Топографиялық дайындық. Топографияның негізгі элементтері. «Жергілікті жер» түсінігі, жер қыртысындағы кеңістік, яғни рельеф және жергілікті заттарды айыруға, ажыратуға болады. Жер қыртысындағы, жер бетіндегі әркелкілікті (тегіс емес жерді рельеф деп атайды.Ал ондағы орналасқан барлық табиғи және жасанды заттар, (өзендер, көлдер, таулар әртүрлі құрылыстар жергілікті жердің заттары деп аталады.

3 Дәріс

Тақырыбы: Топогрфиялық карталардың мазмұны.

Тірек сөздер: топографиялық карталар, масштаб,

Картаны оқу дегеніміз не, Мысалы: газет, журнал, кітап оқу, ал каратны қалай оқимыз. Карталарға қарасақ, көптеген аттар, сандар, сызықтар, көптеген әртүрлі формадағы белгілерді де көруге болады. Бұлар не, яғни топографиялық шартты белгілер. Картаның төменгі бөлігінде масштабы, үш түрде сандық, атаулық, сызықтық түрде беріледі.

Картаның екі рамкасы бар, ішкі және сыртқы. Сыртқы жуан қара сызықпен, ішкісі жіңішке сызықпен беріледі. Рамканың жоғарғы жағы солтүстік, төменгі жағы оңтүстік, сол жағы батыс, оң жағы шығыс болып келеді. Рамканың жоғарғы жағында (картаның жоғарғы бөлігінде) әріппен, санмен, оның шифры (номенклатурасы) беріледі.

Барлық карталар вертикаль және горизанталь бағытта сызықтармен беріліп, квадрат болып сызылған. Вертикаль сызықтар –солтүстіктен оңтүстікке бағытталған, ал горизанталь сызықтар батыстан-шығысқа бағытталған. Бұл сызықтар карталардың координаттық торлары деп аталады. Егер кез келген масштабы 1:10000, 1:25000, 1: 50000 карталардың квадрат координатасын есептейтін болсақ. Мысалы: Картада масштабы 1:10000 карталардың ұзындығы 10 см тең, 1:25000 4см-ге, , 1:50000 2 см-ге тең.Карталардан қажетті координаталардың торларын табу үшін, ішкі және сыртқы рамкаларда санмен номерленеді.

4 Дәріс

Тақырыбы: Топографиялық шартты белгілер.

Тірек сөздер:шартты белгілер, сызықтық, фигуралық, аудандық, анықтамалық

Барлық жергілікті жердің заттары, топографиялық карталарда арнайы топографиялық шартты белгілермен белгіленеді. Мысалы: орман топографиялық карталарда жасыл түспен беріледі. (Шын өмірде де ол жасыл түсті). Үйлер және басқа да құрылыстар тік бұрышты болып белгілінеді. ( Егер осы обьектілерді самалетпен төбесінен қарағанда тік бұрышты болып көрінеді) Ал өзендер көлдер, жылғалар, жалпы су жүйесі көк түспен беріледі. Дегенмен топографиялық карталарда барлық заттарды олардың өмірдегі қасиеттеріне қарай сипаттау мүмкін емес. Мысалы: ені 20 метрлік шоссені (үлкен жол) масштабы 1:200000 карталарда 0,1 мм-мен ғана береді, ал самалеттен қарағанда көрінбейтін кішкентай бұлақтар 1мм беріледі. Топографиялық карталарда жақсы көріну үшін, сонымен қатар шоссе және тағы басқа үлкен жолдар карталарда боялып анық көрсетіледі. Сонымен әрбір турист қандай белгілер карталарда масштабтық, ал қандай карталарда масштабсыз болып келеді білуі керек.

Брлық топографиялық шартты белгілерді, шартты тұрде бөліп қарастыруға болады.



  1. Сызықтық- бұл жолдар, байланыс сызықтары, электр беретін сызықтар, жылғалар, өзендер және т.б жатады. Бұл аталан шартты белгілір шын өмірде де ұзын,сызық сияқты болып келеді.

  2. Фигуралық- көпір, шіркеу, мұнара, электростанция, жекелеген құрылыстар жатады.

  3. Алып жатқан аумағы көп жерлер. Орман, батпақ, жыртылған жерлер, елді мекендер, шалғын және т.б.

  4. Анықтамалық-орманға анықтама беру, елді мекендер аты, темір жол станциялары, өзен, көл, тау.

5 Дәріс

Тақырыбы: Топографиялық шартты белгілер.



  1. Жолдар және жол құрылыстары.

Тірек сөздер: жол, шартты белгі, темір жол, автомобиль жолы, грунт жолдар, шоссе.

Бұл топтың он бір топографиялық белгісі бар, бұл белгілерді туристер міндетті түрде білуі қажет. Өзінің маршруты барысында, жаяу турист жолсызбен жүргеннің өзінде, жол бағдар жасау үшін қажет.

Жолдардың негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады. Темір жолдар, автомобиль жолдары, грунт жолдары. Шосселік жолдар дегеніміз арнайы жасанды материалдармен жабылған, таспен яғни асфальтпен жамылған. Топографиялық карталарда шоссе бір-біріне параллель жатқан екі қара сызықпен беріледі.

6 Дәріс

Тақырыбы: Топографиялық шартты белгілер.

1. Гидрография

Тірек сөздер: гидрография, мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ

Гидрографияға қатысты туристер білуге шарт сегіз белгі бар. Жаяу саяхат жасағанда саяхатшыға отта тамақ әзірлеу үшін өзен, көлдің, бұлақтың басқа су көздерінің жанына орналасады. Негізгі топографиялық карталарда өзендер масштабпен және масштабсыз беріледі. Барлғы өзеннің үлкендігімен картаның масштабына байланысты. Егер өзен кішкентай болса, оны ірі масштабты карталарда дәл көлемімен беру қиын, Ал өзеннің көлемі, ауданы, ұзындығы көп болса оны карталарға салу жеңіл болады. Яғни үлкен өзендер масштабпен беріледі. Үлкен өзендердің жағалау сызықтары болады, көк түспен боялады. Шағын өзендер тек ирек сызықпен беріледі.

Теңіз, көл, тоған – жіңішке көк түсті сызықпен және көк түспен боялады.

Халық жиі қоныстанған елді мекенде құдықтар ірі масштабты карталарда ғана көрсетіледі. Құдықтың белгісі-1мм болатын көк дөңгелек, ортасында нүктесі бар.

Бұлақтар- егер суы тұрақты, құрғап қалмайтын болса, топографиялық карталарда диаматрі 1мм болатын көк түсті дөңгелек.

Батпақтар-екі типі болады: кісі өте алатын және кісінің өтуіне қиын немесе мүлдем өте алмайды. Осыған байланысты шартты белгілердің де екі түрі бар.

Суы мол балшық жерлер- бұл батпақты, сулы жерлерде кездесіп құрғатуды талап ететін жерлер. Бұл белгілер кәдімгі жылғаларға ұқсайды, тек қатты ирелеңдеген болып келеді.

7 дәріс

Тақырыбы: Топогрфиялық шартты белгілер.


  1. Өсімдік әлемі.

Тірек сөздер: өсімдік, орман, бұтақтар, шөптесін өсімдіктер, бау-бақша, сирек орман, шалғын.

Бұл топқа он бес топографиялық шартты белгі бар, лоардың көпшілігі аумақты жерді алып жатқандықтан масштабпен беріледі.

Бірінші белгіоларды жасанды және табиғи өсімдіктер алып жатыр. Кез-келген орманның алаңы, шалғыны, батпағы болады. Яғни олардың барлығының шекарасы бар, топографиялық карталарда көрсетуге болады. №олардың шекаралары уақ қара нүктелермен беріледі, нүктелерінің арақашықтығы 1мм шамасында.

Орманның шартты белгісі жасыл фон (түс). Егер орман қарт болса онда қою жасыл түспен беріледі. Ал орман енді отырғызылған болса, ашық жасыл түспен беріледі. Сонымен қатар елді мекендердегі парктер де жасыл түспен беріледі. Орманның қасында өзіне тән шартты белгілер тұрады.

Жаңадан отырғызылған орман алқабы (табиғи немесе жасанды) ашық жасыл түспен беріледі және фонда кіщкентай қара дөңгелектер болады.

Бау-бақшалар- жасыл фон, кішкентай қара дөңгелектер тіке болып түседі. Кесілген орман-ақ фон, Сирек орман- ақфонда орналасады. Кішкентай қара дөңгелектері бар.

Ірі масштабты карталарда жеке тұрған бұталар, ағаштар да көрсетіліеді. Және өзіне тән шартты белгісі бар.

Жіңішке жолақты ормандар карталарда жасыл фон ені тым жіңішке блғандықтан масштабсыз беріледі.Жол бойында егілген ағаштардың да өзінің шартты белгісі бар. Жек тұрған ағаш немесе бұта турист үшін маңызды рол атқарады.

8 Дәріс

Тақырыбы: Топографиялық шартты белгілер.

1. Елді мекендер мен жеке құрылыстар.

Тірек сөздер: елді мекен, деревня, ауыл, село, хутор, электростанция, аурухана, санаторий, завод, фабрика.

Елді мекендерге қатысты он бес топографиялық шартты белгіні турист білуі шарт. Елді мекендер-деревня, хутор, ауыл село, қала және жекелеген құрылыс орындары жатады. Біріншіден жекелеген үйлер және адам тұрмайтын құрылыс орындары, масштабсыз тік бұрышты етіп беріледі. Егер ғимараттың алып жатқан ауданы көп болатын болса, сол ғимараттың көлемі секілді шартты болгісі де үлкен етіп беріледі. Топографиялық карталарда деревнядан қашық, орналасқан өзінің сарайы және тағы басқа құрылыстары бар, жеке үйдің өзінің бөлек шартты белгісі бар. Кез-келген елді мекен кварталдармен бөлініп, ағаш (отқа төзімсіз) және тас (отқа төзімді) құрылыстармен салынған. Топографиялық карталарда елді мекендер пункті жіңішке қара сызықпен беріледі. Олардың ішкі фоны сары түспен боялады (құрылысы ағаштан болса). Немесе үйдің құрылысы таспен салынса, қызыл сары түспен беріледі. Әрғимараттың жанында жазумен берілген шартты белгісі болады.Мысалы: мектеп (ШК), аурухана (БОЛЬН), электростанция (ЭЛ-СТ) және т.б.

Завод-фабрика орналасқан территоияларда, топографиялық карталарда суреті және шартты белгілері беріледі. Завод, фабрикалар алып жатқан аумағына қарай шартты белгілері де беріліп отырады. Сонымен қатар елдімекендердегі шіркеу, ескерткіш, және тағы басқа орындар да беріледі. Бұл айтылған ғимараттың барлығы масштабсыз беріледі, шамамен 1,5 және 1,3 мм болады. Ал уақ масштабты карталарда олар үлдем көрсетілмейді.

Жорықтарда жекелеген үйлерді кездестіруіміз мүмкін ол орманшының немесе қойшының үйі болуы мүмкін.Оның өзінің арнайы шартты белгісі бар. Жорықтарда туристің дұрыс бағдар жасауына, биік мұнара тәрізді құрылыстар көмектеседі. Олар алыстан көрінеді: су мұнарасы, өртті бақылау мұнарасы, үйілген шөп, мешіт және т.б. Олар масштабсыз беріледі.

9 Дәріс

Тақырыбы: Топографиялық шартты белгілер.



  1. Рельеф (Жер бедері)

Тірек сөздер: рельеф, тегіс, жазық, тау, беткей, ойыс, қазаншұңқыр, жылға, жыра.

Жер беті тегіс емес таулар мен жазықтықтардан тұрады. Біздің планетамыздың беті тегіс жерлері аз. Кез-келген жазықтықта онша үлкен емес, көтерулер мен төмен түскен жерлер бар. Қорғандар, төбелер, ойыс, жыралар, жылғалар, өзендер бойындағы жыралар, шұңқырлар. Осылардың барлығы жергілікті жердің рельефін көрсетеді. Жер бедері –жер бетінің тегіс еместігін көрсететін фактор. Жер бедерінің тегіс еместігін екі фактор арқылы анықтауға болады.



  1. Жоғары көтерілген- дұрыс (жағымды)

  2. Төмен түскен- бұрыс (жағымсыз)

Ал жазық жерлердің сипатына қарай үш түрге бөлуге болады- азтілімденген, орташа тілімданген, күшті тілімденген. Мысалы: күшті тілімденген жерлер қазан шұңқыр, жыралар, жылғалар, төбелер және т.б. Дұрыс жер бедері формасына: тау, төбе, үстірт, жота, қорғандар жатады. Бұрыс жер бедері формасына: қазан шұңқыр, ойыс, сай, жыра, жылға, ойпат, шатқал жатады.

Беткей дұрыс және бұрыс жер бедері формасына жатады. Беткейлер тік кейде жайлы, жайпақ болып келеді. Шұңқырлар мен қорғандар- олар табиғи және қолдан жасалынған (жасанды) деп екіге бөлінеді.

10 Дәріс

Тақырыбы: Туристік жорықтарда маршруттарды көкжиек бойынша бағдарлау.

Тірек сөздер: көкжиек, жорық, маршрут, азимут, 360 градус, бағдар.

Жай адамдар (туристер, геологтар, әскерилер емес)-бір-біріне, бір жоды түсіндергенде оң жақ, сол жақ, артында, соңында, алдында деген сөздерді көп қолданады. Яғни бағдар жасағанда үш элемент қолданады.

1-ші бағыт

2-ші қашықтық

3-ші бағдар.

Жалпы қашықтықты метрмен, аяқтың қадамымен есептеуге болады. 4-минуттық жүру дегеніміз не. Адам өзінің кәдімгі өте баяу жүрісімен, 1-минутта55-60қадам жасауы мүмкін.Ол жергілікті жерде 90-100 м, яғни 4 минутта турист шамамен 380 метр жүрді. Қашықтықты есептеудің оңай жолы, 1-ші үй, екінші құдық, 3-ші бау-бақша, 4-ші мектеп деп жергілікті заттармен есептеп шығуға болады. Адамдар баяғыдан бері жер бетіндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді байқап, сипаттама, анықтама берген болатын.Мысалы: Күн шығыс көкжиетен шығып, батыс көкжиекке батады. Сонымен қатар Айда, поляр жұлдыздары да шығыстан пайда болып батысқа қарай кетеді.Соңында дөңгелек көкжиектің төрт нүктесі анықталды.- солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс. Сосын дамдар көкжиекті бірдей етіп 360-қа бөлді, бұл бір жылдық күнге сәйкес келді. Жерді дөңгелек етіп алып, оны бөліп, бөліктерін 360 жеткізіп-градус деп атады.Сонымен оның төрт бөлігінің бірі-90 градусқа теңболды.

Азимут-бұл бұрыш, солтүстікке бағытталған (бірінші сәуле) және жоспарланған мақсатқа бағытталған бағдар (екінші сәуле). Азимут градуспен өлшенеді.Көкжиек сызығы бойынша төрт негізгі нүктелер мен бағытты-солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс білеміз

11 Дәріс

Тақырыбы: Туристік жорықтарда, компаспен жұмыс жасау.

Тірек сөздер: компас, лимба, қысқаш, нысана сақинасы, магниттік бағдар, карта,

Компас бұрыш өлшейтін құрал, жергілікті жердің магнитті азимутын есептейді. (кеңітікте есептейді).

Адрианов компасы- 19ғасырда орыс әскери топографы, капитан Петр Адрианов ойлап тапқан. Бұрын латун металынан жасалынса, қазір пластмассадан жасалынады.Адрианов компасы бес бөліктен тұрады. 1) компастың корпусы. 2) нысана сақинасы, 3) магниттік стрелька, 4) лимба 5) қысқаш.

Корпус- сыртындағы қара пластмасса- басқа төрт бөлігін құрастырып ұстап тұру үшін қажетті.

Нысана сақинасы- компастың жиегі, онда қарау үшін жасалған тесік, қарауылға алып көздейтін жер. Нысана сақинасымен компастағы мәнді градуспен алады.

Магниттік стрелка (бағдар)- компас ішіндегі бағдарды көрсетіп тұратын стрелка.

Лимба- ақ дөңгелек сызықтармен бөлінген, нүктелер мен үшбұрыштардан тұрады. Барлық бөліктері -120-ға жетеді.

Қысқаш- компасқа қажетті маңызды құралы. Қысқанда –компас жабылып, стрелка жұмыс істемейді.

Қазіргі кезде туристер негізінен қолдануға жеңіл, ыңғайлы- сұйық компасты қолданады. Туристерге компас не үшін қажет.

1-ші ең қарапайым түрі көкжиекті табу.

2-ші картаны компаспен бағдарлау.

12 Дәріс

Тақырыбы: Туристік жорықтарда арақашықтықты есептеу. (өлшеу)

Тірек сөздер: арақашықтық, көзбен бағдарлау, жер бедері, қозғалу

Жергілікті жерде арақашықтықты келесі әдістермен анықтайды.



  1. Арақашықтықты қадаммен есептеу.

  2. Көзбен бағдарлау арқылы арақашақтықты есептеу.

  3. Уақытқа байланысты қозғалыспен арақашықтықты есептеу.(өлшеу)

Осы есептеулердің ішінде ең көп қолданылатыны және ең дәлі арақашықтықты қадаммен есептеу болып саналады.

Арақашықтықты көзбен бағдарлауда, мәлімет дәл шықпағандықтан, оның маңыздылығы шамалы. Арақашықтықты көзбен бағдарлағанда келесі факторларды ескеру қажет.

А) Ірі заттар, ұсақ затарға қарағанда бір арақашықтықта орналасса да жақын көрінуі мүмкін.

Б) Таулы аймақтарда төменнен жоғары қарағанда, заттар жақын болып көрінсе, жоғарыдан төмен қарағанда –ұзақ, алыста болып көрінеді.

В) Жер бедері жазық болса, мысалы: судың арғы бетіндіг заттар жақын болып көрінеді.

Г) Түсі ашық заттар. Мысалы: Қыста айналаның барлығы аппақ болып тұрады, барлық қара түсті заттар жақын көрініп, ал түссіз заттар алыс та тұрғандай көрінеді.

Сондықтан көзбен бағдарлағанда қателіктер кетеді. Мысалы тәжірибелі бақылаушылар негізінен 10-15 пайыз қателессе, кейде олар 50 пайызға дейін қателеседі.

Қозғалыс кезіндегі арақашықтықты уақыт бойынша анықтау-шаңғыменқозғалыс кезінде, жаяу жорық жасағанда қараңғы кезде көріну нашар кезде қолданылады. Арақашықтықты анықтауда басқа да тәсілдерді; дыбысқа, заттардың бұрыштық көлеміне қарай есептеу, практикалық тұрғыда қолданылмайды.

13 Дәріс

Тақырыбы: Туристік жорықтарда, маршруттарды бағдарлау.

1 Туристік бағдарлаудың мазмұны мен мәні.

2. Бағдарлау түрлері. Бағдарлау жағдайы және қолданылатын құралдар.

Тірек сөздер: туристік жоспар, бағдар, субьективті, обьективті,хаттама, шолу.

Алдын-ала жоспарланбаған туристік жорықтар болмайды. Кез-келген турист алдын –ала жорығын ұйымдастырып алады. Бірақ туристерге - өзінің жоспарына жету әрқашан бола бермейді. Бағдарды жоғалтып алуына байланысты, берілген нүктеге жете алмайды. Бұл жағдайдың негізгі себептерін субьективті және обьективті деп екіге бөліп қарастыруға болады.

Субьективті себептерге – топографиялық білімнің жеткіліксіздігі тәжірибенің аздығы, бақылаудың төмендігі. Бағдарлау барысында –адам өзінің әрбәір қозғалысын түсініп отыру қажет, ол қайда тұр, қайда келді, енді қайда барады,сол ауданның барлық маңызды нүктелерін жатқа білу қажет.

Табиғатты бағдарлау жасау-интеллектуальды жағдайға байланысты-турист обьектіге байланысты жағдайларды бағалап, сорттап, талдап отыру қажет. Бағдарлау кезіндегі басты элемент –КҮМӘНМЕН қарау болып табылады. әскери топографиялық оқулықтарда жергілікті жерді бағдарлау жасағанда үш негізгі мәліметті есте ұстау керек.



  1. Картамен өзіңнің тұрған жеріңді және қозғлу бағытын анықтай білу.

  2. Әрмен қарай қозғалатын бағытыңды дәл жоспарлау.

  3. Белгіленген нүктеңе, жоспарыңа жету.

Бағдар жасаудың негізгі екі тәсілі бар. Картамен және компаспен(көкжиек бойынша бағдарлау). Сонымен қатар туристік жорық кезінде қажетті құралдарға: 1) жергілікті жердің топографиялық картасы, 2) таңдап алынған жердегі топографиялық жағдай, жергілікті жер белгілері,4) құралдар-компас, сағат, курвиметр, карандаш, күнделік, сызғыш және т.б 5)қозғалу хаттамасы 6) арнайы қозғалыстар-шолу жасау.

14 Дәріс

Тақырыбы: Жергілікті жердің белгілеріне қарай бағдар жасау.(бағдарды жоғалтып алған жағдайда)

Тірек сөздер: көкжиек, күн, ай, поляр жұлдызы, өсімдік әлемі

Туристік жорықтарда бағдарлауды компассыз да жүргізуге болады. Жергілікті заттардың белгілеріне қарай. Бұл жағдай көбінесе жорыққа қатысушы бір адам немесе топ адасып қалған жағдайда қолданылады. Осындай жағдайларда бағыттыдәл анықтауға күннің, айдың, поляр жұлдызының көмегі ерекше.

Көкжиекті, бағытты күнмен сағатпен анықтау сағатты горизантал орналастырып, сағаттың стелкасын күнге қарай бағыттаймыз, күнге бағытталған сағат стрелкасының бұрышы жазда13-те, қыста 14-те тіке екіге бөлінеді. Осы тіке бөлінгенбағыты-бағдарды оңтүстікті көрсетеді.Осылай бағытты анықтау қыс мезгіінде дәл көрсетеді. Жаз мезгілінде 20 пайызға қателесуі мүмкін.

Түнде солтүстікті поляр жұлдызы арқылы дәл анықтауға болады. Егерполяр жұлдызына тура қарайтын болсақ, онда солтүстікке қарап тұрмыз деген сөз. Яғни солтүстікті анықтауға болады.Көкжиекті аймен де анықтауға болады., бұлт боып жұлдыздар көрінбей тұрса, анықтау жеңіл болады.


  • Солтүстік ендіктерде түнде-солтүстік жақ бөлігі барынша жарық, ал оңтүстік бөлігі барынша қараңғы болады.

  • Тал түсте заттардың көлеңкесі қысқа көрінген бағыты солтүстік болады. Түнде де солай, заттардың көлеңкесінің қысқа көрінген бағыты солтүстік болады.

Сонымен қатар көкжиекті анықтаудың басқа да тәсілдері бар.

  • Мүк пен қына ағаштың қабығының солжақ бөлігінде өседі.Яғни көлеңкеде өседі.

  • Ағаштың қабығы солтүстік жағы қара және дөрекі болып келеді.

  • Жауын-шашаыннан соң қайыңның қабығы, солтүстік жағынан қараяды.

  • Ыстық ауа-райы кезінде, қайың мен шыршаның оң жақ бөлігінде смола, сол жағымен салыстырғанда көп бөлінеді.

Тақырыбы: Маршрутты анықтау және қозғалыс жоспары.

Тірек сөздер: жорық, маршрут, аудан, топ, танымдық, спорттық.

Жорықтарда маршрутты жоспарлау- жорық жасайтын ауданды алдын-ала зерттеуге байланысты жүргізіледі. Жорық өтетін ауданның ерекшелігі барынша жан-жақты зерттелсе – сонда ғана жорық сәтті өтеді. Көп жағдайда туристер дайын, бұрын да туристер өтіп кеткен маршрутты таңдайды. Бірақ кез-елген туристің өзінің жеке маршруты болғаны жақсы.

Жорық жасайтын ауданды зерттеп, алдын-ала жоспарын жасайды. Жорық жасағанда төмендегідей мәселелрді ескеру қажет:

1) Бірінші кезектегі нүкте - жорықтың басынан және аяғына дейінгі маршрутты білу және транспорттық мүмкіндіктерді шешу.

2) Топтың танымдық және спорттық қызығушылығын тексеру.

3) Қонуға ыңғайлы жерлерді алдын-ала жоспарлау.

4) Ас әзірлеу, ас ішу орнын әзірлеу.



Танымдық обьектілерге музей, ескерткіш, монумент, өнеркәсіп орындары. Сонымен қатар туристердің қызығушылығын танытатын орындарға- көл, сарқырама, карсты үңгір, партизандар үйі, мыңжылдық емен, карьер, геологиялық орындар, және т.б жерлер.Спорттық обьектілерге қорған, асу, батпақтан өту, жолсызбен жүру, орманда жүру және т.б жатады.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы.

1. Көнетүркі қабаты.


2. Оғыз қыпшақ қабаты.

3. Араб-парсықабаты.

4. Монғол қабаты.

5. Орсы қабаты.

6. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің мағыналық топтары.

7. Қоршаған ортаның физикалық-географиялық жағдайы.

8. Топонимдік детерминативтер мен топоформанттар.


9. Жер су атауларындағы реликтілік көріністер мен реликтілік тұлғалар.

10. Күрделі топонимдер және олардың түрлеі мен құрамы.

11. Жер-су атауларындағы этнографиялық негіз тұлғалар.

12. Жер-су атауларындағы тарихи-әлеуметтік және қоғамдық негіздері.

13. Сындық топонимдер және түске байланысты атаулар.

14. Жер-су атауларындағы сан есімдер.

15. Антротопонимдер және олардың ерекшеліктері.


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:


  1. В.М Куликов, Ю.С Константинов . Топография иориентирование втуристском путешествий. Москва, 2001 г

  2. А.М Куприн Топография для всех. Москва, 1976 г.

  3. В.М Курилова Туризм, Москва, 1988

  4. А.ВГедымин Картография сосновами топографий. Москва, 1973 г

  5. А.С Харченко, А.П Божок Топография с основами геодезий. Москва, 1983 г

  6. Условные знаки для топографических планов. Москва, 1989 г

  7. В.С Южанинов Картография с основами топографий. Мосва, 2001 г

жүктеу 234,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау