Бағдарламасы «Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау»


Жұмыс кезеңдері. Құрал - жабдықтар



жүктеу 0,83 Mb.
бет7/9
Дата13.02.2020
өлшемі0,83 Mb.
#28956
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жұмыс кезеңдері. Құрал - жабдықтар. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, оның екі жазықтығы болуы тиіс. Өлшеу кезінде бір жазықтық горизонталь, ал екіншісі вертикаль болуы керек. Горизонталь және верти­каль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап теодолит деп аталады. Теодолиттің жалпы кескіні 27-суретте көрсетілген.

27 - сурет

Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді.

Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлуге болады:

1. 1 және 2-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1 теодолиті.

2. Дәл теодолит Т2-3-және 4-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; Т5-1-және 2-разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады.

3. Техникалық Т15, ТЗО және Т60 - теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай-ақ жер бетіндегі және жер асты қазбаларындағы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезіндегі бұрыштарды өлшеуге арналған.

Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді; Т5 теодолиті үшін т β = 5 ", ТЗО үшін т β= 30" және т. с. с

Дөңгелегінің жасалу және есептеу құрылғысының құрылысы жағынан теодолиттер екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбалылар (оптикалық теодолиттер).

Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі бар теодолит тахеометр деп аталады. Қазіргі уақытта шығарылатын техникалық теодолиттер тахеометрлер болып табылады.

Теодолиттің (28-сурет) лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан З60°-қа дейінгі бөліктер түсірілген. Бөліктерді есептеу сағат тілінің бағыты бойымен дәл келеді. Лимбаның центрі өлшенілетін бұрыштың төбесі арқылы өтетін тік сызыққа орналастырылады. Лимбаның жазықтығына өлшенілетін бұрыштың жақтары проекцияланады. Бұл кезде лимб жылжымайтын әрі горизонталь болуы тиіс.

Лимбаның үстінде тік сызықтың төңірегінде айналатын тео­долиттің жоғары бөлігі орналастырылған, бұл бөліктің ішінде алидада және дүрбі (4) бар. Дүрбі тұғырыкқа (2) горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда, онда коллимациялық деп аталатын жазықтықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек, бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негізгі немесе вертикаль осі деп аталады.

Алидада да көрсеткіш бар, ол алидаданың лимба шкаласындағы орнын белгілеуге мүмкіндік береді және санаудың дәлдігін арттыру үшін арнайы есептеу құрылғысымен қосақтала жасалған. Лимба мен алидада алидадаға бекітілген металл қаптамамен жабылған.



Теодолиттің негізгі осі цилиндрлік деңгей (5) арқылы үш көтеру винттерінің (1) көмегімен вертикаль жағдайға келтіріледі. Теодолиттің дүрбісі горизонталь осі маңайында 180°-қа айналдырылуы, яғни зенит арқылы ауыстырылуы мүмкін. Дүрбінің айналу осінің бір жағында вертикаль дөңгелек (3) бекітілген, ол осьпен берік жалғанған, әрі онымен бірге айналады. Негізінде вертикаль дөңгелек горизонталь дөңгелек тәрізді жасалған; ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеуге арналған. Егер теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін. Бірінші орны «он дөңгелек» (OD), екіншісі - «сол дөңгелек» (CD) деп ата­лады.

28 - сурет

Теодолит буссоль, штатив және тіктеуіштен тұрады. Буссоль магниттік азимутты өлшеу үшін қолданылады. Үш сирақты штативтің бас жағы металдан жасалады. Теодолит штативтің басына стан винттің көмегімен бекітіледі. Тіктеуіш теодолит нүктенің үстіне центрлеу үшін, яғни лимбаның центрін өлшенілетін бұрыштың төбесіне орналастыру үшін қолданылады.

Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайда келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттермен жасалады.

Белгілі бір жер территориясыньщ жай-жапсарын 1:500 - 1:5000 масштабтағы пландарда жер бедерінсіз кескіндеу үшін жүргізілетін горизонталь түсіріс теодолиттік түсіріс деп аталады.

Осы жұмыстарда бұрыш өлшеуіш аспабы ретінде теодолит қолданылады, ал ара қашықтықты өлшеу үшін ленталар (рулеткалар) және оптикалық қашықтық өлшеуіштер пайдаланылады. Теодолитік түсірілім геологиялық барлауда, тау – кен ісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста т. с. с. пайдаланылатын мәліметтерді алу үшін жүргізіледі.

Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі әдетте теодолиттік жүрістер жүйесі түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістерімен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық қиыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің мас­штабын таңдайлы да, қолдағы бар картографиялық материалдарды (планды, картаны және профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схехмасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар енеді: 1) жергілікті жерді рекогносцировкалау және пункттерді бекіту; 2) түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу; 3) жергілікті жердің контурын түсіру; 4) түсіріс негіздеуінің пункттерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттері ізделініп табылады және жургізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді. Рекогносцировканың нәтижесін ірі масштабтағы немесе жұмыс барысында жасалған схемаға түсіреді.

Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады.



Теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар істеледі:

  • теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықшамен, шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналармен бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмірлері, жұмысты жүргізіп отырған мекеме аты мен орындаған жылы көрсетіледі;

  • бұрыштарды Т15, ТЗО, 2Т30 және т. б. техникалық теодолиттердің көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30" дәлдікпен өлшейді. Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5—10) мм қателікпен центрлейді. Нысаналау кезінде дүрбіні қаданың көрініп тұрған ең төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаларының көлбеулік бұрыштары v>±2° болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын есептеп шығарады. Горизонталь бұрыштарды бір толық тәсілдер жолымен өлшегенде жартылай тәсілдер арасында лимбаның орнын 90°-қа ауыстырады;

  • сызықтың ұзындықтарын 20 м-лік өлшеуіш лентамен не­месе рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді: өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған жур­налға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1-разрядты жүрістерде ұзындық 1: 2000-нан, ал 2-разрядты жүрістер де - 1:1000-нан аспауы керек.

Толықтыру түсірістері теодолиттік жүрістердің пункттерінен жүргізіледі. Ол берілген тапсырмаға және қабылданған мас­штабына байланысты планда кескінделетін әрбір контурдың және ситуацияның барлық нүктелерінің орнын анықтайтын өлшеулерден тұрады.

Перпендикулярлар әдісі анықталатын нүктеден теодолиттік жүрістің қабырғасына түсірілген жергілікті жердегі перпендикулярдың ұзындығын және жүрістің нүктесінен перпендикулярдың табанына дейінгі ара қашықтықты өлшеуден тұрады. Қысқа перпендикулярлар көз мөлшерімен, ал ұзындары — эккердің (29-сурет) көмегімен тұрғызылады. Эккер үш қырлы призма болып табылады, оның екі қыры теодолиттік жүрістің қабырғасына перпендикулярларды түсірістен және көз алдына келтіретін айна қызметін атқарады.

29 - сурет



Жармалар әдісі теодолиттік жүрістің қабырғаларына тірелетін сызықтардың жармаларын немесе тірек нүктелерінің жармасында орналасқан нүктелерді түсіруде қолданылады. Бұл әдіс кесінді сызықтардың шеткі нүктелерінің арасында көрінушілік болған жағдайда пайдаланылады. Жармалар әдісі құрылыс салынған аймақтарды түсіруде кең қолданылады, әрі перпендикулярлармен ұзындық қиылыстыру әдістерімен жиі ұштастырылады.

Бұрыштық қиылыстыру әдісі әдетте жетуі қиын нүктелердің түсіру үшін қолданылады. Нүктенің орны теодолиттік жүрістің нүктелерінен неме­се қабырғаларында орналасқан нүктелерден өлшенілетін екі бұрышпен анықталады. Анықталатын нүктедегі бұрыштық шамасы 30°—150° аралығында болуы тиіс. Нүктенін, кескінін салу транспортирмен жасалынады, олардың қиылысқан жері тиісті нүктенің орны болып табылады.

Айналма жол әдісі таса жердегі маңызды объектілерді түсіру үшін, яғни негізгі теодолиттік жүрістің қабырғалары мен ұштарынан алыста орналасқандықтан жергілікті жердегі кедергілеріне байланысты түсіруге мүмкіндігі болмайтын жағдайда қолданылады.

Ұзындық қиылыстыру әдісі кезінде нүктенің орны қабырғалары өлшенген үшбұрыштың төбесі арқылы анықталады. Нүктенің пландағы орнын табу үшін жергілікті жерде үшбұрыштың үш қабырғасының ұзындығын өлшеп, содан кейін планда олар арқылы үшбұрышты салу керек.

Полярлық координаталар әдісі теодолиттік жүрістен ашық жерде қашықтау орналасқан жергілікті заттарды және контурлардың сипатты нүктелерін түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіс кезінде түсіріс тұрақты сызық арқылы жүргізіліп, оның бір шеті полюс ретінде қабылданады. Түсірілетін нүктенің орны екі координаталармен: тұрақты сызықтан берілген нүктенің бағытына дейінгі есептелетін горизонталь бұрышпен және полюстен осы нүктеге дейінгі ара қашықтықпен анықталады. Бұрыштарды полюсте орнатылатын теодолитпен, ал ара қашықтықтарды өлшеуіш лентамен, рулеткамен және қашықтық өлшеуішпен өлшейді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Теодолитті түсіріс дегеніміз не?

2. Теодолиттің қандай түрлері бар?

3. Теодолиттің бөліктерін ата.

4. Теодолитті түсірісті жүргізгенде қолданылатын әдістер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4

7 дәріс. Биіктікті анықтаудағы түсірілім (нивелирлеу).



Мақсаты: Биіктікті анықтаудағы түсіріліммен (нивелирлеу) танысу және оның түрлерін, түсіру әдістерін, маңыздылығын білу.

Жоспар: 1. Геометриялық нивелирлеу. Нивелирлік жүрістің орны.

  1. Нивелирлер мен нивелирлік рейкалар.

  2. Техникалық нивелирлеу.

жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау