Бағдарламасы (syllabus) оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Құрастырушылар: Пән оқытушысы:


Әдебиет: [2], [5], [6], [7], [8], [21], [22], [23], [25]. №5 тақырып. Бизнестің кәсіпкерлік қызметін ресурспен қамтамасыз ету



жүктеу 1,76 Mb.
бет6/35
Дата29.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#41917
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Кәсіпкерлік негіздері және Көшбасшылық Силлабус

Әдебиет:
[2], [5], [6], [7], [8], [21], [22], [23], [25].
5 тақырып. Бизнестің кәсіпкерлік қызметін ресурспен қамтамасыз ету
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру және қаржыландыру көздері.

  2. Бизнестің бастапқы капиталы. Негізгі және айналмалы активтер

  3. Зияткерлік ресурстар

  4. Өндірісті материалдық-техникалық және логистикалық қамтамасыз ету

  5. Қазақстанда бизнесті несиелеу және инвестициялау

Тақырыптың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру және қаржыландыру көздерін, зияткерлік ресурстарды, негізгі және айналмалы активтерді, несиелеу мен инвестициялауды түсіндіру.
Дәріс тезисі
1) Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері шағын бизнесті бастау мен жұмыс істеудің негізгі ресурстық негізі болып табылады. Кез-келген кәсіпкер өзінің бизнес-идеясын жүзеге асырмас бұрын, әдетте, ең алдымен қаржыландыру мүмкіндіктерін іздестіре бастайды. Қандай қаржылық және материалдық ресурстарын өзінен табуға болатынын, қандайын сырттан тарту керектігін қарастырады. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері: жеке қаржы және материалдық-заттық ресурстар, түрлі көздерден қарызға алынған және тартылған қаражат, мемлекеттік бюджет қаражаты бола алады. Кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері екі негізгі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Кәсіпкерлік қызметті шкі қаржыландыру көздері бұл қаражат болып табылады.
Бизнестің бастапқы капитал. Әрбір бастаушы кәсіпкер өзінің бизнес-идеясының маңыздылығын түсінген уақытта, алдымен «Бастапқы капиталды қайдан аламын? Бастапқы капитал ретінде не іске асуы мүмкін?» деп ойланады. Ешқандай қаражатты, тіпті маңызды емес ресурстарды қолданбай, өзіңіздің бизнес идеяңызды барынша іске асыруға, кәсіпкерлік қызметті бастауға мүмкін емес. Бастапқы капиталдың мөлшері бизнес бағытына байланысты. Мысалы, бір жағдайда сізде бар мүмкіндікті, қалтадағы ақшаны, қол жетімді құрал-жабдықты қолдануға болады.
Негізгі құралдар. Негізгі капитал – бұл өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, бірте-бірте өзінің заттық қалпын өзгертетін, өз құндылығы дайын бұйымдардың тозу уақытына айналдыратын капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитал екі нысанда бар: табиғи (материалдық) және құндылықты. Негізгі капиталдың табиғи-материалдық нысаны негізгі қорлар деп аталады, ал олардың құны, ақшалай бағасы негізгі құралдар деп аталады.
Қазіргі заманғы іскерлік орта инновациялық технологияларды динамикалық және ауқымды пайдалануды, тиісті нарықтағы тауарлар мен қызметтерді шоғырландыру үшін инновацияларды енгізуді талап етеді. Инновацияларды қолдана отырып, кәсіпкерлік, ең алдымен, өнімнің және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа білімге ұмтылады және тартады. Жаңа білімді қалыптастыру потенциалды зияткерлік ресурстарды құруды талап етеді. Зияткерлік ресурстар қорғалатын жеке меншіктің қалпына енді. Олар: өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер және модельдер, тауарлық белгілер мен брендтер, бағдарламалық өнімдер және т.б. Экономиканың көптеген салаларын сандық негізге ендіру адамның жаңа біліміне негізделген. Зияткерлік ресурстар капиталдандыру мүмкіндігі бар. Зияткерлік капитал – адами капитал, клиенттік капитал және ұйымдастырушылық капитал арасындағы қарым-қатынас. Бұл кәсіпорынның әлеуетін жаңа құндылықтар құру үшін жинақтайды. Зияткерлік капитал тұжырымдамасы кәсіпорынның пайдасы мен құндылығын арттыруға негізделген. Кәсіпорынның зияткерлік капиталы адами, құрылымдық және тұтынушылық капиталдардың жиынтығы болып табылады. Зияткерлік капиталдың үш түрінің бірін дұрыс қалыптастыру және дамыту кәсіпкерлік қызметтің тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады. Іс жүзінде зияткерлік капитал зияткерлік ресурстарды пайдалану шеңберінде мүшелердің (субъектілердің) арасындағы экономикалық өзара әрекеттесу және құралдар жүйесі болып табылады.
Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Өндірістік процесті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – қажетті шикізат пен материалдық ресурстардың уақытында жеткізілуі, үздіксіз ритмикалық технологиялық үдерісті қамтамасыз ету, айналым қаражатын тиімді пайдалану. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету объектілері: шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар мен компоненттер, қосалқы ресурстар, материалдық қорлар және т.б. Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету – бұл шикізат пен материалдарды тұтынуды талдау, оларды жоспарлау және қажетті сандық және сапалық көрсеткіштерді белгілеу, өндірістік циклдің әр кезеңі үшін нормалау, тауарлардың қозғалыс логистикасына мониторинг жүргізу, ресурстардың түрлері бойынша материалдық қорларды тиімді пайдалануды бағалау, материалдарды учаскілерге жеткізу, қорларды оңтайландыру, көлік және қойма шығындарын азайту және т.б.
Несие алу. Бизнесті қаржыландыруды іздеудің ең көп таралған түрі – түрлі қаржы институттарына өтініш беру арқылы несиелер алу болып табылады.
Бизнес-идеяны инвестициялық және венчурлық қорлар арқылы қаржыландыру. Әдетте, венчурлық қорлар және жеке инвесторлар тәуекел жобаларды нарықта шоғырланға дейін және пайда алғанға дейін қаржыландырады. Алайда, кейінгі кезеңде, акциялардың бақылау пакетін немесе кәсіпорынның жалпы басшылығын тікелей қорларға немесе инвесторларға беру тәуекелдері бар, ал негізгі жұмыс инновациялық идея авторлары болып табылатын кәсіпкерлермен жүзеге асырылады. Стартаптар, бизнес-инкубаторлар, технопарктер арқылы қаржыландыру. Бұл ұйымдар, әдетте, бизнес-идеяларды тікелей қаржыландырмайды. Олар кәсіпкердің бизнес-жоспарын насихаттауға, қызметкерлерді оқытуға және консалтингтік қызметтерді жүргізуге, инвесторларды немесе демеушілерді іздеуге жағдай жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды жіктеу.
2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың ішкі көздерін сипаттау. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың сыртқы көздерін сипаттау. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.


4. Кәсіпкерлік қызметтің қаржылық ресурстарын оларды пайдалану уақытына байланысты сипаттау.
5. Кәсіпкерлік қызметті құру үшін бастапқы капиталдың мәнін және экономикалық мәнді қалай түсінесіз?
6. Жеке бизнесіңізді бастау үшін бастапқы капитал табудың қандай нұсқалары бар?
7. Гранттық қаржыландырудың және мемлекеттік субсидиялардың экономикалық мәнін қалай түсінесіз?
8. Тартылған қаржылық ресурстар дегеніміз не? Несиелер мен қарыз түрлері?
9. Жобалық шешімдердің инвесторларымен қалай жұмыс істеуіміз керек?
10. Венчурлық қорлар туралы не білесіз?
11. Кәсіпорынның негізгі капиталына, негізгі құралдарына және негізгі қорларына анықтама беріңіз.
12. Негізгі қорларды мақсаты, иеленуі, құрамы, салалық басымдықтары, пайдалану түрлері бойынша жіктеу.
13. Негізгі қорлардың белсенді және пассивті бөлігі.
14. Материалдық және материалдық емес негізгі қорлар.
15. Негізгі капиталдың құнын бағалау. Кәсіпорынның негізгі қорларының бастапқы, өтелетін және өтімді құны қалай анықталады?
16. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері қалай анықталады (капиталдың өнімділігінің коэффициенті, капиталдың коэффициенті, жаңару, істен шығу, нашарлау, тозу және НҚ-дың жарамдылығы)?
17. Кәсіпорынның айналым қаражаты. Айналым қаражатының жіктелуі.
18. Айналым қаражатының пайдалану көрсеткіштері қалай есептеледі (АҚ-ның ұзақтығы, АҚ-ның айналым коэффициенттері)?
19. Кәсіпорынның активтерінің табыстылығы, меншікті капиталдың табыстылығы, кәсіпорынның негізгі қызметінің табыстылығы қалай есептеледі?
20. Өнімнің материалдық шығынын және материалды тұтыну көрсеткіштері қалай есептеледі?
21. Кәсіпорынның зияткерлік ресурстарының мәнін қалай түсінесіз?
22. Кәсіпорынның зияткерлік ресурстарының жалпы қабылданған формалары қандай?
23. Зияткерлік капиталдың мәнін қалай түсінесіз?
24. Кәсіпорынның зияткерлік капиталы мен зияткерлік ресурстарын қалыптастыру туралы өзіңіздің мысалыңызды келтіріңіз.
25. Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмысының негізгі мақсаттары.
26. Кәсіпорынның материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдық құрылымының секторларының функциялары.
27. Материалдық ресурстарды жеткізудегі тікелей және жанама байланыстарға сипаттамалар беріңіз.
28. Өндірістік цикл логистикасын қалай түсінуге болады?
29. Логистикалық тауарларды жеткізу тізбегін сипаттаңыз.
30. Өндірісті қамтамасыз ету үшін логистикалық операциялардың негізгі элементтері қандай (әр элементтің мақсаты)?
31. Өндірісті логистикалық қамтамасыз ету функциялары (әр функцияның орындалуына сипаттама беру).
32. Қазақстанда кәсіпкерлікті кредиттеу және инвестициялаудың негізгі мүмкіндіктері.
33. Қаржылық мекемелерден (банктерден) несиені қалай алуға болады?
34. Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау. «Даму» қорының кәсіпкерлерді қаржыландыру және қолдау формалары.
35. Инвестициялық және венчурлық қорлар, бизнес-инкубаторлар, технопарктер арқылы бизнес идеяларды қаржыландыру.

Глоссарий/түйінді сөздер


Капитал, несие, инвестиция, бизнес идея, активтер, инвестор.

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау