|
Бағдарламасы (syllabus) оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Құрастырушылар: Пән оқытушысы:Әдебиет:
[1], [2], [3], [4], [8], [10], [11], [12], [13].
№6 тақырып. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау және бағалауКәсіпкерлік негіздері және Көшбасшылық СиллабусӘдебиет:
[1], [2], [3], [4], [8], [10], [11], [12], [13].
№6 тақырып. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау және бағалау
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
Кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Кәсіпкерлік қызмет (қызмет көрсету, жұмыс) өнімдерін өткізуден түскен табыс (түсім)
Пайда көрсеткіштері
Өнімнің өзіндік құны. Шығындар баптары және элементтері бойынша өзіндік құнның құрылымы
Өнімдерді өндіруге және өткізуге арналған шығын сметалары (есептеу түрлері)
Нарық жағдайындағы бағалар мен баға қалыптастыру
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділік көрсеткіштері. Рентабельділік пен өтелімділік
Инвестициялық жобаның залалсыздық нүктесі
Тақырыптың мақсаты: Пайда көрсеткіштерін, өнімнің өзіндік құнын, кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық ерекшеліктерін түсіндіру.
Дәріс тезисі
Жалпы өнім - бұл кәсіпорында өндірілетін барлық өнімдердің құны, яғни тауарлы өнімдер мен аяқталмаған өндіріс. Дайын өнім - сатуға арналған тауар өнімдері. Өткізілген өнім - бұл сатылған тауардың көлемі. Негізгі құралдар - тауарларды өндіру мен сатуға қолданылатын еңбек құралдары. Айналым құралдары - тауарларды өндіру және сату үшін материалдық және ақшалай қаражат. Еңбек ресурстары – кәсіпорынның тізіміне кіретін әртүрлі кәсіби білікті топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Еңбекақы - ынталандыру, ұдайы өндіруі, әлеуметтік және есеп айырысу қызметтерді атқаратын қызметкерлерге еңбегі үшін төленетін ақы. Өзіндік құн - өнімдерді өндіру үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құралдар, еңбек ресурстары және оны өндіру мен сатудың өзге де шығындарын құндық бағалау. Пайда - кәсіпорынның қорытынды қаржылық нәтижесі. Рентабельділік - кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіші
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде көрінеді. Өнімге баға орнатқаннан кейін олар өнімді ақшалай түсім (табыс) ала отырып, тұтынушыға сатады. Алайда табыс алу пайда алуды білдірмейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін табыстарды (түсім) өндіру мен өткізу шығындарымен немесе өнімнің өзіндік құнымен салыстыру қажет.
Кірістен шығындарды шегергеннен кейін қалған қалдықтың көлемі пайда деп аталады. Өзіндік құны нысанын қабылдайтын, өнімдер мен қызметтерді өндіруге кеткен шығындарды өнімдер мен қызметтерді өткізуден түсетін табыстардан шегергеннен кейін жалпы пайда болады. Келесі сатылымға арналған, сатып алынатын тауарларды өткізуден пайда осы тауарларды сатудан алынған табыстан тауарлардың құнын және осы тауарларды сату, сақтау, қызмет көрсету мен тасымалдауға қатысты шығынтарды шегере отырып айқындалады. Сатудан түсетін пайда - өндірілген өнімді (жұмыс, қызмет көрсету), кәсіпорын мүліктері мен сатуға арналған тауарларды және т.б. сатудан алынған нәтиже. Ол жалпы пайдадан коммерциялық және басқару шығындарын шегеру арқылы анықталады. Салық салуға дейінгі пайдаға сатудан түскен пайда және операциялық табыстар мен шығындар, өткізуден тыс табыстар мен шығындар бойынша алынған айырмашылықтар кіреді. Бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейінгі кәсіпорында қалатын пайда кәсіпорын қызметінің түпкілікті қаржылық нәтижесін сипаттайды және таза пайда деп аталады.
Өнімнің өзіндік құны - бұл кәсіпорынның өнімдерді өндіруге және өткізуге кеткен тікелей шығындарының ақшалай көрінісі. Сондай-ақ жалпы шығындар (белгілі бір кезең ішіндегі өнімнің бүкіл көлеміне) мен өнім бірлігіне кеткен шығындарды ажырата білу керек.
Элементтер бойынша өнімнің өзіндік құны келесі шығындарды қамтиды: - материалдық шығындар; - еңбекке ақы төлеу шығындары; - әлеуметтік салық; - негізгі құралдардың амортизациясы; - басқа шығындар.
Өнімдерді өндіруге және өткізуге шығындар сметасы (экономикалық элементтер бойынша) кәсіпорындағы жалпы соманы және бизнес-жоспардың осы бөлімінің басқа бөлімдерімен өзара байланысын анықтау мақсатында жасалады. Шығындар сметасына кіреді: - өнеркәсіптік өнімдерді өндірумен айналысатын, сондай-ақ басқа ұйымдармен бірге өз кәсіпорынының (күрделі құрылыс және т.б.) шаруашылығы үшін өнеркәсіптік емес сипаттағы жұмыстар мен қызметтерді орындайтын кәсіпорынның негізгі және қосалқы бөлімшелерінің шығындары; - жаңа өнімдерді өндіруді игеру шығындары; - өндірісті дайындау шығындары; - өнімді өткізу шығындары және т.б.
Баға - сатушының сатқысы келетін, ал сатып алушының тауарды сатып алуға дайын ақша сомасын білдіретін экономикалық санат. Белгілі бір тауардың бағасы оның құны болып табылады, демек, баға тауардың ақшалай құны болып табылады.
Баға қалыптастыру - бұл тауарлар мен қызметтерге бағаны қалыптастыру үдерісі. Баға қалыптастырудың екі негізгі жүйесі бар: сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі негізінде жұмыс істейтін нарықтық баға белгілеу және орталықтандырылған мемлекеттік баға - мемлекеттік органдар арқылы бағалардың қалыптасуы. Нарықтық жағдайда баға қалыптастыру түрлі факторларға байланысты өте күрделі үдеріс болып табылады. Баға қалыптастыруда жалпы бағытты таңдау, жаңа және бұрыннан шығарылатын өнім бағасын анықтаудың негізгі тәсілдерін таңдау, сату, тауар айналымын арттыру, өндірісті ұлғайту және кәсіпорынның нарықтық ұстанымдарын нығайту мақсатында көрсетілетін қызметтер маркетинг негізінде қамтамасыз етіледі. Баға мен баға саясаты фирма маркетингінің негізгі құраушыларының бірі ретінде көрінеді. Бағалар компанияның басқа да қызметтеріне тығыз тәуелді болады, бағаның деңгейіне көп жағдайда жеткілікті коммерциялық нәтижелер тәуелді болып табылады. Дұрыс емес немесе дұрыс бағалық саясат фирманың барлық қызметіне көп жоспарлы әсерін тигізеді. Мақсатты баға саясатының мәні келесіде: тауарға осындай баға орнату және нарықтағы жағдайға байланысты оны түрлендіру, бағаны жоғары мүмкіндікті үлеспен басып алу, пайданың жоспарланған көлеміне қол жеткізу және барлық стратегиялық және тактикалық міндеттерді табысты шешу. Баға саясатының шеңберінде жеке шешімдер (ассортимент шегінде тауарлар бағасының өзара байланысы, жеңілдіктерді пайдалану, бағаларды түрлендіру, өз бағалары мен бәсекелестердің бағалары арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, жаңа тауарлардың бағасын қалыптастыру және т.б.) бірыңғай интеграцияланған жүйеге байланыстырылады.
Залалсыздық нүктесін анықтау инвестициялық шығындар тәуекелін бағалаудың маңызды нұсқауларының бірі болып табылады. Залалсыздық нүктесінде өнім шығару көлемі көп болса, инвестициялық жобаны іске асыру тәуекелі артады, себебі рентабельділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін өнімді көп мөлшерде шығарып және сату қажет. Инновациялық жобалардың залалсыздығын және серпінділігін экономикалық талдау төрт кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде залалсыздық нүктесі (рентабельділік шегі) анықталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Жалпы, тауарлы және өткізілген өнімге анықтама беріңіз.
2. Өнімді өткізуден түскен табыс қалай анықталады?
3. Қызметкердің еңбекақысы қалай есептеледі?
4. Еңбекақы қоры дегеніміз не?
5. Өндірістің негізгі қорларының мәні неде?
6. Өндірістің негізгі қорлары қалай жіктеледі?
7. Айналым құралдары қандай элементтерден тұрады?
8. Өнімнің өзіндік құны қалай түсіндіріледі?
9. Өндіріс шығындары белгілері бойынша қалай жіктеледі?
10. Шығындар қандай экономикалық элементтері бойынша топтастырылады?
11. Шығындар сметасына қандай шығыстар жатады?
12. Кәсіпорындағы пайда қалай қалыптасады? Пайда түрлері.
13. Өнім бағасы қалай есептеледі?
14. Тиімділік көрсеткіштерін атаңыз.
15. Инвестициялық жобаның залалсыздық нүктесін анықтау
Глоссарий/ түйінді сөздер
Жалпы өнім, баға,ө өнімнің өзіндік құны, шығын, дайын өнім, шығыс, кіріс, еібек ресурстары.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|