Бағдарламасы (syllabus) оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Құрастырушылар: Пән оқытушысы:


ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ



жүктеу 1,76 Mb.
бет4/35
Дата29.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#41917
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Кәсіпкерлік негіздері және Көшбасшылық Силлабус

5. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ



Курс

Семестр

Кредит саны

Cағат саны

Дәріс

Практика/
семинар

Зертханалық



ОБӨЖ



БӨЖ



Бақылау формасы

3

5

3

90

15

15

-

15

45

тест



6. КҮНТІЗБЕ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Күнтізбелік-тақырыптық сабақ жоспары (пәннің әр модулінің сипаттамаларымен: қысқаша мазмұны бар тақырыптар тізімі, практикалық және семинарлық сабақтар жоспары, оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі).


6.1.Дәрістер, практикалық (зертханалық) сабақтар жоспары





Тақырыптар атауы

Сабақ түрі

Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі

1

Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның экономикадағы рөлі

Дәріс

1

1-ші апта

Практика

1

2

Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері

Дәріс

1

2-ші апта

Практика

1

3

Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет негіздері

Дәріс

1

3-апта

Практика

1

4

Жеке бизнес құрудың негізгі бағыттары

Дәріс

1

4- апта

Практика

1

5

Бизнестің кәсіпкерлік қызметін ресурспен қамтамасыз ету

Дәріс

1

5-ші апта

Практика

1

6

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау және бағалау

Дәріс

1

6-апта

Практика

1

7

Кәсіпкерлердің салық салу жүйесі

Дәріс

1

7-апта

Практика

1

8

Кәсіпкерлердің қызметіне бизнес-жоспарлау

Дәріс

1

8- апта

Практика

1

9

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жоспарлау



Дәріс

1

9-апта

Практика

1

10

Персоналды ұйымдастыру және басқару

Дәріс

1

10-апта

Практика

1

11

Кәсіпкерлік мәдениеті және кәсіпкерлік құпия

Дәріс

1

11-апта

Практика

1

12

Кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін тоқтату

Дәріс

1

12-апта

Практика

1

13

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі

Дәріс

1

13-апта

Практика

1

14

Шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуын стратегиялық жоспарлау

Дәріс

1

14-апта

Практика

1

15

Кәсіпкерлік қызметтегі көшбасшылық

Дәріс

1

15-апта

Практика

1



ЕСКЕРТУ! Апта мерзімдері академиялық күнтізбе негізінде құрылған сабақ кестесіне сәйкес анықталады.


6.2. ОБӨЖ, БӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Сағат саны

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

1

Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның экономикадағы рөлі

Конспект жасау

1/6

1 апта

1 апта

2

Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері

Тест жасақтау

1/6

2 апта

2 апта

3

Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет негіздері

Құжаттар жинақтау

1/6

3 апта

3 апта

4

Жеке бизнес құрудың негізгі бағыттары

Тезис жазу

1/6

4 апта

4 апта

5

Бизнестің кәсіпкерлік қызметін ресурспен қамтамасыз ету

Тақырыптық портфолио

1/6

5 апта

5 апта

6

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау және бағалау

Тақырыптық портфолио

1/6

6 апта

6 апта

7

Кәсіпкерлердің салық салу жүйесі

Тақырыптық портфолио

1/6

7 апта

7 апта

8

Кәсіпкерлердің қызметіне бизнес-жоспарлау

Тақырыптық портфолио

1/6

8 апта

8 апта

9

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жоспарлау

Тақырыптық портфолио

1/6

9 апта

9 апта

10

Персоналды ұйымдастыру және басқару

Тақырыптық портфолио

1/6

10 апта

10 апта

11

Кәсіпкерлік мәдениеті және кәсіпкерлік құпия

Тақырыптық портфолио

1/6

11 апта

11 апта

12

Кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін тоқтату

Тақырыптық портфолио

1/6

12 апта

12 апта

13

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі

Тақырыптық портфолио

1/6

13 апта

13 апта

14

Шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуын стратегиялық жоспарлау

Тақырыптық портфолио

1/6

14 апта

14 апта

15

Кәсіпкерлік қызметтегі көшбасшылық

Мәнжазба

1/6

15 апта

15 апта



ЕСКЕРТУ! ОСӨЖ сабақ кестесінен тыс бекітілген арнайы кестеге сәйкес, СӨЖ тапсырмаларын орындау пән оқытушысының жеке кестесіне сәйкес анықталады.


7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Оқу сабақтарында (дәріс, семинар, зертханалық сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер (мысалы интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары және т.б.) және оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған техникалық талаптар көрсетілуі тиіс, мысалы виртуалды зертханалар, ZOOM, YouTube және т.б. ).
Ноутбуктің немесе компьютердің қол жетімділігі: Core i3 (немесе баламасы), 4 Гбайт жедел жады , веб-камералар, Интернетке қосылу жылдамдығы 4 мб / с
8. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
8.1 Дәрістер
Тақырып №1.Шағын және орта кәсіпкерлік туралы түсінік және оның экономикадағы рөлі
Сағат саны - 1
Тақырыптың мақсаты: Кәсіпкерлік туралы түсінік беру, кәсіпкерлік теориясын түсіндіру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі белгілері.

  2. Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикада алатын орны.

  3. Шағын және орта кәсіпкерліктегі қызмет түрлерінің жиыны.

  4. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ішкі және сыртқы жағдайлары.

Тақырыптың мақсаты: Шағын және орта кәсіпкерлік түсінігі, белгілері, экономикада алатын орны, қызмет түрлерін түсіндіру.
Дәріс тезисі
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам» [2].
«Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисі Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын.
Кәсіпкерлікдегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Бизнестің отаны ретінде АҚШ елін қарастырады. Өйткені бұл елдің кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі анағұрлым мол, екіншіден, ел үкіметі де кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөледі.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды[3].
Бүгінде 75 елде әрекет ететін кәсіпкерліктің 50-ден астам әртүрлі анықтамалары бар. Қазіргі заманғы шағын бизнес теоряиларында 7 негізгі концепция (7 әртүрлі ғылыми мектеп) бар. Әрбір ғылыми мектептің кәсіпкерлік мен кәсіпкерлік үдерісті сипаттауда өз әдіс-тәсілдері бар және олардың барлығы түптеп келгенде кәсіпкерлікті сипаттайды[4].
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап, жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шын мәнінде, кәсіпкерлік – ел экономикасының ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді.
Шағын және орта бизнестің әлеуметтік қызметі экономикадағы жұмыссыздық мәселесін шешу аясында жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуға қабілетті. Ал шағын және орта бизнестің саяси қызметі шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамда меншік иелерінің дербес таптарының қалыптасуымен айқындалады. Бұл Президентіміздің анықтаған маңызды бағыттарының бірі – қоғамда орта тапты қалыптастыруға мәнді ықпал етеді, шағын және орта бизнес, сәйкесінше қоғамдағы саяси тұрақтылыққа кепіл болады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

Глоссарий/түйінді сөздер


Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, бизнес.
Әдебиет:
[1], [4], [5], [6], [7], [8], [9], [4], [10].
2-тақырып. Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
Жоспар

  1. Экономиканың негізгі ұғымдары.

  2. Нарықтық шаруашылықтың негіздері

  3. Нарық, оның тетіктері мен қызметтері

  4. Бәсекелестік, жетілген және жетілмеген нарықтарда бәсекелестік күрес нысандары мен әдістері

Тақырыптың мақсаты: Экономиканың негізгі ұғымдарын, нарықты және оның тетіктері мен қызметтерін және бәсекелестікті түсіндіру.
Дәріс тезисі
«Экономика» термині «ойкос» - үй, шаруашылық және «номос» - заң сөздерінен бірігіп алғаш рет сонау ежелгі Грекияда пайда болды. Басқаша айтқанда, «үй шаруашылығы» деп те сөзбе сөз аударуға болады. Яғни, бұл сөзді (гректің «oikonemia» сөзінен) шаруашылықты басқару деп ұғынамыз. Осы мағынада жиі экономикалық жүйе туралы сөз қозғалады. Экономикада қолданылатын терминология экономикалық жүйе, өндіріс факторлары, тауарлар мен қызметтер, ақша сияқты негізгі ұғымдардан тұрады. Бұл терминдер «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқу барысында жиі қолданылады. Алайда, экономистер осы ұғымдарды түрліше түсіндіреді. Мысалға, экономикалық жүйе ұғымының бірнеше анықтамалары бар. Кейбір авторлар экономикалық жүйені белгілі бір географиялық территорияның шеңберінде өндіріс, табыс және тұтынуға қатысты шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру механизмдерінің және институттарының жиынтығы деп түсіндіреді. Басқаларының ойынша, экономикалық жүйе экономикалық іс-әрекет пен нәтижеге тікелей немесе жанама әсер ететін барлық институттар, ұйымдар, заңдар мен ережелер, дәстүрлер, нанымдар, ұстанымдар, бағалаулар мен тыйымдарды қамтиды. Адамзатқа өмір сүру үшін материалдық игіліктер қажет. Материалдық игіліктер деп табиғи материалдан адам қолымен жасалған заттарды атаймыз. Материалдық игіліктердің ұдайы өндірісі үшін өндірістік үдерістерді үнемі қайталап қайта өндіру қажет. Осы орайда, экономика материалдық игіліктерді өндірумен тікелей байланысты болады. Материалдық өндіріс – қоғам өмірінің негізі. Экономика тек өндірістен ғана емес, қоғамдық, яғни адамдар бір-бірімен қатынасқа түсетін өндірістен пайда болады. Өндіріс үдерісін жүргізуде қажетті ресурстар өндіріс ресурстары (факторлары) деп аталады. Негізігі өндіріс ресурстарына: табиғи ресурстар, еңбек, капитал жатады.
Табиғи ресурстар (жер) – өндіріс үдерісінде адамдар пайдаланатын барлық табиғи ресурстар.
Еңбек – адамның білімінің, дағдылары мен ептілігінің, физикалық және зияткерлік қабілеттерінің жиынтығы, яғни өнім өндірісіне жіберілетін еңбек күші. Басқаша айтқанда, еңбек үдерісінде адам өзінің физикалық, зияткерлік және рухани қабілеттерінің жиынтығын жүзеге асырады. Адамның тарихи және мәдени даму деңгейіне сәйкес қоғамның адамға бергенінің барлығы. Адам өте білімді және өмір бойы оқып келеді. Алайда, бүгінгі күн маманының білімі өте шектеулі. Себебі белгілі бір уақыт кезеңінде оның тәжірибесі мен білімі бір шекті нүктесіне жетеді, адам оны жеңу үшін алға қарай ұмтылады, шекті нүкте жылжып өзгереді, бірақ мүлде жоғалып кетпейді. Осының бәрі ресурстардың шектеулігін білдіреді. Осы ресурсты иеленушілер өз еңбегін емес, өзінің еңбек күшін ұсынады.
Тауар – бұл айырбас арқылы жүзеге асырылатын сатуға арналған еңбек өнімі. Тауар екі қасиетке ие – адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы (тұтыну құны) және нарықта басқа тауарларға немесе ақшаға айырбасталуы (айырбас құны). Сатып алушы үшін тауардың құны оның пайдалы болуында.
Макроэкономика – белгілі бір территориялық шекаралардың аумағындағы (ел, аймақ, қала) экономикалық үрдістерді қамтитын экономиканың бір бөлігі. Микроэкономика – жекелеген экономикалық субъектілердің, яғни жекелеген нарықтарда тұтынушылар мен өндірушілердің мінез-құлықтарымен байланысты экономиканың бір бөлігі.
Өнім өндіріс үшін қолданылатын әр ресурс шектеулі болғаннан кейін, әрдайым оны пайдаланудың баламалығы мен өндіріс ресурстарының ең тиімді үйлесімділігін табу мәселесі, яғни таңдау мәселесі туады. Осы мәселенің бейнесі экономиканың үш негізгі сұрағы болып табылады. Оның жауаптары шаруашылық жүйенің түріне байланысты болады. Атақты америкалық экономист П. Самуэльсонның пікірінше, кез келген қоғам, ұжымдық коммунистік қоғам болсын, оңтүстік аралдардың тайпалары немесе капиталистік дамыған мемлекет болсын үш негізгі және өзара байланысты мәселелермен кездеседі: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру?
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар бір біріне қарсы келуге ықпал ететін «тетік». Алайда, нарықты үлкен алаң деп түсінудің қажеті жоқ. Белгілі бір нарықты алайық, мысалы бала күтушілер қызметінің нарығы. Бұл нарықты нәтижесінде ата-аналары балаларын кіммен қалдыратындағын табатындай барлық шарттары деп ұғынуға болады. Яғни, нарық – бұл тауарды сату және сатып алу мәмілелерінің жиынтығы. Нарықтың субъектілері: сатушылар мен сатып алушылар. Сатушылар мен сатып алушылар ретінде үй шаруашылықтары, фирмалар (кәсіпорындар), мемлекет бола алады. Нарық субъектілерінің көбісі бір мезетте сатып алушалар да болып, сатушылар да болып қызмет ете алады. Барлық шаруашылық субъектілері нарықта тығыз өзара әрекеттесіп, өзара байланысқан сату-сатып алу «ағынын» құрады. Нарық объектісі тауарлар мен ақша болып табылады.
Сатып алынған тауарлардың саны бағаға байланысты екендігі бәрімізге мәлім. Тауар бағасы – тауардың ақшалай құны. Тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше «Нені өндіру:»; «қалай өндіру?»; «Кім үшін өндіру?» сияқты үш сұрақтан тұратын негізгі мәселелерді нарық тетігі тиімді шешеді. Себебі, сұраныс пен ұсыныс қисиқтары баға мен көлемді анықтайды. Осы жерде сұраныс пен ұсыныс ара қатынас заңы реттеуші ретінде шығады. Сұраныс пен ұсыныс заңы тұтынушылар сатып алуға дайын тауарлар саны мен сатушылар бағаны өзгерту арқылы сауға дайын тауар саны арасында тепе-теңдік орнатады. Адамдар бағалар төмендеген кезде және керісінше жоғарлаған кезде тауарды сатып алуды арттырады. Демек, нарықта баға мен көлемді анықтау үшін саушылар мен сатып алушылардың өзара әрекетесу арқылы жүретін үдерісті көреміз.
Бәсеке сөзі латын тілінің «conrurentia» сөзін аударғанда күрес, жарыс дегенді білдіреді. Бәсекелестік – тиімді мәміле, жақсы өндіріс жағдайлары үшін нарық шаруашылығының қатысушылары арасындағы бақталастық. Оны жетілген және жетілмеген бәсеке деп бөледі. Жетілген бәсеке нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін кезде пайда болады. Бұндай нарықтарда бәсекелістік күрес әдісі өндіріс шығындары мен ұқсас тауарларға бағаны төмендету, тауар сапасын жоғарлату мен ассортиментін кеңейту болып табылады. Жетілген бәсеке нәтижесінде, бірінші кезекте, сатып алушы ұтады. Жетілмеген бәсеке ерекше тауар ұсынатын бірнеше фирмалардың қызмет етуі жағдайында туындайды. Жетілмеген бәсеке әдістеріне өндірістік қуат жүктемесін оңтайландыру, сатып алушыларға қосымша қызмет көрсету, жаңашылдықтар, күшейтілген жарнаманы жатқызамыз. Бөлек фирмалардың өз тауарының нарығына неғұрлым аз әсер етсе, соғұрлым бәсекелік нарық қалыптасады. Нарықтың төрт түрлі үлгісі бар: таза бәсекелестік, таза монополия, монополистік бәсекелестік және олигополия. Соңғы үшеуі жетілмеген бәсеке үлгілері болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1. Экономиканың үш негізгі сұрағын атаңыз.
2. Өндірістің негізгі ресурстарына не жатады?
3. Меншіктің қандай түрлері бар?
4. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы рөлі қандай?
5. Нарықтық экономикада мемлекеттің қызметтерін атаңыз. Нарық қалай жіктелінеді?
6. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктер қандай?
7. Сұраныс пен ұсыныс дегеніміз не?
8. Сұранысқа қандай факторлар әсер етеді?
9. Ұсынысқа қандай факторлар әсер етеді?
10. Сұраныс қисығы нені көрсетеді?
11. Ұсыныс қисығы нені көрсетеді?
12. Тепе-теңдік бағасы деп нені түсінеміз?
13. Сұраныс икемділігі неге байланысты болады
14. Нарықтық құрылымның қандай үлгілері бар?
15. Нарықтық құрылымдар бір бірінен неен ерекшелінеді?
16. Бәсекелестіктің қандай нысандары мен әдістерін білесіз? Бәсеке не үшін қажет?
17. Монополияланған нарыққа жаңа бәсекелестердің енуіне не кедергі болады?
18. Нарықтың монополиялануына қарсы факторларды атаңыз.

Глоссарий/түйінді сөздер


Бәсекелестік, тауар, нарық, олигополия, монополия, макроэкономика, микроэкономика, экономика.
Әдебиет:
[1], [4], [5], [6], [7], [8], [9], [4], [10], [18], [20].
3 – тақырып. Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет негіздері
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Кәсіпкерліктің мәні мен қызметтері

  2. Кәсіпкерліктің сыртқы және ішкі ортасы

  3. Кәсіпкерліктің түрлері

  4. Кәсіпкерлік тәуекел

  5. Шағын кәсіпкерлік дамытудың экономикалық мазмұны және ерекшеліктері

Тақырыптың мақсаты: Кәсіпкерліктің мәні мен қызметтерін, сыртқы және ішкі ортасын, түрлерін және кәсіпкерлік тәуекелді түсіндіру.
Дәріс тезистері
Нарықтық қатынастар жағдайында ерекше қызмет түрі – кәсіпкерлік пайда болуда, ол экономикалық формалардың ең белсенді нысандарының бірі болып табылады. Нарық – ең жақсы кәсіпкерлік орта, ал кәсіпкерлік - нарықтық қатынастардың белгілеріне тән қасиеттер. Демек, кәсіпкерліктің түрлері мен нысандарын дамытпай нарыққа көшу мүмкін емес. Қазіргі отандық және шетел экономикалық әдебиеттерде «кәсіпкерлік» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Ең жиі кездесетін анықтама келесідей: «Кәсіпкерлік – бұл жеке тұлғалардың бастамаларына негізделген және табыс табу үшін бағытталған қызметі». Ол жеке тұлғалардың меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың тарапынан, олардың мүліктік жауапкершілігі мен тәуекелдері бойынша жүзеге асырылады. Бұдан басқа, кәсіпкерлік, келесі жағдайларда қарастырылады: - құндылыққа ие жаңа зат құру үдерісі; - өзіне қаржылық, моральдық және әлеуметтік жауапкершілікті қабылдауды талап ететін үдеріс; - ақшалай табыстарға және жеке қанағаттанушылыққа әкелетін үдеріс. Кәсіпкерлік - жер, еңбек, капитал сияқты басқа да өндірістік факторларды қызмет еткізетін қозғаушы күш болып табылады. Демек, осыдан кәсіпкерлік қабілеттіліктің келесі анықтамасын бере аламыз: кәсіпкерлік қабілет – бұл барлық басқа факторларды өндірістегі бірыңғай жүйеге біріктіретін ерекше өндірістік фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қабілетілік - шешім қабылдау және тәуекелдерді қабылдау қабілеті.
Кәсіпкерлік үдерісі төрт кезеңнен тұрады: жаңа идеяны іздеу және оны бағалау; бизнес-жоспар құру; қажетті ресурстарды іздеу; белгiленген кәсiпорынды басқару.
Кәсіпкерлік орта - бұл шаруашылық субъектісінің коммерциялық қызметті жүргізуді қамтамасыз ететін экономикалық, саяси, әлеуметтік және құқықтық факторлардың үйлесуі. Тиімді кәсіпкерлік орта шаруашылық субъектілеріне кәсіпкерліктің бар болуының алғашқы және анықталған шарты ретінде өздерінің қызметтің қажетті бостандығын қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпкердің қызметі белгісіздік жағдайында жүзеге асырылады. Сондықтан, кәсіпкер өзінің сыртқы ортаның күшті және әлсіз тұстарын жақсы білуі керек, ол сыртқы ортадан туындайтын қауіп-қатерлерді анық көрсетуі керек, сонымен қатар өз фирмасының мүмкіндіктерін білуі керек. Кәсіпкерліктің сыртқы ортасы - азаматтардың экономикалық белсенділігін қалыптастыруға және дамытуға тікелей немесе жанама әсер ететін объективті сипаттағы факторлардың жиынтығы.
Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклдің типтік кезеңдерімен байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің өндірістік, коммерциялық және қаржылық сияқты түрлерін ажыратуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорын, негізінен, тауарлар мен қызметтерді өндіруге және тұтынуға, коммерциялық - олардың алмасуына, таратуға және тұтынуға, сондай-ақ қаржылық сұранысқа, құндылықтар айналымына, бағытталған. Кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлері бір-бірін толықтырады, алайда кәсіпкерлік қызметтің әрбір түрі жұмысын ұйымдастыру мен жүргізудің белгілі бір тәсілдеріне ие болады. Кәсіпкер өз өнімін өзі жасай алады және де оны алып, сосын сата алады. Демек, кәсіпкерлікті өндірістік, коммерциялық және қаржылық сияқты бөліктерге бөлуге болады. Кәсіпкерліктің осы формаларының әрқайсысы өзінің ерекшеліктері мен технологиясына ие. Өндірістік кәсіпкерлік - бұл тұтынушыға өткізуге арналған өнім өндіру, қызмет көрсету, ақпаратты жинау, өңдеу және беру шаралары, рухани құндылықтарды құру және т.б. Өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолданудың негізгі саласы өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар, қорлар мен тауар биржалары, халық болып есептелінеді. Өнеркәсіптік кәсіпкердің материалдық және қаржылық ресурстары болуы тиіс және бизнесті жүргізудің тиісті технологиясы болуы керек.
Тәуекел - бұл кәсіпкер қосымша шығыстар түрінде шығынға ұшырауы немесе күтілген табыстың аз шығуы мүмкіндік қауіпі. Тәуекелдің салдары көбінесе қаржылық шығындар түрінде немесе күтілетін пайда алу мүмкін еместігімен көрініс ретінде қарастырылады, тәуекелдер қабылданған шешімдердің жағымсыз нәтижесі ғана емес. Кәсіпкерлік жобалардың белгілі бір нұсқалары бойынша жоспарланған нәтижелерге жету және күтілетін пайдадан асып кету ықтималдығы мен қауіп бар.
Экономиканың басты және жетекші секторы шағын бизнес кәсіпорыны болып табылады. Олар көп жағдайда экономиканың өсу қарқынын, халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткішін, ұлттық жалпы өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Сонымен қатар, шағын бизнес кәсіпорынының даму деңгейі аралас икемді экономиканың қалыптасуының жалпы әлемдік тенденциясын, әр түрлі меншік нысандарының біріктірілуін және оларға сай келетін шаруашылық үлгілерін көрсетеді. Егер ірі бизнес заманауи экономиканың қаңқасы болса, онда орта және шағын кәсіпкерлік – шаруашылық ағзасының денесі. Шағын кәсіпорындардың экономикалық маңызы: - тауарлар мен қызметтер өндірісін тұтынушыға жуықтатып, шағын және үлкен елді мекендердегі өмір жағдайын теңестіруге көмектеседі; - бұрын тек жеке тұтыну құралдары ретінде қолданылған халықтың материалдық және қаржылық құралдарының бір бөлігін өндіріске тартады; - шикізат көздерін орнымен пайдаланып айтарлықтай жылдам, күрделі қаржы жұмсамай көптеген тұтыну (ең алдымен халықтың, әдетте көпшілігін құрайтын, кедей топтарына арналған) тауарларының өндірісі мен мен қызмет көрсету саласын кеңейтеді; - өндірілетін тауарлардың, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың ассортиментін кеңейтеді, қызмет көрсету мәдениетінің деңгейін арттырады; - ірі кәсіпорындарға, оларға құрамдас өнімдерді, аспаптарды, жабдықтарды дайындау және жеткізу арқылы жәрдемдеседі, олардың өндірістеріне қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді; - ғылыми және техникалық әлеуетті, өнертабыстарды, жаңалықтарды жандандырады; - басқару аппаратын минимизациялау арқылы ірі кәсіпорындарға қатысты үстеме шығындарды азайтады.
Бақылау сұрақтары
1. Кәсіпкерліктің мәні мен қызметі неде?
2. Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасы дегеніміз не?
3. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз?
4. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары болады?
5. Кәсіпкерлік тәуекел деп нені түсінеміз?
6. Тәуекелдің қандай түрлері бар?
7. Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі қандай?
8. Шағын бизнестің даму келешегі қандай?
9. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні неде?
10. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму жағдайын қалай сипаттауға болады

Глоссарий/түйінді сөздер


Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік орта, нарық, кәсіпорын, тәуекел, бизне-жоспар.



жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау