Бағдарламасы Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі



жүктеу 1,23 Mb.
бет9/9
Дата17.11.2017
өлшемі1,23 Mb.
#552
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Девиантты қатынастар

Әйелдер мен ерлердің өзара қатынастағы конфликті мен құқық бұзушылық жағдайлардағы қылық-әрекеттер.

Конфликті жағдайларда қылық-әрекеттің жыныстық ерекшеліктердің көрінулері:


  1. гендерлі стериотиптерінде, оның конфликке қатысушыларға әсері;

  2. әйел мен ерлерде конфликқа апаратын жақтардың болуы;

  3. конфликтерді шешу тәсілдерінде;

  4. келіссөздер кезінде әртүрлі паттерндерді қолдану, олардың түсінбеушілікке әкелуі мүмкін.

Гендерлі стериотиптер конфликке қатысушылардың қылық-әрекетіне әсер етеді. Көбінесе ерлерге үлкен агрессивтілік, ассертивтлік, бәсекелестік, доминанттылық, тән дейді, ал әйелдерге – эмоционалдылық, төиен агрессивтілік, кооперативті қылық-әрекет.

Осы стериотиптерге сәйкес конфликтерді шешуге тырысады.

Іскерлік және интимдік келссөздерде ерлер көбінесе көп сөйлейді, жиі сөзді бөледі, ал әйелдер көп сұрақ қояды және оларды жиі қайталайды. Және де вербалсыз айырмашылықтарда байқалған әйелдер ерлерге қарағанда жиі жымияды және күледі.

Кейде бір жыныста да, екі жыныс арасында да конфликтер құқық бұзушылыққа дейін барады. Отбасында әйелдер ерлерге қарағанда көп кемсітулерге т.с.с. ұшырайды. Бірақ осыған қарамастан қоғам кінәнә әйелге тағуға бейім болып тұрады. Қазіргі күнге дейін айтылатыны « әйелді зорлау мүмкін емес, егер ол өзі қаламаса», бірақта бұл ой баяғыда кері шығарылған.

Т. Амстронг және әріптестері дене зорлық-зомбылығы бар конфликтерді зерттеді, мұндай конфликтер қатты эмоционалды реакцияны бергені анықталды. Бұл конфликтер жайлы әйелдер ерлерге қарағанда жақсы естеріне сақтаған. Конфликте әрқайсысы өзінікіі рас деп есептеді. Егер де күйеуі әйелін ұрып, ол тұралы ұмытса, әйел ұсақ түйекке шейін есіне сақтайды және егер күйеуінің ұмытып қалғанын білсе, оның жан күйзелісі үдейе түседі.

Әдебиеттер мәліметі бойынша, мұндай зерттеулердің нәтижесін келесідей бөлуге болады: а) ерлердің басқаларға зорлыққа деген үлкен биімділігі; б) әйелдердің өзіне қарсы зорлық; в) жыныстық ерекшеліктердің болмауы.

Екі жыныстағыда зорлық-зомбылық жасай алады, бірақ бұл көбінесе ерлерге тән деп қабылданған, өйткені ерлер дене бітімі жағынан әйелдерден мықты болып келеді. Ерлер көбінесе біреуді өлтіреді, ал әйелдер өз-өздерін. әйелдер суицидтік жағдайларға ерлерге қарағанда биім келеді.

Екі жыныста да өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар:



  1. әкенің алкоголизмі, балаларды ұрып-соғумен жалғасатын;

  2. ананың психикасының сау болмауы;

  3. анашаны шегуі, әсіресе жасөспірімдік кезінде;

  4. балалық шақта дистрессті және жан күйзелісін бастан кешуі;

  5. депресивті эмоционалды жағдай көбінесе екі жыныста да анаша шегушелерде байқалған.

Әйелдер ерлерге қарағанда өзінің суициттік ойлары туралы жиі айтады. Ерлерде мұндай ойлар балалық шақта қатты психологиялық жарақат алғанда пайда болады.

Ерлер мен әйелдердің дивиантты қылық-әрекетінде ұқсас белгілер бар, айырмашылықтарда бар.


Әйелдер рөлдерінің дәстүрлік шектеулері.

1. Үй ошағын сақтаушы.

2. Іскер әйел.

3. Үй ішіндегі еңбек және жұмыстағы әйел.

4. Ерлер мен әйелдердің жұмыс ақыларындығы айырмашылықтар.

5. Ұйымдарда әйелдің төмен статусы және оларда биліктің болмауы.


Бізде әйел орны –ошақ басында деген ой қалыптасқан, бірақ әйелдердің 40% ғана үйде отырады (бұл санға зейнеткерлік жастағы әйелдер кіреді). АҚШ-та көптеген жанұяларда күйеулері жұмыс істейді ал әйелдері ек ібала немесе одан көп балаларды тәрбиелейді, олардың барлығы 7% -ті құрайды. Бірақта бір қарағанда күнделікті жұмысқа барып келгеннен ,жақсы сияқты үйдегі әйел адам аз жұмыс істейді деген ойымыз қате. Шынында да әйел үй жұмысына аптасына 48-70 сағат кетіреді. Сонымен қатар еңбек ақылы жұмыс тек қана экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырмайды, ол сонымен қатар құрметтеу, сыйлауды , статуста және стимулды қанағаттандырады..

Үйде отырған адамда, бұл қажеттілікті қанағаттандыру қиынға түседі.1963жылы Бетти Фридан ”Әйелдің ерекше қабілеті” деген кітабы шықты.Фридан <<әйелдің ерекше қабілеті >> сөзтіркесінде қолданған америкадағы әйелдер туралы жалпы жағымды ерекшеліктерін көрсеткісі келген. Фридан ,бұның қиындығы көптеген әйелдер қанағаттанбаушылықты сезінеді және одан ұялады. Фридан өз “ Үй ошағын сақтаушы”интервьюында ол көптеген әйелдерде әйел және ана ролі олардың арманы болған мен олар өздерін ққанағаттанбаушылықты сезінеді. Негізінде проблема олардың басқалардың керектерін қамтамасыз етеді, олар өздерін көп ойламайды.Басқа проблема <<Үй ошағын сақтаушы >> рөлімен байланысты.Фриданның айтуынша үйдегі әйелдер өз өміріндегі адамның маңыздысәттерде шетте қалып қояды сондықтан олар өздерін толық сезіне алмайды.<<Махаббат, балалар, және үй бұл жақсы ал бұл бүкіл әлем емес>>. Фриданның кітабы 30 жыл бұрын жарықа шыққан, бірақ осы күнге дейін “әйел қабілетінің ерекшелігі’’проблемасын қарастырып келген. Мысалы:Кросби былай деп айтқан «көптеген жас ерлермен әйелдер бірінші балаларының дүниеге келуін қуанышпен тосады, өз қиялдарында идилликалық уақытты елестеді. Көбінесе сіздерді солай ойлайсыздар ал сіздер ұйқысыз түндерді, сасық баланың жайлықтары, олардың бітпес ауруларын көз алдынызға елестете аласыз ба?».

Таврис және Оффер көп әйелдердің үй әйелі роліне арнайы термині –үй әйелі синдромын ұсынған болатын. Барлық жұмыс еш уақыт аяқталмайды, және қызықсыз адамды жалықтырып жібереді.Ал баланы ойласан бұл өмірдегі ең азал болып табылады.Шындығында өмірде оларды тамақтандырып киіндіру, жуындыру, ал өскен кезде олар бір-бірімен ұрсысады,сізбен ұрысады, одан кейін сізді керекте қылмайды.Ферри ұй әйелдері көбінесі өздерін әлеуметік оқшалануын сезінеді. Зерттеушілердің ойынша жұмыстағы әйелдерге қараған үйдегі әйелдер депрессияға бейім.Өйткені олардың жұмысы жалықтырып жібереді күнделікті қайталанып отырады.Ал басқа зерттеушілердің айтуынша үйдегі әйелдер депрессияға бейім емес өйткені олар өз өмірлеріне қанағаттанады. Шихан айтқан жұмыс істемейтін әйелдер өз үй жұмысын қызықсыз және қоршаған ортадан оқшаланғанымен олар психалогиялық дискомфортты сезбейді,өйкені үй әйелдері көпбос уақыттарын бар , клуб және қоғамдық ұйымдарға барып сергуіне болады. Ферри көрсеткен үй жұмысында көптеген қуанышты сәттер бар олар өзі жақсы көретін адамдарына жақсы іс жасасан және жақсы жұмыс жүргізгенде көрінеді.<<Үй әйелдері>><<жұмыстағы әйелдер>> жанұяға әкелетін кірісі, олардың религиялық сенімі, себебі, үйде отыруының немесе жұмысқа бару жас және бала саны барлығы әр түрлі . Осы факторлардың барлығы жұмыста және үйдегі ролдері қанағаттану деңгейіне әсерін тигізеді.Кроуздың ойынша үй әйелінде кезінде әйел ролі туралы түсінік дәстүрлі емес болса, ал оның күйеуінде дәстүрлі түсінік қалыптасқан болса, онда ол әйелде өз роліне деген қанағаттанбаушылық пайда болады,және олар депрессияға бейім тұрады.Перри Денкинс әйелдердің үйде немесе жұмыста өз роліне қандай мағына беретінін көрсеткен. Мысалы:жұмыс істейтін әйелдің ойынша оның отбасына әкелетін кіріс оның күйеуіндікіндей бірдей боғанда онда қанағаттанушылық көрінеді.Ғылымдардың айтуынша үй әйелінің роліне қарағанда жұмыс істейтін әйелдің ролі жанұяда басымдырақ. Жанұядағы билік теориясы бойынша қарастырсақ ерлі-зайыптылардың қайсысы экономикалық мүмкіндігі жоғары болса соның қолында үлкен билік болады.Бірнеше зерттеушілер жұмыстағы әйел ұйдегі әйелден қарағанда өз отбасында күштірек әсер етеді.Эриксен және оның серіктестіктерінің айтуынша егер күйеуінің жұмысы абыройлы болса. Онда ол өз отбасы өмірінде басты рөл атқарады.Стейл және Туретцкидің пікірінше <<отбасындағы жыныс тенсіздігі, отбасындағы талаптарының тең болмауына әкеледі>>.Үй ошағын сақтаушы ,әйел адам-телеэкрандағыдай идиллиялды емес, бұндай ролді шынайы өмірде ойнатын адам біздің құрметімізге ие болуы тиіс

Үйдегі еңбек және іскер әйел

Қазіргі күндегі әйелдің дәстүрлі ролі, оның жұмыс істеп жүріп, үйдегі тіршіліктің жүгін өз мойныңа артуы, балалрды бағу және олар үшін жауаптылық. Үйден тыс жұмысты тындырып келіп, әйел үйдегі екінші жұмысына кіріседі, яғни екі жұмысты істеп жүріп демалуға деген уақыты қысқарады. Үйде ер адамның әйелге көмектескенмен басым көпшілік жұмысты әйелдің өзі атқарады. Бұл жағдай әйелді стресске ұшыратады деген пікірде бар, бірақ зерттеулер бойынша жұмыс істеп жүрген әйелге қарағанда, үйде отырып, үй шаруасымен айналысқан әйелдер стресске жиі ұшыраған.



Ерлер мен әйелдердің еңбек ақы алудағы айырмашылықтар

Тегі европалық американ ерлер мен әйелдердің бір жыл бойғы алған жалақылылары салыстырылды, әйелдер ерлердің жалақысының 68% ғана алған. Мұндай мысалдар өте көп. Әйелдер ерлер істейтін тура сондай жұмысты істесе де, ерлерден аз жалақы алады. Бірақ әйелдердің жалақылары өсіп келеді, сонда да ерлердікіне жетпейді.

Мұндай өзгешіліктердің себептерін қарастырайық. Оның ішіндегі көп таралған екуін айталық: біріншісі, әйелдерге аз ақша төленетіндігі, өйткені олардың өздері аз төленетін жұмыстарға орналасады, екіншісі, әйелдер құнды жұмыскер болып табылмайды, өйткені керекті тәжірибе мен квалификацияның жоқтығынан. Тағыда бір пікір әйелдер аз алады, өйткені аз алуды күтеді.

Әділдік теориясына сәйкес, егер сіз төлем ақы жағынан кемсітуді сезінсеңіз, онда сізде әділдікті орнатуға құлшынысыңыз пайда болады.

Ұйымдарда әйелдің төмен статусы және оларда биліктің болмауы

Төмен жалақыны алумен қатар олар статус жағынанда ерлерден төмен. Оған көптеген мысалдарды келтіруге болады.Соның бірі саясатта әйелдердің өте аз болуы. Мұндай жағдайларда «көрінбейтін төбе» құбылысы бар, бұл кедергіні ерлерде болмайды.

«Көрінбейтін төбе» терминін Лин Мартин ұсынған қолмен жасалған кедергілерді белгілеу үшін.

Әйелдердің неге төмен қызметтерде жұмыс істейтінін көп тараған түсіндірмелерді қарастырайық:



  1. Ұйым жұмысының адамдық қорына аз үлесін қосады. Бұл адамдық қор концепциясына негізделген.

  2. Әйел ерлер сияқты істі жақсы жүргізе алмайды. Әйелдің тиімді қызметте жоғарлау жолдары ерлермен басып алынған. Бұны былай түсіндіреді, әйелдердің басқарушылықтың кейбір қасиеттері болса да, нағыз лидер болу үшін керекеті қасиеттері жоқ. Бірақта әйелдер ерлерден кем емес басшы бола алатыны және олардың мотивацялары мықтырақ болатыны туралы дәлелдер бар. Сонымен қатар әйелдер конфликті жағдайларды жақсырырақ шешетіні жайлы мәліметтер бар.

  3. Қоғамда таралған әйелдерді қабылдау туралы стериотиптер себептер болуы мүмкін, яғни жұмысты басқарушы және лидер роліне әйелдердің келмейтіні тұралы. Кейбір зерттеулер бұл ойды дәлелдейді, лидерлерде ерлерге тән қасиеттердің болуы керек туралы. Мұндай стериотиптерге тек ерлер ғана емес, сонымен қатар әйелдер де келіседі.

  4. Ұйым ішінде ешқай жерде жазылмаған нормалар бар, ол бойынша жоғарғы қызметтерге ерлерді қойған жон деген. АҚШ –та 1991 жылы жүргізілген сұрақнама бойынша адамдар көбі бұл мәселе бойынша жауапта ойланып қалды, мұндай нормалардың бар екені туралы айтқандары да болды, олар бұл нормалармен үндемей-ақ келісіп отырды. Бұл норманы сақтамасақ, тіптім басшылардың өздері де осылай ойлайды, жұмысқа карераға кері әсер етеді.

  5. Ұйымда әйел жұмыс істеу кезінде қызметін өсіру үшін керекті тәжірибе жинамайды.көбінесе әйелдерге жұмыста ілгері жылжуға мүмкіндігі жоқ жұмыстарды береді.

  6. Әйелдерге олардың жанұяға және үйге байланысты міндеттер жұмыста жоғарылауға кедергі болады. жүргізілген зерттеулер бойынша шынында да кейбір әйелдерге бұл жағдай жұмыста жоғарлауға кедергі болады. 827 жұмыс істеп жүрген әйелдерді салыстыру кезінде, әйел-басқарушылар көбінесе басы бос әйелдер болып шықты. Әйелдер-басшы мен ерлер-басшыларды салыстырғанда, менеджерлік қызметте көбінесе үйленген ерлер және басы бос әйелдер болып шықты.

  7. Әйелдің басты міндеті – үй, жанұя, олардың қызметте ілгері жылжуда кедергі болуы мүмкін деген көпшіліктің ой-пікірі. Әйелдердің ерлерге қарағанда, статистикаға сүйенсек, жұмысты үлкен құлшыныспен істейді. Отбасының мәселесімен басы қатып, жұмысты дұрыс істей алмаған жағдайдың өзінде, үйленбеген ерлермен бірдей жұмыс істейді,

Сонымен, әйелдердің ерлерге қарағанда нашар жұмыс істейді деген пікірлерге ешқандай негіз жоқ, бұл тек стериотиптер ғана, ал олармен күрес жүргізілуде. Соның нәтижесінде салыстырмалы түрде әйелдердің статусы жоғарлауда. Оған дәлел басқару орындарда әйелдер санының өсуі.



  1. Практикалық және лабораториялық сабақтар

Гендерлік психология тарихы.

Жыныстардың жекелей ерекшеліктері.

Гендерлік демография

Психомоторика

Психомоториканы зерттеу әдістері.

Психомоториканы зерттеу әдістері.

Түйсіну мен қабылдау

Түйсіну мен қабылдау. Оларды зерттеу әдістері.

Интеллектуалдық, сөздік сипаттамалар.

Эмоционалдық сипаттамалар.

Әлеуметтік нормалар мен гендерлік айырмашылықтар.

Дифференциалды әлеуметтену.

Әлеуметтік мінез-құлықтарды зерттеу әдістемелері.

Дәстүрлі әйелдер рөлдерінің шектеулері.

Конфликт жағдайындағы гендерлік шарттар.

Гендерлік рөлдердің өзгеруі.


4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.



7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

СӨЖО

СӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс




2

3

4

Текстпен жұмыс. Гендер-әлеуметтік құрылым немесе биологиялық императив.

«Кілттті сөз» технологиясы пайдаланылған статья текстіне талдау. Статья текстінің кем дегенде үш сұрағына талдау жасау.

Сұрақтарды тексеру. Жұппен жұмыс: сұраққа жазбаша жауап. Жекелей сұхбаттасу.

Диагностикалық анкетаны өткізу.

Ұсынылған анкета бойынша эмпирикалық ақпарат жиынтығы.

Ванкетанаң жүргізілуін тексеру. Студенттердің зерттеу қабілетін талдау.

Текстермен жұмыс. Ребров Н.П. Жеке тұлғаның биологиялық және психологиялық мінезіндегі өзара байланысындағы гендерлік аспект. Е.В. Иоффе. Әлеуметтік интеллект мінезіндегі гендерлік айырмашылық.

Статья текстерін талдау. Ұсынылған материал бойынша семинар-тренинг бағдарламасын құру.

Бақылау сұрақтары. Семинар-тренингті өңдеуде және жоспарлауда жекелей және топтық сұхбат.

Гендерлік стереотипті жеке тұлғалық семантикалық дифференциал әдісімен зерттеу.

Зерттеу жүргізу. Нәтижені безерлендіру.

Психологиялық қорытындыны тексеру.

Гендерлік семинар-тренинг.

Семинар-тренинг конспектісінің өңдеуі. Конспектіні безерлендіру.

Семинар-тренинг конспектісін тексеру. Жекелей презентация.

«Жанұяның дәстүрлі-патриархаттық және қазіргі эголитарлы типтері» таблицасымен жұмыс.

Таблица мазмұнын талдау. Таблица сұрақтарына жазбаша жауап.

Топтық талқылау. Салыстырмалы талдау.

Жеткіншектерге арналған семинар-тренинг конспектісін өңдеу.

Жеткіншектік топта семинар-тренинг жүргізу



Семинар-тренинг жоспары мен мазмұнын, бағдарламаларын нақтылау. Жүргізілу графигін құру.
Тренингті жүргізу бойынша қосымша мәлімет жиынтығы. Тренингтің өткізілуінің тиімді технологиялық жиынтығы. Кәсіпкерлік өзіндік бағалау және өзіндік талдау.



Семинар-тренингтің бағдарламаларын бекіту.

Семинар-тренингтің жүргізілуі. Жүргізілуін талдау.



«Сексуалды тәжірибе» сауалнамасы.

Сауалнама сұрағына үй жағдайында жауап беру.

Студенттермен бірге жүргізілген талқылауға қатысуы.

Гендерлік экспертиза.

Гендерлік экспертизаның оқулықтарын, журнал, әдеби шығармаларымен, газет статьяларымен жүргізілуі.

Алынған нәтиже презентациясы. Талдау.

жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау