Бағдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы



жүктеу 120,84 Kb.
бет18/50
Дата22.01.2022
өлшемі120,84 Kb.
#34731
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Силлабус үлгі

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лиркасына жататын өлеңдерін анықтау

  2. Әлеуметтік сыншылдық, гуманистік сипаттарын анықтау.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Қазақ балалар поэмасының антологиясы-Алматы,2005

  2. Ш.Құдайбердіұлы шығармалары-Алматы,1980


6-ДӘРІС

Дәріс тақырыбы: С.Торайғыровтың өнер-білім тақырыбындағы өлеңдері. С. Дөнентайұлы – мысал жанрының шебері. С. Көбеевтің «Орындалған арман» романының тақырыптық ерекшелігі

Дәрістің мақсаты: С.Торайғыров өнер-білім тақырыбындағы өлеңдері мен С.Дөнентаевтың мысалдарының ерекшеліктері. С.Көбеевтің романын тереңірек түсіну

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. С.Торайғыровтың мысалдарының ерекшеліктері.

  2. С.Дөнентаевтың «Көркемтай» әңгімесіне тақырыптық – идеялық тұрғыда талдау.

Дәріс мазмұны: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы. Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар. С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды. ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы-демократ ақындардың бірі. Сәбит Дөнентаев Павлодар облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен ескіше хат танып, кейіннен Павлодар медресесінде оқиды. 1913 жылы «Айқап» журналында ақынның «Қиялым» деген өлеңі жарияланды. Бұл – ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселесінің бәріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады.  1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді. 1919–1922 жылдар арасында қазақ ауылдарында мұғалім, халық соты қызметтерін атқарды. 1928 жылдан бастап С. Дөнентаев «Қазақ тілі» газетінің редакциясында жұмыс істеп, барлық күш- жігерін қазақ әдебиетін дамытуға жұмсайды. Ал 1957 жылы шығармаларының академиялық жинағы шықты. С. Дөнентаевтың ақындық қызметі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі – 1912–1918 жылдар арасы, екінші кезеңі – кеңес дәуіріндегі шығармашылығы, яғни 1918–1928 жылдар арасы. Ақынның «Заман кімдікі», «Досқа», «Замандастарға», «Балалық» және т.б. өлеңдері халықтың азаттыққа ұмтылу арманын суреттейтін реалистік шығармалары болды. Ақын шығармалары тақырып, жанр, көркемдігі жағынан да әр алуан болып келеді. С. Дөнентаев өз дәуірінің қоғамдық шындығын кең жырлаған, қазақ әдебиетінің өткір сатиралық стильді қалыптастырған ірі суреткер ақын Спандияр Көбеев (1878, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.




жүктеу 120,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау