Бағдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы



жүктеу 120,84 Kb.
бет21/50
Дата22.01.2022
өлшемі120,84 Kb.
#34731
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Силлабус үлгі

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, С.Көбеев мысалдарын өзара салыстыр.

  2. М.Дулатов өлеңдері мен әңгімелерін Ы.Алтынсарин туындыларымен салыстыр.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Қазақ балалар әдебиеті хрестоматиясы,2004

  2. А.Байтұрсынов Ақжол Алматы, 1991

  3. Дулатов М. «Оян, қазақ!» - А., 2003


8-ДӘРІС

Дәріс тақырыбы: М.Жұмабаевтың балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» поэмалары негізінде түсіндіру.

Дәрістің мақсаты: Ақын шығармаларын басшылыққа ала отырып балдырғандарды дұрыс өмір сүруге, оның педагогтық қызметін үлгі алуға дағдыландыру.

Дәріс мазмұны:

Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік пен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаев. Ақын 1893 жылы Қызылжар уезінің Сарыайғыр болысында дүниеге келген. Үлкен атасы Қажы атанған Жұмабай болса, өз әкесі Бекен де елге беделді, ауқатты, болыс болып ел тізгінін ұстаған жан. Мағжан – өз жерін де, өз тегін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, асыл маржанға теңелген сұлу лирикалық жырларымен оқырманын еліткен халқының дара перзенті. Мағжан поэзиясының тіл кестесі, лирикасындағы нәзік сезім мен терең ой тоғысы ерекше ілтипатқа бөленген ақын. Мағжан поэзиясы – одан рухани азық алып, жандүниеңді байытып, өмір құбылыстарына деген көзқарасыңды кеңейтіп, қоршаған ортаның қыр-сырын түсінуге көмектесетін көркем дүние. Мағжан – сыршыл да өршіл маржан жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. Құбылмалы өмір күйінен өз әуезін таба білген ақын қашанда тек ұлтының керегін іздеп, мұңы мен зарын жоқтауға, қуанышын көркейтуге, жаманын жасырмай, жақсысын асырмай жырлауға берік бекінген. «Мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ» болған ұлы ұстазы Абайша бар мақсаты ұлтының азаттық пен бостандыққа қол жеткізуі болған. Мағжанның алғаш жарық көрген өлеңінің өзінен-ақ ақынның кейінгі ұлы мақсаттары көзге шалынды. Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа дүние. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, терең эстетикалық талғамды сезінесің. Біз Мағжанды сыршыл ақын дегенімізде, көбіне оның махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған өлеңдері төңірегінде ой қозғап келеміз. Бірақ азамат ақын бұл тақырыптағы өлеңдерінде де азаматтық жүкті алға қояды. Біршама өлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, жан азығы ретінде қарайды. Ұлы күрестер жолында бойға қуат күш берер рухани азық деп біледі. Ұлы сезімнен жаны гүлденген ақын ұлты үшін күреске нық сеніммен қадам жасайды. Мағжан поэзиясының тақырыбы әр алуан. Өзі өмір сүрген жаңа ғасыр басында Мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ деуге болады. Ақындық өнерге енді ғана мойын бұра бастаған тұста, Мағжанның жан-дүниесін кеңейтіп, іздегені алдынан шамшырақ болып жанған бір құбылысты айтпай кету мүмкін емес. 1909 жылы қазақ оқырмандарына қазақ поэзиясының бүкіл болмыс-бітімінің бүтіндігін танытқан үш кітап арналды. Олар Абайдың «Өлеңдер жинағы», Ахметтің «Қырық мысалы», Міржақыптың «Оян қазағы» еді. Міне, осынау кітаптар ұлтын сүйген ұланның, өнерді құдірет түсінген ақынның айтар ойын, барар бағытын айқындап берді.




жүктеу 120,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау