Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



жүктеу 414,99 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата28.12.2017
өлшемі414,99 Kb.
#6214
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

11

 



БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану

дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;  



сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның 

нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу; 

сандық,  мәтіндік  және  визуалдық  ақпаратпен  және  дерекқормен,  оның  ішінде 



гиперсілтемелерді,  электрондық кестелерді,  графикалық  және басқа қосымшаларды 

пайдаланып  жұмыс  істеу  арқылы  мәліметті  жүйелеу;  қолдану;  заңдылықтар  мен 

тенденцияларды  зерттеу;  модельдер  мен  модельдеуді  пайдалану  мүмкіндіктерін 

зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды 

және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру; 

басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық 



ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану; 

электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына 



қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы 

бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;  

интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында 



қолдану; 

аяқталған  жұмысты  мектеп  шеңберінде  және  өзге  орталарда  мультимедиялық 



таныстыру.  

 

3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері 

 

«Дене  шынықтыру»  пәнін  меңгеру  нәтижелері  критериалды  бағалауды    қолдану 



арқылы жүзеге асырылады.  

Критериалды  бағалау  оқыту,  оқу  және  бағалаудың  өзара  тығыз  байланысында 

негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және 

ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.  

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.  

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері 

байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.  

Жиынтық  бағалау  белгілі  оқу  мерзімінде  оқу  блогын  оқып  бітіргенде  өткізіледі, 

оқушыларға  кері  байланысты  қамтамасыз  ету  үшін,  пән  бойынша  тоқсандық  және 

жылдық бағаларды қою үшін колданылады.   



 

 


 

12

 



4.

 

«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 

 

4.1. Оқу жүктемесінің бөлінуі 

 

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны: 



 

Сынып 

Апталық жүктеме 

 

Жылдық сағат саны 

1-сынып 


3 сағат 

99 сағат 

2-сынып 

3 сағат 


102 сағат 

3-сынып 


3 сағат 

102 сағат 

4-сынып 

3 сағат 


102 сағат 

 

Бастауыш  сыныптарда  «Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  үшін  қажетті  құрал-



жабдықтар

Барлық  мектептерде  жалғыз  дене  шынықтыру  сабақтарында  ғана  емес,  оқу  жылы 

бойы физикалық белсенді оқуға жағдай жасайтын кеңістік пен бөлмелердің көп болғаны 

дұрыс.  Бұл  көлемдері  мен  формалары  әр  түрлі  қоғамдық  және  ойын  алаңдарын,  ашық 

алаңдарды  және  жабық  бөлмелерді  қарастырады.  Әр  мектепте  қимыл-қозғалыс 

жаттығуларын  өткізу  үшін  ауа  баптағышпен  жабдықталған  немесе  жақсы  желдеткіш 

жүйесі бар кем дегенде бір бөлме, ашық даладағы түрлі алаңдар болуы қажет. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  оқу  үдерісі  динамикалық,  интерактивті  сипатта 

болуға  тиіс  және  бұл  білім  беру  бағдарламасы  шеңберіндегі  ауқымды  міндеттер  мен 

оқыту  мүмкіндіктеріне  сәйкес  келетін  ішкі  және  сыртқы  бөлмелерді  пайдалануға  тиісті. 

Ішкі  оқу  бөлмелері  желдеткіш  жүйелерімен  жабдықталып,  жақсы  жарықтандырылып, 

температуралық  режимі  сәйкес  болуы  тиіс.  Дене  шынықтыру  жүктемелерінің  көлеміне 

және  қалпына  келуге  берілетін  үзілістердің  жиілігіне  қарай  сыртқы  алаңдар  сәйкес 

көлеңке қалқалармен жабдықталуы тиіс. Сыртқы алаңдардың жағдайлары бөлмеде оқыту 

мүмкіндіктерін барынша табиғи жақсарту сияқты қарастырылуы керек.  

Мектептерде  «Дене  шынықтыру»  пәнінің  мұғалімдері  үшін,  сондай-ақ,  басқа 

өңірлерден  келіп  жұмыс  істейтін  жаттықтырушылар,  мұғалімдер  үшін  немесе  білім 

бағдарламасын  қолдайтын  немесе  толықтыратын  нұсқаушылар  үшін  қауіпсіз, 

мамандандырылған,  жақсы  жабдықталған  киім  ауыстыру  және  жұмыс  бөлмелерін 

қамтамасыз етуге тиіс.  

Киім  ауыстыру  бөлмелері  жынысы  мен  жасына  қарай  бөлінуі  керек,  киім 



 

13

 



ауыстыруға және жуынуға арналған жер кең болуы тиіс, киім, жеке және бағалы заттарды 

сақтайтын  орын  қарастырылғаны  дұрыс.  Дәретханалар  мен  душ  қабылдайтын  бөлмелері 

жеке гигиена тазалығын сақтайтындай болуы керек.  

Төменде  «Дене  шынықтыру»  пәні  бағдарламасы  бойынша  денені  шынықтыру 

қызметін орындауға арналған арнайы құрал-жабдықтардың ең аз түрі көрсетілген:  

Жеңіл  атлетика:  секундомер,  рулетка,  ысқырық,  эстафета  таяқшалары,  конустар, 

биіктікке  секірудегі  қолданатын  өлшеу  бірлігі  бар  таяқ,  ұзындыққа  жүгіріп  келіп  секіру 

кезінде  қонуға  арналған  құм  шұңқыр,  150  гр.  резеңке  доптар,  500-700  гр.  гранаталар, 

жүгіргендегі қолданатын кедергілер.  

Мектепте қолданатын спорттық ойын түрлері және оларға қажетті құралдар:  

футбол: командалық форма, футбол доптары, конустар, қақпалар, ысқырық; 



волейбол: қысқа жеңді командалық форма, волейбол доптары, тор, тіректер, 

ысқырық; 

баскетбол: қысқа жеңді командалық форма, баскетбол доптары, себет, шығыршық, 



ысқырық, шеңбер; 

гандбол: қысқа жеңді командалық форма, гандбол доптары, қақпалар, ысқырық; 



үстел теннисі: үстел теннисіне арналған үстелдер, ракеткалар, үстел теннисіне 

арналған доптар; 

бадминтон: ракеткалар, тор, воландар; ысқырық; 



үлкен теннис: ракеткалар, торлар, теннис доптары



Ұлттық ойын түрлері: тоғызқұмалақ тақтасы, шахмат, дойбы, асық; 

Гимнастика: арқандар, гимнастикалық төсеніш, швед қабырғалары, қос сырық керме, 

гимнастикалық бөрене (төмен), гимнастикалық кіші ағаш ат, гимнастикалық ағаш ат, 

гимнастикалық доп, гимнастикалық таспалар (лента таяқшаларымен), гимнастикалық 

шығыршық, секіргіш, медицинбол; 



Шаңғы, кросстық және коньки дайындығы: шаңғылар, шаңғы таяқтары, бекіткіштері 

бар аяқ-киім (ылдидан және ойлы-қырлы жермен шаңғы тебуге арналған), коньки, арнайы 

аяқ-киім; 

Жүзу: таспалар, қолға байлауыштар, резеңке кубиктер, салмақты шеңберлер, су 

ойыншықтары, шарлар. 

 

Арнайы  медициналық  топтарда  (денсаулығына  байланысты,  әр  деңгейдегі  

оқушылармен) сабақ ұйымдастыру  

Жүйелі  түрде  жүргізілетін  және  ғылыми  негізделген  педагогикалық  бақылаудың 

арқасында  ғана  дене  шынықтыру  балалар  мен  жасөспірімдердің  денсаулықтарын  сақтау 



жүктеу 414,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау