Мазмұны Кіріспе…



жүктеу 0,58 Mb.
бет1/3
Дата04.12.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2902
түріСабақ
  1   2   3

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Мазмұны

Кіріспе…




І бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері.


    1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.




    1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары…


ІІ бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық қабілетін арттырудың әдіснамалық негіздері.


    1. 2-сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінде шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары.




    1. 2-сыныпта қазақ тілі сабағында шығармашылық қыбілеттерін қалыптастыруда озық тәжірибелерді қолдану жолдары.



    1. Сабақ жоспарларының үлгілері…

Қорытынды…


Әдебиеттер тізімі…
Қосымша…

К і р і с п е
Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын, өмірлік бағдырын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы тұр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ерекшелігі қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған "Қазақстан 2030" жолдауындағы негізгі идеяларды іске асырудағы білімнің басты миссиясын оқушылардың қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп есептейміз. ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік пен білімділік, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.

Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: "Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ" деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің болашығы мектебінде шыңдалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықан, Қазақсанның барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің, оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда "Білім туралы заңы " қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – педагог қызметкерлер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 81/2 шешімімен бекітіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесніе енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл-қуатына қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Оқу-тәрбие процесінде мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Мұғалім қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылғын, қабілетін оятуға, дамытуға жол ашады. Шығармашылық - бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін де дамыту қажет. Қызығу – бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайа болады? Баланың қызығуы үшін – оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э.Парондайк, У.Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызғушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:

А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға;

Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т.б.

"Шығармашылық" – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

"Шығармашылық" – адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетлдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В.В.Давыдов, В.А.Крутецкий, Л.Р.Выготский, Л.В.Занков, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, И.Л.Лернер, А.Н.Луктын, В.И.Андреев, А.Л.Яковлев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.М.Әбділдин, ҚБ.Жарықбаев, М.М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, т.б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. Осы ғалымдардың еңбектерін тұжырымдап, пікіртлерін шығармашылық, қабілет деген ұғым, түсініктерді ұғынып, оны қалыптастырудың жолдарын іздестіру қажеттілігі туындап дамыту жолдары жолға қойылуда.

Сондықтан тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі, жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдарын, ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудіңң міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастырудағы оқытудың ғылыми - әдістемелік, педагогикалық - психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

- Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту үшін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру;

-Қазақ тілі сабақтарын оқытуда жаңа технология элементтерін, педагогикалық тәжірибелерді талдау, қолданыстағы мәнін ашу;

Зерттеу объектісі: 2 сыныптың қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық қабілеттері.

Зерттеу пәні: 2 сынып қазақ тілі пәні.

Зерттеу әәдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану., және т.б.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тіллі сабағын оқыиуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық мәселелері.
2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасы қоғамның экономикалық және әлеуметтік маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашылық тұлға қалыптастыруға бағыт алу ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарын көздейді. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігін, қабілетін арттыруды талап етеді. Қазақстанда Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы: тірек сигналдары арқылы оқыту технлогиясының ерекшелігі.

- үнемі қайталау, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- ізгілік, ықпал, жеке бағдарлы қарым-қатынас;

- әр оқушының табысының жариялығын, түзетуге, табысқа жетуге жағдай жасау.

Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі;

- ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизм жеке

бастың өзіндік талап - талғамына сүйену;

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі:

- Білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;

- Ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; т.б.

Ұлы неміс педагогы А.Дистерверг әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" атты еңбегінде "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді" деген.

Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызғушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген. 1) Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды. 2) Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. 3) Адамның қызығулары ерте кезден бастап нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады. 4)Сыртқы дүниемен байланыспайды. т.б.

Қызығу мектепте оқу-тәрбие үрдісінде өте қажетті шарттар, яғни мәселелер болып табылады.

Қызығудың кіші мектеп жасындағы балалардың жақсы оқуына, оқығанын ары қарай дамытуына, адамгершілігі мол, шығармашыл етіп тәрбиелеуіне ықпалы зор.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар әр нәрсеге еліктегіш, қызығушылықтары соншалықты көрген нәрсесін қолымен ұстап, көзбен көргенше асығады. Сол үшін мектептегі әрбір ұстаз оқушылардың сабағын тартымды, әрерлі, қызығушылығын артыру арқылы ұйымдамтыру жұмысын жолға қойса, онда біздің еңбегеміз жемісті болар еді. Психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қалай болса, есейгенде еңбек үстінде сондай болады деген. Сондықтан ойын баланың дүниетанымы мен өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірді тануы, оны білуі, қоршаған орта мен араласуы, еңбекке, үлкендермен қарым-қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалар өздерін ойын үстінде еркін сезінеді, тапқырлық, іскерлік, ізгілік, шығармашылық әрекеттері қалыптасады. Сонмен қатар бала ойын кезінде қуанады, ренжиді, біреуге қамқор болады, ызаланады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыны сабақта, ойын барысында көңілін шаттандыратындай, ойын, қиялын оятатындай, іскерлігін дамытып, қалыптастыратындай болу керек. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиыншылыққа төзу, ептілігін қалыптастыру, үйрету, баулу мұғалімнің негізгі міндеті. Бастауыш сыныпта оқушының қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады.

а) мадақтау;

ә) бағалау;

б) көрнекілік түрлерін қолдану;

в) ойын элементтерін пайдалану;

г) дидактикалық материалдар;

д) деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талдап, түсіну үшін "қабілет" деген ұғымды түсініп алуымыз керек. ""Қабілет ұғымына психологиялық тұрғыдан көптеген ғалымдарымыз анықтамалар берген. Академик Т.Тәжібаев "қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдығыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті" деп түсінік берді. Сонымен қатар қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе көптеген психолог ғалымдар А.Н.Леонтьев, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубин, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, А.В.Петровскийлер өз пікірлерін былай деп тұжырымдады. қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ ол онда ұзақ процеске айналатынын айтты. Қабілеттер күні бүгінге дейін көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесінің назарын аударып, күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Мысалы, Н.В.Кузмина "қабілеттер" оның құрамы үш түрлі қасиеттер тобынан тұратынын анықтап, дәлелдеп, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетті. А.Н.Леонтьев “қабілеттерге берген пікірі” дамытудағы әлуметтік-жағдайлардың шешуші роль арқаратындығына назар аударды. С.Л.Рубинштейн “іс-әрекеттің” қабілетті дамытуындағы ролін анықтады. Осы негіздерге сүйене отырып ғалымдардың пікірлерін теорияда қалыптасқан біртұтастықта қарастырылатын яғни, “қабілеттердің әрекетте дамитындығы” жөнінде қағида қалыптасқан. Осы еңбектердегі теориялық түсініктерге сүйене отырып, осы проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отыратындығын, оларда бір-біріне деген қарама-қайшылықтың жоқ екендігін байқадық. Осы еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, оны ары дамытуға, белгілеуге үлесін қосады. Қабілеттер туа біткен қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып, жетіліп отырады. Қабілеттердің дамуы әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Бала бойындағы қабілеттер жалпы және арнайы болып табылады. Психолог ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі бар екенін дәлелдеді:



  1. репродуктивті іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.

  2. Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

“Шығармашылық” сөзінің этимологиясы “шығару, ойлап табу” дегенді ұғындырады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау педагогика, психология ғылымдары өте ертеден зерттеген. “Шығармашылық” әлемдік мәдениет пен білімнің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғанын, “шығармашылық теориясын” жасауға деген ізденістердің болғанын байқауға болады.

Ұлы ойшылдарымыз Ж.Баласағұни, Әл-Фараби, Абайды да “шығамашылық”, “қабілет” деген ұғым-түсініктер ерекше толғандырып, ой салған. Сондықтан бүгінгі педагогиканың негізгі мақсаты – озық, қоғамға лайықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін, өзінің еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды көздейтін адамды тәрбиелеу боып отыр. Мысалы, көрнекті ағартушы Ы. Алтынсариннің өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, ал М.Жұмабаев оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұмына негізген ғалым-педагог болды. Ал ғалым Қ.Ә.Жаманбаева өзінің зерттеу жұмысының негізгі идеясы “оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындаған”. Я.А.Паномарев “шығармашылық қабілетті” “даму” ұғыну мен қатар деп түсіндіреді. М.Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттердің даму жолдарын түсіндіреді. “Шығармашылық әрекет” өмірде оқушының ақыл-ойын, талантын, ойлауын сонымен қоса өзін дамытатын болса, онда “даму” сөзінің немесе терминнің мәнін былай түсіндіруге болады. “Даму” сөзінің психологиялық анықтамасы “жаңару”, жаңаның өмірге келіп, ескінің жойылуы деген ұғымды береді. Бала психикасы үнемі дамып, өзгеріп отырады. “Даму” процесінде үш түрлі фактор бар.



  1. Биологиялық фактор

  2. Әлеуметтік фактор

  3. Баланың белсенділігі

Жеке тоқталып ғылыми, психологиялық түсініік беретін болсақ: биологиялық фактор – бұл ата-анадан берілетін, дененің барлық мүшелерінің құрылысы мен еркешелігіңн білдіретін бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, денсаулықты қамтамасыз етеді;

  • әлеуметтік фактор – бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.

  • Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Сол адамдардың мінез-құлқы, ақыл-ой белгілері, олардың пікірлері, көзқарастары, еңбекке деген көзқарасы, олардың сөздері, іс-әрекеттері, дағдылары, ұмтылыстары яғни, бала өсіп дамитын рухани ортаны құрайды.

  • Баланың белсенділігі – бұл даму процесіндегі әрекет ететін үшінші, негізгі күш болып табылады. Шығармашылық қабілет негізінен кіші мектеп жасындағы балаларда қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаны, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. “Бұлақ көрсең көзін аш” деген халқымыз. Жалпы шығармышылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, досы, бапкері болуға тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Орта буынның шығармашылық дамуын басқарудың педагогикалық -психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

Қазіргі таңда мектептердің алдына қойған бірден-бір мақсаты – дамыта отырып, шығармашылыққа бейім тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімдердің біліктілігін арттырып, шәкіртке саналы білім, саналы тәрбие беру. Бүгінгі педагогикалық -дидактикалық ұсыныстарға жүгінсек, оқытудың басты міндеті -мұғалімнің білім беру және оқушының білім алуындағы шығармашылық деңгейінің дұрыс қалыптасуында. Кіші мектеп оқушыларына білім берудің ең басты өзгерісі өзінің мағынасында жаңа мақсат –міндеттерді қонды және мектептің іс -әрекетіне жаңа технологияны ендіруді талап етеді. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ал шығармашылық әрекет нақты жағдайдағы мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Психологиялық зерттеулер мысалы, И.Я.Лернер білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім таба білуді, шығармашылық әрекет деп түсірдірді. А.Н.Лук “шығармашылық әрекетті, мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа баулиды” идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін атайды. Еліміздің егемен алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі, саяси әлеуметтік өміріміздің басты буыны – білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Педагогика ғылымында мектеп мәселесіне арналған жалпы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болуда. Сондықтан мектептегі оқушылардың шығарамылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыруда кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу педагогтардың тікелей жұмысына байланысты. Сондықтан мұғалім де сабаққа дайындалу кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқуышының беленділігі мен қабілетіне қарап, мұқият беру керек. Кіші мекптеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда П.П.Блонскийдің сөзімен айтқанда “бала білім мен толтыратын бос ыдыс емес, ол - жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана” деген болатын. Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық жұмысы тек өзіне ғана болып табылатын, субъективті жаңалық. Оқушыларды оқыту барысыныда шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытудың мынадай кезеңдерін шартты түрде топтастыруға болады:



  1. Жаңалықпен бетпе-бет келу;

  2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық;

  3. Шешімнің жарық көруі;

  4. Шығармашылық акт;

  5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Осы шығармашылықтың кезінде бала бойында әртүрлі қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, жаңалықты сезіну, күдік, елес, табандылық, танымдылық, белсенділік, жоғары көңіл-күйді қалыптастырса, сол еңбектің нәтижесі баланы жаңа жетістіктерге жетелейді, жігерлендіреді. Кіші мектеп жасындағы оқушыларда бұл қасиеттердің барлығы орын табады. Бұл кезеңдер шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына орай араласып, ауысып, қабысып жатады. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден: кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден – кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Қазіргі қоғам талабына сай, оның дамуына орай кіші мектеп жасындағы оқушылардың кез-келгені шығармашылық тапсырманы шешуді табысты меңгере алады. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл – педагогикалық, психологиялық үрдістегі өзгертулермен тығыз байлынысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыпасуда. Жастарға білім беру мен тәрбие берудің негізі болып саналатын мектептердің педагогикалық үрдісін жаңарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш сынып – мұның түп қазығы, бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты, және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі аталатыны айқын. Оқыту үрдісін бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Меттепте қазақ тілін меңгертудің басты мақсаты – ең басты қатынас құралы болып табылатын тіл заңдылықарын игертумен бірге, оқушылардың танымдық процестерін (түйсік, ес, қиял, ой т.б.), сөйлеу мәдениеті мен жазуды дағдыландыру, қалыптастыру, көрген-білгені және естігені бйынша жүйелі де әсерлі жеткізе білуге жаттықтыру.

Белгілі ғалымдардың іс-тәжірибесіне сүйенер болсақ, қазақ тілін оқытуда лаға қойған орасан зор міндеттерді мұғалім сыныптағы сабақтың жалаң өзімен ғана жүзеге асыру қиын екені белгілі. Олай болсы, бір ғана сабақ формасына сүйену жеткіліксіз. Қазақ тілі материалдырыноқушыларға сапалы меңгертуде мектепте әр түрлі жұсымтар жүргізілерді. Ал бұдл жұмыстардың құрамдыс бөлігінің бірі – ана тілінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Мектептегі озат ұстаздардың тәжірибесі көрсеткендей, ол оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын мақсатты пайдалануға, оқу тәрбие жұмысының сапасын арттырып, баланың білімі мен қабат ой-өрісін дамытуға меңгерген тілдік материалдарды іс-тәжірибеде пайдалана білуге, өз беттерінше кітаптар мен басқа білім көздерінен ақпарат алуғадағдыландырады. Оқушының дүниетанымынкеңейтіп, шығармашылық ізденіске қызығушылығынарттырады, танымдық қызығушылығын тәрбиелейді.

Сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім тарапынан берліген тапсырмаларды орындау барысында балада бүгінгі өмір талабына сай практикалық мәні бар дағдылар қалыптасады:



  • белгілі білім көздерінен қажеттіматериал жинақтайды;

  • кітаптармен, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуді меңгереді;

  • теледидардан, ертеңгіліктер мен әдеби кештерде және көпшілік алдында мүдірмей сөйлеуге жаттығады;

  • мектептегі қабырға газеттеріне, күнделікті баспасөз беттеріне мақала жазу машығын игереді;

  • сынып немесе мектеп көрмесін құралдар жасауға дағыдыланады.

Оқушы мектепте, ауданда, облыс көлемінде ұйымдастылыған қазақ тілінен сыныптан тысжұмыстаға (конкурс, олимпиада, КВН т.б.) қатысу арқылы өз ұжымының абыройын көтеруге ат салысады. Нәтижесінде өз ұжымын сүю сезімі қалыптасады. Ең бастысы, ана тілінің ұшан теңіз байлығын сезініп, сұлу да сырлы оралымдарын меңгереді.

Қазіргі таңда, Республикамыз өз егемендігін жариялап, қазақ тілі қазақ елінің мемлекеттік тілі деп жариялаған шақта ана тілін оқытудың ролі артып, оны оқытуды қайта құрудың жаңа кезеңі басталды.

Уақыт талабы оқу-тәрбие процесін батыл интенсивтендіру – оқушылардың білім жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терң білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждақаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай, мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздері нығайту – оқушыларға білімді игеруде бар мүмкіншілікті тиімді пайдаланып, барлық әдәс-тәсілдерді жетілдіріп, отырғанда ғана, сапалы білім, саналы тәрбие беру жүзеге асады.

Өмірдің осы талаптарына сай, қазақ тілі сабақтарын жақсарту жайлы, қазақ елінің тұңғыш президенті: Н.Назарбаевтың теледидардан сөйлеген сөзінде: “Қазақ тілін мемлеекттік тіл ретінде қалыптасуына қаржылық, ұжымдық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуінде болып тұр. Сондықтан да, бізге қазақ тілінің мұғалім кадрлары, тілді балаға жастан үйрететін тиімді әдістеме керек” – деген болатын. Осыған байланысты мектепте қазақ тілін оқытуды, атап айтқанда бастауыш сыныптарды білімді тереңдете беру үшін “бастауыш сыныптыңоқушыларына қазақ тілінен грамматикалық ойындар жүргізу” деген.

Бастауыш сыныптарда грамматикалық ойындар жүргізу әлі зерттеліп болмаған мәселе. Сондықтан да болар, мектепте балаларға ойынды өте аз мөлшерде, жетімсіз дәрежеде ойнатылады. Ал, бұл баланың дамуын тежеп, ойлау қабілетін төмендетіп, оқу үлгерімін нашарлатады.

Алты жасар бала – бұл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен саластармалы түрде алатын болсақ, біріншіден, ол көпнәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол, көпнәрсені сітей алатынын және оның спихикасы мен жеке басы мүмкіндіктерінің қандай екенін білу өте-өте маңызды.

Бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттің үшеуі де: ойында, еңбек те, оқу да тән. Олар еңбек ету барысында білім жолында жеіске жетеді, дегенмен ойын бұл жастағы балалар үшін ең маңыздысы.

А.С.Макаренко: “Ойын – балалар өмірінде өте маңызды зорнәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмсы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.

Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдыментәрбиені ойын арқылы алады” – деп балалардың ойынын жоғары бағалады.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың ең негізгі де, тиімді тәсілі. Ойын – балаларға өмірде кездесетін қиындықтарды мойымастан жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

А.С.Сухомлинский: “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды” – деп санайды.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.

Тиімді қолданылған ойын элементтері материалды түсіндірудің кезінде берік меңгертуге кездеседі: өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауысып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ықыласпен орындайды.Ойынға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:


  1. Ойынның мақсаты нақты немесе көрнекіліктер мен материалдар күнілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

  2. Ойынға кірісер алдында олардың жүргізу тәртібі оларға әбден түсіндірілгені жөн.

  3. Ойынға сыныптағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

  4. Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.

Зейін дегеніміз сананың бір объектіге шоғырландырып, ол объектінің біздің санамызда бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.

Зейін адамның психикалық іс-әркетінің бағытын көрсетеді. Егер адамда зейін қою қабілеті болмаса, онда оқу, үғыну жөнінде айтудың қажеті жоқ болар еді. Тәрбие оқу жұмысының нәтижелі болуының бір шарты – бүкіл оқу процесінің барысында оқушының жоғарғы дәрежеде шоғырланған, үздіксіз толастамайтын зейінін тудырып отыру.

Зейіннің танымдық ролі жөнінде К.Д.Ушинский: “Зейін сыртқы танымдық дүниенің санаға енетін адам жан дүниесінің бірден-бір есігі, олай болса ешбір білімдік ұғым баланың жан дүниесіне жете алмайды” – деген еді.

И.П.Павловтың жоғарғы жүйке қызметіжөніндегі ілімі физиологиялық механизмін түсінуге көмектеседі. Ми ықыртысының бір бөлігінде қозу орталығы пайда болғанда, басқа қоршаған ортада тежелу пайда болады да, қозу бір орталыққа шоғырланады. Сондықтан да, оқу жұмысында тиісті объектіге, материалға оқушының зейініін аударуға мән беріледі. Бұл, әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, өйткені бастауыш сынып оқушысының зейінін тұрақсыз, құбылмалы болуында. Бұл жаста бала әлі де өз зейінін басқаруды игермеген, сондықтан оқу процесінің әр сәтінде өмірдің сезім мүшесі тиісті объектіге бағытталып, зейінін үздіксіз тұрақтандыруға көңіл блгені жөн. Я.А.Каменский зейінді заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленіне мән көп беретін “ақылдықлық сәулесі” – деп атады. Ол “өз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған оқытушы білім бере алмайды. Оқушыға ұстаз ғылым арнасына ағатын бұлақ, осы қайнардың ағытылу сәтінде, дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылану керек және бұл үшін өмірдің әр нәрсеге деген қызығушылық зейінін оята білу қажет” – деді.

Бастауыш сынып оқуышарлында ырықты знйіннен ырықсыз зейін басым. Сондықтан, сабақ процесінде оқуышыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрікті заттарға, ойынға көп көңіл бөлу керек. Осы арқылы бала бойында шығармашылық қабылет қалыптастыру қажет.

Түйсік –сезімнің танымдық негізі. Түйсік дегеніміз құыбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуі арқылы бейнеленуінің алғашқы формасы. Зейін – түйсінудің алғы шарты. Түйсіну нәтижесінде бала зат пен құбылыстың жеке қасиеті, сапасы туралы мәлімет алады.Ал, қабылдау арқылы зат пен құыбылыс санамызда толық бейнеленетін болады.Сондықтан да, түйсікті қабылдаудың алғы шарты деп атаймыз.Қабылдау дегеніміз зат пен қыбылыстың барлық қасиеттерінің біздің санамызда толық бейнеленуі.Қабылдау процесінде элементтер бірігіп, бейнеленетін заттарға біртұтас құрылымдық сипат беріп, адамның басқа да психикалық процесс пен ой, сезім, сөз, ерік байланысты жүзеге асады.

Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтылығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге көңіл аударады. Мектеп жұмысының шарты алғашқы күндерден бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс қалмауды талап теді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілікке зейінін бағыттауды үйренеді. Міне, осы таным процестері оқушыда дұрыс қалыптасса ғана оқушының шығармышылық қабілеті артады.


жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау