Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды. 3) үшінші



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет29/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83

67
жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды.
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды 
тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың 
ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен 
ақыл-ой  қабілеттері  туралы  әңгімелесіп,  ата-аналардың  қарапайым  сауалнама  толтыруын 
өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінез-
құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз 
болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ 
дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі.
Мұғалімдер  жүзеге  асырған  бұл  жобалар  «Дарынды  және  талантты  балаларды  бірінші 
негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды (Koshy et al, 2006).
Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың 
дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ зияткерлік 
тұрғыдан дарынды балалардың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойла-
рын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақыт қажет ететіне мысалдар да бар. Кейбір 
балалардың  әдеттегі  білім  алу  ортасында  көрсете  алмайтын  ерекше  әлеуметтік  дағдылары 
мен көшбасшылық қасиеттері болады. Дарынның санқырлы болатынын мұғалімдердің есіне 
түсіру үшін «өте әсершіл, өз пікірін білдіреді» немесе «өзіндік әзілі бар» екенін көрсететін 
мінез-құлықтар сипатын айқындайтын сауалнама құрастырылды. 
Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа 
пәндер  бойынша  көзге  түспеуі  мүмкін.  Арнайы  пәндер  бойынша  қабілеттері  мықты  болу 
мүмкін. Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және 
адамдық  ортаның  арасындағы  өзара  байланыс»  сияқты  мамандандырылған  ерекше  пәндік 
салаларды  да,  сондай-ақ  сенімді  қарым-қатынасқа  түсу,  шығармашылық  және  ойлаудағы 
бірегейлік,  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  орната  білу  сияқты  қасиеттерді  қамтитын 
бақылау парағын құрастырды. Толық бақылау парағын web-сайттан көруге болады.
Фриман  (1998)  тексеру  парақтары  мұғалімдерді  шатастырып,  дарынды,  талантты  бала-
ларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ 
тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді 
өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 
1991):
•  есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты 
біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
•  өз  білімін  жетілдіру:  олар  оқу  үдерісінің  қалай  жүретінін  басқалардан  гөрі  жақсы 
біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
•  ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ 
жоспарды тез жүзеге асырады;
•  мәселені  шешу:  олар  ақпаратты  толықтырып,  олардың  қайшылықтарын  анықтап, 
мәніне тезірек жетеді;
•  икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, 
олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
•  күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын 
мен тапсырмаларға ұмтылады;
•  шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра 
алады;
•  ерте  символдық  белсенділік:  олар  ерте  жасынан  сөйлей,  оқи  және  жаза  бастайды 
(Freeman, 1998).
Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды 
талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым 


68
«күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001) Выгот-
ский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөз келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты 
зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды 
жайлылық  аймағынан  аздап  шығатын  деңгейде  жұмыс  істеуге  міндеттейді.  Ол,  Выготский 
бойынша,  тым  күрделі  жұмыс  балаларға  орындалмайтын,  ынтасын  жоятын  жұмыс  болып 
көрінетіндігін  дәлелдейтін  «Жақын  арадағы  даму  аймағы»  теориясы  негізінде  балалардың 
өзекті  қабілеттерінің  деңгейлерін  бағалаудың  тиімді  екендігін  баса  айтады.  Эйр  теорияның 
осы  бөлігін  пайдалана  отырып,  дарынды  балаларға  арналған  оқу  жоспарына  өзгеріс  енгізу 
жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және пробле-
маларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.
Осындай балаларға мұғалім не ұсына алады?
Тапсырмаларды күрделендіру
Талантты  және  дарынды  балаларға  бағытталған  өзгеріс  енгізу  стратегиясының  бірі 
оқушыларға  сыныпта  және  сыныптан  тыс  жерлерде  өтетін  оқудың  күрделендірілген 
бағдарламасын ұсыну болып табылады.
Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік 
тапсырмаларды  кеңейту  түрінде  берілуі  мүмкін.  IGGY  жобасы  соған  үлгі  бола  алады,  бұл 
орта мектеп оқушыларына арналған кеңейтілген оқу бағдарламалары желісін ұсынатын жоба. 
Балаларға  сайтқа  кіру  ұсынылады,  бұл  сайтта  мұғалімдер  тапсырмаларды  күрделендіруге 
және міндеттерді қоюға көмектеседі.
«Ерекше әлеует» таныта білген 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология бойын-
ша тапсырмадан тұратын күрделендірілген жобаға шақырылды, ол «Солтүстік Сомерсеттегі 
Хилл  Форттағы  темір  ғасыры»  тақырыбында  дарынды  және  талантты  балалармен  жұмыс» 
мақаласында  сипатталған  (Dauban  and  Crossland,  2009).  Балаларға  құрбыларымен  қарым-
қатынас  жасап,  құрбылары  қойып  отырған  мейлінше  кеңейтілген  тапсырмаларды  шешуге 
мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өздерінің білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтере 
алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеп, оларға қиял, шығармашылық, проблемалар-
ды шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік, вербалды 
және таныстырылымдық дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық тізімін дамыту 
қажет болды.
Орта  мектепте  өткізілген  тағы  бір  жағдаяттық  зерттеуге  11–18  жас  аралығындағы  430 
оқушы  қатысты.  Олар  жергілікті  университеттерде,  жергілікті  ғылыми  орталықтарда  бол-
ды  және  университеттің  оқу  курстарына  қатысты,  сонымен  бірге  оларға  тұруға  орынжай 
беріліп,  болашақта  ұлттық  ғылыми  жарыстарға,  мектептегі  ғылыми  дәрістер  мен  ғылыми 
үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалды. Сауалнама мен сұхбат түрінде өткізілген жауап алу 
нәтижелері оқушылардың күрделендірілген тапсырмаға қатысуды, белсенді оқу үшін жасалған 
мүмкіндіктерді, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен жұмыс істеуді ұнатқанын көрсетті.
Экстернат
Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп 
атайды. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға арналған жеделде-
те оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудің нәтижесінде ағылшын тілі мен математикадан 
бір жыл бұрын емтихан тапсыру мектепте талантты да дарынды оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығын арттыру және дамытуда тиімді әдіс болғандығын дәлелдеді. Бағдарламаны 
бағалау  кезінде  оқушылар  мен  мұғалімдердің  пікірлері  ескерілді.  Әдетте,  оқушылар 
тапсырмалардың күрделенуін, табанды және жылдам жұмыс істеуді қаласа, ал ағылшын тілі 
мұғалімдері оқушылардың кейбір мәтіндермен жұмыс істеуге қабілеттері сай келетініне күмән 
тудырды.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау