69
Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын
өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және экстернат модельдерін
қолдана алатындығын айтады. Ол үш түрлі өзгеріс енгізу негізінде Мейкер және Нильсонның
оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:
• мазмұнына өзгерістер енгізу (үдеріс пен нәтижені қоса есептегенде);
• қолданылатын әдісті өзгерту;
• оқу жағдайын өзгерту.
Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарла-
рын өзгертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер
келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы
балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады
деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды
анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады.
«Өзгертілген оқу бағдарламасы» әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен
ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ
құру кезінде барлық оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру икемділікті талап
етеді. Сондай-ақ, топтық жұмыс жекелеп саралау мақсатында да қолданылады. Бұл амалдың
тиімділігі егжей-тегжейлі қарастырылуда.
«Топтағы жұмысты құрылымдау» атты кейс-стадидің соңғы мысалы орта буында
математика пәнін оқыту жұмысын зерделейді. Зерттеудің алғашқы кезеңінде мұғалім сабақ
жүргізген, ал оның екі көмекшісі оқушыларды бақылап, сабақ барысында оқушылар арасын-
да жүргізілген талқылауды бейнетаспаға түсіріп отырған. Сонымен бірге оқушылар сауална-
ма толтырады. Талдау қорытындылары келесі сабақтарда қолданылды. Топ құрамын өзгерту
арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай басқалармен жұмыс істеуінен
пікірталас арқылы шешуді талап ететін күрделендірілген есепті шығаруға дейін стандартты
емес жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы артып отыр. Зерттеу оқушылардың
математикалық есептерді шығаруда өзін сенімді сезінгенін және үздік бірлескен жұмыс пен
сындарлы әңгіме жүргізген белгілі бір топтарда жақсы жұмыс істегендерін анықтады (Seal,
2006).
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Dauban, J & Crossland. J., (2009). ‘Working with Gifted and Talented Children at an Iron Age Hill
Fort in North Somerset’. [«Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы Темір ғасыры». Бастауыш
сыныптардағы тарих. Талантты да дарынды балалармен жұмыс істеу]. in Primary History
51. Spring, 2009 (Historical Association, UK).
Eyre, D and Lowe. H., (2002). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Secondary
School. [Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту]. David Fulton.
Eyre, D and McClure. L., (2001). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Primary
School. [Бастауыш мектепте дарынды және талантты оқушыларға арналған оқу жоспарын
құру]. David Fulton.
Freeman, J., (1998). Educating the Very Able. [Ерекше қабілеттілерді оқыту]. The Stationery Offce,
London.
Freeman, J., (1991). Gifted Children Growing Up. [Дарынды балаларды тәрбиелеу]. London: Cas-
sell.
GTIP Think Piece – Gifted & Talented. [Дарындылар мен таланттылар] (2007). Online at http://
www.geography.org.uk/gtip/thinkpieces/giftedtalented/ (accessed on February 19, 2012).
International Gateway for Gifted Youth. [Дарынды жастарға арналған халықаралық шешім].
(2010). Online at http://www2.warwick.ac.uk/study/iggy/information/members/ (accessed Feb-
ruary 19, 2012).
70
Koshy, V., Mitchell, C., & Williams, M., (2006). Nurturing gifted and talented children at Key Stage
1. A report of 14 action research projects. [Бастауыш мектепте дарынды және талантты
балаларды тәрбиелеу]. DfES Research Report 741 online at https://www.education.gov.uk/pub-
lications/eOrderingDownload/RB741.pdf (accessed on February 19, 2012).
Montgomery, D., (1996). Able Underachievers. [«Қабілетсіз» қабілеттілер]. London: Whurr.
Seal, C., (2006). How can we encourage pupil dialogue in collaborative group work? [Оқушыларды
біріккен топтық жұмыста диалогке қалай итермелеу керек?]. National Teacher Research
Panel Conference summary online at http://www.gtce.org.uk/tla/rft/curriculum0809/casestudies/
casestudy3/ (accessed on February 19, 2012).
Teaching and Learning Academy (n.d.) Online at http://www.tla.ac.uk/Pages/Hello.aspx (accessed on
February 19, 2012).
71
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау
және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда
қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін
Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ
оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының
барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық
технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,
мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту ба-
рысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. Осы тарауда ұсынылған ақпарат
мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқыту мен оқуды жетілдіру
мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.
Білім салалары
Рефлексиялаушы кәсіпқойды даярлау жеке тұлғалық, жалпы мәдени білімділікті, кәсіби-
педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу тәжірибесін
және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді.
Осы Екінші деңгей бағдарламасы оқу мен оқыту туралы ғылыми-теориялық білімдерінің
тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерек-
ше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік
білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген (14-сурет).
Сынилылықтың артуы
Құзыреттіліктің артуы
Тұжырымдамалық модель: Мұғалімдерді оқыту
Теориялық білім
білімге апаратын екі жол
Тәжірибелік білім
Сыни
және
Құзырлы
14-сурет. Мұғалімдерді даярлаудың тұжырымдамалық құрылымы
Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік
білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік
білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және
Достарыңызбен бөлісу: |