45
Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік
үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен
білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін
өрістетіп, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті.
Александердің
(2001, 2008)
Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер
болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері
назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен
қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға
дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік бере оты-
рып, формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге
наразылық білдіреді, сондықтан мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін
басқармай,
бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарауы керек.
Балаларды
диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа
тарту белсенді жүргізілген жағдайда
олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеу-
лер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүруге
қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы
күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым
кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын
тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008).
Біз баламалы мүмкіндіктер заңдылығына және адамдардың тәжірибесіне сүйене оты-
рып, қазіргі білім жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиеленіскен
қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.
Қолдануға болатын әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме» немесе «дәйектеу» және
«диалогтік оқыту» мен «қолдау» көрсетілген. Александер тәжірибеде зерттелген
білімді
игерудің бес үлгісін анықтады:
• механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және
күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
• декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтарды пайдалану; бұрын өткендерді
еске түсіруге ынталандыру; оқушыларға жауап туралы ойлауға түрткі болу үшін ишара
жасау арқылы білім мен түсінігін толықтыру);
• нұсқаулық/баяндау (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу,
фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
• талқылау (ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
• диалог (қателік пен тәуекелдерді азайтып, таңдауды қысқартуға, түсініктер мен
қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін құрылымдалған, кумулятивтік әңгіме
мен пікірталас арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Alexander, 2001, 2008).
Әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін аса маңызды
Пікірталас пен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында
балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық
түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл –
мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе «интербелсенді»
оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданатын
«диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008).
Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама
берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында
тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, бала-