Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


4. Физиологиялық факторлар



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет15/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109

35
4. Физиологиялық факторлар
Ерекше ауыр стресс жағдайларында адамдарда сырқаттану нышандары: қалтырау, ауыр-
сыну, шаршау, қорқыныш, лоқсу және тағы басқа белгілер пайда болады. Адамның мұндай 
реакцияларды қабылдауы оның өзіндік тиiмдiлiгінің деңгейiне едәуір әсер етеді. Егер адам 
халық алдында сөз сөйлерде қобалжыса, осы уақытта оның өзіндік тиiмдiлiгі төмен болса, ол 
мұны өзінің қабілетсіздігімен байланыстырады, бұл өзіндік тиімділігін одан әрі төмендетеді. 
Ал өзіндік тиімділігі жоғары адам мұндай жағдайда аталған физиологиялық құбылыстарды 
қалыпты деп қабылдап, оның қабілеттерімен байланысы жоқ деп қорытындылайды. Осы-
лайша, адамның өзіндік тиімділік деңгейі оның физиологиялық реакция салдарына деген 
сенімін өзгертеді.
Қол жеткізілген нәтижелер 
(алдыңғы тәжірибе)
Модельдеу 
(жанама тәжірибе)
Адамдардың пікірлері 
(коучинг және баға беруге 
бағытталған кері байланыс)
Физиологиялық және 
эмоциялық жағдай
Өзіндік тиімділік 
туралы пікір
Мінез-құлқы/
Нәтиже
10-сурет. Өзіндік тиімділік туралы ақпарат көздері
Өзін-өзі бақылау
Өзін-өзі бақылау немесе өзіндік «мен»-іне қолдау көрсетіп, нығайту үшін кері байланыс 
орнату басқа адамдар не дейтінін жорамалдау арқылы реттілікті орнату қажеттігінен туын-
дайды. Дәл өзін-өзі бақылау арқылы индивидтер өздеріне қатысты шынайы түсінік негіздерін 
қарастырады  және  жүйелейді.  Дегенмен,  олар  өзгерістер  мен  қиындықтарға  төзімді  болуы 
мүмкін. 
Атрибуция теориясына сәйкес, индивидтердің табысқа қол жеткізуі немесе сәтсіздіктерден 
қашуы олардың өз жетістіктерін түсіндіруіне байланысты болады.
Гуманистік психология адамдарға және олардың өз тағдырын бақылау қабілетіне 
оң  көзбен  қарайды,  жеке  тұлға  дамуындағы  шексіз  болып  көрінетін  мүмкіндіктер 
сыныптағы оқушылар туралы мұғалімдердің пікіріне әсерін тигізеді. 
Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы
Әлеуметтік-мәдени теория жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын 


36
қарастырады.  Бұл  теория  дамып  келе  жатқан  адамдар  мен  өздері  тұрып  жатқан  мәдениет 
арасындағы  өзара  қарым-қатынастың  маңызын  атап  өтті.  Әлеуметтік-мәдени  теорияның 
негізінде  психолог  Лев  Выготскийдің  жұмысы  жатыр,  оның  пікірі  бойынша,  ата-ана, 
тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты 
болады. 
Выготскийдің  айтуына  қарағанда,  «Баланың  мәдени  дамуындағы  кез  келген  қызмет  екі 
түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, 
әуелі  интерпсихикалық  санат  ретінде  адамдар  арасында,  содан  кейін  интрапсихикалық  са-
нат  ретінде  баланың  жан-дүниесінде  көрініс  табады».  Бұны  осы  дәрежеде  ерікті  зейінге, 
логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады. Әлеуметтік-мәдени 
теория  үлкендер  мен  құрдастардың  индивидтің  оқуына  ықпал  етуіне  ғана  емес,  сондай-ақ, 
мәдени  сенімдер  мен  қатынастардың  оқу  және  тәрбие  үдерістеріне  қалай  ықпал  ететініне 
көңіл аударады.
Жақын арадағы даму аймағы
Әлеуметтік-мәдени  теориядағы  маңызды  ұғым  –  жақын  арадағы  даму  аймағы
Выготскийдің  айтуы  бойынша,  жақын  арадағы  даму  аймағы  (ЖАДА)  –  оқушының  өз 
бетінше  шешкен  міндеттердің  көмегімен  анықталған  өзекті  даму  деңгейі  мен  үлкендердің 
басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы 
анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз 
бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық 
білімдер мен дағдыларды қамтиды. 
Выготскийдің  пікірінше,  оқушылар  нақты  мақсаттарды  көздеген,  көбірек  білетін  жан-
дармен  әлеуметтік  қарым-қатынас  нәтижесінде  ойлау  және  сөйлеу  дағдыларын  дамытады. 
Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интербелсенді вербалды алмасу нәтижесінде 
біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы 
әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетінше ойлануына қатысты ішкі жеке 
қоры ретінде қалыптасады. Басында мұғалім міндеттерді өз бетінше және сәтті орындау үшін 
қажетті тілдік және танымдық құралдарды береді. Тәртіп пен тілді модельдеу, оқушыны өздері 
қатысатын  үдерістер  және  рәсімдермен  таныстыру  арқылы  мұғалім  оқушының  біліктілігі, 
сенімділігі  және  өз  бетінше  әрекет  ету  қабілетін  дамытады.  Төменде  11-суретте  шыңға 
өрмелеушінің  жартасқа  шығу  көрінісі  ұсынылған,  онда  күрделі  қимыл  жасауға  ұмтылған 
шыңға өрмелеушінің міндетті шешуде қолдау алғаны көрсетілген. Шыңға өрмелеуші өзінің 
оқу қызметінде жақын арадағы даму аймағына кіруде. 
11-сурет. Шыңға өрмелеушінің «жақын арадағы даму аймағына» кіруі


37
Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, 
қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін адамның 
көмегі  мен  басшылығынсыз  орындай  алмайтын  тапсырма  арасындағы  интервал  де-
ген  қарапайым  атауға  ие  бола  алады.  Осы  мағынада  ЖАДА    оқушылардың  оқуын  және 
қарым-қатынасын  қолдау  үшін  қажетті  көмек  деңгейін  анықтауда  оқу  жағдайында  құнды 
тұжырымдамалық құрылым болып табылады. 
ЖАДА  бала  тапсырмаларды  білікті  және  өз  бетінше  орындай  алатын  «өзі  реттейтін 
әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. ЖАДА-да ересек адам өзара қарым-қатынас ба-
рысында баланың тапсырманы алдыңғы білімдер және тәжірибесімен байланыстыра арқылы 
оны орындауға мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды.
«Көпіршелер» және олардың ЖАДА-ға қатынасы
«Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай 
алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интербелсенді 
мүмкіндіктерді  сипаттау  үшін  қолданылатын  метафора.  Метафораға  сәйкес,  көпіршелер 
уақытша құрал және баланың білім-дағды, білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндігі да-
муына  қарай  орнатылып,  нығайтылып,  бөлшектеп  немесе  толығымен  жойылуы  мүмкін. 
Бастапқыда Вуд, Брунер және Росс (1976) айтқандай, сәбилердің алғашқы сөйлеуді игеруі және 
ата-ананың тәрбие беруі жағдайында көпіршелер – әлеуметтік құрастырылған үдеріс ретінде 
оқуға көмектесуді меңзейтін метафора (Выготский бойынша) болуымен бірге, оқудың басқа 
жағдайларында араласу және қолдауды бейнелеу үшін жиі қолданылады (Wood, 1998). 
Мерсер  және  Фишер  (1993)  ЖАДА-ның  тапсырманы  орындау  жауапкершілігін  білім 
алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп саналуы 
үшін оқыту мен оқу мыналарды қамтуы керек: 
а) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру; 
ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді 
мақсат ету; 
б)  көпіршелер  тәжірибесін  қолдану  нәтижесінде  оқушылардың  өзіндік  құзыреттіліктің 
жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (Wells, 1999). 
Аталған жағдайларды анықтауда мұғалімнің оқудың тиісті тәжірибесін құру үшін оқушының 
білім-дағдыларын дамытуға бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа 
баса назар аударылады. 
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын 
көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты 
түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-
қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды 
сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады 
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы 
беріледі,  оқушылардың  сыныптағы  өзара  байланыс  пен  келісушілікті  қабылдау  деңгейін 
білдіретін  қызметтің  диалогпен  қалайша  жанасатынына  байланысты  болады.  Мұғаліммен 
және  басқа  оқушылармен  әңгімелесу  –  оқушының  қызмет  белсенділігін  қамтамасыз  ететін 
және түсінігін дамытатын маңызды құрал. 
Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме 
күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалогтік оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), 
Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диа-
лог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, 
оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе 
білуіне  көмектесе  алады.  Оқушыларға  сыныпта  әртүрлі  кеңейтілген  диалогтерге  қатысуға 
мүмкіндік  берілсе,  олар  өзіндік  жеке  түсініктерінің  өрісін  зерттей  алады.  Бұл  мүмкіндік 


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау