Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет49/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   109

113
•  Тиісті құрылымдық бөлімнің, бүкіл мектептің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіруге 
үлес қосады;
•  Педагогикалық  шеберлік  орталығының  порталы  арқылы  виртуалды  оқу  ортасы 
жағдайында  Бағдарламаның  құрылымдалған  қосымша  материалдарын  белсенді  пай-
даланады;
•  Мектептің педагогикалық (желілік) қоғамдастығы жағдайында жұмыс істей алады;
•  Өз тәжірибесі туралы ойланады және оны талдай алады;
•  Ұсынымдарға қатысты лайықты әрекет етеді;
•  Жеке кәсіби даму аспектілері туралы біледі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады;
•  Өз тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін сыныптағы зерттеу жұмысын жүргізеді;
•  Мектептегі басқа мұғалімдермен жағымды кәсіби  қарым-қатынас орнатады;
•  Мектептегі мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін басқарады және қолдау көрсетеді;
•  Әріптестердің  оқыту  сапасын  және  қызметтің  тиімділігін  арттыруға  қатысты 
мәселелерді талқыға ұсынады;
•  Зерттеулердің нәтижелері мен басқа да сыртқы дәлелді дереккөздерге сүйене отырып, 
өз  тәжірибесі  мен  әріптестердің  тәжірибесін  жетілдіру  үшін  инновациялық  мектеп 
тәжірибесін зерттейді және баға береді;
•  Мектеп  мұғалімдерінің  оқыту  тәжірибесін  жетілдіру  мақсатында  оқыту  мен  оқу 
тәжірибесіне өзгеріс енгізеді.


114
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бұл Бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген 
тәжірибелік  зерттеу  болуын  көздейді.  Мұндай  зерттеу  сұрақ  қою  және  сұхбат  алу  сияқты 
әдістердің  көмегімен  оқушылардың,  әріптестердің  немесе  ата-аналардың  пікірлерін  неме-
се  олардың  тәжірибелерін  жинақтауды  қамтуы  мүмкін.  Зерттеу  сыныпта  немесе  мектептің 
басқа бөлігінде  жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша 
деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не бол-
маса кейбір жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға, 
атап айтқанда, балаларға қауіп тудыруы мүмкін. 
Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді 
іріктегенде  саналы  таңдау  жасауға  итермелейді.  Төменде  қабылдауға  қажетті  10  іс-әрекет 
тізімі келтірілген:
•  Сіз  зерттеу  өткізуді  жоспарлаған  нақты  мекеме  өкілдерінен  бұл  мекемедегі  зерттеу 
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану. 
Зерттеу  өткізу  туралы  виртуалды  оқу  кеңістігінде    этикалық  мәселелер  бойынша  кеңес 
алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/category/
publications/guidelines/.
•  Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже 
әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай 
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
•  Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың 
ата-аналарынан  немесе  қамқоршыларынан  алдын  ала  рұқсат  сұраңыз.  Ата-аналарға 
жіберілген  хатта  жұмыстың  мақсаты  мен  сипатының  толығымен  түсіндірілуін 
қамтамасыз етіңіз және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. Ата-аналардың 
келісімін жазбаша растауын өтініңіз. 
•  Өз зерттеуіңіздің жоспар-негіздемесін жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, 
атап  айтқанда  мектеп  басшысымен  (әріптестермен)  өзіңіздің  жобаңыздың  тиімділігі 
жөнінде кеңесіңіз. 
•  Деректерді  жинаудың  қандай  тәсілін  қолдансаңыз  да,  Сіз  жұмыстың  мақсаты  мен 
нәтижелерін  пайдалану  әдістерін  толық  түсіндіруіңіз  керек.  Барлық  оқушылардың 
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз. 
•  Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың, 
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында 
айқын хаттамалар белгіленеді. 
•  Қажет  болған  жағдайларда  құпиялылық  қағидатына  сәйкестікті  ескеріңіз.  Кей 
жағдайларда өз жұмысын таныту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағидатты 
бұзуы мүмкін. 
•  Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала 
алуын қадағалаңыз. 
•  Зерттеудің мазмұны мен жүргізілу барысы оқушылардың мүдделеріне барынша сәйкес 
болуын қадағалау. 
Бұл ұсыныстарға қосымша Сіздің зерттеуіңіздің аясындағы этикалық мәселелерді анағұрлым 
кең ауқымда қарастыруға болады. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру 
мақсатында  Сіз  әріптестеріңізді  және/немесе  оқушыларыңызды  өзіңізбен  ынтымақтастықта 
жұмыс істеуге жұмылдыра аласыз, алайда мектеп үшін де, Сіздің қатыстырғыңыз келетіндер 
үшін  де  Сіздің  жобаңыз  тиімді  бола  ала  ма?  Мысалы,  шешім  қабылдауға  қолдау  көрсету 
үшін мектеп пайдалы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен 
оқушыларға пайда бола ма? 


115
Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу
Әдепке  сай  әрекет  ету  және  «әдепті  болып  көріну»  екі  түрлі  нәрсе  болып  табылады. 
Бағдарламаның кез келген тапсырмасын орындау барысында Сіз олардың көмегімен этикалық 
нормаларға сәйкестікті қадағалайтын және зерттеу үдерісінің осы нормаларға сәйкес жүзеге 
асырылу шараларын қарастыратын оңтайлы әдістерді таңдауыңыз керек. Сіз өз әрекеттеріңіздің 
белгіленген саясатқа және қалыптасқан этикалық нормаларға сәйкестігіне сенімді болуыңыз 
керек.  Зерттеу аясындағы жазбаша материалдар орындалған жұмыстың көлемі туралы түсінік 
беріп қана қоймай, басқаларды зерттеуге қатыстыру үшін қолданатын  әдістеріңіздің үлгілерін 
де  қамтуы  тиіс  (баласының  сіздің  жобаңызға  қатысуына  рұқсат  беруін  сұрап,  ата-анасына 
жазған хатыңыз және т.б.). 
Плагиат
Плагиат  басқа  автордың  жұмысын  дереккөзге  сілтеме  жасамай  (жұмыстың  мақсаты 
мен  қолдану  көлеміне  қарамастан),  өз  жұмысы  ретінде  ұсыну  дегенді  білдіреді  және  бұл 
білімсіздікті және академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді. 
Плагиатқа мысалдар: 
•  дереккөзге сілтеме жасамай, басқа адамның мәтінін немесе идеясын көшіріп алып, өз 
меншігі ретінде қолдану; 
•  дереккөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысынан сөзбе-сөз үзінді алу; 
•  дереккөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін немесе 
сөздердің орналасу тәртібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу; 
•  құрастырушыға сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану; 
•  онлайн дереккөздерді стильдендіру мақсатында Интернеттен ақпараттарды кесіп алу 
және қолдану;
•  авторға сілтеме жасамай, өз жұмысының бөлігі ретінде басқа біреудің жұмысын ұсыну 
(мысалы,  кәсіби  агенттіктер  арқылы  жұмысты  сатып  алу  не  тапсырыс  беру  немесе 
бірлесе орындалған жобаны өзінің авторлық жұмысы ретінде көрсету).
Бірлескен жобаны санамағанда, басқа тұлғамен келісімде жасалған жұмыс (яғни, бірлесіп 
істелгені жасырылған немесе тыйым салынған жағдайда) плагиат болып танылады.  Зерттеуде 
оған әрбір қатысушының көрсеткен көмегінің сипаты мен жұмыс көлемі көрсетілуі тиіс. 
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты белгіленуі 
мүмкін:  мәтінде,  суретте,  музыкалық  үзінділерде,  математикалық  есептерде,  компьютер 
ережелерінде және т.б.; веб-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және 
басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәрістер мен үлестірме материалдарды да қамтитын 
жарияланған және жарияланбаған материалдар. 
Жоғарыда жазылғанның негізінде зерттеулерде қолданылатын сілтемелерден, құжаттардан, 
мәтіндер  мен  журналдардан,  сондай-ақ  веб-сайттардан  үзінді  келтірудің  барлық  нормала-
рын сақтау, сонымен қатар, зерттеу тапсырмаларын орындау кезінде ауызша немесе жазбаша 
түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды екендігін ескеру қажет. Басқа жұмыстардан 
сілтемесіз көлемді тікелей үзінділерді қолданудан аулақ болыңыз. 


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау