Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет47/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109

109
Портфолионы бағалау
Бұл  тарауда  портфолионы  бағалауда  басшылыққа  алынатын  талаптар  ұсынылған. 
Бағаланатын  деректер  тұрғысынан,  не  болмаса  өздерінің  терең  білімі  мен  кәсіби  дамуын 
дәлелдейтін  құжат  ретінде  мұғалімдер  портфолио  мазмұнына  қосымша  материалдар  қоса 
алады.  Мұғалімдер  ұсынған  қосымша  материалдар  әріптестерімен  және  топ  тренерлерімен 
жүргізілген  талқылаулар  жүргізуде  қажет  болуы  мүмкін.  Екінші  «Бетпе-бет»  кезеңінде 
мұғалімдер  бағалауға  дайындау  үшін  өз  портфолиосының  жекелеген  деректерін  іріктеп, 
пысықтайды. 
Портфолионың мазмұны
Портфолиоға қойылатын талаптар төменде келтірілген. Екінші «Бетпе-бет» кезеңі бары-
сында  мұғалімдер  бағалауға  арналған  портфолиосын  пысықтап,  таныстырылым  көрсетеді. 
Тренерлер мұғалімдердің дамуына қолдау көрсету мақсатында портфолионың мазмұны бой-
ынша да, құрылымы бойынша да тәжірибелік кеңестер береді.
Тізбектелген  сабақтар  топтамасы  туралы  рефлексиялық  есеп  (2000  сөз).  Есепте 
қамтылатын мәселелер:
•  тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның жеті модулін енгізуді негіздеу және 
оларды енгізуде қолданылған әдістеме;
•  оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын көрсететін тізбектелген 
сабақтар топтамасы өткізілгенін және оның тиімділігін талдау.
9
Өзінің  оқыту  және  оқу  тәжірибесіне  Бағдарламаның  жеті  модулі  қалай  енгізілгені 
көрсетілген  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  (кем  дегенде  төрт  сабақ)  орта 
мерзімді жоспары (250 сөз түсініктемесімен қоса);
9
Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулі қалай енгізілгенін көрсететін тізбектелген 
сабақтар  топтамасынан  алынған  бір  сабақтың  жоспары  (250  сөз  түсініктемесімен 
қоса).
2.  Коучинг  сабағы  арқылы  әріптестердің  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  туралы 
рефлексиялық есеп (1000 сөз). Есепте қамтылатын мәселелер: 
•  әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізілгенін негіздеу;
•  коучинг өткізу үдерісін және өзгеріс енгізудің тиімділігін талдау.
9
Әріптестермен  өткізілетін  коучинг  сабағының  жоспары  (250  сөз  түсініктемесімен 
қоса).
                                                                                                                                                                                           
3. Әріптестерінің біріне тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексиялық есеп (1000 сөз). 
Есепте қамтылатын мәселелер:
•  әдістемелік  бірлестік  деңгейінде  өзгеріс  енгізу  мақсатында  тәлімгерлікті  жүзеге 
асырудың негіздемесі
•  тәлімгерлік ету үдерісін және өзгеріс енгізудің тиімділігін талдау.
9
Тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру жоспары (250 сөз түсініктемесімен қоса).


110
Таныстырылымды бағалау
Таныстырылымның мазмұны:
Екінші «Бетпе-бет» кезеңі барысында мұғалімдер өз портфолиосының мазмұны бойынша 
әзірленген таныстырылымды пысықтап, толықтырады. Таныстырылым деректері мұғалімдер 
портфолиосының  шынайылығын  анықтауға  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ  Бағдарлама  идея-
ларын  өз  тәжірибесінде  қолдану  және  оның  таныстырылымын  жасау  қабілетін  көрсетуге 
бағытталған. Таныстырылымның бейнежазбасы модерация үдерісіне қолдау көрсете алады.
Таныстырылымды бағалау мұғалімдердің төмендегі дағдыларын көрсетуге бағытталған:
9
Бағдарламаның  жеті  модулінің  идеяларын  ықпалдастыру  арқылы  өз  тәжірибесіне 
өзгеріс енгізуі;
9
өз тәжірибесіне енгізілген өзгерістердің тиімділігін бағалауы;
9
әріптестеріне  коучинг  өткізу  арқылы  Бағдарламаның  түйінді  идеяларын  түсінуде 
әдістемелік көмек көрсетуі;
9
бір әріптесіне тәлімгерлік ету арқылы оның Бағдарлама идеяларын өз тәжірибесінде 
жүзеге асыруына көмек көрсетуі.
Таныстырылымның құрылымы: 
Өз тәжірибесіне және әріптестерінің тәжірибесіне өзгеріс енгізу және ол өзгерістерді 
басқару туралы рефлексия (20-22 минут)
Бұл таныстырылым төмендегі мәселелерді көрсететін алты слайд немесе алты плакаттан 
тұрады:
•  Өзгеріс енгізу нәтижесі мен оның мұғалімнің болашақтағы тәжірибесіне әсері:
 
9
Бағдарламаның  жеті  модулі  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  қалай  енгізілгенін 
негіздеу;
 
9
модульдердің бірі тізбектелген сабақтар топтамасына қалай және неліктен енгізілді;
 
9
оқушының білім алғандығын растайтын дәлелдер;
 
9
оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай және неге енгізілді, алдағы шаралар туралы 
қорытынды (алдағы уақытта кәсіби тәжірибеге қандай өзгеріс енгізу керек).
Бұл      таныстырылымда  жоба    барысын  түсіндіруге    тырыспау  керек,  мұнда 
мұғалімнің  білгеніне  ғана  емес,  оның  болашақта  оқыту  мен  оқуда  осы  нәтижелерді  қалай 
пайдаланатындығына көңіл аударған жөн.
•  Коучинг  өткізу  кезеңінде  әріптестердің  оқуын  талдау,  осындай  оқу  түрінің 
дәлелдемесін қосу: коучинг сабақтарының қысқаша сипаттамасы; әріптестерінің не үйренгенін 
түсіндіру  және  өз  тұжырымдарын  растау  үшін  дәлел  ұсыну.  Бұл  дәлелдер  мыналар  болуы 
мүмкін:  сабақ  барысында  жасалған  топтың  фотосуреті,  плакаттар,  әріптестерінің  сабаққа 
берген бағамдауы, сабақта қаралған тақырыптың іске асырылғанын көрсетуге арналған, осы 
сабақтан кейін жазылған әріптестердің оқу жоспарлары және т.с.с.
•  Әріптестерінің біріне жүргізілген тәлімгерліктің тиімділігі, соның ішінде тәліптің 
нені  оқып-үйренгені  мен  қарастырылған  шаралар  мен  тәсілдер  тұрғысынан  тәлім  алушы 
тәжірибесінің өзгергендігі туралы дәлелдер (мұғалім тәлім алушы әріптесінің не үйренгендігін 
айғақтау  үшін  фотосуреттерді,  бейнежазбалар  мен  артефактілерді,    сабақ  жоспарларын, 
оқушылардың жұмыстары мен мұғалімнің қойған бағаларын пайдалана алады).


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау