111
Портфолио мен таныстырылымды бағалау критерийлері
Портфолио мен оның таныстырылымы үш негізгі критерий бойынша бағаланады:
1. Мұғалімдер
Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша қажетті білім алып, түсінік
қалыптастырғанын;
2. Бағдарлама идеяларын өз тәжірибесінде табысты қолданатынын;
3. Жаңа тәжірибелерді/тәсілдерді енгізу туралы рефлексия жасап, одан әрі даму
мақсатында ол тәжірибелерді пайдаланатынын көрсетулері керек.
Портфолионы бағалау кезінде топ тренерлері мен тәуелсіз тренерлер төменде берілген оқу
критерийлеріне мұғалімдердің сәйкестігінің дәлелдерін анықтайтын болады.
1. Кәсіби білім және түсінік
Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша білім мен түсінік қалыптастырды.
• Жекелеген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім алу қажеттілігінің
мәселелері бойынша терең білімдерді игерді (талантты, дарынды және т.б.) және осы
мәселелер бойынша
басқа мұғалімдерге қалай кеңес беруді біледі.
Кәсіби дағдылар
Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Мақсатқа қол жеткізу үшін сыныптағы барлық оқушылар тартылатын тиісті мақсаттарды
әзірлей алады;
• Жеке сабақ өткізу және дербес оқушыларды, сондай-ақ сын тұрғысынан ой-
ланатын оқушыларды ынталандыру үшін кәсіби әрекет ету қажет етілетін
жағдайларды анықтауда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана біледі;
• Қалай оқу керектігін үйрету тәсілін пайдалана алады;
• Сыныптағы
барлық
оқушылардың
оқу
үдерісін
бақылай
алады;
• Оқушылармен өзара тілектестік, құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық нормала-
рын қалыптастыруға негізделген өзара сыйластық қарым-қатынас орната алады;
• Бағдарламаның барлық жеті модулін ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақтар
топтамасын жоспарлай алады;
• Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістемесін және оларды басқару
тәсілдерін көрсете біледі;
• Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау жағдайындағы оқушылардың оқу
қарқынын жоспарлай алады;
• Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін сабақтарды жоспарлай
алады;
• Оқыту және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында қолайлы материалдар мен дереккөздерді
таңдай біледі;
• Оқыту және оқу үдерісін қолдау үшін тиісті тапсырмалар мен іс-шаралар жүйесін пай-
далана алады;
• Объективті түрде өзгерген жағдайларға орай жоспарын түзетуде икемділік танытады;
• Оқу тапсырмаларын, үй жұмыстарын және сыныптан тыс тапсырмаларды жоспарлай
алады;
• Оқушылардың білім алуын ойластырып, оқыту және оқу жоспары мен тәжірибесіне
тиісті өзгерістер енгізе біледі;
• Тиісті әдебиетті оқу, әріптестерімен әңгімелесуге, жеке тәжірибесіне және сыныпта
оқыту тәжірибесі туралы заманауи зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, алқалық
шешім қабылдай алады;
• Жекелеген адамдардың, шағын топтардың және бүкіл сыныптың қызметіне бастама