92
өзіндік түзету және тестілеу жұ
мыстарын қайталап өткізуге болады.
2. Жетістікке жеткендігін көрсететін
кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер мен ата-
аналарға ұсынылған). Мұндай кері байланыс бейресми түрде ауызша бағалаудан бастап ресми
жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге
жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру болып табылады.
3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің неме-
се емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет
етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түрткі болуы
мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер
олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің
нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқу немесе
жұмысқа орналасу туралы шешім қабылдау үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте
оқушыларды топтар мен сыныптарға бөлуге арналған бағалаудың белгілі бір нысаны болады.
5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін,
ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мыса-
лы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген
кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі
халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы
халықаралық стандарттарға сәйкестікті анықтауға бағытталған, одан басқа стандарттың ми-
кро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікті бақылау үшін ұлттық және жергілікті
тестілер қолданылады.
6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген
мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті
болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім
беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш
күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы
Кез келген мұғалім «
Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемала-
рын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды
да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың
ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау
оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді
едәуір өзгерту қажет болады, ал Оқу үшін бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.
Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:
• Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық бағалауды
оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.
• Бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады, ол ақпаратты мұғалімдер мен
оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады.