Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет39/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109

90
жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған 
ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары 
бақылануы керек. Басқаша айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай 
білуі қажет.
Интерпретация
Интерпретация  қызығушылық  тудыратын  мәселелерге,  мәселен,  ерекше  дағдылар, 
көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе крите-
рий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі 
ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде 
мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттестікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді 
шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға неме-
се түсіндіруге талпынуға болады немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға 
болады, мысалы, баланың айтқан нәрсесі оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. 
Осыған  байланысты  Осыған  байланысты  интерпретацияны  кейде  логикалық  қорытынды 
деп атайды.
Қорытынды
Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. 
Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге 
байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқуды бағалау
Оқу  үшін  бағалауға  қарағанда,  оқуды  бағалаудың  мақсаты,  керісінше,  оқушы  қазіргі 
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға 
үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар 
тестілеу  оқу  үдерісіне  кері  әсерін  тигізуі  мүмкін  (Assessment  Reform  Group,  2002b).  Оқуды 
бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы 
оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды 
жасалады.  Мұндай  қорытындылар  стандартқа  немесе  әдетте  балл  немесе  деңгей  түрінде 
келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау
Оқу  үшін  бағалау  кезінде  қолданылатын  қадағалау,  интерпретация  және  критерийлер 
оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын 
қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқу үдерісінің қандай 
кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай 
екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы 
бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.
Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, 
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін 
оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. 
Берілген  анықтаманың  маңызды  элементтерінің  бірі  оқушылардың  деректерді 
қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға 
болмайтындығына  назар  аударылады.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және  өздерін 


91
бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске 
оқушылар да белсенді қатысуы керек. 
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды 
үйренуі  қажет,  сондықтан  оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы 
алынған  ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті,  қызығушылықты 
және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін 
аса маңызды әрі өзекті болып табылады.
Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдары мен деңгейлері туралы мәліметтер 
әдетте «деректер» деп аталады. Жинақталған жиынтық деректер мұғалімдердің жұмыс үлгісін 
сәйкестендіруіне  және  күтілетін  деңгейден  жоғары  немесе  төмен  дәрежеде  жұмыс  істейтін 
топтарға  ерекше  назар  аударуына  ықпал  етеді.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау 
жөніндегі  халықаралық  бағдарлама  (PISA)  және  ЭЫДҰ  сияқты  халықаралық  зерттеулер 
қатысушы-елдерден  оқушылар  міндетті  оқыту  курсын  аяқтаған  соң  игерген,  қоғам  өміріне 
толыққанды  қатысу  үшін  қажетті  білім  мен  икемділік  қандай  дәрежеде  екендігі  туралы 
«деректерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «деректерді» жинақтау әдістемесін 
біліп, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.
Сонымен  қатар,  алдағы  нәтижелерге  қалай  қол  жеткізілгенін  біліп,  одан  кейінгі  іс-
әрекеттерін  жоспарлау  үшін  де  мектептер  «деректерді»  жинайды.  Осылайша,  жеке  оқушы 
деңгейінде  жиынтық  бағалау  жетістіктер  деңгейін  және  оқушының  әрі  қарай  дамуы  үшін 
мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі 
кезеңдерде  оқушыларды  қолдауды  қамтамасыз  ету  басты  міндет  болатын  болса,  онда  балл 
мен  деңгейлерді  анықтау  үшін  ұсынылатын  негіздемелер  мен  өлшемдер  міндетті  түрде  аса 
мұқият  зерделенуге  тиіс.  Орындалған  тапсырманың  негізгі  аспектілеріне  қатысты  сапалы 
ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мыса-
лы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не 
істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; ал баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға 
алғандығын және бағалау критерийлерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің нәтижесін 
жақсарту  үшін  кейін  не  істеу  керектігін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
(сандық түрдегі) жиынтық бағалау басты мәселе емес, сондықтан мұғалім оларға негіз болған 
деректерге (қадағалау және интерпретация) қайтып оралады. Осыдан кейін мұғалім бұл де-
ректер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету 
керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы қалыптастырушы бағалау (ауызша түрде) 
жүргізеді.
Бағалау  сипатын  өзгерту  арқылы  оқуды  бағалау  оқу  үшін  бағалауға  ауыстырылуы 
мүмкін. Алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, 
оқу  үшін  бағалауды  ескере  отырып  жоспарланған  бағалаумен  салыстырғанда,  бұл  бағалау 
қолданылған мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға 
қарағанда сыртқы тестілеу одан да күрделі болып табылады, себебі мұғалімдердің бұл бал-
дар мен деңгейлерге негіз болған деректерді алуға үнемі мүмкіндігі бола бермейді, дегенмен, 
мұғалім жиі кездесетін қателерге талдау жасай алады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Әрбір  мұғалім  бағалау  әдістемесін  білуге  тиісті,  яғни  бұл  ретте:  дәрісханада  тек  емти-
хан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті. 
Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.
1.  Оқудағы  қиындықтарды  анықтау.  Орта  мектептерде  мысалы,  сауаттылық  және 
арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін 


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау