Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет35/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109

81
да  Сабақты  зерттеу  тәсілі  бүкіл  мектептің  қызметін  үйлесімді  етуге  ықпал  ету  жолындағы 
құндылықтар жүйесі, сапалық көрсеткіштер және оқушылардың жеке қасиеттері тұрғысынан 
бағаланады.
Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру барысы
Сабақты  зерттеу  тәсілі  бастапқы  кезеңде  оны  бірлесіп  егжей-тегжейлі  жоспарлауды 
көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері сабақ бары-
сын қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың 
оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Сабақты 
зерттеудің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді 
есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.
Сабақты зерттеу үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай 
бірқатар қадамдар бар:
•  Сабақты зерттеу тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз 
ететін  ережелер  жүйесін  жасайды,  үдеріс  барысында  барлық  мүшелер  бір-бірімен 
сыйластық қарым-қатынаста болады.
•  Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, 
кімді  оқытуды  анықтайды,  мәселен,  «Өздерінің  оқуын  жақсарту  үшін  Х-ті  Y-тің 
мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты.
•  Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зер-
делеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
•  Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай-
ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналаты-
нын шешеді.
•  Топ  зерттеу  сабағын  жоспарлайды,  жоспарда  «бақылаудағы  оқушылардың»  сабақта 
өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
•  Бір  мұғалім  зерттеу  сабағын  жүргізеді,  осы  уақытта  басқалары  –  «зерттелетін  үш 
оқушыны»  басты  назарға  алып,  сабақты  қадағалайды  және  қажет  деген  жерлерін 
белгілеп, түртіп алып отырады.
•  Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен 
сұхбат жүргізеді.
•  Топ  зерттеу  сабағы  аяқталысымен  бірден  талқылау  жүргізеді.  Талқылау  белгіленген 
құрылым бойынша жүреді:
 
9
жоспарлау кезінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы 
оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;
 
9
сыныптың тұтастай оқуы;
 
9
зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;
 
9
зерделенген  мәселелерді  негізге  ала  отырып  келесі  зерттеу  сабағының  мақсатын 
белгілеу.
•  келесі Сабақты зерттеуді топпен бірлесе жоспарлау.
Сабақты  зерттеу  топтамасынан  кейін  (ереже  бойынша  үш  немесе  одан  көп  сабақ)  топ 
оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді 
келіседі.


82
ДИАЛОГТІК ОҚУ
Кіріспе
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мер-
сер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арт-
тырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған 
авторлардың  зерттеулерінде  ересектермен  интербелсенді  қарым-қатынас  пен  достарымен 
бірігіп  жүргізілген  жұмыстың  балалардың  оқуына  және  танымдық  дамуына  әсер  ететіндігі 
айтылған. «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, 
өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын 
оқыту әдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады.
Тарихи шолу
1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің 
маңызды  екендігін  тілге  тиек  еткен.  Выготский  кіші  жастағы  балаларды  танымдық  даму 
әрекеттері  әлеуметтік  қарым-қатынас  үдерісінде,  яғни,  анағұрлым  қабілетті  оқушылармен 
араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды 
ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен 
қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс 
істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды 
мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырма-
ларды  орындауда,  оқушыларға  жаңаны  үйренуде  тірек  болатын  ересектердің  көмегі  немесе 
қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны 
оқытудың негізгі құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдай-
ды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің 
рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныпта-
стары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл 
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында 
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің  оқуда  сөз,  сөйлеу  негізгі  рөл  атқаратындығы  туралы  пікірі  тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді 
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, тал-
дау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкин-
сон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы 
диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.
Заманауи түсінік
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін 
көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар: 
•  оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
•  оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;
•  оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
•  мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  барысында  олардың  оқушылары  қандай  деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі.


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау