Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет32/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   109

74
17-сурет. Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау
Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай 
етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру 
әдістемесін  түсінеді.  Осылайша,  оқушылар  өз  дағдыларын  қолдануды  үйренеді,  сондай-
ақ  пәннің  құрылымы  мен  мазмұнына  тереңдейді.  Олар  пәннің  негізін  құрайтын  қағидаттар 
мен  басты  идеяны  түсінеді.  Бұл  үшін  оқыту  тәсілдерін  қолдану  қажет,  осының  арқасында 
оқушылар оқу жоспарына енген пәндерінің «өзіндік ландшафттарын» зерттеуге қабілетті бо-
лады. Бұл қоршаған ортаға бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың 
қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін 
боласыз.
Білімге бағдарланған оқу ортасында мұғалімдер үстірт оқуға емес, терең білім алуға ынта-
ландырады. Мұндай оқу барысында оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасап, 
жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай оты-
рып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, 
керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.
Алтыншы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі 
шектеулі болуы керек.
Жетінші тезис: Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, оларды 
ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге 
тиіс.
Мұғалімдер  оқуды  бағалаумен  (жиынтық  бағалау)  қатар,  оқу  үшін  бағалауды 
(қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айнала-
ды. Оқу үшін бағалау – оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері 
бағалайтын,  кейін  мұғалімдермен  бірге  өзін-өзі  жетілдіру  жолындағы  келесі  қадамдарын 
айқындайтын  үдеріс.  Ашық  сауалдар,  бір-біріне  өзінің  оқу  мақсаттары  туралы  айтып  беру 
сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Егер 
бұл тиімді іске асырылса, оқушыларда рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар 
жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндік 
алады. Олар өзін және бір-бірін бағалайды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді. 
Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай жыл-


75
жиды.
Оқушылар  оқшауланып  оқымайды.  Бүгінгі  таңда  «білім  алушылар  қоғамдастығы»  де-
ген ұғым өзекті болып отыр, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп 
есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. 
Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру 
қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-
өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және 
ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
Сегізінші  тезис:  қолайлы  оқу  үшін  адамдарға  кері  байланыс  пен  мадақтау  қажет, 
сондықтан бағалау ізгі болуы керек.
Метатану және қалай оқу керектігін үйрену
Оқу үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатына 
жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс ұсыну 
арқылы оларға өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылар мұндай білім 
мен  дағдыларды  меңгергенде,  олар  үшін  бұл  әдеттегі  философияға  айналып,  олардың  оқу 
үлгерімі  жоғарылайды.  Егер  мұғалімдер  оқу  үдерісін  оқушылар  бағдарламаның  мазмұнын 
игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп құра алса, бұл тиімдірек 
оқуға мүмкіндік береді. Педагогикалық стратегия ретінде оқу үшін бағалау арқылы метатану-
ды дамытуға болатындығы ғылыми дәлелденген және ол мектептер, жоғары оқу орындары, 
сонымен қатар ғылым салаларындағы көптеген жүйелерде қолданылады. Сондықтан тестілеу 
нәтижелерінде  болсын,  қалай  оқу  керектігін  үйренуде  болсын  алға  қойылған  мақсаттарға 
жетудегі табыстылықты осы метатанудың ықпалы деп түсіндіруге болады.
Оқу қағидаттарын түсінуде оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысатынының 
айтарлықтай бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын 
қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Бұл оқуды даралаудың 
(жекешелендірудің)  ең  басты  идеясы  болып  табылады.  Бір  жағынан  бұны  метатанудың 
дараланған  оқудың  оқу  үшін  бағалау  сияқты  компоненттерін  кеңінен  қолданатындығымен 
түсіндіруге  болады.  Метатану  дағдыларының  өрістеуі  білім  алушыларға  ондай  қабілеттері 
айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді және пән салала-
рын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге жол 
ашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға 
білім алуында тәуелсіздік береді. Соның салдары ретінде, олар әдетте:
•  материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мой-
ындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді (мен мұны есте сақтай аламын ба? маған 
мұны есте сақтау қажет пе? бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?);
•  материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі 
бойынша бөлуге қабілетті (мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек);
•  материалды  игеру  деңгейін  анықтай  отырып,  өз  өздерін  тексеруге  және  тестілеуге 
қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?);
•  қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің 
стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет).
Соңғы тармақ ерекше маңызды. Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше 
оқушы болады. Кейбір өтініштер бос сөз, әрі ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін 
көрсетеді:  метатануды  игермеген  оқушылар  қиындық  кездескен  кезде  үнемі  басқа  адамнан 
көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің 
жалпы  мүддесінде  мұғалімдермен  тең  әрекеттеседі  және  ақыр  соңында  мұғалімнің  функ-
циясын өздері атқарады. Егер оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет 


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау