Бағдарламасы «Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-анамен жұмыс»


Тақырып 9. Отбасылық дағдарысы Мақсаты



жүктеу 369 Kb.
бет3/5
Дата21.11.2018
өлшемі369 Kb.
#23445
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Тақырып 9. Отбасылық дағдарысы

Мақсаты: Отбасылық дағдырысы жайлы түсінік беру.

Жоспары:


  1. Некеге тұрудың өзі - дағдарыс

  2. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс

  3. Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.



Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.

Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.



Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.



Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.

Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.

Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.

Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.

Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды:

1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );

2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе оның бір мүшесі жол апаты, зорлану т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:


  • Отбасы дағдарыс жағдайы.

  • Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.

  • Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы

  • Отбасы мүшелерінің өзгеруі.

  • Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі

Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері.

Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресі балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі болып табылады.Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік – оралды кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды.Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас) деп аталады, балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксон [8]да өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір сүрген ортасынының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. « Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған болып табылады.

Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды [9]. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.

Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады.

Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығарудабала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті- бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.

Үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.

Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.

Бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас . Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:



  1. Балының жалпы оқу үлгерімі төмендейді

  2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.

Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.

Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді. [8]

Бірінші нұсқа- негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-де көрініс табады.

Екінші типте- бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды.

Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20 %-де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.

Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жан-жалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.

Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып келетін жеткіншіктер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар, ата – анасының қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын жоғалтқандар, ата-ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан өткізгендер және өз құрбы – құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген дарынды балалар.

Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға - деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.

Көптеген жеткіншектер басқалардай болғысы келумен қатар ешкімге де ұқсамауға ұмтылады.

Зерттеушілердің бір қатары 18-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың жалпы 3 тәсілін ерекшелейді.

Бірінші бұл – ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыстық жағдайларды тиімді шешу болып табылады.

Екінші тәсіл бұл – жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен мағыналы нәрсені көре алмағандықтан тиімсіз шешім пайда болады.

Үшінші – дағдарыстық жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты болып табылады.

Қыз балалардың ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән – мағынаны көре алу іскерлігінде болып табылады. Дағдарысқа ұшыраған қыз балалар оны түсіну мен басына өткеруде терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

Бозбалалардың бұл шақтағы ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.
Тақырып 10. Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың интерактивті әдістері.

Мақсаты:

  «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Ата аналардың сауаттылығын дамыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.


      Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың балаларға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады.
     Ата аналарға мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
     - Басқарушылық(проблеманы шешу қабілеті);
     - Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
    -  Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
     - Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
     - Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
     - Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
     - Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
      Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.
      Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.

Оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту

      Оқыту нысаны мен әдістерін жаңарту елдегі жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату және баланың оқуға қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.


      Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады.     

Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, ата аналар ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады.


      Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту тәрбиеші мен ата ана арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ететін болады.

Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі функционалдық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне қатысуы оң әсер ететіндігін көрсетті.Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына, оны түрлі жағдайда көре алуына, үлкендерге баланың жеке ерекшелігін танытуға, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылығын арттыру әдіснамасы әзірленеді.


      Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі әзірленеді: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университетін құру. Аталған қоғамдық институт әрбір білім алушының отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, отбасы мен мектеп мүдделерін өзара қолдап, ортақ жағдай жасауға әсер етеді. Бұл ретте мектеп есептілігінің және оқушылардың оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы қауымдастыққа толық және ашық ақпарат ұсынудың барабар деңгейі қамтамасыз етіледі.
Тақырып 11. МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар

Мақсаты: МДМ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтары жайлы түсінік беру.

Жоспары:

1.Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек

2.Эмоционалды қысымды шешу үшін әзіл қолдану

3.Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану


Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек

Психологиялық көмекке жүгінетін отбасылар құрылымы шектен тыс қатаң немесе шекаралары әлсіз. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектесе отырып, психолог, оларды қоршаған ортамен белгілі бір қатынастағы, бірыңғай тұтастықтың бөлігі ретінде сезіндіруге ұмтылады. Құрылымы шектен тыс қатаң отбасы оның мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, сондықтан да психотерапевт оны иілгіш етіп жасауы керек, және керісінше, егер отбасы құрылымы шектен тыс аморфты және оның шекаралары нақты анықталған болса, маман оларды нығайтуы қажет. Екі жағдай да да отбасы мүшелерінің ішкі және сыртқы ресурстарға ие бірыңғай тұтастық ретінде сезінулері басты міндет болып табылады. Сырттан мәлімет алу үшін олар иілгіш болулары қажет, нәтижесінде отбасында тиімді әрекет ету мүмкіндіктеріне ие болады. Психолог оларға өз ішкі ресурстарын, сонымен қатар сыртқы ресурстарды іске қосуға көмек көрсетуі қажет.



3. Отбасы шекарасын кеңейту мақсатында мультигенерационды концепцияны қолдану. Бұл принципті М.Боуэн жасаған [16]. Бұл концепция, үлкен нуклеарлы отбасының тарихи және даму тұрғыда өзін-өзі түсінуге көмектесе алады деген түсінікпен байланысты. Бұл принцип маманды отбасы мүшелеріне көмек беру барысында өз тегін сезінуге және де жаңа ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін басқа да туыстарымен байланыстарын қайта орнатуға бағыттайды.

Отбасы мүшелерінің өздерінің тарихи дамуын жақсы түсінулері психотерапияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кейде, мәселелі отбасында басқа туыстарымен әлсіз байланыста болуымен сипатталады. Мұндай отбасы мүшелерін сұрастыра келе, психолог, олардың бірнеше жылдар бойы көріспегендіктерін анықтайды. Сонымен қатар сол туыстары туралы әңгіме барысында мұндай отбасы мүшелері эмоционалды күшті әсерленеді. Отбасы мүшелерінің өздерін тұтас ретінде сезінулерін жақсартуға олардың басқа туыстарымен байланыстарын қалпына келтіру негіз болады.

Соңғы уақыттарда, адамдардың туыстық байланыстарын бейнелейтін, отбасы тарихы және дамуы мәселелеріне қызығушылық жоғарылауда. Қазіргі уақытта, адамның туыстарымен байланысы күшті болған сайын, және өз дамуын жақсы білген сайын, ол адамның «мен» сезімі, денсаулығы мықты болады деген пікір жиі айтылуда. Осылайша, отбасы шекарасын кеңейту және нығайту үшін, психотерапевт мультигенерационды ыңғайды қолдана алады.

4. Мәселесі туралы түсінігін өзгертуге көмектесетін, отбасы мүшелерінің жаңа мәліметтер алуы. Психологтың басты міндеттерінің бірі дисфункционалды отбасы жүйесінде мүшелерінің мінез-құлықтарының жалпы заңдылықтарын және олардың қажеттіліктерін анықтау арқылы қалыптасуын сезіндіру. Маман отбасы мүшелерін кейбір жүйелі түсініктермен таныстыра алады. отбасы мүшелеріне өз мінез-құлықтарын түсінуге келесі түсініктер көмектесе алады:

- отбасының рөлдік құрылымы және ол оның мүшелері мүмкіндіктерін қалайша шектей алады;

- альянстер және коалициялар түсініктері және олар ішкі отбасылық қақтығыстармен және бір-бірлерінің әрекеттерін адекватты бағалау қиындықтарымен қалай байланысқан;

Психолог отбасы мүшелеріне, әлеуметтік жүйе ретінде отбасы қызметі ерекшеліктері туралы түсініктері болуы үшін, осы түсініктер мәнін түсіндіріп өтеді.

Отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінде отбасы мүшелерін осы түсініктермен таныстыру өте пайдалы. Өйткені бұл кезеңде отбасы мүшелері мінез-құлықтарындағы әсершіл сипаты біртіндеп жойыла бастайды, олар жаңа мәліметтер қабылдауға дайын болып, оларға байсалды және конструктивті түрде әсерленеді.

5. Эмоционалды қысымды шешу үшін әзіл қолдану. Әзіл-түрлі жағдайларда отбасына психотерапевтік көмек көрсетуде ең тиімді құралдардың бірі болып табылады. Егер отбасы мүшелері қиын жағдайларда күле алатын боса, олар мәселені шешу жолында деп есептеуге болады. Әзілді психотерапевтік құрал ретінде пайдалану психотерапевт тұлғасының қандай да бір қасиеті болып табылады, және оны қолдануда абай болу қажет.

6. Отбасы жүйесін қайта құру мақсатымен эмоционалды үшбұрыш түсінігін қолдану. Эмоционалды үшбұрыш түсінігін М.Боуэн енгізген. Оның пайымдауынша, үшбұрыштар кез-келген әлеуметтік жүйенің міндетті элементтері болып табылады. Жүйе қысым жағдайында болғанда, үшбұрыштар белсенділік танытады. Отбасымен жұмысты бастай отырып, психотерапевт міндетті түрді қандай да бір үшбұрыштарға енеді. Оны оның пайдалануы өте маңызды. Отбасы мүшелері психотерапевтті қандай да бір үшбұрыштарға енгізеді және қандай да бір жағын бейімдей отырып оған белгілі бір мәліметтер береді. Үшінші тарауда айтылғандай, психотерапевт, отбасы мүшелерінің мәліметтері олардың арасындағы белгілі бір қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталғанын білуі қажет. Егер психотерапевт, үшбұрышты табысты қолдана білсе, ол отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектеседі. Маман үшбұрышқа ене отырып, қандай роль орындайтынын түсінеді. Психотерапевтке отбасы мүшесінің біреуі басқа бір мүше туралы пікірін білдіргенде, ол оны үшбұрышқа енгізеді. Бұл жағдайда психотерапевт келесіше әрекет етуі мүмкін.

- үшбұрыштың бөлігі бола отырып, отбасы мүшесіне әңгімесін жалғастыруға мүмкіндік береді;

- оның жеке көзқарасын және айтып отырған жағдайға қатынасын анықтау мақсатында әңгімелеушігі бірнеше сұрақтар қою;

- айтушыға, оқиғаның кейіпкеріне айтуды ұсынады

Барлық жағдайларда, отбасының басқа да мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгерту ниетімен, психолог өзінің үшбұрыш жағдайын пайдаланады.

7.Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану. Бұл ұстаным үшбұрыштарды қолданумен байланысты. Психолог оның мүшелерімен қатынасқа түсе отырып, өз позициясын нақты белгілеуге міндетті. Эмоционалды стресс күйінде, отбасы мүшелері психотерапевті қандай да бір жаққа қарай бейімдеуге ұмтылады. Егер да ол олармен келісіп, яғни бір жақты қабылдайтын болса, ол үшбұрыштың бір бөлігі болып және отбасы мүшелеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігін жоғалтады. Оның міндеті мынада, ешқандай да альянстарға қосылмау, сонымен қатар «дұрыс» немесе «қате» деген шешімдер қабылдамау.

8. Айналасындағыларға қатынасын түсінуге көмектесу үшін, зерттеушілік позициясын қолдану. Психолог тікелей отбасы мүшелерімен араласа отырып отбасы туралы біле алады. Неғұрлым көбірек білсе, отбасы мүшелері солғұрлым өздері туралы көбірек білетін болады. Бір мезгілде маман отбасы жағдайына, мүшелеріне ешқандай да баға бермеуі қажет, өткені ол олардың енжарлығына негіз болады. Отбасымен жұмыс жасай отырып, психолог көптеген түрлі мәліметтер алуға ұмтылады. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген отбасының қызмет ету заңдылықтары туралы толық түсінікке ие болу үшін қажетті.

9. Күш түсінігін қолдану. Бұл түсінікті пайдалану отбасы жүйесінің қызметін зертеумен байланысты. отбасы мүшелерінің «күшін» анықтай отырып, психолог көптеген міндеттерді табысты шешеді.

10 .Отбасының функционалды мүшелерін қолдау: Көп жағдайда психолог функционалдылығы төмен отбасы мүшелеріне ерекше көңіл бөледі. Егер де ол дәл соларға бағдарлана отырып, өз жұмысының стратегиясын анықтайтын болса, онда ол осылайша отбасының жалпы қызметтік деңгейін төмендетеді. Егер де маман отбасының ең функционалды мүшелеріне ерекше көңіл бөлетін болса, онда керісінше керісінше отбасында қызметтік деңгейі жоғарылайды.


жүктеу 369 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау