Тақырып 12. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
Мақсаты: Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдеріммен таныстыру.
Жоспары:
1. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
2. Отбасымен жұмыстың басталуы
Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.
Отбасы ның қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.
Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:
1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқада адамдардың жасы, жынысы).
2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?
3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және қайыссында оның байқалуы басым?
4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?
5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?
6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?
Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлліметтер ретін құрайды.
2.Отбасымен жұмыстың басталуы
Ереже бойынша, түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта аралас отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрау өте маңызды- бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.
Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келеген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге көмектесуі қажет. Егер де маман көмек сұрауға келеген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің солардың көзқарастары бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе көбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесінің өзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегенінің өзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.
Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары өте жақсы байқалады. Көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасыдағы рөлін және оның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеруі қажет. Психотерапияның ең басындағы отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың өзара қарым-қатынастарын қаншалықты өзгертуге дайындықтарын білдіреді.
Бірнеше алғашқы сессиялар үшін отбасы мүшелерінің өз жеке мәселелерін басқа бір мүшесімен байланыстыру әрекеттері тән [16]. Бұл өзінің бар зейінін қандай да бір нақты мәселеге шоғырландырып, үрейді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзара қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстануға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің өздерінің өзара қарым-қатынас сипатына қатысты мазасыздануларының күштілігі және өздеріне сенімсіздіктің басым болуына орай олардың өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау күрделірек болады. Психотерапевт отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалауы қажет және сонымен қатар отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.
Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келетін алты негізгі топ мәселелері туралы айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.
1. Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, бүтін емес өзін сезінуі.
2. Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата-ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды.
3. Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбылырымен қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.
4. Сиблингтердің өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады, және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.
5. Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.
6. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер.
Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмыс барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса, алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасы өзара қарым-қатынастарына қатысты болатын боса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.
Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасы ның қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бөлісуге көмектеседі.
Егер да ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапевтік процеске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен көрініс табады, және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар, Фримен пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психотерапевттің бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).
Мұндай ыңғай, яғни психолог отбасының барлық мүшелерімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын мәнісінде, кейде басқа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер де ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.
Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процесске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың есептеулерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауларынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылатындығында. Жүйелі ыңғайдың принциптерінің бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.
Тақырып 13. Кеңес беру -МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.
Мақсаты: Отбасылық кеңес беру жайлы түсінік беру.
Жоспары:
1.Отбасылық кеңес беру.
2. Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері
3.Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция
Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.
2.Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей бірлікте қарастырылады:
1.Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін айтушы араында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сөйлеу құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады.
2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол : «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?»
3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бөлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент өз белсенділігіне, өзінің ролдік мінез-құлқын өзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу кезеңдері ( алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып өтеді.
4. Клиенттен мәселені нақтылау және жеке отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?»
5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына сенімін ұялату: « Сіздің өзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет етуіңізге не көмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, клиент транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен шығарады.
6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, өз жағдайыңыз қалай?
7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте көрсету жіне оларға сенімділік ұялату мен абйланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу немесе бірнеше уақыт өткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға шақыру.
8. Бөліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей Хэйли қалай «парадоксальды тапсырма» көмегімен нақты орындату қарама-қарсы нәтижеге әкелетін көрсетті. Жаңа ұйленген ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде өз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «өз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде өзіне қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап көріп, кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен бас тартқан. Осылай бөліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа мекемелерде өз қызметін көрсетуде.
3.Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция
Отбасы психотерапиясы психотерапевтің отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап, отбасы мүшелерінің қажет еткен өмірлеріне өзгеріс орнатуда жеке әсер ету жолдарын ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде мәселе мен міндеттер туындайды, оны шартты үш топқа бөле қарастырамыз:
1.Отбасы терапиясына деген дұрыс көз-қарасты отбасында қалыптастыру;
2.Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;
3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері.
Отбасы психотерапия процесіне жағымды қатынасты қалыптастыруда, отбасы мүшелеріне оның қатысушыларын ұйымдастыру, эмоционалды және интеллектуалды себебтерін анықтау. Сондықтан психотерапевт күшті және тұрақты мотивацияны психотерапияға қатысушыларында қалыптастыру. Алғашқы кездесу кейінгі кездесудің болуына ықпал етеді, сондай-ақ психотерапевт мәселенің күрделілік кезеңдерін аңғаратын болады, ал клиент отбасы психотерапиясы туралы көз-қарас алып, оны жалғастыру керек пе соны шешеді. Жалпы психотерапевтің алғашқы кездесудегі міндеті клиентке көмектесу, ол қысқа мерзім ішінде байыпты және ұзақ жұмыс жасауда өзіне белсенділік және жауапкершілік алуды психотерапияның жетістігі деп қарауды меңгерту. Сондықтан алғашқы кездесуге көп дайындықпен жоспар керек. Алдымен психотерапевт клиенттің мәселесімен танысып алып, оның отбасымен байланыстағы эмоционалды уайымын өзектілеп, клиентке қобалжудың жиынтығын көре білуге және күнделікті өмірде қолданатынына көз жеткізу. Психотерапевтің содан кейінгі міндеті –клиентте отбасылық психотерапияда кімде кім күмәнданса оның мәселесінің шешілу мүмкіндіктерін беретініне тоқталады. Психотерапевт клиент жағдайын психотерапияға қатысуға бұру және оған қатысты кедергі келтіретін мотивтермен жұмыс жасау, келешекті оның күрделілігі мен жемісті шешілетінін көре білу. Осы кездесудегі маңызды жайт психотерапевт әрекетіндегі мазмұнға клиенттің белсенді қызығушылығын ояту, келешекте клиент енжар түрде психотерапевтен көмек сұратудың алдын-алу. Осыған байланысты психотерапевт отбасы мәселесін белсенді шешу жолдарын қарастыруды ұсынады. Отбасы психотерапевті өз жұмысын ұйымдастыруда бірнеше түрде мәселені шешу жолдарын қарастырады:
Өзім жалғыз өткіземін бе, әлде ко терапевті шақырайын ба?
Психотерапияның қолайлы ұзақтығы қандай?
Отбасымен қайда жұмыс жасау бөлмеде ме, әлде олардың тұратын жерінде ме?
Сабақты отбасымен түгелдей өткізу ме, әлде алдымен жеке-жеке ме?
Кездесу жылдамдығы мен ұзақтығы қандай?
Қандай мәселеден бастау жекелік пе, әлде отбасылық пе?
Нақты жоспар түзу қажет пе, әлде дайындықсыз ба?
Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу «ғылыми пікірмен» белектелінбей жүргізілуі керек. Оны ұйымдастыру отбасы ерекшелігіне байланысты. Отбасы психотерапевті тең деңгейде психотерапияның стилін қолдануға дайын болуы отбасына, оның жеке мүшелеріне байланысты болуы керек. Бір отбасымен авторитарлы стильде, ал екіншісімен директивті емес стилінде жұмыс жасау психотерапевтің жағдай бірігуіне байланысты.
Тақырып 14. Отбасында бала тәрбиелеуде кездеетін қателіктер
Мақсаты: Отбасында бала тәрбиелеуде кездеетін қателіктер жайлы түсінік беру.
Жоспары:
Ата-ана қатесінің түрлері
Қателіктерді жою жолдары
Ата-ана қатесін шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
жанұядағы өмір жағдайының ретсіздігіне байланысты ата-ана әр қилы іс-әрекеттері арқылы балаға өнеге көрсете алмауы;
- баланың әрбір ісі мен қимылына сәйкес, ата-ананың нақтылы шара қолдана алмауы.
Бірде ғылыми қызметкер оқушылардың бір топ ата-аналарынан отбасы тәрбиесінде жиі кездесіп отыратын қателіктерді атап айтуларын өтінеді. Ата-аналар елуден аса қателіктерді айтады. Солардың ішінде елеусіз және үнемі кездесіп отыратыны мыналар:
баланың бір жасқа толғанға дейінгі өмірінде оған тұрақты көңіл аударылмауы;
балаға біркелкі және нақты талап қойылмауы;
баланы бет алды және естен тана жақсы көруі;
үйдегі барлық ересек жанұя мүшелерінің назары жалғыз балада болады;
ата-аналар өздерінің балалық шағында бастарынан ауыр тұрмыс халін кешірген, сондықтан да олар баласының жеңіл-желпі тіршілік етуі тиіс деп санайды.
Балаға ата-ана тарапынан тиісті талап-тілектер қойылмаған;
Науқас болғандықтан баланы аяп, оның денсаулығын бұзып алмауы үшін, оған қажет талаптар қойып отыруды орынды деп санамайды;
Ата-аналар басты күшті отбасын материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге жұмсап, бала тәрбиелеуді екінші кезектегі іс санаған;
Отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілі жетілмеген;
Бала үйдегі жақсы жағдайға дандайсыған;
Бала тәрбиесіндегі қайшылықтар: шектен тыс босаңсыту, өз бетімен жіберу немесе қорқыту, аса қатаң, орынсыз жазалау;
Шектен тыс қатаңдық (ата-ананың дөрекі билігі, ұрып-соғып жазалауы, өктем қылықтары);
Ата-аналардың балаларды сүйкімді және жағымсыз деп бөлуі.
Бұл жерде осы айтылған қателіктердің балаға қалай әсер ететініне, яғни тек екеуіне ғана талдау жасап көрейік. Мысалы: отбасы тәрбиесіндегі елеулі кемшілік: ата-аналардың тәрбие істерінің мақсат-мүддесін, оның түрлері мен әдіс-тәсілдерін жете түсінбеуі балаға кері ықпал етеді. Өкінішке орай, жанұядағы мұндай қателіктердің орын алуы баланың оқудағы жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ, басқа да сапаларына, соның ішінде оқушылардың қоғамдық белсенділігіне теріс әсер етеді.
Келесі: баланы тәрбиелеуде бірыңғай талап пен айқын бағыттың болмауы да елеулі қателік болып табылады. Ата-аналардың 25% бұл қателердің өз жанұяларында күшті және орта дәрежеде екенін айтады. Негізінен, үлгерімі жақсы оқушылардың 61% ата-аналары бірыңғай талап қоятын, оны күнделікті іс жүзіне асыруға ұмтылатын отбасынан, ал үлгерімі төмен оқушылар балаларға бірыңғай талап қоюда өзара келісімі жоқ ата-аналар жанұясынан.
Тақырып 15. Ата –аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі
Мақсаты: Ата –аналар белсенділіктері және қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет етуі жайлы түсінік беру.
Жоспары:
1.Ата аналар университеті
2. Ата аналар мектебі
3. Ақсақалдар кеңесі
1. Ата-аналар университеті.
Ережесі:
• Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруғаа көмектесі, оқушылардың деке басын сыйлауға үйрету, дөрекілікке жол бермеу
• Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланысты болу, мәдениетті сыпайы қарым қатынас орнатуға оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге үйрету
• Мектеп мүлкін сақтауға атсалысу
• мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты орнатуға ықпал ету
• мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-ананың талап-тілектерімен санасу
• Мектептегі түрлі іс-шараларға көмектесу
• Сыныптан тыс іс-шараларға өз пікірін білдіру
• материалдық техникалық базаны көтеруге көмек көрсету
• бақылаушылық қызмет
• бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру
2. Жас ата-аналар мектебі
Ережесі:
• Балаларды жақсы қасиеттерге баулу, үлкендерді сыйлауға, қамқор болуға үйрету
• оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
• адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, оқушылардың әдеп әліппесін бойына дарытуға ықпал жасау
• әдеп-ғұрыпы сақатайтын, дәстүрді жалғастыру мен қайырымды ұрпақ тәрбиелеу
• ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа ұғындыру
• тәрбие саласына байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша түрлі семинарлар, тренингтер өткізу
• халқымыздың әдет-ғұрпын сақтау, жалғастыру мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізуге көмектесі
• бала тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар бойынша мұғалімдер және психолога, әлеуметтік педагогтан кеңестер алу
• отбасында және мектептегі баланың мәдениетті жүріс-тұрысын тәрбиелеу әдістерін педагогтармен бірлесе отырып талқылау
• отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі бойынша тақырыптық жиындар
• ата-аналары педагогикалық-психологиялық білім, біліктер мен қаруландыру
3. Ақсақалдар кеңесі
Ережесі:
• аталардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлақы сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерді өнеге алуға баулу
• жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге ата-анаға сынып жетекшісіне көмек беру
• өз елінің патриотын тәрбиелеу
• ата-тегін білуге үйрету
• ата-баба дәстүрін жалғастыру
• оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тарихын білуге тәрбиелеу
• оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ықпал ету
• мұғалім мен ата-ана арасындағы үйлесімді иығыз байланысты орнатуға ақыл кеңестер беру.
Отбасы мен мектеп арасындағы ынтмақтастыққа келесі тірек сызба бойынша ұйымдастыруға болады:
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл мәселеде көмектесу, оған қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсету педагог пен ата-ананың басты міндеті болуы тиіс. Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың дамуы және өзін өзі бамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта құруды білдіреді.
Отбасы – салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш құаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.
Практикалық (семинар) сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Практикалық сабақ №1
Достарыңызбен бөлісу: |