Суицид-ішкі жан дүниесінің қатты қобалжуы салдарынан немесе психикалық аурулардың ықпалынан өз-өзіне қол салу. - Суицид- күшті психожарақаттаушы ситуациялардың әсерінен саналы түрде өз өмірін қию. Бұл жағдайда өмір сүру ең жоғарғы құндылық ретінде маңызын жояды.
Қандай жасөспірімдерді “қауіпті топқа жатқызуға болады? “Қауіпті топтың” негізгі құрамы - 16 мен 25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жеткіншек жастар.
- Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жасөспірімдер.
- Ата-анасы ішімдік ішетін, жайсыз отбасынан шыққан жасөспірімдер.
- Толық қамтылған, жайлы отбасынан шыққан жасөспірімдер.
- Ішімдік ішетін,нашақорлық немесе психотроптық заттар пайдаланатын жасөспірімдер.
- Туған-туыстарының ішінде біреу суицидтік іс-әрекетке барған жасөспірімдер.
- Коммуникативтік дағдылары толық қалыптаспаған жасөспірімдер
Суицидтің негізгі себептері қандай? А.Е.Личко жасөспірімдер арасында суицидтердің ең жиі кездесетін себептері деп төмендегілерді ұсынады: - Сүйікті адамын жоғалту;
- Шектен тыс қалжырау;
- Өзіндік қадір-қасиетін осал сезіну;
- Алкогольді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы;
- Өзін-өзі өлтірген адаммен өзін теңестіру;
- Әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары.
1. Жоғалту - Сүйікті адамының өлімі;
- Үй жануарының өлімі;
- Ата-анасының ажырасуы;
- Жұмысын жоғалту;
- Махаббатағы сәтсіздік;
2.Қысымшылық - Оқу орнындағы (мектептегі) қысымшылық;
- Ата-анасы тарапынан көрсетілген қысымшылық;
- Құрбы-құрдастары тарапынан көрсетілген қысымшылық;
- Ұятты, кінәні, сезіну, жазалаудан қорқу;
3. Өзін төмен бағалау - Дене бітімінің сымбатты болмауы;
- Өзін-өзгелерден кем санап, “төмен топқа” жатқызу;
- Асексуалдылық;
- “сәнді емес” киім;
- Дене күші жағынан әлсіздік;
- Сабақтағы төмен үлгерім;
4. Қарым-қатынастың жетіспеушілігі - Эмоционалды депривация;
- Жалғыздық сезімі;
- Өзінің “қабылданбағандығы”, “шеттетілу” сезімі;
5.Өз тағдырына қоршағандардың көңілін аударту - Отбасындағы,ұжымдағы ауыр психологиялық жағдай;
- Депрессия;
- Дәрменсіздік, тығырықтан шыға алмаушылық сезімі;
Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар І. ЖАНҰЯДАҒЫ КОНФЛИКТ: - Туыстарының және қоршаған адамдарының әділетсіз болуы;
- Басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылысу;
- “сүйікті”адамынан айырылу;
- Жоспарының орындалуына кедергі жасау;
- Сүйікті адамының мінез-құлқын,қасиетін ұнатпау;
- Жалғыз қалу;
- Сәтсіз махаббат;
- Басқалардың оған жеткілікті көңіл болмеуі;
- Жыныстық һалдің төмендеуі.
Мінез-қылықты белгілер: - Мінез-құлықтың күрт өзгеруі;
- Соңғы “заттарын жинастыру”;
- Өзіне ыстық жеке заттарын тарату;
- Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу;
- Достыққа деген немқұрайлылық;
- Ұйқының бұзылуы;
- Тамақтану режимінің бұзылуы;
- Өзін өте кінәлі, күнәхар сезінуі, ұят, өз-өзін жек көрушілік сезімі
- Қозғыштық, агрессия, гипербелсенділік;
- Сабаққа белгісіз себеппен қатыспау;
- Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін таныту;
- Сенімсіз, үрейлі белгілерін көрсету;
Достарыңызбен бөлісу: |