26
ерекшелігі.
2 Оқу процесіндегі сабақтың орны
3 Қазіргі сабақ мәселесі
Мұғалімнің сабақ ӛткізу шеберлігі сыныпта ынтымақтастық орнатудың
маңызды ерекшелігі.
Жаңашылдардың
күрделі блоктар идеясы
бойынша мұғалім түсіндіретін
материалының кӛлемін кеңейте түседі. Соның нәтижесінде оқу материалды күрделі
бӛлімдерге бӛлініп, үйренуге тиісті материалдың оқушы үшін игеру салмағы азаяды. Оқушы
материалды тез меңгеретін болады.
Оқушылардың
өз еңбектерін өздері талдап үйрену
идеясы бойынша оқушылар
кішкентай күнінен бастап ӛз еңбектеріне ӛздері бақылау жасауды үйренеді. Ондай талдау
оқушы тарапынан жеке дара түрде де, ұжымдық түрде де жүзеге асырылады. Мысалы,
Ш.А.Аманошвилидің тәжірибесі бойынша жас бүлдіршіндерді кішкентай күнінен бастап,
ӛзіне-ӛзі жолдастарының ісіне бақылау жасау, олардың еңбегіне бақылау жасауға
дағдыландырады. Олардың еңбегіне баға қоюға бірінің бірі жазба жұмысын тексеріп,
кемшілігін кӛрсетуге дағдыланады.
Жаңашылардың кӛпшілігінің іс-тәжірибесінде
жеке оқушылармен арнайы жұмыс
ұйымдастыру,
олардың әрқайсына жеке-жеке тапсырыс беріп, оны орындату, оған баға
беру, әр оқушының жеке қабілетін танып білу мүмкіндігі жүзеге асырылады. Оқушылардың
ӛз бетімен әрекеттенуі арта түседі.
Оқу процесіндегі сабақтың орны
Әрбір сабақты нәтижелі
ұйымдастыра өткізу
үшін, мұғалімді шығармашылық табысқа
бағыттайтын мына тӛмендегідей әдістемелік нұсқауларды орындау ұсынылады.
1 Ӛткізілетін негізгі тақырыпқа байланысты оқу бағдарламаларын, сол тақырып
бойынша үйренуге арналған нұсқауларды толық оқып танысу керек.
2 Осы тақырыпқа байланысты айтылатын негізгі ой түйінімен баланы толық хабардар
ету.
3 Сабақ барысында негізгі ӛтілетін материалға жалпы ұжымның және жеке оқушы
назарын соған аудару, нені пысықтап, нені сұрау керектігін жоспарлау.
4 Осы сабақты, тақырыпты ӛтуге байланысты үйлесімді қолданылатын әдістерді іріктеу.
5 Сабақта тандап алынған әдістерді, тәсілдерді оқушылардың мүмкіндіктерімен ӛлшеу.
6 Кӛрнекті құралдар, оқу құралдары техникалық құралдарды іріктеу, қолдану.
7 Сабаққа толық дайындық жӛнінде ӛзіне-ӛзі есеп беру. Мұғалімнің шеберлігі
оқушылардың
ақыл – ойын баскару
үстінде байқалады. Оқушылардың ақыл-ой әрекетін
басқарудың негізгі жолы - мұғалімнің оқу материалын қызықты-тартымды етіп
ұйымдастырып, оқыта білуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: