Іс-шараның атауы
|
Ұсынымдар
|
Мақсатты топ
|
Мерзімдері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
I-бөлім. Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары
|
1
|
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастыру
|
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын, әдетте, жалпы білім беру мектеп басшылығының, сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлердің қолдауымен негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балалар қалаптастырады
|
5-11
сыныптар оқушылары
|
Қыркүйек
|
2
|
Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспарын; сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлердің тәрбие жұмыс жоспарларын;
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын бекіту
|
Жоспарларда іс-шаралардың атаулары, олардың орындалуына жауаптылары, қатысушылары, орындау мерзімдері болуы тиіс
|
1-11 сыныптар оқушылары
|
Қыркүйек
|
3
|
Үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышын жасау
|
Бұрыштардың басты мақсаты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу.
|
1-11 сыныптар оқушылары
|
Қыркүйек
|
4
|
Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін қосу
|
Ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет
|
1-4 сыныптар оқушылары
|
Қыркүйек
|
Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті - құқықтық сананы қалыптастыру
|
5-8 сыныптар оқушылары
|
Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымда қалыптастыру болуы тиіс.
|
9-11 сыныптар оқушылары
|
5
|
Ата-аналар жиналысын өткізу
|
Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсету. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша практикалық ұсыныстар беру.
|
1-11
сыныптар оқушылары
|
Қыркүйек
|
|